Главная страница
Навигация по странице:

Метод реком на каз 12-13. 5В030100 ытану 5В030300 ыорау ызметі мамандытары бойынша



Скачать 131 Kb.
Название 5В030100 ытану 5В030300 ыорау ызметі мамандытары бойынша
Анкор Метод реком на каз 12-13.doc
Дата 26.09.2017
Размер 131 Kb.
Формат файла doc
Имя файла Метод реком на каз 12-13.doc
Тип Документы
#10529

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Казақ гуманитарлық инновациялық заң университеті

Заң факультеті


Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің студенттеріне студенттердің жеке жұмыстарын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

5В030100 - «құқықтану»

5В030300- «құқыққорғау қызметі» мамандықтары бойынша

2013-2014 оқу жылы

Семей 2014

Құрастырғандар: з.ғ.к. доцент Утебаев Е.К. Еламанов С.Х.; з.ғ.к. Ибрагимова Ф. Г., з.ғ.к., Тастекеев К.К.


Факультеттің ОӘК отырысында талқыланды және бекітілді

Хаттама № __________ 2013 ж.
ОӘК Төрағасы ________________ Нуртазина А.М.

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

«____» _____________ 2013ж. Протокол №
МемҚП кафедрасы менгерушісі ____________ з.ғ.к. Тастекеев К.К.
Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

«____» _____________ 2013ж. Протокол №
АҚП кафедрасы менгерушісі ____________ з.ғ.к. Ибрагимова Ф.Г.
Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

«____» _____________ 2013ж. Протокол №
ҚҚП кафедрасы менгерушісі ____________ з.ғ.к. Утебаев Е.К.

СӨЖ – оқу-зерттеу элементтерімен байланысты ғылыми шығармашылық туынды, маманның дайындығының қорытынды сатысы және оның теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу дайындығын көрсетеді.

Сөж-дің негізгі мақсаты болып: болашақ студент маманның теориялық білімдерін тереңдету және кеңейту, жүйелендіру, дербес жұмыс дағдаларын дамыту, тәжірибелік мәселелерді шешу кезінде әдістемелік зерттеу және сараптау дағдысын менгеру.

Мына жағдайды ескеру қажет - әдебиеттерді, қайнар көздерді мазмұндаудан емес, ол дербес зерттеу еңбегі болып табылады. Ол мыналарды қамтиды:

а) әдебиетте толық қарастырылмаған мәселелерді анықтау;

б) ғылыми айналымға жаңа қайнар көздермен хабарларды анықталған фактілер негізінде анықтау және енгізу;

в) белгілі құбылыстардың арасында жаңа байланыстарды орнату;

г) белгілі мәселелерді жаңа құрылымда қарастыру;

д) жаңа қортындылар;

е) ғылымда және тәжірибеде анықталған материалдармен қортындыларды қолдану туралы ұсыныстар.

Сөж - де студент мынаны көрсету қажет:

- тандалған тақырып бойынша нақты теориялық білімдерін және теориялық материалдағы проблемалық мәнжайларды;

- әдеби қайнар көздерді жалпылауға және оқу қабілетін, тәжірибелік мәселелерді шешу, қорытындыларымен ұсыныстар жасау;

- қазіргі кездегі есептеу техникасын пайдалану және сараптау, анализ және есептеу дағдысын менгеру;

- ұсынып отырған іс шаралардын әлеуметтік – құқықттық тиімділігін бағалау әдістерін тиянақты қолдану.

Студенттің өздік жұмысының ортақ талаптары болып:

- мақсатты бағыталуы;

- нақты құрлымдылығы;

- материалдың көрсетілімінің логикалық кезектілігі;

- зерттеу тереңділігі және барлық сұрақтарды қамту;

- дәйектердің (аргуминтация) сенімді болуы;

- түсініктердің нақтылығы және қысқалығы;

- жұмыс нәтижелерін көрсетудің нақтылығы;

- қортындылардың дәлелденуі және ұныстардың негізділігі;

- ұқыпты рәсімдеу.

Студенттердің ақпаратына сөж тақырыптары арнайы пәндерді оқыту кезінде ескертіледі. Оларға жеке ғылыми жұмыс тақырыбын тандау құқығы ұсынылады және олар өзінің тақырыбын зерттеу мақсаттылығын негіздеп ұсына алады. сөж тақырыбы курстық және ғылыми жұмыстарды жазу үрдісінде өткізілген зерттеулердін жалғасы болуы.

Студенттің сөж тақырыбы сонғы курстың басында тандалып, және жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі. сөж тақырыбы ғылыми жетекшімен бекітілгенен кейін студент жеке жұмысын орындау туралы тапсырманы құрастырады.

сөж заңдардың, үкімет қаулыларын, нормативті және әдістемелік материалдарды, арнайы отандық және шетелдік әдебиеттердің, құқық қорғау органдарының статистикалық зерттеулерінің негізінде орындалады.

Арнайы әдебиеттерді қолдану зерттеу сұрақтарын нақтылаумен негіздеу үшін қолданылады.

Сөж көлемі 60-90 бетті құрайды. Гуманитарлық мамандықтар бойынша сөж көлемі 100 бетке дейін болуы мүмкін.
СӨЖ құрылымы

Сөж-ң құрлымдық элементтері болып:

  • тыс қағаз;

  • титулдық бет;

  • сөж орындау бойынша тапсырма;

  • мазмұны;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • пайдаланған әдебиеттер тізімі;

  • қосымша.

Тыс қағаз бетінде келесі мәліметтер көрсетіледі:

  • сөж орындалу қай мекемеде орындалу және оның атауы

  • студенттің тегі және инициалдары

  • сөж атауы

  • сөж – жұмыс түрі

  • мамандық атауы және шифрі

  • қала, жыл.


Титулдық бет студенттің жеке жұмыстың алғашқы беті және документті іздеудегі мәліметтің қайнар көзі.

Титулдық бетте келесі мәліметтер берілген:

  • сөж жасалған организация аты;

  • сөж жасалған кафедра аты;

  • шектеулі гриф;

  • кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы;

  • сөж түрі;

  • сөж тақырыбы;

  • шифр және мамандық аты;

  • сол жақта – «орындаған», оң жақта-қарама-қарсы студенттің аты-жөні,;

  • астында-«ғылыми жетекші» және оның аты-жөні,ғылыми атағы;

  • қала, жыл;

Бетті және титулдық бетті безендіру қосымша А мен Б-да белгіленеді.

СӨЖ дайындау және орындау бірнеше кезеңнен тұрады.
Дайындық және сөж жазу студенттердің мақсаты бірнеше этаптан тұрады: 1-кезең – сөж тақырыбын таңдау; 2-кезең - әдебиеттер жинау; 3-кезең – теориялық материалдарды оқу, басқа авторлардың түсінігімен салыстыру, аргументке анализ жасау,студенттің мәселеге өз көзімен қарауы,нормативті-құқықтық актілерді таңдалған тақырыпқа байланысты оқу; 4-кезең-сөж жоспарын құру,берілген тақырыптың логикалық мазмұнын көрсету; 5- кезең – жұмыстың тексеруге арнналған түрі; 6-кезең- жүктелген міндеттерге байланысты жұмысты безендіру;

1-кезең. СӨЖ тақырыбын таңдау. Сөж тақырыбын анықтау үшін,таңдап азаматтық-құқықтық бағыттағы маманданумен шарттасқан ғылыми қызығушылық шеңберін анықтау қажет. СӨЖ тақырыбын таңдап, тапсырмаларды алған соң келесі кезеңге көшу.

2- кезең. Әдебиеттер жинау. Студенттің алдында берілген тапсырмаларғе байланысты және осы мәселеге жазылған авторлардың мақалалары болады. Мұндай авторларды таңдауға сіздерге ғылыми-жетекші көмектеседі. Оның ұсынуымен, сіз әдебиеттер жинауға көшесіз және сөж тақырыбына байланысты библиография құрасыз. Оқылып жатқан әдебиетті бірнеше топқа бөлесіз: берілген сұрақ бойынша кіріспе әдебиет; қосымша әдебиет; арнайы әдебиет;

Кіріспе, қосымша және арнайы әдебиеттерді оқу сізге кіріспе ұғымды, берілген сұрақ бойынша терминдерді, нақты материал, статистикалық мәліметтерді әрі қарай қолдануға мүмкіндік береді.

Статистикалық мәліметтер процесстердің санын,сонымен қатар сіз жеке-ғылыми тәсілдерді қолдана аласыз.

3-этап. Теориялық материалдарды оқу. Бұл кезеңде ғылыми жетекшінің көмегімен мәселенің методологиялық және теориялық негіздерін, берілген сұраққа байланысты көптеген ғалымдардың еңбегіне қарай аласыз, олардың аргументтеріне анализ жасап, қарсылық көрсетіп, баға бере аласыз.Осындай ойлаумен әдебиеттердің қайнар көздері нормативтік-құқықтық базалармен толықтырылады, анықталады, өзінің ғылыми ізденісі жасалады, тақырыпқа байланысты дәлелдемелерге аргументтер жиналады. Ғылыми әдебиеттер тек қана өзінің түсінігін ғана емес, сонымен қатар сөж басты мақсаты болып табылатын өзекті мәселелерді қарастырады.

Өзекті мәселе табылғаннан кейін , аргументтер жинақталған соң, ғылыми жетекшімен бірге тақырыпты анықтау керек. Тақырыпты түсіну, оның көлемі, оқылған әдебиеттер бойынша тақырып белгіленеді.

4-этап. СӨЖ мазмұны мен жоспары. Жұмыстың жоспары келешекте логикалық тақырықа сай болуы керек, сол үшін онда логикалық теориялық материалдың жоқтығы, тек алғашқысынан қалғандарын анықтай алмайтынын көрсетеді. СӨЖ мазмұнында өзіне кіріспе, реттік нөмірлер және барлық тараулардың аты, қорытындысын, әдебиеттер тізімін және беттің нөмірі көрсетілген аты болады.

Сөж кіріспесінде студент тақырыптың актуалды болуын, 2-3 абзац оның мазмұнын, мәселенің отандық әдебиетте және шетелдік әдебиетте, мақсаты мен тапсырма жұмысын, оның құрылымының мазмұнын көрсетеді. Тақырыптың актуалдығы теоретикалық проблеманың болуымен анықталады.

Кіріспеде заң әдебиетінің авторы мен кімнің жұмысы қатты әсер етуімен анықталады; ізденіс объектісі затты көрсету; жұмыстың мақсатын анықтау және тапсырмаларды, осы мақсат барысында шешу; ізденіс тәсілдерін қолданып, ссөж қысқа құрылымды жұмысын, қосымша және библиографияның қайнар көздерін көрсету;

Жұмыстың негізгі бөлімі теориялық негізгі проблемаларды қарастырады, заңдық процесстердің мән-жайлары және қосымша категориялар ашылады, ғалымдардың ғылыми үлесі қорытындылайды, олар осы проблеманы шешумен айналысады, әртүлі көзқарастарды, позицияны тексеруді жүргізеді, проблеманы қарастырады және автордың позициясы сөж негізделеді, авторлық проблемаға аргументация беріледі, заңнамасы және процессті қарастыру тенденциясы ашылады, олардың спецификасы қазіргі кеңесті – уақыттық шартта орындалуда.

Сонымен, мысалға, сөж негізгі бөлімі «Азаматтардың жеке құқық объектісі» тақырыбында азаматтық-құқықтық қатынасты түсінуге негізделетін мәнжайларды қарастыру керек, яғни Ю.Г. Басина, М.К.Сулейменова, Б.В.Покровский А.Т.Джусупова, Е.А.Суханова, жұмыстарына сүйене отырдық. «Жеке құқық объектісі» деген дискуссиялық сұрақты қарастыра отырып, және осы институттың әртүрлі формасы мен әртүрлігін, жеке жолдарын анықтаған жөн және бұл түсінікке бағыт беру, арықарай қалыптастыру керек. «Жеке құқық объектісі» түсінігін анықтай отырып, оны мінездемелейтін белгілерді суреттеуге көшкен жөн. Мінездеме кезінде мүліктік және басқа жеке құқықты азаматтық құқық объектісі ретінде ескеру керек, заң әдебиетінде азаматтық құқықтық қатынастың субъектік құқығын қарастырғанда әдетте элементтің мазмұны және құқықтық қатынас формасы ретінде анықталады, бірақ объектісі ретінде емес.Мұндай жол қызметтік мөлшерде құқықтық қатынастың динамикасын қарастырмайды, субъектінің мінездік түсінігіне, объектінің мазмұны мен құқықтық қатынас формасына қатысты. Субъектік мүліктік құқық объектік құқық сапасында орындалуы мүмкін және орындалуда, келісім заты бола бастағанда, құқықтық қатынас құрылады. Ары қарай негізгі объектінің жеке құқық мінездемесіне көшу керек: заттың түсінігі, қозғалатын және қозғалмайтын заттар, ақша, жер участкісі, өсімдік тер және жануарлар әлемі, су ресурстары, тұрғын үй кондоминиум, құнды қағаздар. Ең алдымен, барлық аталғандарға анализ жасау және тұрғындардың жеке иелену құқығы және де азаматтық құқық заңнамасыдағы дұрыс жетілмеген себептер мен шарттарды анықтау, және бұл заңнамаға өзінің ұсыныстарын ұсыну.

Соңында, жұмысты Сіздің ізденісіңізге қорытынды жасау керек, қосымша жағдайды белгілеу маңызды, соларға байланысты: авторлық және жалпы қабылданған түсінік, оның мәнді, классификациялық белгілері, факторлары, әсер ететін, және анық ұсыныстар, тапсырманы енгізу формалдық шешімге сәйкес жүргізіледі.

СӨЖ (проектке) қабылданатын шешім, барлық берілген жауапкершілікті студент анық және объективтікті- жұмыстың авторы тартады.

5-кезең. Алғашқы нұсқалық жұмыстың жазылуы. СӨЖ алғашқы нұсқасын дайындаған кезде жұмыстың әзірлеуіне және стиліне назар аударыңдар. Студенттің білімдік деңгейі таңдап алынған тақырыпқа қатысты қалай оның берілген сұраққа жауап беретінімен анықталады. Проблеманы анық түсінуіне назар аудару керек.

Логиканың мазмұны ғылыми материалдардың қайталану, дәлелдену жолын ғылыми ізденістер мен берілген қорытындыны болжау. Жұмыстың сапасы теориялық және логикалық тұрғыдан анықталмаған тексттің абзацы болмағандықтан дұрыс емес, орфогрофиялық және пунктуациялық қателіктер жиі кездеседі.

СӨЖ деңгейінің нақтылығы, қол жетімділігі, білімділігі жоғарғы мәдени және ғылыми тұрғыдан көрінеді. Жұмыстың алғашқы нұсқасын дайындар кезде өз еркімен жоспарды, фактты және басқа да авторлардың жұмысына көңіл аудару керек.

Автордың тексті қолдану кезінде ешқандай өзгеріс енгізбейді, сол сөж барлық берілген және қолданылған жұмыстың кірісін міндетті түрде көрсету керек, сол тақырыпты жақшаға алған жөн.

Бұл түрі цитирование деп аталады. Тасымал міндетті түрде кесте, графика, иллюстрация, методикасы цитированиемен жасалынады. Жұмыстың алғашқы нұсқасы ғылыми жетекшілікпен талқыланады және оның қолдауы басылады және қорытынды тексеріс үшін кафедраға беріледі.

6- кезең. Жұмыстың рәсімделуі. сөж қорғалуы рәсімі үшін жіберілетін кафедраға ұсынылады. Берілгенді тексеру үшін сөж мына элементтері болуы керек: алғашқы беті, кіріспесі, мазмұндық бөлімі, пайдаланған әдебиет тізімі, қорытынды.

СӨЖ қорғау процедурасы ашық кафедра отырысында студенттердің қатысуымен және міндетті түрде ғылыми жетекшілігінің қатысуымен, керек болған жағдайда ғылыми консультаттардың қатысуымен жүргізіледі.

СӨЖ жобасын рәсімдеуге қойылатын талаптар.


  1. Жұмыс қатты басылымға тігілуі, оның барлық беттері, алғашқы 2- беттен басқалары номерленуі керек.




  1. Форматтың дұрыс таңдалануы: жұмыс басылымдық түрімен компьютердің қолданылуы жәнепринтердің бір жағы формат А4(210x297) ақ қағазымен жасалынуы керек.




  1. Жұмыстың тақырыбы басылуы қажет,мына өлшемдерді ескере отыра: сол жағынан- 30мм, жоғарыдан- 20мм, оң жағынан-10мм және төменгісі-25мм.

  2. Ақпараттанған: жұмыс Word текстік редакторында Times New Roman шрифымен орыс тілінде; бір интервалдан кейін Times New Roman қазақ тілінде орындалуы керек. Шрифт - 14 кегль№




  1. Тақырыбының дұрыс әзірленуі:




  • Жұмыстың бөлімдерінің реттік нөмері, нүктесіс араб сандарымен белгіленген және абзацтық жазуымен болуы тиіс. Әр бөлімдері және бөләімшелері нөмеріленуі керек. Бөлімшенің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер бір немесе одан да көп бөлімшелерінен тұруы мүмкін.

Мысалы:

  1. Негізгі және типтік өлшемдері

1.1

1.2 Құжаттардың бірінші бөлімі бөлімшелердің нөмерленуі

1.3

2. Техникалық талаптар

2.1

2.2 Құжаттардың екінші бөлімі бөлімшелердің нөмерленуі

2.3

- жұмыстың (жобасының) әр бөлімі жаңа беттен бастлуы тиіс. Бір бөлімінің ішінде бөлімшелерінің өз ара мәтінен екі жолмен шегерленеді.

  1. жұмыстын бетінің нөмерленуі:

  • жұмыстың (жобасының) беті арабтық сандармен нөмерленуінің сақталуы керек;

  • беттің нөмері астынғы, ортанғы жағында нүктесіс қойылады;

  • жұмыстың қосымшалар жалпы нөмерленуіне кіреді

  • бөлімдер мен бөлімшелері, тармақтар мен тармақшалары араб сандарымен нөмерленуі және абзацтық шегерленуі жазылуы тиіс.

  1. Иллюстрацияның дұрыс орналасуы:

  • иллюстрацияларды (сызбалар, карталар, графиктер, схемалар, диограммалар, фотосуреттер) мәтіннен кейін орналастыру керек, олар бірінші немесе келесі беттерде көрінеді;

  • Иллюстрациялар компьютерлермен жазылуы мүмкін, сонымен қоса сандық және түрлі – түсті болуы мүмкін. Жұмыста барлық иллюстрациялар тасымал түрінде болады.

  1. Кестелердің орналасуы:

  • кестенің жақсы көрнектілігі және көрсеткіштердің салыстырмалылығын қолданылады. Сандық материал кесте түрінде безендірілуі керек;

  • кестені мәтіннен кейін орналастыру керек, олар бірінші немесе келесі беттерде көрсетіледі;

  • барлық кестелерде жұмыстың тасмалы болу керек, тасымал кезінде «кесте» нөмірдің белгіленуімен жазу керек;

  • кестелердің тақырыпшасы болу керек. Кестенің атауы оның мазмұнынан сәйкесуі керек, анық және қысқа болуы керек. Кестенің атауы кестенің астына абзацпен шегерленуі және келесі жолда «кесте 1» деп кіргізу керек.

  • Көп жолақшасы бар кестені келесі бетке көшіру керек. Көшіру кезінде кестенің басқа бетіне «Кесте» және нөмері оның сол жағын көрсетеді, басқа жолына «Жалғасы» деген сөзді жазып және кестенің нөмері көрсетіледі, мысалы: «Кесте 1 Жалғасы». Кестені басқа бетке ауыстыру кезінде тақырыпшаны оның бірінші бетіне ауыстырады. Ауыстыру кезінде кестенің бөлімі астынғы горизонтальдық сызығын, шектелген кестені ауыстырмайды.

  • Үлкен графалары бар кестелерді қосымшаға енгізу.

  • Егер де әр түрлі жолда қайталанған кестелерде мәтін бір сөзден тұрады, оның бірінші жазылуынан кейін жақшамен ауыстыруға болады; егер де екі немесе одан да көп сөз, бірінші сөзде қайталанса «Ол да» сөзімен ауысады, келесіде – жақшамен. Жақшаны қайталанған сан, маркалар, белгілер, математикалық және химиялық символдарда қойылмайды. Егер сандық немесе басқа берілген кесте жолдары келтірілмейді, онда ол жерге бос орын қойылады.

  • Кестелер, қосымша кестелерден басқа арабтық сандармен нөмірленуі керек. Бөлімдерден кестелерді нөмірлеу келтіріледі. Бұл жағдайда кестенің нөмері бөлімнің нөмерімен және кестенің реттік нөмерімен тұрады, нүктемен бөлінеді.

  • Графаның тақырыпшасы және кестенің жолдарын жекеше түрде үлкен әріппен жазу керек, тақырыптың графасы- кіші әріппен жазылады, егер олар бір сөйлем тақырыппен немесе үлкен әріппен жазылады, егер олар жеке мағынада болса. Соңында тақырып пен тақырыпшаларда кестелер нүктесі қойылмайды.

  • Кестелер сол жағынан, оң жағынан және төменнен, дұрысы, сызықтармен шектеледі. Кестеде мәтінге қарағанда кіші шрифпен жазуға болады.

  1. Тізімдер мен ескертулер:

  • Кестелер, тармақтар мен тармақшалардың ішінде керек кезде болуы мүмкін;

  • әр бір тізімдер позициясында дефис қою керек, немесе керек болған жағдайда мәтіндік жұмысты тасымалдау тізімдердің бірі, кіші әріптің алдына жақша қойылады; бір топтың тізімдерінен басқа бір тармақша қойылмайды.

  1. Сілтеменің дұрыс қойылуы.

  • сілтемені тізім бойынша реттік нөмермен көрсету керек; тік жақшамен белгіленеді; дипломдық жұмыстың мәтінінде олардың қайталануы.

  • Сілтемелердің қайнар көздерін мәтіндік сөж дұрыс орналастыру керек;



СӨЖ ғылыми жетекшісінің пікіріне қойылатын талаптар

СӨЖ рецензентінің пікіріне қойылатын талаптар
СӨЖ бойынша пікірде жұмыстың келесі көрсеткіштер көрсетілуі керек:

  1. Өзектілігі

  2. Зерттеліп отырған тақырыптың тәжірибелік маңыздылығы және жаңалығы

  3. Зерттеліп отырған сөж тақырыбы маманның дайындық профиліне сәйкестігі

  4. Академиялық дәрежесі мен берілетін біліктілігіне сәйкестігі

  5. Зерттеу жүргізудің дербестігі

  6. Қорытындылар мен ұсыныстардың бар болуы

  7. Мәселелерді шешу деңгейі және зерттеудің аяқталу деңгейі


Рецензияда негізделген қорытындыға әріптік жүйедегі балдық-рейтинглік баға қойылады, және тиісті академиялық дәрежеге және біліктілігіне ұсыну мүмкіндігі көрсетіледі.

Ғылыми жетекшімен қорғалуға жіберілген сөж, бірақ рецензентпен F – «қанағаттанарлықсыз» бағасына бағаланған, жалпы талаптар негізінде қорғалады.

Факультет деканы кафедра меңгерушісін және студентті рецензиямен диплом жұмысын қорғалуға бір күн қалғанға дейін таныстырып, пікір мен рецензияны МАК-ға жібереді.

7-кезең. СӨЖ қорғау рәсімі. Қорғауға жіберілген сөж МАК-ға ұсынылатын келесі құжаттар болуы керек:

  1. Жұмысының мәтіні

  2. Ғылыми жетекшінің қолымен рәсімделген, жұмысқа пікірдің мәтіні

  3. Рецензенттің қолы мен күнімен рәсімделген рецензияның мәтіні

СӨЖ қорғауды ұйымдастыру жариялық нысанда, студенттердің және шығарушы кафедраның оқытушыларының қатысуымен өткізіледі. Қорғауға ғылыми жетекші, сөж зерттеу жүргізілген мекеменің өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар қатысуы мүмкін.

СӨЖ қорғау ұзақтығы бір студентке 30 минуттан аспауы керек.

СӨЖ қорғау қорытындысы бойынша әріптік жүйе бойынша балдық-рейтингілік баға қойылады. Сонымен қатар, теориялық, ғылыми және тәжірибелік даярлық деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі және рецензенттің бағасы ескеріледі.

СӨЖ қорғау нәтижесі МАК-ң отырысының хаттамасымен рәсімделеді, және өткізілген күні жарияланады.

СӨЖ жұмыстар қорғалғаны кафедраға тіркеуге беріледі жәнеЖОО мұрағатында 5 жыл бойы сақталады.

Бақылаудың ұйымдастырылған нысандары:

Ғылыми жетекшінің кеңестері .

Студенттің өзіндік жұмысының тиімділігін арттырудың маңызды шарты болып ғылыми жетекшы тарапынан жұмыстың атқарылу барысын бақылап қажетті көмекті ұйымдастыру боып табылады.Бұндай жұмыстарға кафедраның ғылыми атағы мен дәрежесіне ие маманданған ұстаздарын тартады.

Жұмысқа дайындық мұғалімнің студенттермен бірінші топтық кеңес өткізген уақытынан кеиін тоғызыншы (жетінші) семестрде басталады.Бұл кеңес беру кезінде осы мұғаліммен жұмыс істеуге ниет ететін студенттердің аты жөндері анықталып, олардың ғылыми бағыттары айқындалып, әрбір жекек студенпен жеке жұмыс жоспары жасалады.

Екінші кеңес беруде мұғалім студенттің ғылыми қызығушылығының ерекшеліктерін негізге ала отырып таңдалған жұмыстың мазмұнын ашуға көмектесетін авторлардың еңбектерін анықтайды.

Үшінші кеңес беруде аталмыш ғылыми тақырыпты ашудың әдіс тәсілдері анықталады.

Төртінші кеңесте жұмыстың қағаз нұсқасы ұсынылып, оның кем кетігі түзеліп, кафедраның тиісті талаптарына сәйкес рәсімделгеннен кейін ғылыми жетекшіге тексеруге тапсырылады.

Студенттің құқықтары мен міндеттері.

Студент құқылы

Қажет көлем мен мөлшерде кеңес алуға

Жеті күн ішінде мұғалімнен пікір алуға

-бағамен келіспеген жағдайда жұмысты ұжымдық рецензияға жіберуге

Студенттің міндеті:

- СӨЖ жұмысты жазу мен рәсімдеуге қатысты кафедра талаптарын орындауға;

-Дипломдық жұмысты бітіргізуші кафедра лаборантына кафедрада көзделген уақытта өткізу;

Тәжірибе көрсеткендей дипломдық жұмыстар орындалу деңгейіне қарай өзара айырмашылықтарға ие. Студенттік ізденістердің нәтежиесін үш топқа бөлуге болады.

Біріншілері компилятивтік сипатқа ие жұмыстар.оларды жазу барысында 2-3 қайнаркөз қолданылады, ал әдебиеттер тізімі көбінесе формальды сипатқа ие Бұндай жұмыстар қорғау кезінде жоғарға балл ала алмайды ал тексте плагиат кездескен жағдайда қанағаттанарлықсыз деп бағаланады .

Сөж келесі көп кездесетін түрі осы әдістемелік нұсқаулықта көзделген талаптар - нұсқауларды орындауы.

Ең соңғы үшінші түрінде жұмыс оқу - зерттеу сипатынан ғылыми - зерттеу сипатына ие болады. Бұндай еңбектің авторына әдетте білімін магистратурада жалғастыруды ұсынылады.

Қазақ гуманитарлық инновациялық заң университеті

Факультет _____________________________________

Мамандық _________________________________

Кафедра ______________________________________


Студенттің өздік жұмысын орындауға арналған тапсырмалар

студент ________________________________________________________

(аты жөні)

Жұмыс тақырыбы:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________оқу орнының № бұйрығымен бекітілді __________ «______»_________________200__г.
аяқталған жұмысты тапсыру уақыты «______»_________________200__г.
жұмыс туралы алғашқы мәліметтер

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жұмыста өңделуге тиісті мәліметтер тізімі және жұмыстың қысқаша мазмұны:

а)____________________________________________________________________________________________________________________________________________

б)____________________________________________________________________________________________________________________________________________ в)____________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сызба мәліметтерінің тізімі

______________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тит.1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық инновациялық заң университеті

Иманалиев Р.Б.

Жалған кәсіпкерлікті тергеудің ерекшеліктері

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
мамандық 5В030100 – «құқықтану»

Семей 2013

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық инновациялық заң университеті

«Қорғауға жіберілді»

Ғылыми жетекшісі ____________ 2014г.

з.ғ.к., (Ф.И.О.)

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Жалған кәсіпкерлікті тергеудің ерекшеліктері»


мамандық 5В030100 – «құқықтану»

Орындаған Иманалиев Р.Б.
Ғылыми жетекші з.ғ.к., Кузетаева Д.З.

Семей



Жұмыс бөлімдеріне қатысын көрсете отырып берілетін кеңес


Бөлім

Ғылыми жетекші


Уақыты

Қолы































































































































































































































































Жетекші ________________________________


Жұмысқа ғылыми жетекшінің пікірі

Студент ___________________________________________________________

________________________________________________________________

( пәннің атауы)

Тақырыбы:_________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________:__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
жұмыстың ғылыми жетекшісі:

_____________________________________________________________
Қорғауға жіберіледі // жіберілмейді (сызып көрсету керек)
«______»________________20__г.

Жұмысқа рецензия
Студент___________________________________________________________
_________________________________________________________________

(пәннің атауы)

тақырыбы:_________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________

Бағасы:___________________________________________________________

жұмыс рецензенті:_______________________________________

_____________________________________________________________
«______»________________20__г.
написать администратору сайта