Главная страница
Навигация по странице:

Жеке басын тану туралы хаттама. Жеке басын тану шін адамды крсету хаттамасы



Скачать 16.41 Kb.
Название Жеке басын тану шін адамды крсету хаттамасы
Анкор Жеке басын тану туралы хаттама.docx
Дата 08.05.2017
Размер 16.41 Kb.
Формат файла docx
Имя файла Жеке басын тану туралы хаттама.docx
Тип Документы
#9032

Жеке басын тану үшін адамды көрсету
ХАТТАМАСЫ


« » 01.2015 ж. Алматы қаласы
Алматы қаласы Бостандық ауданы, ІІБ-нің ТБ-нің тергеушісі полиция лейтенанты С.Стамкулов ҚР ҚПК-нің 199, 229, 230-баптарын басшылыққа алып, мына куәгерлердің қатысуымен:

1) Иванов Алекс Петрұлы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Жарокова көш., 10 үй мекенжайы бойынша тұрады,

2) Саматов Есен Ақанұлы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Ауезов көш., 74 үй, 5-пәтер мекенжайы бойынша тұрады, Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ үй-жайында табиғи жарық болған кезде жәбірленуші Ахметова Айман Болатқызына тану үшін келесі тұлғалар көрсетілді:

1) Болатов Асқар Айкынұлы, 02.01.1984 ж.т. тұратын мекен-жайы: Алматы қаласы Бостандық ауданы, Жарокова көш., 71-үй, 17-пәтер.

2) Епенов Асқар Қайратұлы, 17.05.1987 ж.т. тұратын мекен-жайы: Алматы қаласы Бостандық ауданы, Сатпаева көш., 12-үй, 1-пәтер.

3) Атенов Асқар Дауренұлы, 12.07.1988 ж.т. тұратын мекен-жайы: Алматы қаласы Бостандық ауданы, Жандосова көш., 32-үй, 15-пәтер.

4) Айдаров Асқар Сәрсенұлы, 01.03.1985ж.т. тұратын мекен-жайы: Алматы қаласы Бостандық ауданы, Утепова көш., 15-үй, 7-пәтер.

Тану үшін көрсету жүргізіліп жатқан бөлмеге жәбірленуші А.Б. Ахметова шақырылды, оған ҚР ҚК-нің 420-бабына сәйкес көрiнеу жалған жауап бергені үшін және ҚР ҚК-нің 421-бабына сәйкес жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.

_________________________
Тану үшін көрсетуге қатысып отырған адамдарға олардың тергеу әрекеттеріне қатысты хаттамаға енгізілуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасау құқықтары түсіндірілді.
Куәгерлер: А.П. Иванов ___________ Е.А. Саматов ______________
оларға ҚР ҚПК-нің 82-бабында көзделген олардың құқықтары түсіндірілді:

 1) тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысу; 2) тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасау; 3) өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысу; 4) қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіру; 5) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алу; 6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеу.

Сонымен бірге, куәгерлерге олардың міндеттері де түсіндірілді:
1) қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келу; 2) тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысу; 3) тергеу әрекетiнiң хаттамасында осы әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн өзiнiң қолымен куәландыру; 4) анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; 5) тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтау.
Куәгерлер: А.П. Иванов ___________ Е.А. Саматов ______________
Танушы адамның өзіне тану үшін көрсетілген адамдардың ішінде 11 қаңтарда 2015ж. қылмыс болған жердегі «Асқар» есімді тұлғаны танып тұрсызба деген сұраққа жәбірленуші А.Б. Ахметова көрсетілуге ұсынылған адамдарды қарап, сол жағында екінші болып тұрған адамды танығанын, ол

11 қаңтар 2015 ж. сағат 17:00 шамасында менің күйеуім Ермеков Аман Асқарұлыны, бұрынғы жұмыс жолдасы Епенов Асқар Қайратұлыны сол күні конаққа келгендігі, өзімен бірге мөлшері 0.7л «Путинка» арағын алып келгенің айтты. Ас бөлмеде арақ ішу барысында олардың арасында ұрыс туындағаның , сонынан үстел үстіндегі ас бөлмелі пышақты алып, екі рет сұғу арқылы күйеуін өлтіріп , қашып кеткенің айтты.

Бұл ретте, ол оны ұзын бойынан (175-180 см), жасынан (28-30) арықша денесі, қараторынан, тік қара, қалың қасы мен қоңыр көзінен, сондай-ақ ерекше белгісінен, оң жақ қолының білек жағында «160 км/сағ» көрсетілген стреласы бар тутировкасы арқылы нақты сол адам екендігін көрсетті.
Танушы адам: А.Б. Ахметова
Тану нәтижесі: Епенов Асқар Қайратұлыны

Тану барысында бейнежазба жүргізілді.

Тану хаттамасына жазбасы бар «GS-1 CD» диск қоса тіркеледі.
Тану үшін көрсету алдында және оның барысында не ол аяқталғаннан кейін қатысушы адамдардан: танылып отырған А.Қ. Епенов, танушы А.Б.Ахметова, куәгерлерден және статистерден мәлімдемелер түскен жоқ.
Танушы адам: А.Б. Ахметова

Танылып отырған адам: А.Қ. Епенов
Куәгерлер: А.П. Иванов

Е.А. Саматов


Тану үшін көрсету аяқталғаннан кейін тергеу әрекетіның хаттамасы және тиісті бейнежазба материалдары оған қатысушыларға танысу үшін көрсетілді.

Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, бейнежазба материалдарды көрсетілді. Хаттамаға және бейнежазбаға ескертулер болған жоқ.
Танушы адам: А.Б. Ахметова

Танылып отырған адам: А.Қ. Епенов
Куәгерлер: А.П. Иванов

Е.А. Саматов

Алматы қаласы Бостандық ауданы

ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты С.Стамкулов
написать администратору сайта