Главная страница
Навигация по странице:

Каза гуманитарлыза университеті лтты ы жоары мектебі (діл сот, адвокатура, ксіпкерлік ы) Азаматты іс жргізу, ебек жне жер ыы кафедрасы



Скачать 1.26 Mb.
Название Каза гуманитарлыза университеті лтты ы жоары мектебі (діл сот, адвокатура, ксіпкерлік ы) Азаматты іс жргізу, ебек жне жер ыы кафедрасы
Анкор enbek.doc
Дата 12.04.2017
Размер 1.26 Mb.
Формат файла doc
Имя файла enbek.doc
Тип Семинар
#152
страница 13 из 19
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.

  • Еңбекті қорғауға қатысты заңдар.

  • Еңбекті қорғауға бақылау жасайтын және қадағалау жүргізетін органдар.



    1.Кең мағынада еңбекті қорғау жүйесі әлеуметгік-экономикалык, үйымдық, техникалық, гигиеналық және емдеу-профилактикалық шаралардың жүргізілуіне және еңбек процесінде адамның қауіп-сіздігіне, оның денсаулығының және еңбек қабілетінің сақталуына кепілдік беретін қүралдарды көздейді.

    Еңбекті қорғау саласындағы үлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс берушілерді қатыстыра отырып барлық деңгейдегі өкілді және атқарушы органдардың бірлескен әрекетін көздейді. Бүл саясат мына қағидаттарға негізделген:

    • кызметкердің өмірі мен денсаулығының кәсіпорынның өндірістік қызметінің нөтижесіне қарағанда артықшылығы;

    • меншік иесінің немесе оның өкілетті өкілінің (жүмыс беру- шінің) толық жауапкершілігі;

    • бүл мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарлама негізінде еңбекті қорғау міңдеттерін кешенді шешу жөне еңбекті қорғау сала- сывдағы қызметті экономикалық жөне өлеуметтік саясаттың басқа бағыттарымен үйлестіру;

    • меншік формасына және шаруашьшық жүргізу түріне қарама- стан барлық косіпорындар үшін еңбекті қорғау саласында бірыңғай талап белгілеу;

    • кәсіпорындарда еңбекті қорғаудың және қауіпсіздік техника- сьшың талаптарының барлық жерде бірдей орындалуына мемлекетгік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;

    - еңбекті қорғау саласындағы ғылым, техника жетістіктерін, озық ұлттық және шетеддік тәжірибелерді кең пайдалану;

    • қауіпсіз техниканы, технологияны және жүмыс істейтіндерді қорғау қүралдарын жасап игеруге, еңбекті қорғау жөнінде ғылыми- зерттеу жүмыстарын жүргізуге ынталандыру;

    • еңбекті корғауды қаржыландыруға мемлекеттің қатысуы;

    • көсіпорындарда қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын тудыруға септігін тигізетін салық саясатын жүргізу;

    • кәсіпорындардың қолайлы және кауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, ал қызметкерлердің — еңбекті қорғаудың және қауіпсіздік техникасының ережелері мен нормаларын сақтауға эконо- микалық мүдделілігі;

    • еңбекті қорғау түрғысынан алғанда кәсіпорьшдардың қызметін лицензиялау;

    • өндірістік мақсаттағы қолданылатын өнімнің қауіпсіздік та- лаптарына сай келуіне сертификация жүргізу;

    - еңбек жағдайларын мемлекеттік сараптау оргаңдарының тікелей жүмыс орындарында, сондай-ақ жаңа түрғызылатын жэне қайта жаңартылатын кәсіпорындардың жобаларында өндірістің қауіптілігі мен зияндылығын бағалауы; -қызметкерлерді жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғану қүралдарымен, емдік- профилактикалық тағаммен қамтамасыз ету.

    • өңцірістегі әрбір тосын жағдайдын және әрбір кәсіби аүрудың міндетті түрде есепке алынуы және тергелуі, ендірістік жарақат алудың жөне кәсіби ауруға шалдығудың деңгейі туралы және еңбекті қорғауды жақсартуға бағыттаіған шаралар туралы қызметкерлердің хабардар болуын қамтамасыз ету;

    - өндірісте тосын жағдайлардан зардап шеккен немесе кэсіби ауруға шалдыққан қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғау;

    • жоғары және орта арнайы оқу орындарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша мамандар даярлау;

    • еңбекшілердің өкілетті үйымдарының, жүмыс берушілердің, қоғамдық үйымдардың. кәсіпорындардың және жекелеген адамдар- дың еңбекті қорғауды камтамасыз етуге бағытталған қызметіне жан- жақты қолдау көрсету;

    • еңбекті қорғау проблемаларын шешудегі халықаралық ынты- мақтастык.


    2.Халықаралық шарттар мен келісімдер негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен кәсіпорындары шет елдерде жүмыс атқарған жағдайда олар үшін еңбекті қорғау жөнінде халықаралык нормаларда белгіленгеннен темен емес талаптар көзделеді. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кәсіпорындарда жүмыс істеуші шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазакстан Республикасының азаматтары сияқты еңбекті қорғауға қүқығы болады. Шет елдерде орналасқан Қазақстан Республикасының кәсіпорындарда жүмыс істейтін шетел азаматтары үшін еңбекгі қорғау саласындағы қатынастарды ретгеудің ерекшелігі мүдделі елдер ара-сындағы келісімдермен белгіленеді.
    3. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
          2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
          1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы;
          2) мемлекеттік еңбек инспекциясының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының лауазымды адамдары;
          3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
          4) мемлекеттік еңбек инспекторлары - мемлекеттік еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары жатады.
          3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
          4. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
          5. Өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
          Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
          1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылу фактілері туралы өз құзыреті шегінде хабардар етуге;
          2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйі туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанға сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын беріп отыруға міндетті.

    Пайдаланылатын әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж.

    2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 15 мамыр 2007ж.

    3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы. 23.01.2001. №149 // ҚР Парламентінің жаршысы, 2001ж., №3, 18-құжат.

    4. «Қазақстан Республикасында эейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 20.06.1997. № 136. // ҚР Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат.

    5. Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999

    6. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989

    7. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978

    8. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997

    9. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000

    10. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008


    9 – тақырып. Еңбек даулары
    Мақсаты:қақтығыстың еңбек дауынан айырмашылығын білу
    Жоспар:

    1. Еңбек даулары ұғымы және олардың жіктелуі.

    2. Жеке еңбек даулары.

    3. Ұжымдық еңбек даулары.


    1.Еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер;

    еңбек дауы субъективтілік құрамы бойынша екіге бөлінеді:

    • Жеке еңбек дауы;

    • Ұжымдық еңбек дауы.


    2. Жеке еңбек дауларын келісім комиссиялары және (немесе) соттар қарайды.
          Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтініші бойынша келісім комиссиясы қарайды.
          Еңбек шартының тараптары жеке еңбек дауын шешу үшін өз қалауы бойынша тікелей сотқа жүгіне алады.

    1. Келісу комиссиясы тепе-теңдік негізінде жұмыс берушінің және қызметкерлердің өкілдерінің бірдей санынан құрылады.
          2. Келісу комиссиясының сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі және келісім комиссиясы өкілеттігінің мерзімі жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы келісім бойынша қызметкерлердің жалпы
    жиналысында (конференциясында) белгіленеді.
          3. Келісу комиссиясының қызметкерлерден құрылатын мүшелері қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Келісу комиссиясының жұмыс берушіден құрылатын мүшелері жұмыс берушінің актісімен тағайындалады. Келісу комиссиясының мүшелері бірінші ұйымдастыру отырысында көпшілік дауыспен өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды.
          4. Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берген күннен бастап жеті күндік мерзімде қарайды.
          5. Қарау нәтижесі бойынша келісу комиссиясының шешімі қабылданады, ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өтініш иесіне беріледі.
    3.Ұжымдық еңбек дауы жұмыс берушіге жалпы жиналыстың (конференцияның) шешімімен бекітілген қызметкерлер талаптары туралы жазбаша хабарлама берілген күннен бастап немесе жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі өз шешімдерін хабарламаған жағдайда, осы
    Кодекстің 290-бабында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап туындаған болып есептеледі.
          2. Ұжымдық еңбек даулары бітімгерлік рәсімдер тәртібімен және (немесе) сот тәртібімен шешіледі.

    1. Қызметкерлердің талаптарын осы Кодекстің 290-бабында көзделген тәртіппен шешу мүмкін болмаған кезде олар бітімгерлік рәсімдер тәртібімен қаралады.
          Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі (олардың өкілдері) қабылдамаған немесе олардың ішінара қанағаттандырған талаптары алдымен бітімгерлік комиссиясында, ал онда келісімге қол жеткізілмесе - еңбек арбитражында қаралады.
          2. Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында делдалға жүгіне алады. Делдалдық рәсім бітімгерлік комиссиясындағы, еңбек арбитражындағы бітімгерлік рәсімдерге қарағанда дербес рәсім болып табылады және солармен қатар жүргізілуі мүмкін.


    Пайдаланылатын әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж.

    2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 15 мамыр 2007ж.

    3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы. 23.01.2001. №149 // ҚР Парламентінің жаршысы, 2001ж., №3, 18-құжат.

    4. «Қазақстан Республикасында эейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 20.06.1997. № 136. // ҚР Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат.

    5. Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999

    6. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989

    7. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978

    8. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997

    9. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000

    10. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008


    13 - тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының еңбек өтілі, оның түрлері, есептеу, растау тәртібі.
    Мақсаты:Еңбек өтілінің құқықтық мәнін білу.
    Жоспар:

    1. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу

    2. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын жеңiлдiкпен есептеу

    3. Еңбек стажын растау



    1.Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:

    1) еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс;

    2) әскери қызмет;

    3) құқық қорғау органдарындағы қызмет;

    4) мемлекеттiк қызмет;

    5) кәсiпкерлiк қызмет;

    6) бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және өзгенiң жәрдем көрсетуiне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;

    7) атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт;

    8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;

    9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiн ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;

    10) еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде өздерi басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың /жасына қарамастан/ сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;

    11) жұмыс iстемейтiн соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек болған уақыты;

    12) бұрынғы кеңес мекемелерiнiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi әйелдерiнiң (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңi, бiрақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиiс;

    13) офицерлiк құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар және мерзiмiнен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшiлер әйелдердiң мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған кезеңi, бiрақ 10 жылдан аспауға тиiс;

    14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқу;

    15) әскерилендiрiлген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кен-құтқару бөлiмдерiнде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;

    16) әлеуметтiк сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс.
    2. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады:

    1) ұрыс қимылдары кезеңiнде майдандағы армия құрамындағы, оның iшiнде әскери борышын өтеу кезiндегi әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емдеуде болған уақыт - әскери қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындаған кезде осы қызметтiң мерзiмiн есеп үшiн белгiленген тәртiппен;

    2) әскери бөлiмдерiндегi жұмыс, оның iшiнде еркiн жалдамалы құрам ретiндегi жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет - екi есе мөлшерде;

    3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласындағы жұмыс - үш есе мөлшерде;

    4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласында болған уақыты - екi есе мөлшерде;

    5) Ұлы Отан соғысы кезiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса - екi есе мөлшерде;

    6) заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектей отырып мәжбүрлеп еңбекке тартылған, арнаулы қоныстандыру орындарында ұсталған және психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты - үш есе мөлшерде;

    7) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiнгi кезеңде жұмыс iстеп, әскери қызмет атқару - үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шiлдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгiсi - бiр жарым есе мөлшерде;

    8) алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөнiндегi жұқпалы аурулар мекемелерiндегi жұмыс - екi есе мөлшерде; сот медициналық сараптама мекемелерiндегi және емдеу мекемелерiнiң патология-анатомиялық бөлiмдерiндегi жұмыс - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жұмыс тiзбесi бойынша бiр жарым есе мөлшерде;

    9) толық навигациялық кезең iшiнде су көлiгiндегi жұмыс бiр жыл iстеген жұмыс үшiн есептеледi;

    10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсiптiң маусымдық салалар кәсiпорындарындағы толық маусым iшiндегi жұмыс Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзiм бойынша бiр жылғы жұмыс стажына есептеледi.
    3. Еңбек стажын растау

    1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек стажы еңбек кiтапшасымен расталады.

    2. Еңбек кiтапшасы жоқ немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың негiзiнде не сот шешiмiнiң негiзiнде анықталады.

    3. Осы Заңның 11-бабының 1-тармағының 5) және 16) тармақшаларына сәйкес қызметтi жүзеге асырған азаматтардың еңбек стажы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн сақтандыру жарналарын төлегенi туралы құжаттармен расталады.

    Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енедi) Заңымен.
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
написать администратору сайта