Главная страница
Навигация по странице:

Жаза тағайындау есеп. Жаза таайындау жне ылмысты жауаптылы пен жазадан босату. Есепке жауаптар


Скачать 10.47 Kb.
Название Жаза таайындау жне ылмысты жауаптылы пен жазадан босату. Есепке жауаптар
Анкор Жаза тағайындау есеп.docx
Дата 26.09.2017
Размер 10.47 Kb.
Формат файла docx
Имя файла Жаза тағайындау есеп.docx
Тип Документы
#10520

Жаза тағайындау және қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату. Есепке жауаптар.

Есеп № 1

1. М. өзінің өгей бес жастағы баласын аса қатыгездікпен өлтіргені үшін ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімінің «в» және «д» тармақтары бойынша өмір бойына бас бостандығына айыруға сотталған. Сот жаза тағайындағанда сотталушының жұмыс орнынан теріс мінезді ретінде сипатталғанын, жас болуына қарамастан (М. 31 жаста болған) созылмалы алкоголизммен ауыратынын, қылмыс құрбану бес жастағы бала болғанын және оны аса қатыгездікпен өлтіргенін ескерген. Қылмыстық істегі материалдарда баланың денесіне пышақпен ондаған соққы жасалғаны баяндалған. ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы сотталушының бұрын соттылығының болмағанын, қоғамдық пайдалы жұмыспен айналысқанын, еңбекке жарамды жаста екендігін ескере отырып, бірінші инстанция сотының үкімін өзгертіп, М-ге 20 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындаған. ҚР Жоғарғы Сотының шешімі дұрыс па?

Жауабы: Бұл ситуация бойынша ҚР жоғарғы сотының шешімі дұрыс. Себебі бірінші сатыдағы сот ауырлататын мән жай ретінде жәбірленушінің дәрменсіздігін және қатыгездікпен жасалғанын ескерген. ҚР ҚК 54 бабының 2 бөлігіне сәйкес бұл ауырлататын мән-жайлар ҚК 96 бабының "в" және "д" тармағында көрсетілгендіктен ауырлататын мән жай ретінде қосымша ескерілмеуі тиіс. Ал қылмыс жасаған адамның созылмалы алкоголизммен ауыруы және жұмыс орнынан теріс мінезді екені, ауырлататын мән жай ретінде ҚР ҚК 54 бабының 1 бөлігінің тармақтарында көрсетілмеген. Ал осы баптың 3 бөлігіне сүйенетін болсақ осы бапта көрсетілмегеннен басқа мән-жайлар ауырлататын мән-жай ретінде ескерілмеуі керек делінген. Ал жоғарғы соттың еңбекке жарамды, қоғамдық жұмыспен айналысқанын жеңілдететінін ретінде алу заңды. Себебі ҚР ҚК 53 бабының 2 бөлігіне сәйкес бiрiншi бөлiгiнде көзделмеген мән-жайлар да жаза қолдану кезiнде жеңiлдетушi ретiнде ескерiлуi мүмкiн. Сол себептен жоғарғы соттың әрекеті толықтай заңды болып табылады.



Есеп № 2. Аудандық сот үкімімен С. ҚР ҚК 101-бабы 1-бөлімі бойынша 1 жыл бас бостандығынан айыруға, 257-бабы 1-бөлімі бойынша екі жылға бас бостандығынан айыруға және 357-бабы 2-бөлімі бойынша үш жыл бас бостандығынан айыруға, ал түпкілікті жаза 58-бабының ережелеріне сәйкес жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге үш жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Сот үкіміне талдау жасаңыз. ҚР ҚК 58-бабының ережелерінің сақталуына баға беріңіз.

Жауабы: Бұл ситуация бойынша жазалып отырған қылмыстың барлығы оншаауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс болып табылады. Ал ҚР ҚК 58 бабының 2 бөлігіне сәйкес егер қылмыстар жиынтығында тек ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар қамтылса, онда түпкiлiктi жаза қатаңдығы жеңiлiрек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру жолымен тағайындалады делінген. Яғни әр қылмысқа жаза жеке жеке жаза тағайындалып, 357-бабы 2 бөлімі бойынша тағайындалған 3 жылға 257 бабы 1 бөлімі және 101 бабы 1-бөлімі бойынша тағайындалған жаза толықтай сіңіру жолымен тағайындалады. 58 баптың ережелері толықтай сақталған.

Есеп № 3. Ф. ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімінің «д» және «и» тармақтары бойынша бұзақылық ниетпен, аса қатыгездікпен М-өлтіргені үшін 17 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Сот үкімінде жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының айыбын мойындап келгенін, қоғамдық пайдалы қызметпен айналысқанын, жұмыс орнының жақсы мінездеме бергенін ескерген.

Ауырлататын мән-жай ретінде сот қылмыстың ауыр зардаптарға – адамның қаза болуына әкелгенін ескерген.

Сот үкіміне баға беріңіз.

Жауабы: Бұл ситуация бойынша соттың үкімі негізсіз. Адамның қаза болуы, бұл 96 баптың дизпозиясында көрсетілген, яғни адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп. Сонымен қатар ҚР ҚК 54 бабының 1 бөлігінің тармақтарында ауырлататын мән-жай ретінде көрсетілмеген. Осы баптың 3 бөлігіне сүйенетін болсақ, осы бапта көрсетілмегеннен басқа мән-жайлар ауырлататын мән-жай ретінде ескерілмеуі керек делінген. Сол себептен соттың ескеруі дұрыс емес. Ал жеңілдететін мән-жай ретінде ескерулулері 53 бап толықтай сақталған. 53 бап бойынша заңда көрсетілмеген мән-жайдан басқаларды да жеңілдететін мән жай ретінде ескерілуі тиіс.

Есеп № 4. В., Т. және К. ҚР ҚК 176-бабы 2-бөлімінің «а» тармағы бойынша екі жылға бас бостандығынан айыруға және жауапты басқарушы лауазымдарды иелену құқығынан үш жылға айыруға соттаған.

Сот қосымша жазаны дұрыс тағайындаған ба? Қосымша жаза мерзімінің есептелу тәртібін анықтаңыз.

Жаубы:

Ия сот дұрыс тағайындаған, себебі лауазымнан немесе белгілі құқықтан айыру жазасы қосымша жаза ретінде ҚР ҚК 41 бабы 2 бөлігі бойынша 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан қосымша жаза ретiнде айыру, егер сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн және кiнәлi адамның жеке басын ескере отырып, оның белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығының сақталуы мүмкiн емес деп таныса, ол осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi бапта көзделмеген жағдайда да тағайындалуы мүмкiн.

Бұл жазаны бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретiнде тағайындау кезiнде ол жазалаудың аталған негiзгi түрлерiн өтеудiң барлық уақытына қолданылады, бiрақ бұл орайда оның мерзiмi олардың өтелген сәтiнен бастап есептеледi. Жазалаудың басқа негiзгi түрлерiне қосымша жаза түрi ретiнде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде оның мерзiмi үкiм заңды күшiне енген сәттен бастап есептеледi.

Есеп № 5. 2012-ж. наурыз айында Павлодар қаласының № 2 соты сотталушы Л-дің жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы арызын қарастырған. Сот арызданушының өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан, өйткені Л. тоғыз рет тәртіптік жауаптылыққа тартылған, қошеметтеу алмаған, түзеу қолониясының қоғамдық өміріне араласпайды, сот мәжілісіне шақырылған түзеу колониясының өкілі теріс мінездеме берген.

Сот шешімі заңды ма?

Сот шешімі заңды болып табылады.

Есеп № 6. Ақтау қаласының сотына сотталушы Р-дің жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы арызы түскен. Р. ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін ҚР ҚК 175-бабы 3-бөлімі «б» тармағы бойынша бес жылға бас бостандығынан айыруға және жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған. Арыз беру уақытына ол жазасының жартысын өтеген. Сот Р-дің қылмыс жасағанын мойындамағанын ескере отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан. Соттың шешіміне баға беріңіз.

Жауабы: Бұл ситуация бойынша жасалып отырған қылмыс санаты бойынша ауыр қылмыс болып табылады және ол жазаның жартысын өтеген. Ал ҚР ҚК 70 бабының 2 бөлігі б тармағына сәйкес ауыр қылмысы үшін тағайындалған жазаның кемінде жартысын өтесе қолданылуы мүмкін делінген. Алайда арыз берушінің қылмыс жасағанын мойындамау арызды қанағаттандырудан бас тартуға негіз болмайды.

Есеп № 7. Ерлі-зайыпты С. пен А. демалыс күнінде саябақта жұмыс істеуге шығады. Саябаққа барға соң С. жұмыс істеуден бас тартып, өзімен алып келген шарабын ішеді. Шарабы біткен соң, әйелінен бір шөлмек арақ алып келуін талап етеді. Әйелі А. оның айтқанына көнбеген соң С. оны ұра бастайды. Күйеуінің шабуылынан қорғану үшін А. оны қолындағы пышағымен кеудесіне бір соққы жасайды. Нәтижесінде С. сол жерде қаза болады. Сот А-ның әрекеттерін ҚР ҚК 99-бабы бойынша саралап, бір жыл алты айға бас бостандығынан шартты түрде айыруға жазалайды және сынақ мерзімін екі жыл деп белгілейді. Сот жаза тағайындағанда істелген қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, сотталушының тұлғасын, жұмыс орны бойынша жақсы мінездемесі болуын, асырауында екі кіші жастағы баласының болуы ескерген. Оқиға орын алған соң А. айыбын мойындап полиция органдарына өз еркімен келіп, өкінгендігін білдірген. Сот жазаны дұрыс анықтаған ба және шартты соттау ережелері дұрыс қолданған ба? Жеңілдететін мән-жайларда жаза тағайындаудың ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Жауабы: Бұл есеп бойынша Сот жазаны дұрыс таңдаған және шартты соттау ережелері дұрыс қолданылған. ҚР ҚК 63 бабының 1 бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда сот сотталған адамның жазаны өтемей түзелуi мүмкiн деген қорытындыға келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады.

Осы баптың 2 бөлігі бойынша шартты түрде соттау қолданылған жағдайда сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн, айыптының жеке басын, соның iшiнде жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайларды ескередi. Айыпталушының іс-әрекетінде жазаны жеңілдететін мән-жайлар бар; айыбын мойындап келуі, жас баласының болуы заңда көзделген. Ал заң бойынша заңда көрсетілмегеннен басқа да жеңілдететін мән-жайлар ескерілуі мүмкін. Сол себептеп соттың әрекеті заңды.

Шартты түрде соттау тағайындалған кезде сот сотталған адам мiнез-құлқымен өзiнiң түзелгенiн дәлелдеуге тиiс сынақ мерзiмiн белгiлейдi. Сынақ мерзiмi бiр жылдан үш жылға дейiнгi

Есеп №8. Бұрын ұрлық істегені үшін ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлімі бойынша соттылығы бар В. қалалық базарда сатушының заттарын ұқыпсыз назарда ұстауын пайдаланып, құны жиырма мың теңге тұратын костюмді талан-тараждайды. Оны алған бетте ұрының әрекеттерін сырттай байқап қалған базар күзетшілері В-ны ұстап алады. Сот В-ны ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлімін қолдана отырып, ҚР ҚК 175-бабы 2-бөлімінің «в» тармағы бойынша айыпты деп танып, қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеуге 2 жылға бас бостандығынан айыруға жазалаған. Сот үкімінде жаза мерзімін анықтағанда сотталушының айыбын толық мойындағанын, шын өкінгенін және жақсы мінездемесінің болғанын ескергенін жазған. Сот жаза тағайындағанда ҚР ҚК 56- және 59-баптарының ережелерін дұрыс ескерген бе?

Жауабы:

Ия дұрыс ескерген. Себебі көрсетілген қылмыс бойынша санкцияның ең үлкен мөлшері 5 жыл. 56 бап бойынша қылмысқа оқталғаны үшін жаза мөлшері тиiстi бапта ерекше қылмыс үшiн көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнен ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң төрттен үшiнен аспауы керек деп көрсетілген. 5 жылдың 4/3 бөлігі деп отырғанымыз бұл 3 жыл 6 ай, ал 59 бап бойынша қылмыстың қайталануы бжағдайында жасалған қылмыс үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi жасалған қылмыс үшiн көзделген ең қатаң жаза түрiнiң ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнiң үштен бiрiнен төмен болмауы керек деп көрсетілген. 3/1 дегеніміз 1 жыл 6,5 ай болып табылады. Сол себептен аталған баптардың ережелері толық сақталған.

Есеп №9. Аудандық сот А-ны ҚР ҚК 251-бабы 1-бөлімі бойынша («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бір жыл бас бостандығынан айыру, ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі «б» тармағы бойынша алты жылға бас бостандығынан айыру жазаларын анықтаған. ҚР ҚК 58-бабының ережелері бойынша түпкілікті жаза жеті жылға бас бостандығынан айыру және екі жүз елу еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл деп анықталған. Сот түпкілікті жазаны қылмыстардың жиынтығы бойынша дұрыс анықтаған ба?

Жауабы:

Ия дұрыс анықтаған. Себебі 58 бабының 3 бөлігі бойынша егер қылмыстардың жиынтығында ауыр немесе аса ауыр қылмыс қамтылса, түпкiлiктi жаза қатаңдығы жеңiлiрек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру жолымен не жазаларды iшiнара немесе толық қосу жолымен тағайындалады. Ал ситуация бойынша қылмыстар санаты бойынша ауыр және ауырлығы орташа қылмыс болып табылады.

Сол себептен толық сақталған.

Есеп №10. Бұрын ауырлығы орта дәрежедегі қылмысы үшін соттылығы бар К. ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлімі бойынша жазасын қатаң режимдегі түзеу колонияда өтеуге 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Сот үкімінің заңдылығына баға беріңіз.

Жауабы:

Бұл есеп бойынша қылмыстық кодекстің 59 бабының 2 бөлігінде белгіленген ережелер сақталған. Қылмыстың қайталануы бойынша жаза тағайындалған кезде, сол баптың санкциясының ең көп мөлшерінің 3/1 бөлігінен кем болмауы тиіс. Ал 96 баптың 1 бөлігі бойынша ең ауыр жаза мөлшері 15 жыл болып табылады. 3/1 мөлшерінен кем болмауы тиіс.

Есеп № 11. Сот О-ны ҚР ҚК 257-бабы 2-бөлімінің «б» тармағы бойынша үш жыл бас бостандығына, ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімінің «б» тармағы бойынша (24-бабы 3-бөлімін қолдана отырып) он сегіз жылға жазалаған. Сот жазаны дұрыс тағайындаған ба? Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Жауабы:

Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаған кезде әрбір қызмыс үшін бөлек жаза тағайындалады. Есеп бойынша аса ауыр қылмыс пен ауырлығы орташа қылмысқамтылған. Бұл есеп бойынша барлық нормалар дұрыс сақталған. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза мөлшері санкцияда көрсетілген ең ауыр және ең көп мөлшерінің 4/3 бөлігінен аспайтын жаза тағайындалады. Ал 96 баптың 2 бөлігі бойынша 20 жыл болып табылады. Сонда кісі өлімі үшін 15 жыл және 257 бап бойынша 3 жыл тағайындалады. сонымен қатар ҚР ҚК 59 бабының 4 бөлігіне сәйкес егер қылмыстардың жиынтығында осы Кодексте жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы не өмiр бойы бас бостандығынан айыру көзделген, ең болмағанда бiр аса ауыр қылмыс қамтылатын болса, түпкiлiктi жазалау iшiнара немесе толық қосылып тағайындалады.Сол себептен заңды болып табылады.



Есеп № 12. В. ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлімі бойынша үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлға, ҚР ҚК 257-бабы 1-бөлімі бойынша жалақысының жиырма пайызын мемлекет пайдасына аудара отырып бір жыл түзеу жұмыстарына жазаланады. В-ға ҚР ҚК 58-бабының ережелері бойынша түпкілікті жаза тағайындаңыз.

Жауабы:

ҚР ҚК 58 бабының 2 бөлігі бойынша егер қылмыстар жиынтығында тек ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар қамтылса, онда түпкiлiктi жаза қатаңдығы жеңiлiрек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру жолымен тағайындалады. Бұл жердегі қатаң жаза жиырма пайызын мемлекет пайдасына аудара отырып бір жыл түзеу жұмыстары үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлды толық сіңіреді. Бұл жерде айыппұл негізгі жаза ретінде тағайындалып тұр, сол себептен толықтай сіңіреді.

Есеп № 13. П. 1972-жылы өзінің алты айлық баласына абайсызда қаза келтіргені үшін үш жыл бас бостандығынан айыруға сотталған. Жазасын толық өтеп болған соң, рақымшылық актісінің негізінде оның соттылығы да толық алынған (1976-ж.). 1986-ж. П. педагогикалық мамандық бойынша жоғары білім алып, жиырма жыл бойында орта білім беру жүйесінде мұғалімдік қызмет атқарған. 2012-ж. прокуратура қызметкерлерінің мектеп мұғалімдерінің жеке құжаттарын тексеруі барысында П-ның бұрын сотты болғаны туралы анонимдік хаттан белгілі болады. Осыған байланысты прокуратура П-ны білім беру мекемелерінде қызмет етуге құқығы жоқ деп танып, оны жұмыстан теріс негіздер бойынша шығарады. Прокуратура шешіміне баға беріңіз.

Жауабы:

Бұл есеп бойынша прокуратураның шешімі заңсыз болып табылады. Біріншіден оның соттылығы рақымшылық актісі негізінде толықтай жойылған. Сонымен қатар соттылығы жойылғаннан кейін де 10 жыл уақыт өтті. Прокуратура органдары оның білім беру мекемесінде қызмет етуге құқығы жоқ деп табуға болады егер азамат П кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты қылмыс жасаған адам болатын болса, яғни ҚР ҚК 41 баптың 2 бөлігіне сәйкес 10 жылдан 20 жылға дейін айыруға болатын еді. Оның бұрынғы жасаған қылмысы абайсыздан кісі өлімі болып табылады. Егер ол қылмыс кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қатысты болғанда жағдай өзгерер еді.

Есеп № 14. Я. ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімінің «и» тармағы бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланған. Сот үкімінде жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының айыбын мойындап өз еркімен келгені, жұмыс орнынан жақсы мінездемесінің болуы, қоғамдық пайдалы қызметпен айналысатыны ескерілгені көрсетілген. Ауырлататын мән-жай ретінде қылмысты мас күйінде жасау, қылмыс кәрі жастағы адамға қатысты жасалғаны ескерілген. Я. қорғаушысы кассациялық шағымында үкімде көрсетілген ауырлататын мән-жайларды алып тастауды және жаза тағайындағанда ҚР ҚК 53-бабы 4-бөлімінің ережелерін ескеруді сұраған. Қорғаушының шағымы қанағаттандырылу керек пе? Осы іс бойынша ҚР ҚК 53-бабы 4-бөлімінің ережелерін қолдануға бола ма?

Жауабы: Бұл ситуация бойынша қорғаушының шағымы қанағаттандырылмайды. Себебі мас күйінде жасау және айыпталушыға жәбірленушінің дәрменсіз екенін біліп жасау 54 бапта ауырлататын мән-жай ретінде көрсетілген. Сол себептен алып тасталуға жапайды. Ал жеңілдететін мән-жайды қосу туралы қанағаттандыруға болад. Себебі ҚР ҚК 53 баптың 4 бөлігінің ережелерін қолдануға болады. Қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету және айыбын мойындап келу жеңілдететін мән-жайлар болған кезде жаза мерзiмi немесе мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзiмiнiң нeмece мөлшерiнiң ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған кезде - жартысынан, ауыр қылмыс жасаған кезде - үштен екiсiнен, аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшiнен аспайтын қылып тағайындауға болады егер ауырлататын мән-жайлар болмаса ғана. Ауырлтатын мән-жайлар болғандықтан қолдана алмаймыз.

Есеп № 15. Бірінші сот инстанциясы сотталушы К-ға ҚР ҚК 257-бабы 1-бөлімі бойынша екі жыл бас бостандығынан айыру, 24-бабы 3-бөлімі, 96-бабы 1-бөлімі бойынша – 8 жылға бас бостандығынан айыру, ал түпкілікті жаза қылмыстардың жиынтығы бойынша сегіз жыл деп анықтаған. Сот әрбір қылмыс бойынша және қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаның түрі мен мөлшерін дұрыс анықтаған ба?

Жауабы:

Бұл ситуация бойынша сот бірнеше қателіктер жіберген. Қылмысқа оқталу бойынша жаза санкцияда көрсетілген ең ауыр жаза мөлшерінің 4/3 нен аспауы қажет. Бұл қылмыс үшін жаза 10 жыл мен 15 жыл аралығында болуы тиіс. Ал ҚР ҚК 58 бабы 4 бөлігі бойынша егер қылмыстардың жиынтығында осы ҚК-те жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы не өмiр бойы бас бостандығынан айыру көзделген, ең болмағанда бiр аса ауыр қылмыс қамтылатын болса, түпкiлiктi жазалау iшiнара немесе толық қосылып тағайындалады делінген. 257 бап 1 бөлігі бойнша тағайндалған 2 жыл жазаны 10 жыл сіңіру бойынша немесе қосу бойынша тағайындауы керек.
написать администратору сайта