Главная страница
Навигация по странице:

Шерхан Мұртаза-1. Реферат таырыбы Шерхан Мртаза шыармашылыы Студент кялс1701 тобыны студенті Гизатова Ж. С



Скачать 27.49 Kb.
Название Реферат таырыбы Шерхан Мртаза шыармашылыы Студент кялс1701 тобыны студенті Гизатова Ж. С
Дата 28.03.2018
Размер 27.49 Kb.
Формат файла docx
Имя файла Шерхан Мұртаза-1.docx.docx
Тип Реферат
#32019

Еуразия гуманитарлық институты

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Шерхан Мұртаза шығармашылығы

Студент: КЯЛС-17-01 тобының студенті

Гизатова Ж.С

Тексерген: Әдебиеттануға кіріспе пәнінің

мұғалімі Дәуренбекова Л.Н

Астана 2018 жыл

Шерхан Мұртаза шығармашылығы
«Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз

адамгершілікпен кіріссеңіздер, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер»

Қаныш Сәтпаев
Жоспар:

1.Шерхан Мұртаза – аудармашылық, тілшілік саласы.

2.Ақынның тырнақ алды повестері.

3.Ақынның жол сапар очерктері.

4.Шерхан Мұртазаның шоқтығы биік шығармасы – «Қызыл Жебе»
Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28-қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінде дүниеге келген. Төл туындылары одақтық және шетел халықтарының тіліне аударылып, “Қара маржан” романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. Ол – Қазақ КСР-не еңбек сіңірген Мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы.

Қазақ әдебиетіне қомақты үлес қосқан жазушы көркем аударма саласында Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгер халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботакөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет”, “Боранды бекет”, “Жан пида” шығармаларын, Мұстай Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” повесін, Э.Эрскиннің “Марыкчан балалары” романын, Л.Лагиннің “Хоттабыч қарт” повесін тәржімалап, қазақ тілінде бастырды.

Алғашқы қадамын тілшілік қызметтен бастаған Шерхан Мұртаза ел өмірінен очерктер мен әңгімелерді өндіре жазды. Оның “Құрылысшы Дәку” (1958) атты тұңғыш очеркі – “Лениншіл жас” газетінің Қарағандыдағы тілшісі болған жылдардағы тынымсыз еңбегінің жемісі.

“Табылған теңіз” (1964) атты тырнақалды повесінде бұған дейін очерк, әңгіме сынды шағын жанрмен қаламын ұштаған жазушы эпикалық көлемді жанрдың орташа түрін еркін игергенін байқатты. Жазушы Қойшы атаның таяғы алтынға айналып кететін ертегі мен Қарынбай туралы аңыз әңгімелерді, ертегілерді сюжетке кіргізе отырып, халықтық мұраның тәлімдік сипатын аңғарта білді. Жазушы жас жеткіншектерді ертегі кейіпкерлеріндей батыл да адал болуға үндесе, екінші жағынан, Қарынбай сынды қанағатсыз тоғышарларды әшкерелейді.

“Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965) повесі кезінде жастар өмірін, махаббатын, ерлік ісін көрсетеді деп бағаланған болатын. Автор повесте кеңестік шындықтың күнгей жағымен бірге көлеңкелі бетін де көрсетуді мақсат еткен. 30-жылдары мыңдаған жазықсыз жандардың қанын жүктеген НКВД қызметкерлерінің қылығы мен Хамзиннің арамзалығынан үндестік байқалады. Мұндай жанкештілер қашанда өмірде болған және бола да береді. Жазушы осындай өмірлік тартыстарды шынайы қалпында бейнелеген.

“Белгісіз солдаттың баласы” (1965) повесіндегі Отанға адал қызмет етіп, үш жыл әскердегі борышын өтеп келген Исатай “тың жерді игеру”, “Отанға миллиард пұт астық тапсыру” науқанының құрбаны болса, бұл – сол тұстағы елдің, халықтың трагедиясы.

Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы орны ерекше повестің бірі – “Мылтықсыз майдан” (1968). Бұл повесте жазушы көркемдік-эстетикалық бағыттағы жаңа ізденістер танытты. Тылдағы бір ауылдың тыныс-тіршілігі мен сол тұстағы қазақ ауылдарының жай-жапсарын көрсеткен жазушының әрбір кейіпкері – типтік характер. Повестің жетістігі – бүкіл елдегі тыл өмірін бір ауыл, тіпті бір отбасы төңірегінде көрсете білуі.

Эпикалық жанрдың көлемді түрін еркін игерген жазушы шағын жанрда (очерк, әңгіме) да шеберлік танытты. Шерханның “Бір нәзік сәуле”, “41-жылғы келіншек”, “Жүз жылдық жара”, “Интернат наны”, “Шекшек шырылдайды”, “Сол бір күз”, “Жаңбырлы той”, “Шақалақ”, “Сусамыр”, “Жүрекке әжім түспейді” әңгімелерін осы жанрдың әдемі үлгісі ретінде бағалауға болады. Аталған әңгімелердің бәріне дерлік ортақ ерекшеліктің бірі – ұлттық характердің ашылуы.

Шерхан шығармаларының бір саласы – жол сапар очерктері. Бұл туындылардан ел өмірінің тыныс-тіршілігіне жете ден қоя білген қаламгердің қырағылығы танылады. Оның кейіпкерлері – балалық шағын соғыс ұрлаған балғындар, әкесін бір көру арман болған әкесіз жетімектер, аға мен бауырдан айрылып жалғыз өскен жастар, Отан үшін майданда не қолын, не аяғын қалдырған мүгедектер. “Қаздар қайтқанда”, “Торғай тыңы”, “Ұзақ түнгі қысқа ұйқы”, “Ақық дария алқабы”, “Теңіз және тамшыда” егін алқабындағы диханшылар өмірі сөз болады. “Болашақ болатшы”, “Қара шаңырақ”, “Кокс және жалында”, “Көктем қоңырауында” шығармаларында Теміртаудағы қазақ металлургия заводының алғаш болат қорытуын, газ сақтағыш, болатшы, темірші, слесарь, люковой, рамповщик мамандығын алған қазақ жастарының Қазақстан магниткасына араласуы суреттеледі. Олардың алаулаған от ішіндегі арпалыс еңбегін жазушы “суға салса, батпайтын, отқа салса, жанбайтын” ертегінің кейіпкерлеріне ұқсатады. Бұл очерктер қираған шаруашылықты қалпына келтіру мақсатында ел өміріндегі өзекті мәселелерді дер шағында көтеруімен құнды.

Шерхан Мұртазаның эпикалық жанрдың көлемді түрінде жазған алғашқы романы «Қара маржан» үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Осы роман бойынша «Қазақфильм» киностудиясы көркем фильм түсіріп, Қарағанды облыстық драма театры спектакль қойды. Әдебиеттанушы ғалымдар мен сыншылар жұмысшылар өмірін арқау еткен бұл романда бүгінгі өмірдің өзекті өндіріс мәселесі көтеріліп, екіжүзділіктің әшкереленгенін баса айтты.

Шерхан Мұртазаның шоқтығы биік ірі туындысы – бес кітаптан тұратын “Қызыл жебе” атты ғұмырнамалық романы. Осы роман туралы: «Қызыл жебе» – менің 25 жыл өмірімді алған шығарма. «Рысқұл», «Тұрар», «Жұлдыз көпір...», «Қыл көпір», «Тамұқ» қанша жылғы ғұмырым сарп еткеннен кейін, қаншама азап-тозағы болды, соның жазуын жазасың, о кезде цензура деген күшті болды. Совет дәуірі еді, сонда шығайын деп тұрған жерінен тоқтатылған кездері болды. «Жұлдыз» журналында теріліп, шығайын деп жатқанда қырқылған кездері болды», - дейді автор. Бірінші кітаптың бас кейіпкері – Рысқұл. Тұрар – Рысқұловтың әкесі, қазақ әдебиетінде бұған дейін жазылған М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасының» бас кейіпкері. Бұл тақырыпқа қайта оралу жазушыға оңайға түспегені анық. Мұхтар Әуезов жазып кеткен сол оқиғаны Шерхан Мұртаза қалай алып шығар екен деп, оған бүкіл әдебиетші қауым көзін тікті. Бірақ, ол бұл сыннан мүдірмей өтті. Екі шығармаға арқау болған бір оқиға, бір шешім болғанмен, оны екі жазушы екі түрлі өрбіткен.

«Қызыл жебе» Верный түрмесінің бастығы Приходконың жер аударылып келген Бронников пен қазақ Рысқұлды бір торға қамап, екі жолбарысты өзара таластыру мақсатынан басталады. Жазықсыз түрмеге жапқанына шыдай алмай, одан қашып шығып, Талғар тауын сағалаған Рысқұлдың Саймасайды атып өлтіруі – шығарманың шарықтау шегі болса, оның Итжеккенге (Сібірге, Сахалинге) айдалуы – шешімі.

Екінші кітаптың үш бөлімі де Рысқұлдың хатымен басталады. Бұл кітапта жазушы хабарсыз кеткен Рысқұлдан оның хаты арқылы оқушысын хабардар етеді. “Жұлдыз көпір” дүниенің екі бұрышында жүрген әке мен бала арасының жалғасын көрсететін әке жолы, ұрпақ жалғастығы іспеттес.

“Қыл көпір” атанған үшінші-төртінші кітап Тұрар Рысқұлов өмірінің қыл көпірден өткендей ауыр болғандығын бейнелейді. Бұл кітаптарда кеңес өкіметін орнату жылдарындағы аяқ бастырмас қиянаттар, Түркістандағы Кеңес өкіметіне жасалған қастандықтар Түркістан Республикасы атқару комитетінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың өмірімен тығыз бірлікте берілген.

Бесінші кітап “Тамұқта”, аты айтып тұрғандай, Тұрар Рысқұловтың сталиндік зұлматқа ұшыраған трагедиялық кезеңі бейнеленген. Жазушының кейіпкер жанына үңіліп, оның бойындағы ішкі сезім қайшылығын шебер аша білуін Әзиза мен Тұрар, Тұрар мен Ескендір, Ескендір мен Ольга, Надя Константиновналар арасындағы қарым-қатынастардан көруге болады.

Бүкіл шығарманың көркем кеңістігіне небары 34 жыл аралығы арқау болғанмен, оның көтерген жүгі – бір ғасырдың өзекті дерті. Ғасыр басындағы патша өкіметінің отаршыл саясаты, Кеңес өкіметін орнатудағы қиыншылықтар, елді жаппай және шұғыл ұжымдастырудың салдарынан болған ашаршылық, сталиндік зұлмат сынды қазақ халқының басынан кешкен трагедиясы жазушы суреттеуінде көркем шындыққа айналды.

«Ай мен Айша» атты өмірбаяндық шығармасындағы Барсхан – жазушының алғашқы очерк, әңгіме, повестерінен бізге таныс «Туған жерім – Күншуақ жақ» деп жүретін кейіпкер. Дегенмен біз бұл романда Барсханның бейтаныс өмірімен танысамыз. Шер – жолбарыс ендеше, Барсхан – Шерханның әдеби бейнесі. Автор өз басынан өткен сол бір зұлмат кезеңнің кейбір есте қалған оқиғаларын осы Барсхан арқылы жеткізген. “Қызыл жебедегі” кейбір таныс эпизодтар мен сюжеттер бұл романда да кезігеді. Соған қарағанда, автор Рысқұл мен Тұрар арасындағы үзілмес желіні өзі мен әкесі Мұртаза арасынан алғаны анық. Рысқұл әулетіндегі батырлық пен елдіктің, ерлік пен қайсарлықтың белгісіндей, ата-баба көзіндей болған күміс ер, Тұрар қызыға қарайтын “сандуғаш” сандық, Ізбайша шашбауындағы кілт, “күміс ерге” қатысты оқиғалар – бізге таныс эпизодтар.

Бұл романда көп кітап оқып, көп білгендіктен, “молда” атанған Мұртаза мен әңгімешіл, ақынжанды Айшадан туған Барсханның Махамбеттің «Қызғыш құсына» еліктеп шығарған тырнақалдысы сол тұстағы зұлматтың тепкісін әшкерелегендей. Айшаны елден, туған жерден, ата-баба қонысынан бездірген Тасбет пен Жуанқұлдар – кешегі Рысқұлды елден бездірген Дауылбай мен Саймасайлардың жалғасы. Сталиндік зұлмат Ескендірдің қос өкпесі мен қолқасынан алса, сұрапыл соғыс қаншама жанды жарымжан, мүгедек етті. Бұл – қарғыс атқыр соғыспен бірге колхоздың малын да, барын да “Майданға» деген сылтаумен атқамінерлердің қара халықты сүліктей сорған заманының шындығы. Бұл – арыстарын майданда, жетім-жесірін тылда аштықпен қырған, қалған некен-саяғын мүсәпір етіп денсаулықтан айырған зұлмат заман көрінісі. Майданнан келгендердің де, тылдағылардың да мүгедек болуын шынайы бейнелеуде автор жетістікке жетті.

«Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Жалғыз үйлік зілзала», «Есек саудасы», «Домалақ ана», «Ноқтаға басы сыймаған» атты пьесаларымен қазақ сахнасын байытты. Осылайша проза жанрында үлкен табысқа жеткізген өзінің сүйікті кейіпкерін сахнаға алып келді. «Қыл көпірдің» соңғы тарауларына арқау болған Сталин мен Рысқұлов арасындағы тартысты диалогтар сахнаға сұранып тұрғандықтан, жазушы осы сәттік көріністі сахнаға шығарды.

«Бесеудің хаты» – Ғабит Мүсіреповтің суреткерлігін оның азаматтық ісімен толықтырар пьеса. Ұжымдастыру үдерісіндегі «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» науқанын әшкерелеп жазған жас коммунистер Ғатауллин, Қуанышев, Алтынбеков, Дәулетғалиевтермен бірігіп Ғ.Мүсіреповтің 1932 жылы Крайкомға жазған хаты пьесаға арқау болған.

«Жалғыз үйлік зілзала» пьесасында қаламгер соңғы жылдарда мерзімді баспасөз беттерінде көтеріп жүрген өзекті мәселелерін жинақтап, сахнаға шығаруды көздеген. Қазақстанның астанасында шешімін таппаған, бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған: тұрғын үй, көкек аналар, мансапқорлық пен парақорлық, қазақ демографиясы сынды жайттарды топтастыра отырып, сахнаға алып келді. Сайқымазақ күлкімен-ақ терең ойға жетелейтін «Жалғыз үйлік зілзала» пьесасы – бүгінгі қазақ драматургиясы мен сахнасына қосылған уытты шығарма.

Шерхан Мұртазаның соңғы жылдарда жазған «Не жетпейді?» (1990), «Елім, саған айтам, Ел басы, сен де тыңда!» (1998), «Ақындар мен әкімдер» (2002) атты мақалалар, эсселер мен публицистикалық толғамдарының да қазақ әдебиетінен алар елеулі орны бар. Эсселерінде жазушы өмірден көргені мен түйгенін қорытындылай келіп, өз ұсынысы мен батыл болжамдарын ұсынған. 1996-1997 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Камал Смайловпен жазысқан әңгіме хаттарының да әлеуметтік астары терең.

Шерхан Мұртаза – қазіргі қазақ әдебиетінің рухани қорын әр жанрдағы еңбектерімен байытқан қарымды қаламгердің бірі. Ол көркем сөзбен қазақ халқының бір ғасырлық (1904-2004) жанды картинасын жасауға белсенді қатысты. Оның қаламымен Домалақ ана, В.И.Сталин, Т.Рысқұлов, Ғ.Мүсірепов сынды тарихи тұлғалардың сахнадағы сом тұлғасы жасалды. «Елім, саған айтам, Ел басы, сен де тыңда!» деп, Абай мен ХХ ғасыр басындағы қазақ ақын-жазушыларының елге қарата айтқан өсиетін жаңғыртты.

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Уақыт және қаламгер. Әдеби сын.4- кітап.-Алматы: Жазушы,-1976.- 296 бет. 
2.Шераға: Қазақтың халық жазушысы Шерхан Мұртаза 60 жаста.

3.Иманбекұлы Т. Тағылымнан таймаған/Т.Иманбекұлы.- Алматы: Атамұра, 1993.-131бет. 
4.Мамесейіт Т. Шерхан Мұртаза/Т. Мамесейіт. – Астана: Елорда, 2002.

5.Мұртаза Ш. Алты томдық шығармалар жинағы.-Алматы: «Қазығұрт».-2002

6.Қабдолов З. Сөз өнері.-Алматы: «Санат», 2003.-528б

7. Шерхан Мұртаза. Алты томдық шығармалар жинағы, Алматы, Қазығұрт, 2002. 41 жылғы келіншек.

8. Мұртаза Ш. Таңдамалы. — Алматы: Қазығұрт, 2002. — 591 б.

9. Шер-аға. — Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1993. — 8-б.

10. Нұрғали Р. Телағыс. — Алматы: Ғылым, 1987. — 495 б.
написать администратору сайта