Главная страница
Навигация по странице:

  • Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар

  • Назар аударыңыз! Дыбыс және әріп

  • 1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз. 2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап даярлаңыз.

  • 4. Көп нүктенің орнына «о» немесе «ө» әрпін қойып жазыңыз

  • 6. Көп нүктенің орнына «қ» немесе «к» әрпін қойып жазыңыз

  • 8. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз

  • 11. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз. 1-сабақ. Қазақ заңдарының түп-төркіні. Сөз таптары Қазақ заңдарының түп-төркіні

  • Грамматикалық тақырып: Сөз таптары

  • Үйге тапсырма: 1.

  • Қазақстанның көрікті жерлері Астана

  • Сын есім Cын есімдер

  • Распечатка сегодня. И. Репин Графика Графика деген сз гректі grapho жазамын, суретке саламын



    Скачать 34.69 Kb.
    НазваниеИ. Репин Графика Графика деген сз гректі grapho жазамын, суретке саламын
    Дата27.02.2018
    Размер34.69 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаРаспечатка сегодня.docx.docx
    ТипДокументы
    #31896

    ДИЗАЙН

    1-тәжірибелік сабақ

    Сурет – ол өте күрделі де, өте қиын еңбек,

    Оны тек ішкі сезім арқылы тануға болады.

    Ол шынайы сезім, белгісіз құбылыс.

    И.Репин

    Графика


    «Графика» деген сөз гректің «grapho» – «жазамын», «суретке саламын» деген сөзінен шыққан. Ол – сурет салу өнері. Қарындашпен, тушьпен салынған суреттер немесе гравюралар графикаға жатады. Графика өнерінің туындыларын тек көрмелерде ғана емес, күнделікті тұрмыста да жиі ұшырастырамыз.

    Бала кезімізден кітапқа, оның ішіне, мұқабасына салынған түрлі – түсті суреттерге сүйсінеміз. Кітаптағы сол суреттердің бәрі кітап графикасы деп аталады. Сонымен қатар қосалқы, қолданбалы графика да болады. Мәселен, біреуді мерекемен құттықтағыңыз келсе, қатырма ашық хат пен оған жапсыратын марка сатып аламыз, ашық хат та, марка да суретшінің қолынан шыққан.

    Ал, әлгі әр алуан қораптардың, пакеттер мен шыны сауыттардың сыртындағы алабажақ жапсырынды қағаздарға - жарлықтарға назар аудара да бермейміз. Шынтуайтқа келгенде, олар да суретшілердің туындылары. Міне, осының бәрі қолданбалы графикаға жатады.

    Сөздік

    Тұрмыс быт

    Әр алуан разнообразие

    Кітап графикасы книжная графика

    Қолданбалы прикладное

    Қосалқы запасной, побочный

    Қатырма картон

    Қоршаған нәрселер окружающие предметы

    Ретпен по порядку

    Ұғым понятие

    Мұқаба обложка

    Ашық хат открытка

    Туындылар пройзведения

    Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:

    1) Графика дегеніміз не?

    2) Графиканың түрлерін ата.

    3) Кітап графикасы дегеніміз не?

    4) Графика өнерінің туындыларын ата.

    5) Мұқабаға қандай суреттер салынады?

    6) Суретшілердің туындыларына нелер жатады?

    7) Қолданбалы графикаға нелер жатады?

    Назар аударыңыз!

    Дыбыс және әріп

    Тілдегі дыбыстардың жасалуын, пайда болуын, ол дыбыстардың жүйесі мен заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының саласын фонетика деп атайды.

    Дыбыстардың жазбаша таңбасын әріп дейміз.

    Әріптердің тізбектелген жиынтығы алфавит деп аталады. Қазақ тілінде 42 әріп бар.

    Дыбыстау мүшелері арқылы жасалып, естілетін физикалық құбылысты дыбыс деп атайды.

    Дыбыстар дауысты және дауыссыздарға бөлінеді.

    Дауысты дыбыстар: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, у, і, ы, и, ю, я.

    1 Тілдің қатысына қарай


    Жуан

    а, о, ұ, ы, (у),(и)

    Жіңішке

    ә,ө,ү,і,е, (и),(у)

    2 Жақтың қатысына қарай


    Ашық

    а, ә, о, ө, е

    Қысаң

    ы, і, ұ, ү, у, и

    3 Еріннің қатысына қарай


    Еріндік

    о, ө, ұ, ү, у

    Езулік

    а, ә, е, ы, і, и

    Дауыссыз дыбыстар: б,в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, (у), ф, х, ц, ш, щ, ч, һ.

    Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай:

    Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ц, ш, щ, ч, һ

    Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з

    Үнді: р, л, м, н, ң, й, у болып бөлінеді.

    Тапсырмалар


    1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

    2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап даярлаңыз.

    3. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз, қазақ тіліне тән дыбыстарға назар аударыңыз:

    өнер, бояу, мөлдір, құнды, туынды, көрме, хат, тұрмыс, құттықтау, алабажақ, мұқаба.

    4. Көп нүктенің орнына «о» немесе «ө» әрпін қойып жазыңыз:

    м...лдірлік, б...яу, к...рініп, к...п, ...те, к...птеген, ...нер, к...рме, қ...салқы, қ...лданбалы, б...ліну.

    5. Берілген сөздерді жуан, жіңішкелігіне қарай топтап жазыңыз:

    Атау, шығарма, көрме, керек, жігін, жұмсақ, қолдану, каталог, жазылады, қосалқы, суретшілер, бояу, түс, тұстар, мөлдір, қағаз.

    6. Көп нүктенің орнына «қ» немесе «к» әрпін қойып жазыңыз:

    гре...тің, ...үнделікті, ...ітап, ...осалқы, ...елсе, ...олданбалы, мұ...аба, ...өрме, ...ораптар.

    7. Көп нүктенің орнына «н» мен «ң» әрпін қойып көшіріңіз:

    іші...е, о...ың, ә...гіме, ө...ер, салы..ған, мәселе..., қолы...ан, шы...ы, туы...ды.

    8. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз: өнер, суретші, қосалқы.

    9. Қазақ тіліне аударыңыз:

    Графика – искусство изображения предметов линиями и штрихами одного цвета. Основа графики – линия. пятно, контраст. Графика — вид изобразительного искусства, использующий в качестве основных изобразительных средств линии, штрихи, пятна и точки. При рисовании графикой обычно используют не больше одного цвета, в редких случаях — два.

    10. Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз:

    – 1980 жылдары танылған график суретшілер кімдер?

    – Олар Василий Тимофеев пен Қайырбай Зәкіровтің туындылары. Осы туындылар 1980-1990 жылдары жоғарғы бағаға ие болды. Еңбектері: «Қазақтың белгілі қайраткерлері» атты сериясында Әль-Фараби, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ж.Жабаев портреттерін өте нанымды бейнелеген. Аман Батығалиев, Қадырбек Каметовтардың еңбектері: «Менің өлкем», «Дала әуендері» т.б.

    11. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.

    1-сабақ. Қазақ заңдарының түп-төркіні. Сөз таптары

    Қазақ заңдарының түп-төркіні

    Әр елдің, халықтың өзіне лайық ертеден қалыптасқан заңы бар. Ол кезінде қағазға түспесе де, беделді адамдардың, ақсақалдардың аузынан көпке тарап, ғасырлар көшіне ілесіп, жалғасып отырған. Бұл ережелер, қағидалар далалық ұлттардың әдет, салтына, тұрмысына лайық жасалып, қылмыс, даулар, осы заң негізінде шешімін тапқан. Қазақ заңының тағы бір ерекшілігі тек әділдік пен дін жолын ұсынумен бірге сөз өнерін: шешендік, тапқырдлық, айтқыштық өнерді де жоғары бағалап, оған жүгінген. Соған лайық әділ билердің өзін де, сөзін де қадір тұтып, оларды қара қылды қақ жарған, туғаны жоқ тура билер: Төле, Қазыбек, Әйтеке, Жанқұтты, Саққұлақ, Байдалы, Досбол сынды ардагерлерді халық төбесіне көтеріп, ханмен қатар қадірлеп, құрмет тұтқан.

    Қазақ заңдарының түп-төркіні қасиетті кітап «Құран кәрімнен» және «Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен» бастау алады. Қазақ заңдарында Шыңғыс хан бекіткен әдет, құқық, әскери тәртіп жүйелері, Ақсақ Темірдің құқық, дәстүр, ғұрып негіздері орын алған.

    Қазақ заңдарның тарихында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заң ережелерінің орны бөлек. Кейін ХҮІІ ғасырда мұны Есім хан түпкілікті қолданып, заң күшіне толық енді. Мұны халық «Есім ханның ескі жолы» деп атады. Жоғарыда аталған екі заң ұлы хан, Әз Тәуке тұсында (ХҮІІ ғасырдың аяғы, ХҮІІІ ғасырдың басы) одан әріжетілдіріп, жаңа құқықтық тараулар енгізілді. Ол бүкіл қазақ жұртына «Жеті жарғы» деген атпен танылды.

    Халқымыздың құқық, билік, сот ісі жөніндегі көңіл аударарлық заңы 1885 жылы Семейдің Қарамола съезінде Абайдың қатысуымен жазылған Ереже.

    Қазақ заңдары сонымен бірге ұлттық салт, әдет-ғұрып дәстүрлерінен де көрініс табады. Олардың көпшілігі заң ретінде де қолданылады. Яғни, халқымыздың дәстүр, салтының да заңдылық негіздері де бар.

    Мәтінге тапсырма:

    1. Мәтінге жоспар жасаңыз.

    2. Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінді қалай түсінгенімізді анықтайық.
    а. Бізге қазақ заңдары қалай жеткен?

    ә. Қазақ заңдарының ерекшелігі неде?

    б. Халық кімдерді төбесіне көтеріп, қадір тұтқан?

    в. Қазақ заңдары неден бастау алады?

    г. Тарихта орны бөлек Қазақ заңдарын атаңыздар?

    3. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздерді, сөз тіркеcтерін, терминдерді теріп жазыңыздар.

    4. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.
    Грамматикалық тақырып: Сөз таптары

    Сөз таптары – сөздердің семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері мен сипаттарын, ыңғайластығын топтап көрсететін грамматикалық категория. Қазақ тіліндегі сөздер 9 топқа бөлінеді:

    1. Зат есім (имя существительное): ақыл, адам, нан т.б.

    2. Сын есім (имя прилагательное): кіші, қысқа, сәнді т.б.

    3. Сан есім (имя числительное): бір, үш, жиырма, жүз т.б.

    4. Есімдік (местоимение): сен, ол, қайда, не т.б.

    5. Етістік (глагол): кет, бер, мақтан, келе алмайды т.б.

    6. Үстеу (наречие):бүгін, ертең, жоғары т.б.

    7. Шылау сөздер (союзы): арқылы, сияқты, әрі т.б.

    8. Одағай (междометие): тәйт, тек, сап-сап т.б.

    9. Еліктеу сөздер (подражательные слова): жалт-жұлт, қорыс, бақ-бақ т.б.


    Үйге тапсырма:

    1. Өзіңіз қалаған бір қазақ заңы туралы хабарлама жасаңыз.

    2.Бақылау сұрақтары:

    1)Қазақ тілінде қанша сөз таптары бар? Атаңыз.


    1. Қазақстанның көрікті жерлері


    Астана

    Қазақ Республикасының ең алғашқы астанасы Орынбор (1920-1925), одан кейін Қызылорда (1925-1929), 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қалалары болды.

    1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылдың мамырдың 6-сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10-ында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының ашылу рәсімі өтті. Сөйтіп, енді Астана қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды.

    Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасынан ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы батпақ, қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды. Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтитненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, министрліктердің үйлері, көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні Қазақстанның XXI ғасырдағы бақытты болашағын білдіріп тұр.

    Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа Астананың сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.

    Астананың болашағы алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.

    Астана – Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы, бас қала. (А.Ш. Бектурова., Ш. Бектуров. Казахский язык для всех. А., 2004, 444-445-б).
    Сөздік

    Жариялау - объявлять

    Ескерткіш - памятник

    Жарлық - указ

    Атылған - взметнувшийся

    Елбасы - президент

    Барыс - барс

    Қол қою - подписывать

    Мүсін - скульптура

    Салтанатты - праздничный

    Жаға - берег

    Ашылу рәсімі - церемония открытия

    Сұлулық - красота

    Көрікті - красивый

    Ерекше - особенный

    Айналу - превращаться

    Көз тарту – притягивать взгляд

    Батпақ – грязь

    Жақын шетел – ближнее зарубежье

    Қалың өсетін –густо растущий

    Алыс шетел – дальнее зарубежье

    Қамыс – камыш

    Саяси - политический

    Бой көтеру – подняться ввысь

    Әкімшілік - административный







    1-тапсырма: Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

    2-тапсырма: Мәтінді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Қазақ Республикасының ең алғашқы астанасы қай қала болды?
    2. Одан кейін қай қала астана болды? 3. Алматы қай кездерде Қазақ Республикасының астанасы болды? 4. 1997 жылы қазанның 20-сында Қазақстан Республикасының Елбасы қандай жарлыққа қол қойды? 5. Қай кезде Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды? 6. Осы жылғы маусымның 10-ында Астанада не өтті? 7. Астана қаласы қандай қалаға айналды? 8. Астана қаласында қандай көрікті жерлер бар? 9. Әсем Есілдің оң жағасында нелер бар? 10. Астана ненің орталығы?

    3-тапсырма: Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Сіз Астанаға қашан бардыңыз? 2. Астанаға немен бардыңыз?
      3. Барғаннан кейін қайда орналастыңыз? 4. Саяхат жетекшісі не туралы әңгімеледі? 5. Астананың қандай көрнекті жерлерін араладыңыз?

    4-тапсырма: Мына жоспар бойынша Астана туралы әңгімелеп беріңіз.

    1. Астана тарихы;

    2. Астана өндірісі;

    3. Астананың көрнекті жерлері.
    Көкшетау

    Көкшетау жерін «Қазақстан Швейцариясы» деп орынды айтады. Бурбай көлінің тереңдігі 7 метр болғанымен оның мөлдірлігінен түбінде жатқан заттың бәрі де алақандағыдай көз алдыңа келеді.

    Шығысында аумақты жағажай, піл тәрізді жартас «Оқжетпес» санаторийіне таяу қайырлап қалған кеме тәрізді «Жұмбақтас» көрінеді. Бурабай мен Майбалық аралығындағы Көкшенің бір биігінен шөгулі Аңызтүйе және «Жеке батырдың» бейнелері көзге шалынса, солтүстікте тамаша сыйы – «биші қайыңдар» көз тартады.
    Сөздік

    Тереңдік - глубина

    Піл тәрізді – подобно слону

    Түбінде – на его дне

    Шөгулі - лежащий

    Алақандағыдай – как на ладони

    Сый - дар

    Жағажай - пляж

    Қайың - береза

    1-тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

    1. Қай жерді «Қазақстан Швецариясы» деп атайды?

    2. Бурабай көлінің тереңдігі қанша?

    3. Оның суы мөлдір ме?

    4. Бурабайдың шығысында не бар?

    5. Көкшетаудың сұлулығы туралы не айтылған?

    (М. Қожанұлы., Ш.М. Үмбетова., Г.С. Төртқарина. Қазақша оқып-үйренеміз. Көмекші құрал. Астана. 1998, 93-94-б).

    2-тапсырма: Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

    3-тапсырма: Мәтіннен:

    1. Сын есімді табыңыз.

    2. «көзге шалынса», «көз тартады» деген сөз тіркестерінің баламасын орыс тілінде жазыңыз.

    3. Кестедегі берілген септік жалғауларын толтырыңыз.

    Ілік септік

    Жатыс септік

    Көмектес септік











    Семей

    Семей – Қазақстанның ірі, мәдениеті өркендеген қалаларының бірі. Семейдің өзіне тән ұзақ даму тарихы бар. Ежелгі – Доржынкит. Ол патша үкіметінің ресми құжаттарында «Тас мешіт» деген атпен XVI ғасырдың басынан белгілі.

    Ғалымдардың айтуынша 1600 жылдары Семейде жеті шатыр (семь палат) тұрғызылған сияқты.

    Семей қаласы – ұлы ақын Абай, данышпан жазушы Мұхтар Әуезов білім алған қала, XIX ғасырдың 50-жылдарында Ш. Уәлиханов әскри қызметте болған жері.

    Семей қаласының тарихы өте бай. (Ш. Бектұров., А.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету). А., 1998, 63-65-б; А. Ақжанова., К. Өтегенова. Кәсіби қазақ тілі. Астана, 2010,19-б).

    1-тапсырма: Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

    2-тапсырма: Мәтінге сұрақтар қойыңыз.

    3-тапсырма: Мәтіннен:

    1. Жалқы есімдерді табыңыз.

    2. Ұлы, данышпан сөздерімен тіркескен сөздерді табыңыз.

    3. Сан есімдерді табыңыз.

    4. «бай», «ресми» сөздерінің орыс тіліндегі баламасын жазыңыз.

    5. «Семей қаласының тарихы өте бай» деген сөйлемді орыс тіліне аударыңыз.


    Тараз

    Тараз қаласы – Жамбыл облысының орталығы. X-XII ғасырларда Таразда сәулет өнерінің бірнеше тамаша үлгілері тұрғызылады. Бұлардың ішінде ең ірілері: Қарахан мазары және қалаға жақын жерге тұрғызылған Айша бибі күмбезі, Бабашахатун мавзолейі, Қазақстан мен Орта Азия моншаларының бірі – Тараз моншасы. Тараз қаласынан күні бүгінге дейін қыш ыдыстар, күміс т.б. металл бұйымдар көптен табылуда. Әулиеата 1938 ж. қазақтың халық ақыны Жамбылдың құрметіне Жамбылдың есімімен аталды.

    Өткен жылы 1996 жылы Жамбыл аты өзгеріп бұрынғы Тараз атына қайта көшті. (Ш.Бектұров., А.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету). А., 1998, 63-65-б).кен 1996

    1-тапсырма: Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

    2-тапсырма: Мәтінге сұрақтар қойыңыз.

    3-тапсырма: Мәтіннен:

    1. Зат есімдердің астын сызыңыз.

    2. Сын есімдерді табыңыз.

    3. Ілік септік жалғаулы сөздерді табыңыз.

    4. «халық», «мазар», «күмбез», «мавзолей» сөздерінің орыс тіліндегі баламасын жазыңыз.

    5. «Әулиеата 1938 ж. қазақтың халық ақыны Жамбылдың құрметіне Жамбылдың есімімен аталды» деген сөйлемді орыс тіліне аударыңыз.




    1. Сын есім

    Cын есімдер заттардың, құбылыстардың әртүрлі белгілерін белгілейді:

    1. Түс (цвет): көк, сары, қызыл, қара т.б.

    2. Көлемі, ауданы, мөлшері (объем, величину, размер): үлкен, ұзын, жақын, алыс т.б.

    3. Сипаты, сапасы, қасиеті (характер, свойство, качество): арық, қатты т.б.

    4. Дәмі (вкус): тәтті

    5. Тұлғасы (форму): түзу, дөңгелек

    6. Қатыстық сын есім (относительные прилагательные): бойшаң жігіт, ұзын көйлек т.б.

    Сын есім сұрағы: қандай?

    Сын есім мағынасына қарай екіге бөлінеді:

    1. Сапалық сын есім (качественные прилагательные): қызыл, ащы, тұщы т.б.

    2. Қатыстық сын есім (относительные прилагательные): қысқы пальто, ұзын шаш т.б.шейт

    Сын есімнің шырайлары:

    1. Жай шырай (положительная степень): ақ, қара

    2. Салыстырмалы шырай (сравнительная степень), жұрнақтары:
      -рақ/рек, -лау, -дау/деу

    3. Күшейтпелі шырай (превосходная степень): өте, ең, тым т.б.

    1. 2Сынпелі шырай (превосходная степень): өте, ең, тым т.б.

    1-тапсырма: Переведите на русский язык, подчеркните – сын есім.

    Байкал – дүние жүзіндегі ең терең көл. Оның суы тұщы, тұп-тұнық. Көлдің ұзындығы – 636 шақырым, ені кең – 80 шақырым. Байкал жан-жағынан биік жоталармен қоршалған. Сол жоталардан сайлармен тау суы ағады. Оған үлкен-кіші 300-дей өзен құяды.
    Сөздік

    Өзен -река

    Дүние жүзіндегі – в мире

    Тұп-тұнық – прозрачный

    Ұзындығы – длина

    Ені – ширина

    Жан-жағынан – вокруг, кругом

    Жота – горный хребет

    Қоршау – быть окруженным

    Сай – овраг

    Ағу – течь

    Құю – впадать, наливать, разливать

    Шақырым - километр


    2-тапсырма: Переведите предложения на казахский язык, соблюдая порядок слов.

    Сегодня день оченьтеплый, нехолодный. Маша сегодня очень веселая. В библиотека работают вежливые девушки. Он самый лучший студент.

    Үйге тапсырма: Запомните! Казахские пословицы. Обратите внимание сын есім.

    Ақымақ достан ақылды дұшпан артық

    Умный неприятель лучше глупого друга

    Ақылсыздың ағасы болғанша, ақылдының інісі бол

    - Чем быть старшим братом глупого, будь младшим братом умного

    Ауыр істен қорықпа, ауыр сөзден қорық

    - Не бойся тяжелой работы, бойся злых слов
    написать администратору сайта