Главная страница
Навигация по странице:

Лекция конспектілері таырып 1 Статистика пні мен міндеттері



Скачать 1.32 Mb.
Название Лекция конспектілері таырып 1 Статистика пні мен міндеттері
Анкор tezistik_lektsiya_konspektileri.doc
Дата 12.04.2017
Размер 1.32 Mb.
Формат файла doc
Имя файла tezistik_lektsiya_konspektileri.doc
Тип Лекция
#545
страница 2 из 17
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қорытынды:

Қазіргі кезеңде статистиканың Қазақстан Республикасында алатын орны ерекше. Ол білімнің ғылыми саласы ғана емес, сонымен қатар практикалық қызметтің түрі болып табылады. Сондықтан оның маңызын, қажеттілігін, даму процестерін және зерттеу кезеңдері мен әдістерін оқып – үйрену әрбір жоғарғы білімді азаматтың алдына қойған мақсаты деп айтсақ та болады.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Статистиканың практикалық жағын оқып – үйренбес бұрын оның теориялық жағын жете меңгеру қажет. Сондықтан, дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында негізгі анықтамаларға аса назар аудару қажет, мысалы: статистика, жиынтық бірлік, сандық белгі, сапалық белгі, статистикалық бақылау, статистикалық топтау, жинақтау, өңдеу, статистикалық қорытынды, талдау. Ол үшін берілген әдебиеттерді мұқият оқып, тест сұрақтары және бақылау сұрақтары бойынша теориялық біліміңізді тексеріңіз, СӨЖ тапсырмасын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Громыко Г.Л. «Статистика». Издательство МГУ, 1976

  2. Гольдберг А.М., Козлов В.С. «Общая теория статистики». М. 1997

  3. Елисеева И.И., Юзбашев М.М. «Общая теория статистики». М. Финансы и статистика, 1996

  4. Ефимов М.Е., Рябцев В.М. «Общая теория статистики». М. 1991

  5. Левин А.Е. «Статистика». М. 1984

  6. Ряузов Н.Н. «Общая теория статистики». М. 1979

  7. Ряузов Н.Н. «Практикум по общей теории статистики». М. 1979

  8. Рожков В.С. «Автоматизированные системы обработки экономической информации». М. 1988

  9. Рябушкин Т.В., Ефремов М.Р. «Общая теория статистики». М. 1981

  10. Сураганова С.К. «Общая теория статистики». Астана. 1998

  11. Шмойлова Р.А. «Практикум по теории статистики». М. Финансы и статистика, 2000

  12. Ызғарбек Әміре-ұлы «Статистиканың жалпы теориясы». Алматы. Экономика, 1998

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Статистика пәні неге қоғамдық пән болып есептеледі?

  2. Статистикалық әдістемелерге нелер жатады?

  3. Статистикалық зерттеу сатыларын түсіндір.

  4. Статистикалық жиынтық дегенді қалай түсінесің.

  5. Статистика дегеніміз не және нені зерттейді?

  6. Жиынтық бірліктер дегеніміз не?

  7. Сандық бірліктер дегеніміз не?

  8. Сапалық бірліктер дегеніміз не?

  9. Өзгермелік (вариация) дегеніміз не?

  10. Статистика қоғамдық пән ретінде қай уақытта пайда болды?

Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары:

1. Статистика қай уақытта пайда болды?
А) 17-ғасырдың аяқ кезінде

В) 20-ғасырда

С) 19-ғасырда

Д) 17-ғасырдың басында

Е) 16-ғасырда

2. Статистика-бұл...
А) мәліметтерді жинау

В) бағдарламаларды дұрыс ұйымдастыру

С) статистикалық органдарды ұйымдастыру

Д) топтау әдісі

Е) қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейді қоғамдық ғылым

3. Статистиканың сандық жағы ол:

А) жалпы жиынтықты

В) қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді жинау

С) зерттелген әлеуметтік - экономикалық құбылыстың, процестің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттау

Д) статистикалық бағдарламаны құру

Е) статистикалық сипаттау

4. Жиынтық бірліктер ол:

А) статистикалық бақылау

В) статистиканың қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеу барысында біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштерді қарастырады

С) статистикалық бағдарлама

Д) статистикалық жинау

Е) статистикалық талдау

5. Сандық белгілер ол:

А) бақылауды тексеретін қағаз

В) талдау жасайтын қағаз

С) статистикалық бақылау жүргізу

Д) белгілердің жеке мәндері сан мөлшерінде беріледі

Е) статистикалық жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгі

6. Сапалық белгілер ол:

А) бақылаусыз жиналған жауап

В) статистикалық зерттеу белгісі

С) белгілердің жеке пәндері белгілі-бір анықтама ұғым түріде бөледі

Д) статистикалық зерттеу

Е) статистикалық бағдарлама

7. Өзгермелік (вариация) дегеніміз не:

А) жинақтаған көрсеткіштер

В) әр топтағы вадшантты көрсеткіштер.

С) ең үлкен санның мәні.

Д) ең кіші санның мәні.

Е) белгілер шындықтың әрбір бөлшегінде әр түрлі мәнге ие болды
ТАҚЫРЫП 2: Статистикалық бақылау

  1. Статистикалық бақылау түралы түсінік. Статистикалық бақылауды өткізу кезеңдері.

  2. Статистикалық бақылауды ұйымдастыру түрлері және негізгі нысандары

  3. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.

  4. Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері. Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі мәселелері.

  5. Статистикалық бақылау қателері. Статистикалық бақылаудың мәліметтерін тексеру әдістері.

Дәрістің мақсаты: Статистикалық есеп жүргізу кезінде оның ең алғашқы сатысы статистикалық бақылаудың маңыздылығын ашу. Бақылау бағдарлмасындағы сұрақтардың маңыздылығын түсіну. Статистикалық бақылаудың нысандарын, түрлерін, тәсілдерін түсіну. Бақылау кезінде жіберілетін қателіктерді анықтай білу және оларды тексеру тәсілдерін меңгеру.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: статистикалық бақылау, бақылау бағдарламасы, бақылау зерзаты, бақылу бірлігі, статистикалық бланк, статистикалық есеп беру, жаппай бақылау, жартылай бақылау, ішнара бақылау, бақылаудың тәсілдері, статистикалық қате, репрезентативті қате, тіркеу кезінде жіберілетін қате.

Дәрістің конспектісі

1 сұрақ. Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын–ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі айтылады.

Статистикалық бақылауды жүргізу, оның бағдарламаларын дұрыс ұйымдастыру–өте күрделі және көптеген білікті мамандар мен ғылыми мекемелердің қатысуы арқылы жасалынатын жұмыс.

Жалпы алғанда статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты–зерттеліп отырған зерзаттар туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін, ғылымға негізделген, сапалы мәліметтерді белгіленген мерзімде жинау. Бұл жөнінде статистикалық бақылаудың алдында төмендегі талаптар толық орындалуы тиіс:

  1. Халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестердің негізгі мақсаты, ғылыми және тәжірибелік бағалылығы жоғары болуы керек.

  2. Жалпы жиынтыққа әсерін тигізетін себептерді анықтау қажет және қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өзгерісте болатын сапалы мәліметтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

  3. Статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты, дәлдікті көрсетуі үшін оның сапалылығы жан–жақты ұқыпты түрде, әрі өз уақытында тексерілуі тиіс. Өйткені бақылау көрсеткіштеріндегі орын алған жетіспеушіліктер, кемшіліктер, ауытқушылықтар өңдеу процесінде толық түзету жасауға мүмкіндік бермейді.

  4. Статистикалық бақылау ғылыми негізде, алдын–ала жасалынған бағдарлама негізінде ұйымдастырылған түрде жүргізілуі тиіс және одан алынған мәліметтер дұрыс шешім қабылдау үшін қолданылуы керек.

Сонымен статистикалық бақылау кезінде бастапқы жиналған көрсеткіштерде көптеген кемшіліктер кездесетін болса, онда бақылау жұмысының қорытындысы нәтижесіз болып шығады және алдына қойған мақсатына жете алмайды. Мұның барлығы бақылау бағдарламасы мен ұйымдастыру жұмыстарының дұрыс жолға қойылмағандығынан туындайды.

Статистикалық бақылау - нәтижесінде сандық көрсеткіштер алынатын қандай болмасын статистикалық жұмыстың ең бірінші этапы.

Ұйымдастыру жұмыстарының ішіндегі ең негізгісі - статистикалық бақылауды жүргізудегі алдына қойылған мақсат, оның өзі сол жүргізілетін зерттеудің мәні мен маңызына байланысты. Бұл дегеніміз бақылауды не үшін және қайда жүргізетінімізді, кандай мәлімеггердің жиналатындығын, қалай өндеу керек екендігін, қолданылатын кестенін пішінін және есептеу төсілдерін аныктау болып табыладьі. Сол себепті ста-тистикалық бақылауды ұйымдастыру жөне оның бағдарламасының жасау мағынасы жағынан өте күрделі жұмыс болып есептеледі.

Статистикалық бақылау зерзаты (объектісі). Статистикалық бакылаудың бағдарламасында зерзаты мен бақылау бірліктері дұрыс анықталуы тиіс. Статистикалык бақылау зерзаты дегеніміз - зерттеуге жататын әлеуметтік қүбылыстар мен процестер жиынтығы. Мысалы, өнеркәсіпті зерттеу керек болса, онда бақылау зерзатына Қазакстан Республикасындағы онеркәсіп орындары, ал ауыл шаруашылығын зерттеу қажет болса, онда ұжымшарлар мен кешендер жиынтығы жатады. Ал халық санағын жүргізу қажет болатын болса, онда бақылау зерзатына республикамызда тұратын белгілі бір шекті мезгілдегі бүкіл халық жатады.

Статистикалық бакылау жұмыстарын ғыліыми жүйеде ұймдастыру кезеңінде ең бастысы - бақылау зерзатының шегін дұрыстап анықтау. Егер бақылау зерзатының шегі дұрыс анықталмаған болса, онда оның кейбір бөліктерінің зерттеуден тыс қалуы немесе зерттеуге жатпайтын мүлде басқа зерзаттардың кіріп кетуі де мүмкін. Соңдықтан бақылау зерзатының шегін дүрыс анықтап алу зерттеу кезіндегі мәліметтердің анық та, қанық больш шығуына әсері өте зор. Мысалы, өнеркәсіптің бақылау зерзатын анықтау ушін оның құрамына жататын өнеркәсіп орындарды басқа салаларға жататын кәсіпорындардан айыратын, өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне қарай бөлуге болады.

Статистикалық бақылаудың зерзаттары бөлек элементтерден тұрады және оны нысандарына қарай бір-бірінен ажыратуға болады. Сондықтан, ол статистикалық бақылау жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Оны статистикалық бақылау бірлігі деп атайды.

Бақылау бірлігі деп, бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігін айтады. Бақылау бірлігін аңық,тау - зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алдына қойған мақсатына, аткаратын міндетіне байланысты. Мысалы, ауыл шаруашылығын зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде әрбір ұжымдар мен кеңшар немесе жеке шаруа қожалығы алынады. Егер енбек өнімділігін зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде өндірілген өнімнің көлемі, ал жалақы қорын зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде жұмысшылардын тізімдік саны алынады. Сонымен, бақылау бірлігіне әрбір кәсіпорын, мекеме, ұжым, оку орны немесе әрбір жұмысшы, қызметкер, ұжымшар мүшесі, оқушы жатады, яғни ол қандай зерзаттардың зерттеуге жататындығына байланысты.

2 сұрақ. Статистика органдары бастапқы мәліметтерді жинауда ұйымдастырудың негізгі екі жолын, яғни формасын қолданады. Біріншісі - есеп беру, екіншісі- арнайы ұйымдастырылған бақылау.

Статистикалық есеп беру деп кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, ұжымшарлар мен кеңшарлар және т.б. өз жұмыстары туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында керекті мәліметтерді статистика органдарына немесе тиісті органдарға тапсырып отыруды айтамыз.

Осыған орай статистикалық есеп беру екі формада жүргізіледі:

  • жалпы мемлекеттік есеп беру, яғни барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және шаруашылықтар өз жұмыстары туралы керекті мәліметтерді міндетті түрде тапсырып отырады. Бұл мәліметтер статистика органдарына бастапқы құжаттар және бухгалтерлік есептер арқылы жинақтастырылады, өңделеді, ал содан кейінмемлекетімізді басқару үшін қолданылады;

  • ішкі ведомствалық есеп беру, яғни әрбір ведомстваның, министрліктердің өздерінің ішкі істерін басқару үшін қолданылатын мәліметтер жинағы. Оны кейде оперативтік-жедел есеп дейді.

Мемлекеттік және ведомствалық есеп беру формаларыны қолданылуына қарай бір үлгідегі және мамандандырылған болып бөлінеді. Барлық халық шаруашылығы салаларына бір үлгідегі есеп беру формасында көрсетілген көрсеткіштер ортақ, яғни бірдей болады.

Мамандандырылған есеп беру формасында әрбір кәсіпорын, мекеме ұжым немесе шаруашылық өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне байланысты ондағы көрсетілетін көрсеткіштер де өзгеріп отырады. Мысалы, Алматы токыма жене темекі фабрикаларының өндіретін өнімдерінін, түрлеріне карай олардың есеп беру формаларында (үлгілерінде) көрсетілетін көрсеткіштердегі айырмашылықтың бары немесе өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық арасындағы есеп беру формаларында (үлгілерінде) өзгерістердің бар екендігі анык көрсетіледі.

Есеп беру мерзіміне байланысты мәліметтер тапсыру төмендегідей түрлерге бөлінеді: шұғыл (бір күндік, бес күндік, он күндік, он бес күндік), айлық, тоқсандык, жарты жылдық және жылдық. Жылдық, есептен баскасының барлығы ағымдагы есеп беру түріне жатады. Есеп беру мерзімінің аралығы неғүрлым алшақ болатын болса, соғұрлым ондағы көрсетілетін көрсеткіштер көбірек болады немесе керісінше болып келеді. Сонымен бірге әрбір ecen беру формасының тапсырылатын келісімді мезгілдері дәл көрсетіледі және дер кезінде орындау әр көсіпорынның негізгі міндеті больш саналады.

Ecen беру формаларындағы мәліметтердің келіп түсуіне, жеткізілуіне қарай почталық және телеграфтық болып екіге бөлінеді. Негізгі, мәліметтер құжат түрінде почта арқылы жеткізіледі, ал телеграф, телетайп, телефон арқылы тек көрсеткіштер ғана беріледі де, соңынан құжаттармен куәландырылады.

Әрбір есеп беру формаларында төмендегідей риквизиттер міндеті түрде көрсетілуі қажет:

1) есеп беру формасының мазмұнын толық көрсететін аты;

2) статистика агенттігінің бекіткен уақыт мерзімі және нөмірі;

  1. мәліметтердің есепке алынған уақыт мерзімі, кезеңі;

  2. есеп берудің кесімді уақыты;

  3. есеп беру формасы жіберілетін мекеменің аты, мекен-жайы;

6) есеп беру формасын жіберген мекеменің аты, мекен-жайы;

7) мекеме, кәсіпорын және шаруашылық бағынатын министрліктің аты;

8) есеп беру формаларында көрсетілген көрсеткіштердің
дұрыстығына, нақтылығына жауап беретін адамдардың қолдары мен аты-жөндері толық көрсетілуі керек.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды толығымен орындау есеп жұмыстарын басқару және оның дұрыс ұйымдастырылуы үшін өте қажет. Нарықтық экономикаға эту кезеңінде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, республикамыздағы қолданылатын (жүргізілетін) есеп беру формаларына айтарлықтай өзгерістер енгізуде және сандық, сапалық (тиімдік) жақтарын қарастыруда. Барлық мемлекеттік органдарға, қоғамдық ұйымдарға, сонымен бірге кәсіпорындардың, мекемелердің, ұжымдардың басшыларына бекітілмеген есеп беру формалары арқылы мәліметтер жинауға рұқсат етілмейді. Мемлекеттік статистика орыңдарына заңсыз түрде пайдаланылған есеп беру формаларын жоюға жөне оны қолданғандарды жауапқа тартуга құқық берілген. Сондықтан, кез-келген зерттеу жұмыстары үшін мәліметтерді жинауда қолданылатын есеп беру формалары статистика органдарының келісімі бойынша ғана жүргізілуі тиіс.

Қазіргі кезде, республикамыздың егемендігі өз қолыа тигеннен бастап статистика органдарының алдарына үлкен міндеттер қойылуда. Яғни статистикалық мәліметтерді жинаудың, топтаудың, өндеудің және қолданатын орындарга дер кезінде жеткізш берудің жаңа технологаялық әдістерін жоғары дәрежеге көтеру олардың басты бағыты болып табылады. Бұл - eceп жуйесін жетілдірудегі жаңа талапқа байланысты автоматтандырылған мәліметтер қоймасын (АМК), автоматтандырылган статистикалық ақпараттар жүйесін (АСАЖ) және ғылыми негізге сүйене отырып, осы заманғы компьютерді кеңінен қолдануды іске асыру деген ұғым.

Арнайы ұйымдастырьшган бақылау. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы маңызды да мәнді мәліметтер есеп беру формаларында толық көрсетілмеген жағдайларда, немесе есеп беру арқылы жинауға мүмкіндік жоқ болса, онда сол керекті мәліметтерді жинау үшін арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, әр отбасындағы бала санын немесе әр отбасының азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын тұтынуы туралы мөліметтерді тек арнайы ұйымдастырылған бақылау арқылы ғана жинауга болады.

Кейінгі кезде біздің республикамызда әр түрлі арнайы ұйымдастырылган статистикалық бақылау жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, оған халық санағы, орнатылмаған құрал-жабдықтар санағы, мал санағы, құнды материалдарды түген-деу, жұмысшылардың, қызметкерлердің және ұжымшар мүшелерінің отбасы бюджетін зерттеу және т.с.с. жатады. Осының ішіндегі ең негізгісі - 9-10 жылда бір рет жүргізілетін халық санаңы. Осындай арнайы ұйымдастырылган статистикалық бақылау жұмыстарының арқасында біз есеп формаларында көрсетілмеген көптеген қызықты мәліметтерге кез боламыз. Оны мемлекетіміздің болашағы үшін әлеуметтік-экономикалыіқ жағынан бағдарлама жасауға, басқару істеріне толығымен қолдана аламыз.

Кейбір жағдайларда арнайы ұйымдастырылған бақылау аркылы есеп беру формаларындағы көрсеткіштердің дұрыстығын тексеруге де болады. Бұған мысал ретінде кәсіпорыннын, мекеменің немесе ұжымның құнды заттары мен бағалы бұйымдарын түгендеуді (тізімге алуды) айтуга болады. Демек, әрбір жүргізілетін арнайы ұйымдастырылган бақылау жұмыстарының жоғары сапалы болып өткізілуі оған дейінгі жүргізілген даярлық жұмыстардың дәрежесіне және оның дер кезінде орындалуына тығъгз байланысты.

3 сұрақ. Керекті мәліметтерді қандай жолмен жинаудың тәсілін анықтау сгатистикалық зертгеу жүмыстарын үйымдастырудың ішіндегі ең күрделі мәселе болъш табылады. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы бар, олар тікелей қатысу, іс- құжаттар және сұрақ-жауап арқылы болып үш түрге бөлінеді.

Тікелей қатысу арқылы жинау. Егер бақылаута жататын зерзаттың әрбір жиынтық бірліктерін арнайы адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын, тіркейтін болса, онда оны тікелей /сұрау арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Мысалы, құнды тауарлар мен бағалы бұйымдарды түгендеу (тізімге алу), тағамдарды санау және т.б. Бұл тәсіл статистикалық зерттеудің жетілген түрі болып саналады және одан алынған мәліметтер нақты, толық больш келеді.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
написать администратору сайта