Главная страница
Навигация по странице:

билетыы. 36 билет Саяси процесс, саяси рекет, саяси шешім. Саяси процес



Скачать 37.72 Kb.
Название 36 билет Саяси процесс, саяси рекет, саяси шешім. Саяси процес
Анкор билетыы.docx
Дата 25.04.2017
Размер 37.72 Kb.
Формат файла docx
Имя файла билетыы.docx
Тип Документы
#3085

36 билет

Саяси процесс, саяси әрекет, саяси шешім.

Саяси процесс — қоғамның саяси өмірінің өзегі, өйткені ол саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерін анықтайды

Ол өте кең әлеуметтік орта бола отырып, өзінде әлеуметтік- саяси өмірдің барлық проблемаларын қамтиды. Саяси жүйеге теріс әсерлер, оның қарсы реакциясы, саяси жүйенің ішкі қайта құрылуы, әр түрлі саяси акциялар, саяси өмір агенттерінің өзара әрекет белсенділігі, формалары, әдістері, басымдықтар және олардың идеологиялық бейнеленуі — осының барлығы саяси процестің шынайы аспектілері.

Саяси шешім - саясат саласында нақты нәтижеге қол жеткізу мақсатында саяси іс-қимылдарды жүзеге асыруға бағытталған қаулыСаяси іс-әрекет субъектісімен қабылданады. Саяси шешім ғылыми негізделуі, уақыт талабына сай болуы керек.

Саяси шешім үрдіс ретінде бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді: дайындық, дайындау, қабылданған шешімді таңдау және жүзеге асыру, қол жеткізген нәтижелерге талдау жасау.

Дайындық кезеңінде саяси шешімді қабылдауға қажет уақыт, ресурс анықталады. Саяси шешімді дайындау кезеңінде мәселені талдауға көп көңіл бөлінеді. Мәселенің өзектілігі, шығу себептері, оның салдары, т.б.

Саяси шешімді таңдау кезеңі ақпаратты өңдеуге, оны таңдауды негіздеуге пайдаланылады. Жүзеге асыру кезеңі саяси шешімді жүзеге асыру іс-қимылдарынан, оны түсіндіру мен кедергілерден арылудан түрады. Қол жеткізген нәтижелерді талдау, бағалау соңғы кезең болып табылады. Саяси шешімді қабылдаудағы бұл сатылық оның тиімділігін арттырады.

16 билет

Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы

. Мемлекеттің белгілері

-мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскерполиция жатады;

-мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

-мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

-мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

-мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық

актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.

Мемлекеттің қызметтері.

Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;

2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;

3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;

4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;

5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды


18билет

Демократия мәні, құндылығы және өзіне тән белгілері.

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

-Мемлекет түрі.

-Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.

-Қоғамдық құрылымның мұраты.

Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.

Демократия — алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.

демократия — гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі

20билет

Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметері.

Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.[1]

Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:

1) аристократиялық үйірмелер;

2) саяси клубтар;

3) көпшілік партиялар.

Саяси партиялардың негізгі қызметтері:

– саяси идеологияны қорытып шығару, өзінің мақсаты мен міндетін 
анықтап алу; 
– мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысу; 
– партияның саяси жүйені қалыптастыруға және оның бейімделуіне 
қатысуы; 
– мемлекет және азаматтық қоғам арасындағы звеноның қызметі; 
– артикуляция қызметі, яғни үлкен әлеуметтік топтың, бөліктердің, 
таптардың және т.б. мүддесін анықтау, қалыптастыру және дәлелдеу; 
– саяси санаға, мәдениетке, дүниетанымға сәйкес келетін қоғамдағы  қоғамдық пікірді қалыптастыру қызметі; 
– қоғамдық пікірді үнемі зерттеп білу; 
– саяси әлеуметтендіру және жұмылдыру қызметі, яғни партияның әлеуметтік базасын кеңейту туралы үнемі қамқорлық жасау, өзінің мүшелері 
мен жақтастарының саяси көңіл-күйін қолдау, сол партияның саяси желісін 
олардың мойындауы, халықты белгілі бір құндылықтар мен дәстүрлер рухында 
тәрбиелеу, саяси құндылықтарды өсіп келе жатқан ұрпаққа беру, қоғам 
мүшелерін, жастарды саяси өмірге тарту; 
– қайта жаңғырту қызметі, яғни партияның өзі үшін, сол сияқты басқа 
ұйымдар үшін кадрларды іріктеп алу, тәрбиелеу және тағайындау;40 
– саяси элитаны қалыптастыру қызметі, яғни партия тек кадрларды іріктеп 
алмайды, сонымен қатар кадрларды дайындайды, олардың бойына қоғамдық- 
саяси қызметті сіңіреді, белгілі тәжірибені және беделді береді; 
– партияның ішкі жұмысының стилі мен әдісін жетілдіру. 

22билет

Саяси элитаның түсінігі мен қызметтері, қалыптасуы мен жіктелуі.

Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады? “ Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”ең жақсы” деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен жоғары сапалы тауарларды атады . 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді , айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі , осы белгілерді кен жоғарғы өлшеммен бағалайды . Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады

Саяси шешімдерді кабылдауга тікелей әсер жасайтын, саяси билік жүргізуге қатысатын немесе оған ықпалы бар айрықша топты - САЯСИ ЭЛИТА деп атайды. 

Саяси элита әр түрлі келеді.Сондықтан ол жіктеледі,топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөлінеді. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие , маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап,олқылықтарын тауып,қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды..

Саяси элитаның жаңару,қайта жасақталу тәсәләне сай ашық және жабық элита деп бөлінеді. Ашық элиталарда барлық әлеуметтік топ өкілдеріне есік ашық.Жабық элитада ол белгілі бір таптан тектен шыққандармен ғана толықтырылады.

37 билет

Саяси даму мен бейімделудің мәні

Саяси даму - саяси жүйенің қоғам мен мемлекетті басқару ісіндегі элита мен қатардағы азаматтардың өздерінің ерекше қызметтерін орындауын сақтап, әрі ол мүмкіндіктерді үлғайта отырып өзгеріп отырған әлеуметтік жағдайға икемделуі. Ал екінші бір дерекке сүйенер болсақ, саяси даму - көп-қырлы процесс, оның барысында әр түрлі саяси күштердің өзара қарым-қатынасы саяси мінез-құлықтағы, саяси мәдениеттегі, қоғам саяси жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Сонымен, саяси даму бұл - саяси жүйе мен басқару тәртіптерінің эволюциясы, оның белгілері: басқару құрылымының жағдайы, мемлекетпен қарым-қатынаста азаматтардың араласу деңгейі және тағы басқа мәселелердің теориялық түрғыдан шешілуі. Саяси даму мәселесі Ф.Теннис, М.Вебер, Т.Парсонс сияқты зерттеушілер еңбектерінде дамытылған. Саяси даму саяси жүйенің дәстүрлі қоғамнан қазіргі кезеңдегі қоғамға өту процесі ретінде қарастырылды. Дәстүрлі қоғам қарапайым өндіріске негізделген аграрлы, жабық әлеуметтік құрылым мен азаматтардың жеке мәртебесі төмен, мемлекеттік қатаң басқару тән қоғам ретінде сипатталды. Ал қазіргі кезендегі қоғам ашық әлеуметтік құрылым мен билікті ұйымдастыруда тиімді қоғам ретінде түсіндіріледі.

17билет

Азаматтық құқық және құқықтық мемлекет.

Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.

Азаматтық құқық дегеніміз 

 азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.

Құқықтық мемлекет  конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет

Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі.

19 билет

Демократия кезіндегі билік формалары және қоғамдық өмірді құру жүйесі.

Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі

Принциптері

Билік органдарын сайлау.

-Биліктің бөлінуі.

-Саяси пікірдің әртектілігі.

-Бостандықжауапкершілік бірлігі.

-Заң.

-Қоғамдық пікірді ескеру.

-Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы.--Жариялылық.

Қазіргі уақытта мынандай демократиялық қозғалыстар бар:

-Халық бұқарасының дүниежүзілік соғысқа қарсы күресі.

-Жаңа экономикалық тәртіп орнату жолындағы қозғалыстар.

-Нәсілдік және ұлттық кемсітушілікке қарсы бағытталған қозғалыстар.

-Бейбітшілік пен демократия жолындағы күрес.

-Ғалымдар мен дәрігер, заңгерлердің қозғалысы.

-Жастар, студенттер, әйелдер қозғалысы.

-Жер мәселесі және әлеуметтік құқықтарды талап ету жолындағы шаруалар қозғалысы.

-Қоршаған ортаны сақтау жолындағы түрлі бұқаралық қозғалыстар.



21билет

Саяси партиялардың жіктелуі. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар.

Саяси партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты:

а) маманданған;

ә) бұқаралық деп жіктейді.

Маманданған деп қатарында сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушыларымүшелерібелсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды.

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:

1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;

2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;

3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;

4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.Партияларды таптық негізде жіктеу: жүмысшыларшаруаларбуржуазиялық. Саяси жүйедегі рөліне байланысты: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп жіктелуі.

написать администратору сайта