Навигация по странице:
|
2. Операциялы жйелер мен желілер негіздері. Даму тарихы. Ож гі файлды жйе дегеніміз не
Жоспар
1.ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ СИПАТТАМА.
2.Операциялық жүйелер мен желілер негіздері.
3.Даму тарихы.
4.ОЖ –гі файлдық жүйе дегеніміз не?
5.Жүйелік үзілісті ұйымдастыру.
6.MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.
7.БАҒДАРЛАМА – ҚАБЫҚШАЛАР.
8.WINDOWS6 UNIX6 LINUX ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ.
9. ТРАНСЛЯТОР, КОМПИЛЯТОР, ИНТЕРПРЕТТОР.
1.ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ СИПАТТАМА.
Операциялық жүйе — Компьютерді қосқан кезде ең бірінші жүктелетін және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ететін жүйе. Жүйелік бағдарламаларды байланыстыратын жиыны, оның мағынасы- компьютерді қолданушымен байланысын ұйымдастырады және барлық басқа бағдарламаларды қамтамасыз етеді. Операциялық жүйе көбінесе компьютердің сыртқы жадында- дискіде сақталады. Компьютерді қосқан кезде, ол дисктік жадтан тексеріледі де, ОЕС -да (ОЗУ) орналасады. Осы процесті операциялық жүйенің жіктелуі деп атайды. Операциялық жүйенің функциясына кіреді:
Қолданушымен сұқбатты жүзеге асыру;
Еңгізу-шығару және деректермен басқару;
Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
Ресурстарды орналастыру (оперативтік жадпен кэш жадты, процессорді, сыртқы құрылымды);
Бағдарламаларды орындалуға еңгізу;
Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету;
Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру;
Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары (дисплей, пернетақта, диск жинақтауыш, принтержәне т.б.).
Операциялық жүйе, қыс. ОЖ - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б.. Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды. Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МS (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX жатады,Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МS DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады, Операциялық жүйе- бұл компьютерді іске қосатын және оның жұмысын басқаратын программалар жиынтығы.
Операциялық жүйенің түрлері. Әр түрлі типті ЭЕМ-ға негізднлген бірнеше операциялық жүйелер түрі бар. Компьютер типі бірдей болғанымен де, олардың операциялық жүйелері әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, IBM фирмасының компьютерлерінде кеңінен таралған келесідей операциялық жүйелер қолданылады: MS DOS, Windows 1.0, Windows 2.1, Windows 3.0, Windows 3.1, Windows 3.11, Windows 95, Windows 986 Windows NT. Бір компьютерге әдетте екі операциялық жүйе орнатылады мысалы, MS DOS және Windows 95 немесе Windows 98. Компьютердің оперативтік жадының мүмкіндігіне қарай бір компьютерге кейде бұл операциялық жүйелердің үшеуі де орнатылады.
Операциялық жүйе- пайдаланушы программасын және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын компьютердің программалық қамсыздандырудың негізгі бөлігі.
Операциялық жүйе түрлерінің тез дамуы, оған сәйкес компьютер типтерінің де түрленіп, күннен – күнге тез дамуына мүмкіндік береді.
2.Операциялық жүйелер мен желілер негіздері
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал ациялық сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.
3.Даму тарихы
ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ – лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың ОЖ –лерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы — Ethernet, 1985 — Token Ring, 80ж. аяғында — FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды.. Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты
Операциялық жүйелер тарихының, олардың пайда болған жылдары бойынша берілген сипаттамасы:
1981 IBM/ PC компьютерлері үшін MS DOS 1.0 операциялық жүйесі дискі құрылғыларының жұмысын басқарады негізінен, онда диаметрі 5, 25 дюйм болатын иілгіш магниттік дискілер пайдалынады.
1982 MS DOS 1.1 операциялық жүйесінде екі жақты иілгіш магниттік дискілер пайдалынады.
1983 IBM/ PC/XT компьютерлері үшін MS DOS 2.0 операциялық жүйесі пайда болып, олар өлшемі 10 Мбайтқа дейінгі қатты дискілер жұмысын басқарады.
1984 MS DOS 3.0 операциялық жүйесі шықты. Онда өлшемі 20 Мбайтқа дейінгі қатты дискілер мен диаметрі 5,25 дюйм-ге тең иілгіш дискілер жұмысы басқарады.
1985 MS DOS 3.2 операциялық жүйесі пайда болды. Онда диаметрі 3,5 дюймге тең иілгіш дискілер жұмысы басқарылады.
1986 MS DOS 3.3 операциялық жүйесі пайда болды. Онда диаметрі 3,5 дюймге тең иілгіш дискілер жұмысы басқарылды.
1987 MS DOS 4.0 ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ. Онда өлшемі 32 Мбайттан жоғары қатты дискілер жұмысы басқарылды.
1988 MS DOS 4.01 операциялық жүйесі орыс тілінде жасалынып шығады.
1991 MS DOS 5.0 операциялық жүйесі пайда болды. Онда өлшемі 1 Мбайтқа тең оперативтік жад пайдалануға мүмкіндік туды.
1993 MS DOS 6.0 операциялық жүйесі пайда болып, ол CD- ROM дискі құрылғысының жұмысын басқаруға негізделді.
1995 Microsoft Windows 95 алғашқы графиктік операциялық жүйесі пайда болды.
1998 Бүкіләлемдік Интернет желісінің жұмысын басқаратын Microsoft Windows 98 операциялық жүйесі пайда болды.
4.ОЖ –гі файлдық жүйе дегеніміз не? Файл (file – бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар жиыны. ОЖ жұмысы үшін керекті мәліметтер рөлін әртүрлі типтегі файлдар атқарады. Файл бағдарламадан, не оларға қажеті берілген сандар тобынан, мәтінен тұруы мүмкін. Әрбір файлдың файлдар каталогында тіркелген өзіндік аты болуы керек. Файлдың толық атауы екі бөліктен тұрады: аты және типі. Файлдың аты – 8 таңбаға дейінгі әріптен басталатын сандар мен әріптер жиыны, ал оның 3 таңбадан аспайтын екінші бөлігі оның типі не атының кеңейтілуі деп те айтылады. Бір каталогта аттары бірдей файлдар болмауы тиіс. Файлдың типі кейде болмауы мүмкін. Файлдың аты мен типі нүктемен бөлінеді. Файлдың толық аты латынның бас не кіші әріптерімен беріледі (сандар да кіреді). Мысалы:
COMMAND.COM
NORTON.
EXE GAME.BAS
AIGUL.TXT.
MARAT. DOC
5.Жүйелік үзілісті ұйымдастыру
Мысалы, программаны орындау кезінде нөлге бөлу кездессе, ол оның мүмкін емес екенің хабарлап, машина жұмысын тоқтатады ; клавиатурадан символ терілсе, ол процессордың осының алдаңдағы ағымдық жұмысына үзіліс жасайды. BIOS – тың құрамында сыртқы құрылғылардың жұмысын басқару драйверлері де бар. BIO.COM (IBMIO.COM) – BIOS жүйесінің жұмысын ьолықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды. DOS.COM (IBMDOS.COM) – ның жұмысы – пайдаланушының программалары мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оперативті есте сақтау құрылғысына ендіру, дискіде тиулі программаны жою және т.б.. Ол жад ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады. COMMAND.COM – ның негізгі жұмысы – пайдаланушының программаларымен берілгендерді жадқа ендіру және өндеу. COMMAND.COM – ды командалық процессор деп те атайды. Ол ішкі не реззиденттікдеп аталатын түрлі командаларды да орындайды (DIR, COPY, REN, DELETE, CD, MD, RD, DATE, TIME, VER т.б..)
Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар
6.MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ MS DOS (Microsoft Disk Operating System) операциялық жүйесі —16-разрядты персональдық компьютерлерде өте кең таралған ОЖ. Ол келесі негізгі модульдерден тұрады:
Енгізу/шығару базалық жүйе (BIOS);
Алғашқы қосылу блогі (Boot Record);
Енгізу/шығару базалық жүйенің кенейту модулі (IO.SYS);
өндеуді тоқтату модулі (MSDOS.SYS);
командалық процессор (COMMAND.COM);
MS DOS утилиттары.
Осы келтірілген әр бір модуль арнайы функция бөлігін орындайды.Осы модульдардың орналасу жерлері әр түрлі. Мысалы,енгізу/шығару базалық жүйе ардайым сақталатын құрылғада (ПЗУ-постоянная запоминающая устройство) орналасқан.
7.БАҒДАРЛАМА - ҚАБЫҚШАЛАР
Қабықшалар /Оболочки/ — бұл күрделі бағдарламалау жүйелерімен мысалы DOS –пен жұмыс істеу кезінде жұмысты женілдету үшін құралған бағдарламалар. Олар қолайсыз командалық қолданушы интерфейсің, графикалық интерфейсің немесе «мәзір» типті интерфейсің өзгертеді. Қабықшылар қолданушыға файлдармен және көп таралған сервистық қызметтермен жұмыс істеуге қолайлы. Қазіргі дербес компьютердің көп таралған қабықшылардың бірі - Norton Commander пакет бағдарламасы. Ол қамтамасыздандырады:
Құру, көшіру, жөнелту, атын өзгерту, жою, файлдарды іздеу, сонымен қатар олардың атрибуттарың өзгерту;
Каталог ағашын көрсету және адамның қабылдауына ыңғайлы енгізілген файлдар түрін сипаттау;
Құру, жаңарту және архивті ашу;
Мәтіндік файлдарды қарап шығу;
Мәтіндік файлдарды редакторлау;
Барлық DOS командаларының орындалуы;
Бағдарламалардың қосылуы;
Компьютер ресурстары жайлы ақпарат шығару;
Каталогтар құру және жою;
Компьютерлер арасында байланысты қолдау;
Модем арқылы электрондық почтаны қолдау.
90-ші жылдың басында әлем бойынша графикалық қабықша MS-Windows 3.х атақтылық алды. Оның артықшылығы: компьютерді қолайлы қолдануы және оның графикалық интерфейсі.
Norton Navigator қабықшасы— бұл Windows мүмкіншілігін кенейту барысында файлдарды басқару үшін қолданылатын алымды бағдарламалар жиыны. Барлық операцияларды орындау кезінде уақытты тиімді пайдаланады: файлдарды іздеу, көшіру және орын алмастыру, каталогтарды ашу.
8.WINDOWS6 UNIX6 LINUX ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ
Windows Операциялық жүйесі Қазіргі кезде әлем бойынша көптеген компьютерлер Microsoft фирмасының Windows жүйесінде жұмыс жасайды. Бірнеше көп қолданатын версияларын қарап шығайық.
Windows NT (NT — англ. New Technology) — бұл жай графикалық қабықша емес, ол операциялық жүйе. Дербес компьютерлердің жаңа модельдерінің мүмкіншілдіктерін қолдананады және DOS жүйесінсіз жұмыс істей алады.
Windows NT — 32-разрядты ОЖ. Ол қолданушыларға көп міндетті атқаратын, көп процессорлық қолдау, құпиялық, деректерді қорғау және т.б. қамтамасыз етеді.
Windows 95 универсальды жоғарғы өнімді көп міндетті атқаратың және көп үздіксіз 32-разрядты кең таралған желілік мүмкіншілігі бар және графикалық интерфесі бар операциялық жүйе.
Windows 95 — жеке бағдарламалар арсындағы ақпараттармен алмасуды іске асыратың және мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видео ақпаратттарды өндеу, мультимедиямен жұмыс жасау мүмкіндіктерін қолданушыға қамтамасыз ететін интеграцияланған орта.
Windows 95-тің қолданушы интерфейсі өте тиімді және қарапайым. Windows 3 қабықшасына қарағанда бұл операциялық жүйе компьютерде операциялық жүйе DOS-ты қажет етпейді. Ол ДК немесе Pentium-ге арналған. Жедел жадының көлемі 32—128 Мбайт болу қажет. Компьютерді қосқаннаң кейін және BIOS мәтіндік бағдарламаларды қолданған соң Windows 95 операциялық жүйесі автоматты түрде қатты дисктан еңгізіледі.
Windows 98 -бен Windows 95-тің айырмашылығы: Windows 98 операциялық жүйесінде Internet Explorer браузерімен біріктірілген және Web-браузер түрінде жасалған.
Windows 2000 Professional — әр түрлі компьютерлерде- портативтіден бастап серверліге дейін қолданылатың жаңа ғасырдың операциялық жүйесі. Интернетте коммерциялық әрекеттерді жасау үшін тиімді операциялық жүйе.
Windows CE 3.0 — операционная система для мобильды есептеуіш құрылғылар үшін қолданылатын операциялық жүйе мысалы, қалталық компьютерлер, цифрлық ақпараттық пейджерлар, мобильды телефондар, мультимедиялық және DVD құрылғылары
Windows CE операциялық жүйесі—ашық архитектурасы бар, көптеген құрылымдарды қолдануға мүмкіндік беретін, 32-разрядты, көп міндетті атқаратың , көп үздіксіз операциялық жүйе. Windows CE тұтас, бірақ жоғарғы өндірімді. Бұл бірлеспроцессорлардың бірнеше маркаларымен және өндірушілермен жұмыс жасайтың мобильдік жүйе.
Unix операциялық жүйесі.
Unix операциялық жүйесі Bell Telephone Laboratories-та құрылған. Unix — өте көп қолданушылардың жұмыстарын бір мезгілде қамтамасыз ете алатын көпміндетті операциялық жүйе. Unix ОЖ ядросы биік деңгейдегі С тілінде жазылған, және ассамблерде тек қана 10процент коды ғана бар. Бұл саналған айлар ішінде ОЖ Unix басқа аппраттық платформаларға аударуға және байсалды өзгерістермен қосымшыларды оңай еңгізуге болады. UNIX бірінші көшірмелі операциялық жүйе болып аталады. Көп деген қолданып жүрген UNIX версияларында әр дайым өзгерістер еңгізіліп отырады. Бір жағынаң бұл жүйенің мүмкіншілігін артырып отырады, ал бір жағынаң – қолданып жұрген версиялар арсында айырмашылықтар пайда болады.Осыған байланысты жүйелердің әртүрлі қасиеттеріне стандартизация қажеттілігі туындайды
UNIX атақтылық себебі:
Код жүйесі биік деңгейдегі С тілінде жазылған, өте түсінікті және тиімді.
UNIX — көп міндеттік көп қоланушылық жүйе.
Стандарты бар.Бірінғай архитектурасы және интерфейс стандарты бар.
Қарапайым, бірақ алымды модульдық қолданушы интерфейс.
Бірлескен, иерархиялық файлдық жүйе қызметін көрметеді.
Өте көп қосымшалар, сонымен қатар оңай таратылатын, қарапайым мәтіндік редактордан бастап деректер базасының басқару жүйесінең аяқтайды.
Linux операциялық жүйе
Linux жүйесінің бастапқы құрылуы 1991 ж. финский студенті ЛинусТорвальдс (Linus Torvalds) бастаған. 1991 жылдың қыркүйек айында ол e-mail арқылы өзінің операциялық жүйесін бірінші қадамын таратты және оның жұмысына көніл аударған адамдарға артықшылығымен кемшілігін көрсетуге көмек сұрады. Осы уақыттан бастап көптеген программистер Linux-ті қолдай бастады. Қазіргі ауқытта Linux — өте алымды жүйе, және тегін (free).
Линус Торвальдс с символом Linux —"пингвином" Линус Торвальдс операциялық жүйені емес, тек оның ядросын өндеді. Ал басқа компаниялар операциялық жүйесін утилиттармен және қолданбалы бағдарламалармен қамтамасыз етті. Мұның кемшілігі, біріңғайлығы және ойластырған жүйені құру процедурасының жоқтығы.
9. ТРАНСЛЯТОР, КОМПИЛЯТОР, ИНТЕРПРЕТТОР
Транслятор (англ. translator — переводчик) — бұл аударма-бағдарлама.Ол белгілі бір жоғарғы денгейде жазылған тілді бағдарламаға, машиналық командалардан тұратың бағдарламаны құрайды.
Трансляторлар компиляторлар немесе интерпретаторлар түрінде іске асырылады. Компилятор /құрастырылған/ (англ. compiler —құрушы, жинаушы) түтас бағдарламаны оқиды, оны аударады және машиналық тілде бағдарламаның аяқтау вариантың құрады, сосын ол орындалады.
Интерпретатор /түсіндіріп беру/ (англ. interpreter — жорушы, ауысша аудармашы) аударады және бағдарламаны қатар қатарымен орындайды. Бағдарлама құрастырылған соң негізгі бағдарлама мен компилятор қажет емес.Сонымен қатар интерпрекаторлармен өнделген бағдарлама машиналық тілде қайта аударылуға тиіс.
Құрастырылған соң/откомпиляторная/ бағдарламалар жұмысы жылдамырақ арқарылады, бірақ түсіндіріп берілетің /Интерпретаторная/ бағдарламаларды өзгерту және дұрыстау өте оңай.
Белгілі бір тіл компиляцияға немесе интерпретацияға бағытталады. Мысалы, Паскаль тілінде негізінде құрделі есептерді шығару үшін қолданылады, сондықтан бұл тілді компиляторлар арқылы жүзеге асырады.
Басқа жағынаң, Бейсик бастаушы программистар үшін құрылған тіл .
Кейбір жағдайларда бір тілде компиляторларда, және интерпретаторларда қолданады.
|
|
|