Главная страница
Навигация по странице:

№5 тақырып. Өндіріс пен шығындар теориясы. ндіріс туралы ым, ндіріс факторлары. ндіріс технологиялары



Скачать 86.5 Kb.
Название ндіріс туралы ым, ндіріс факторлары. ндіріс технологиялары
Анкор №5 тақырып. Өндіріс пен шығындар теориясы.doc
Дата 24.04.2017
Размер 86.5 Kb.
Формат файла doc
Имя файла №5 тақырып. Өндіріс пен шығындар теориясы.doc
Тип Документы
#2852

  1. Өндіріс туралы ұғым, өндіріс факторлары. Өндіріс технологиялары.

  2. Өндіріс функциясы және оның қасиеттері.

  3. Изокванталар.

  4. Кобба-Дуглас функциясы. Өндіріс масштабының тиімділіктері.

«Микроэкономика» курсының бұл тарауы өндірісте қолданылатын өндіріс факторлары мен осы ресурстарды пайдалану арқылы өндірілетін тауарлардың мөлшері арасындағы байланысты зерттейді. Өндірілетін тауарлардың саны өндірістегі технологиялық әдістердің ерекшеліктеріне байланысты.

Өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды, белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге (тауарларға немесе қызметке) айналдыруды айтамыз. Өндірістік процесте қолданылатын факторларды негізгі 4 түрге бөледі:

1) шикізаттар мен материалдар;

2) басқа өнеркәсіптің өндірген тауарлары;

3) еңбек құны;

4) капитал (құрал-жабдықтар, ғимараттар).

Нақты өмірде өндірістік процесті зерттеу үшін көптеген өндіріс факторларын пайдаланады. Өндірістік процесте п өндірістік факторлары қатысады деп қарастырсақ, бұл төмендегідей шығын векторы түрінде көрсетілуі мүмкін:

Х = (х1, х2, . . . , хп).

Мұнда хіі - факторларының саны. Бұл факторлар п-түрлі дайын өнімдер өндіру үшін қолданылады. Бұларды шығару векторы түрінде қарастырамыз:

У = (у1, у2, . . . , уп).

Мұнда уіj - өнімнің саны. Енгізілген белгілеулер арқылы өндірістік процесті былай жазуға болады.

V = (X, Y)

Егер барлық өндіріс факторлары тек қана бір өнім түрін өндіру үшін қолданылса, онда осы өндірістік процесті шартты түрде келесі өндірістік функция түрінде көрсетуге болады:

у =f (х1, х2, . . . , хп).

Өндірісті ұйымдастыру кезінде, әдетте, өндірістік процесс тиімді болуын қалайды, сондықтан өндіріс функциясы, өндірістік шығындар құрылымы тұрақты деп ұйғарғ,андағы шығаратын өнім көлемінің ең жоғары деңгейін көрсетеді деп атайды. Өндіріс функциясы белгілі технология үшін жасалады. Бұл айтылған деректерді түсіндіру үшн, өндіріс шығындары тек қана L – еңбек және К – капиталдан тұрады деп қарастырайық. Осы жағдайда өндірістік функцияны келесі түрде жазуға болады:

у =f (К, L).

Мұнда, у – өндірілетін өнімнің ең жоғары көлемі.

Өндірістік функцияның кейбір жалпы қасиеттері

Нақты өмірде өндірістік процесті зерттеу үшін өндірістік функцияның бірнеше түрлері қолданылады. Олардың бәріне тән жалпы қасиеттері төмендегідей болады.

1. Фирмалар өндіріс факторларын барынша көп тиімділікпен қолдануы мүмкін, яғни қолданылып отырған фактордың санының көбеюі шығару көлемінің төмендеуіне әкеліп соқтырмайды. Оны математика тілмен былай өрнектеуге болады.



2. Басқа факторлар тұрақты болып, тек қана бір факторлың санын көбейту арқылы өнім шығару көлемін ұлғайтқан уақытта оның жоғарылау шегі болады, яғни айнымалы фактордың өнімділігінің төмендеу заңы орын алады.



Бұл екі қасиет өндірістік функцияның бір факторлық графигін алуға мүмкіндік береді. Зерттеліп отырған тәуелділік төмендегідей болған уақытта,
у =f (х).

3. Өндіріс факторлары бірін-бірі өзара алмастырады және толықтырады.

Өндірістік процесті зерттеген кезде уақыт мерзімі төмендегідей 2 түрге бөлінеді:

1) қысқа мерзімді кезең – бұл мерзім ішінде өндірістік факторлардың белгілі бір бөлігі тұрақты болады, ал қалған бөлігі айнымалы болады;

2) ұзақ мерзімді кезең – бұл мерзім аралығында барлық қолданылып отырған өндірістік факторлар өзгеруі мүмкін.

Жалпы, орташа және шекті өнімдердің түсінігі

Жалпы өнім – басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттеліп отырған фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнім саны. Жалпы өнім кей кезде өндіріс нәтижесін көрсететін фактор де те аталады, оны өндіріс функциясында У әрпімен белгілейді.

Экономикалық талдауда жалпы көрсеткіштермен қатар орташа және шекті өнімнің көрсеткіштері де кеңінен қолданылады.

Айнымалы өндіріс факторының орташа өнім жалпы өнім (У) мен зерттеліп отырған фактордың санының қатынасымен анықталады және берілген факторлардың қайтымын немесе қолданылуының тиімділігін бейнелейді. Мысалы, еңбектің орташа өнімділігі былай анықталады.


Бұл көрсеткіш бір уақыт бірлігінде өндірілетін тауарлар санын көрсетеді және ол еңбек өнімділігі деп аталады.

Капиталдың орташа өнімі келесі түрде есептеледі:


Бұл көрсеткіш негізгі өндірістік қордың қолданылуының тиімділігін білдіреді және ол қор қайтымы деп аталады.

Шекті өнім өндіріс нәтижесінің өзгеруі мен өндірістік процесте қолданылып отырған айнымалы фактордың санының өзгеруінің қатынасымен анықталады. Яғни капитал мен еңбек үшін олардың шекті өнім былай есептеледі:



Басқа факторлар тұрақты болып, бір айнымалы фактордың санын көбейту арқылы өнім шығарғанда шекті өнім азаяды. Бұл жағдай шекті өнімділіктің азаю заңын көрсетеді.

Енді осы айтылғандарды кесте түрінде көрсетейік. Қысқа мерзімді кезеңде капитал тұрақты, ал еңбек (жұмысшылар саны) айнымалы фактор деп ұйғарайық:

5.1-кестеде берілгендер бойынша еңбектің орташа және шекті өнімділігін анықтайық. Мысалы, екі еңбек күшін пайдаланып өнім өндіргенде жалпы өнім саны TPL =1 дана болады. Ал еңбектің орташа өнімділігі:

дана

Шекті өнімділікті есептегенде жалпы өнім көлемі мен жұмысшылар санының өзгеруін ескереміз:

1)



дана;

2)



дана.

Орташа және шекті өнімдердің арасындағы өзара байланыс

АPL және МPL көрсеткіштерінің арасында өзара белгілі байланыс болады. Егер еңбектің шекті өнімі еңбектің орташа өнімнен артса МPL >АPL , онда орташа өнім көбейеді. Егер шекті өнім орташа өнімнен аз болса (МPL<�АPL), онда орташа өнім кемиді. Шекті және орташа өнімнің қисықтары соңғысының ең жоғары нүктесінде қиылысады. 5.2-суретте бұл нүкте А, ал L=L*.

Изокванта. Өндіріс факторларының өзара алмасуы.
Өндірістік технология екі өндірістік факторларды: еңбекті және капиталды өзгертіге мүмкіндік береді деп қарастырайық. Балама технологияның болуы, көп жағдайда берілген өнім көлемін У0 факторлардың әр түрлі құрылымын қолданылу арқылы өндіруге болатынын көрсетеді. Егер өндіріс функциясының мәнін тұрақты деп белгілесек, яғни
у =f (К, L) 0 = const,

онда бұл белгілі бір өнім көлемін өндірудегі осы факторлардың қатынастарын зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл функцияның жазықтықтағы графигі изокванта деп аталады және 5.3-суретте көрсетілгендей болады. Изокванта К және L факторларының түрлі құрылымдарын қолданып, бірдей өнім көлемін шығаруға болатынын көрсетеді. 5.4-суреттегі факторлардың құрылымдары (К1 , L1) және (К2 , L2) өндірісте У =У0 өнім көлемін алуға мүмкіндік береді. Изокванта берілген өнім көлемін көптеген технологиялық жолдармен алуға болатындығын көрсетеді.

Жазықтықта изокванталар бір-бірімен қиылыспайды. Бір графикте көрсетліген бірнеше изокванта, изокванталар картасын құрайды. Біздің 5.5-суреттен көріп отырғанымыз У(А) =У(В) <�У(С) <�У(D), яғни неғұрлым изокванта координаттар осінен алыс орналасса, солғұрлым өндірілген өнім көлемі көбірек болады.

Өндіріс факторларының өзара алмасуын анықтау мақсатында кейінгі талдауларға технологиялық ауыстырудың шекті нормасы (MRTS) деген түсінік енгіземіз.

Технологиялық ауыстырудың шекті нормасы еңбекті бір өлшемге көбейткенде капиталды қандай шамаға азайту керек екенін көрсетеді, және бұл уақытта өндіріс көлемі өзгеріссіз қалуы керек. Бұл көрсеткіш төмендегідей формула арқылы есептеледі.
.
Өндірістік фугкция біртектес функция болып табылады, сондықтан у=f(К, L) 0 = const болған жағдайда келесі теңдеу дұрыс болады:

.
Мұнда, - капиталдың шекті өнімділігі;

- еңбектің шекті өнімділігі.

Көрсетілген осы белгілерді орнына қойсақ:


Изокоста және ең кіші шығындар принципі

Изокоста дегеніміз-жалпы шығындарының құны бірдей болатын , еңбек пен капиталдың барынша мүмкін боглатын тіркесімін қамтитын сызық.. Изокостаның теңдеуін табу үшін, еңбектің бір сағатына деген төлемді№№ арқылы белгілейік, ал ю№-арқылы капиталдың бір данасына кететің жал төлемінің құның белгілейік.
Сонда жалпы шығын былай анықталады:



Мұнда, PL*Kеңбекке кететін шығындар;

PK*K - капиталға жұмсалған шығындар.

Берілген теңдеудің жазықтықтағы графигі изокоста болып табылады. Изокостаның теңдеуін былай жазуға болады:

написать администратору сайта