Навигация по странице:
|
Лекция конспектілері таырып 1 Статистика пні мен міндеттері
Тезистік лекция конспектілері
ТАҚЫРЫП 1: Статистика пәні мен міндеттері.
1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.
Статистика пәні мен міндеттер. Статсиканың негізгі ұғымдары мен катеориялары.
Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері
Статистикалық әдіснаманың ерекшеліктері
ҚР мемлекеттік статистиканы ұйымдастыру
Дәрістің мақсаты: Статистика туралы жалпы түсінік, оның дамуы және әдістері мен зерттеу кезеңдері туралы студенттерге жалпы мәліметтер беру
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: статистика, жиынтық бірлік, сандық белгі, сапалық белгі, статистикалық бақылау, статистикалық топтау, жинақтау, өңдеу, статистикалық қорытынды, талдау.
Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Статистика – бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Ондағы сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік–экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады.
Қазіргі кезеңде «статистика» термині төмендегідей әртүрлі мағынады қолданылып жүр:
статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу;
статистика – статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық көрсеткіштер;
статистика – қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.
Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды және оның даму кезеңдерінің өзінше тарихы бар. Статистика ғылымының даму процесін, бастамасын ХVII ғасырдың аяқ кезінен Англиядан бастайды. Оның негізін ағылшын ғалымдары Джон Граунт (1620 – 1674) пен Вильям Петтидің (1523 – 1687) «Саяси арифметика» атты еңбегі қалады.
Статистика дамуының екінші бір бастауы «Саяси арифметикамен» бір мезгілде шыққан неміс ғалымы Г. Конрингтің (1605 – 1681) еңбектерінде қалыптаса бастаған мемлекеттану ғылымында жатыр.
Статистиканың одан әрі дамуына көптеген ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерімен атсалысты. Олардың ішінде мына ғалымдардың аттарын атамай кетуге болмайды: неміс ғалымы Г. Ахенваль (1719 – 1772), бельгия ғалымы А. Кетле (1796 – 1874), англия ғалымы А. Боули (1869 – 1957) және тағы басқалары.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында статистика ғылымы қарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің сіңірген еңбектері дәлел бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілі анықталады. Бұл салада П.Л. Чебышев, А.А. Марков, А.М. Ляпунов, С.Н. Бернштейн сияқты атақты математиктер елеулі еңбек етті.
2 сұрақ. Статистика – қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым – қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым. Сонымен бірге әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи және техникалық факторлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген әсерін анықтайды.
Табиғатында, статистика – жаппай қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Қоғамдық ғылым ретінде, республикамызда болып жатқан жалпы әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтары мен есептеу, талдау сияқты әдістемелерін анықтайды. Сонымен, статистика әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді және бұл тәсілдерді басқа ғылымдарда да қолданады.
Статистиканың негізгі қасиеті – қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеруін сандық тұрғысынан қарастыра отырып, оның сапалық мәнін де анықтайды. Сандық пен сапалық көрсеткіштер бірімен – бірі тығыз байланыста болады. Сапа деп әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуін айтады. Демек, сандық көрсеткіштерді айтсақ, онда оның сапасын бірге көрсеткеніміз немесе керісінше, сапасын көрсете отырып, оның сандық мәнін анықтағанымыз.
Статистика қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеу барысында біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштерді қарастырады. Бұл элементтер жиынтық бірліктер деп аталады және олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ қасиеттерін статистика тілінде белгі деп атайды.
Белгілер сандық және сапалық болып екіге бөлінеді. Сандық белгілердің жке мәндері сан өлшерінде беріледі. Ал сапалық белгілердің жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде беріледі.
Статистика мемлекетіміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы мен үрдісін сипаттайтын мәліметтерді жан – жақты зерттейді. Басқару органдарына статистикалық мәліметтер мен ақпаратты қажетіне қарай беріп отырады. Халықаралық деңгейде көрсетілген көрсеткіштердің дұрыстығы мен есептеу әдістерінің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.
3 сұрақ. Статистика әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестерге статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Бірақ, басқа ғылымдар сияқты статистиканың да өзіне тән ерекшеліктері мен зерттеу әдістері бар. Ол әдістер өздерінің қолданылуына және бірінен соң бірінің жалғасып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді. Олар мыналар: 1) статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау; 2) жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау, өңдеу және жинақтау; 3) жинақталған, өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау. Осы көрсетілген әдістер жиынтығын статистикалық әдістемелер немесе зерттеу кезеңдері деп атаймыз.
Статистикалық бақылау – статистикалық зерттеудің бастапқы сатысы. Мұнда әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтер алдын – ала жасалған бағдарлама бойынша жиналады. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізген әрбір фактіні өздеріне тән белгісіне қарай анықтау және нақты шындықтың қамтылуын, анық, нақты, дәл әрі керекті мәліметтерді жинау.
Статистикалық бақылау әрқашан да кең көлемді, толық жүргізіледі. Демек, бақылау кезінде жиналған мәліметтер неғұрлым көп болса, көрсеткіштер соғұрлым толық және айқын болып келеді.
Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өңдеу және жинақтау. Бұл –статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып саналады. Осы әдісті қолдану кезінде статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер өздеріне тән жекелеген белгілері бойынша біртекті топтарға және іштей жіктерге бөлінеді. Бірақ, олардың әрқайсысы статистикалық жеке көрсеткіштер жүйесіне сай сипатталады. Сондықтан, зерттеудің бұл кезеңінде қоғамдық құбылыстар мен процестердің топтық көрсеткіштері ірілендіріледі, жекелеген топтардың сапалық айырмашылығы анықталады және талдау, қортынды жасау үшін сандық көрсеткіштері есептеледі.
Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау. Бұл статистикалық зерттеудің соңғы, яғни үшінші сатысы. Мұнда жинақталған, топталған, өңделген статистикалық көрсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Олардың бір–бірімен байланысы анықталынады. Сондай – ақ қорытындылаушы көрсеткіштер орташа, қатысты шамалар немесе өсіңкілік қатарлар, индекстік әдістер арқылы есептеледі. Олар статистикалық кестемен көрсетіледі немесе график арқылы бейнеленеді. Сонымен, статистикалық мәліметтерге талдау жасау деп жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау және солар арқылы ғылыми тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауды айтады.
Жоғарыда көрсетілген статистикалық зерттеудің бұл үш сатысы арасында қоладанысына қарай өзара айырмашылығы бар. Бірақ, олар бірінен – бірі бөлінбейді. Мысалы, бақылаусыз топтау болмайды, ал топтаусыз талдау немесе қорытынды жасалынбайды. Демек, статистикалық зерттеудің бұл үш сатысы бір – бірімен тығыз байланысты. Соған орай оларды әр түрлі мамандар жүргізеді.
4 сұрақ. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде республикада болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы және олардың даму немесе кему жағдайьн анықтау
үшін; жалпы мемлекеттік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету үшін; көп салалы халық шаруашылығын басқару үшін түрлі статистикалық мәліметтер кажет. Мұндай мәліметтер кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, шаруашылықтардың, кооперативтер мен фермерлікшаруашылықтардың және т.б. әр түрлі есептеу жолдары арқылы, яғни оперативтік жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп беру жүйелері арқылы жинақталады, өңделеді және оған талдау жасалынады. Бірақ, осы аталған есеп түрлерінің әрқайсысының алдарына койған мақсаты мен есептеу әдістемелеріне қарай өздеріне тән ерекшеліктері болады. Төменде осы есептердің ерекшеліктерін жеке-жеке қарастырайық:
Оперативті жедел немесе оперативті-техникалық есеп. Оның негізгі мақсаты сол кәсіпорындардың, шаруашылықтардың, бірлестіктер мен ұйымдардың бөліктері мен цехтарында болған жұмыс көрсеткіштеріне, яғни өндірілген дайьн өнімдер мен оның сапасына; жартылай даярланған фабрикаттар мен тетіктердің дайындалуына, шикізаттар мен материалдың жұмсалуына; еңбек құралдарының қолданылуына және т.б. операциялардың жүргізілуіне күнделікті бақылау жасау үшін жүргізіледі. Оперативті жедел есеп арқылы алынған көрсеткіштер күнделікті орындалған шаруашылық операцияларының жұмыс бабын, олардың дұрыстығын қадағалап отыру және басшылық жасау үшін қолданады. Егер жүмыс барысында түрлі себептер мен кемшіліктер кездесетін болса онда оны түзету үшін арнайы шешімдер қабылдауға және оны жүзеге асыруға көмектеседі.
Оперативті есептің көрсеткіштері бастапқы құжаттар бойынша немесе телеграф, телефон арқылы жинақталады және онда бухгалтерлік есеп беру формасында анық көрсетілмейтін негізгі мәліметтер қамтылады. Сондықтан оны дер кезінде берілетінжедел есеп деп те атайды.
Бухгалтерлік есеп. Есептің бүл түрі барлық кәсіпорыңдарда, мекемелер мен ұйымдарда, шаруашылықтар мен бірлестіктерде, шағын жөне жеке кооперативтер мен ұжымдарда жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп арқылы әрбір кәсіпорындар, мекемелер және т.б. бойынша ақша қаржыларының қозғалысын, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, материалдық шығындар мен оның пайдалануын, еңбекақы мөлшерін, кіріс пен шығыс жене т. с. с. көрсеткіштердің нақты есебі жүргізіледі. Бұл есепте көрсетілетін көрсеткіштер ресми қүжаттарға сүйеніп жинақталады және оған экономикалық талдау жасалынып, қорытындыланады. Басқа есептермен салыстырғанда, оның ерекшелігі қүжаттылығында және ондағы көрсеткіштердің барлығы ақшалай өлшем бірлігіне айналдыру арқылы көрсетілетіндігіңде.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты жүйелі түрде бірыңғай ережелер мен әдістерді қолдана отырып, шаруашылық операциялары туралы мәліметтерді жинақтайды. Басқаруға қажет болатын көрсеткіштерді өз ішінде қолданады және сол арқылы белгілі бір шешімдер қабылдауға көмектеседі. Есептің бүл түрінің негізгі әдістері мыналар: бухгалтерлік баланс, тіркеу, бағалау, калькуляциялау. Ең бастысы, қүжаттылық принципін сақтай отырып, екі жақты жазу ережесіне сай жүргізілетіндігі.
Бухгалтерлік есепке әдістемелік жағынан көмек көрсетіп, басшылық ету жұмысы республика Қаржы министрлігіне жүктелген. Ол Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігімен келісе отырьш бухгалтерлік есеп айырысу шоттарын жөне олардың жоспарын, есеп беру формаларының типтік үлгісін, оларды жүргізу, толтыру әдістері туралы нұсқауларды бекітеді. Оның іс жүзінде қолданылуына бақылау жасап отырады.
Статистикалық есеп. Бұл есепте қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің барлық сандық көрсеткіштері мен сапалық жақтары есепке алынады, жинақталады, өздеріне тән белгілеріне қарай әр түрлі топқа бөлінеді жөне оған талдау жасалынады. Бұл есептің негізгі мақсаты халық шаруашылығы салаларын дұрыс басқарып, материалдық игіліктерді өндіру және бөлуге бақылау жасау үшін қажетті мәліметтерді жинақтап, өңдеп, дер кезінде Үкімет қарауына беріп отыру. Статистикалық есепте көрсетілетін көрсеткіштер бухгалтерлік жөне оперативтік жедел есептер арқылы тиісті қүжат бойынша жинақталады. Егер, бұл есептерде кейбір қажетті көрсеткіштер жоқ болса, онда оны жинау үшін арнайы статистикалық бақылау жүргізіледі.
Статистикальщ есептіц басқа есептермен салыстырғанда өзіне тән ерекшеліктері мен есептеу әдістері бар. Олар: мәліметтерді жинау, топтау, өңдеу, талдау жөне нақты, қатысты, орташа шамалармен бірге индекстік, графикалық, баланстық, корреляциялық әдістерді қолданатындығында.
Бухгалтерлік және оперативтік есептер әрбір кәсіпорындарда больш жатқан жеке фактіні тіркейді. Ал статистикалық есеп жалпы жиынтықтың қорытындысын шығарады. Сондықтан бұл қорытындылаушы есеп болып саналады және берілген көрсеткіштердің маңызына қарай түрлі (табиғи, ақшалай және еңбек) өлшем бірліктерімен өлшенеді. Сонымен бірге, қатысты шама ретінде коэффициентпен немесе процентпен көрсетіледі.
Бухгалтерлік, оперативтік және статистикалық есеп жүйелері бірімен-бірі тығыз байланыста болады және олардың арасында ешқандай да қайшылық болмайды. Осыған орай, бұл үш ecen жүйесі халық шаруашылық салаларын жан-жақты зерттейтін біртұтас есеп жуйесін, яғни халық шаруашылығы есебін құрайды.
Сонымен, есеп пен статистиканың біртұтастығын төменде берілген заңдылықтардан көруге болады:
барлық кәсіпорындарда жүргізілетін есеп жұмыстары мен оны толтыру әдістемелерінің бірегей болуы. Мысалы, барлық кәсіпорындарда өндірілген өнімнің көлемін есепке алу бір әдіспен, бір бағдарлама бойьшша жүргізілетіндігі. Егер, осы көрсеткіштерді әр түрлі тәсілдермен есептейтін болсақ, онда оларды бір-бірімен салыстыруға болмайды;
есептің бүл үш түрі әрқашанда бірін-бірі толықтырып отырады және олардың арасында алалық, қайшылық, параллелизм (жарыспалылық) жоқ, олардың арасында көрсетілген көрсеткіштер бірімен-бірі тығыз байланыста болады;
бастапқы eceп құжаттарының біркелкілігі және оның негізі ретінде барлық есептер үшін бастапқы құжаттар арқылы көрсеткіштер есепке алынады.
Демек, біртұтас есеп жүйелерінің жоғарыда көрсетілген зандылықтарын толығымен сақтаған кездерде ғана осеп жұмыстары дұрыс жүргізіледі.
5 сұрақ. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік статистика жүйесінің құрылымы төменде берілген 2.1-суретте бейнеленген:
Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігіне қарайтын облыстық, қалалық, аудандық статистика органдары өз жүмыстарын жергілікті атқарушы; органдармен үйлестіреді. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі жайында оларды дүркін-дүркін хабардар етіп отырады. Статистикалық есеп жұмыстарында жіберілген кемшіліктерді жоюға, оны болғызбауға бағытталған ұсыныстар беріп, дер кезінде көмек көрсетіп тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агеттігі және оған қарасты ұйымдарды қайтаұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
1-сурет. Қазак,стан Республикасының Ұлттық статистика жүйесінің құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996-жылғы 18-қаңтардағы қаулысы бойынша Казақстан Республикасының статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі болып оқылады) туралы Ереже бекітілген. Осы көрсетілген Ережеге сәйкес статистика органдары өз жүмыстарын ұйымдастырып және мұнда оның негізгі міндеттері мен атқаратын қызметтерін анықтайды. Төмендегі ережеде оның міндеттері, қызметтері және құқықтары берілген.
Ұлттық статистика агенттігінің міндеттері. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің негізгі міндеттері мыналар: статистикалық мәліметтерге сүйене отырып республикада болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдісін жан-жақты зерделеу, қорыту мен талдау; статистика саласындағы жалпы мәліметтік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасын егемен мемлекет ретінде сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің тұтастығы, объективтілігі мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
-
халықаралық ережелер мен стандарттарға сай статистикалық деректердің әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жузеге асыру;
мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын, қоғамға жүйелі түрде республикада болып жатқан әлеуметтік-экономикалык процестер мен қүбылыстар туралы мәліметтер, статистикалық ақпаратты тарату, халықаралық статистикалық ынтымақтастық орнықтыру және өзара статистикалық ақпарат
алмасып отыру.
Ұлттық статистика агенттігінің атқаратын қызметі. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі жоғарыда жүктелген міндеттерге сәйкес мына шараларды жүзеге асырады:
республикада қолданыльш жүрген статистиканың құқықтық негізін қамтамасыз ететін заңдар және нормативтік актілердің жаңа жобаларын жасайды және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкіметке ұсыныстар түсіреді;
Ұлттық статистика агенттігі бекітетін бағдарламалар мен статистикалық нысандар негізінде мемлекеттік есеп беру, бір жолғы есепке алу, елімізде санақ және ішінара бақылау түрінде жүргізілетін статистикалық бақылауды ұйымдастырып, өткізеді;
елдегі статистикалық қызметті үйлестіреді;
Статистика агенттігін жетіддіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шараларының орындалуын ұйымдастырады;
республиканың мүдделі министрліктерімен, мемлекеттік комитеттерімен әрі өзге де орталық және жергілікті аткарушы огандарымен келісімге сәйкес статистикалық және ұйымдастырушылық жұмыстарының регламенты әзірлейді жене оны жыл сайын Үкіметке бекітуге ұсынады;
бекітілген регламентке сәйкес статистикалық жөне экономикалық ақпаратты жинауды, қорытуды, оны тарату мен сақтауды, оны "Қазақстан Республикасының Статистика жене талдау жөніндегі мемлекеттік комитетін құрылымдық қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995-жылғы 12-маусымдағы № 813 қаулысының 9-тармағында көзделген шарттармен Президентке, Парламентке және Үкіметке, министрліктерге, мемлекеттік комитеттер мен өзге де орталық және жергілікті атқарупіы органдарға жөне басқа да заңды тұлғаларға, сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекеттердің статистикалық органдарына және халықаралық ұйымдарға түсіруді жүзеге асырады;
статистика жөніндегі халықаралық әдістемелік ұсыныстарды елдің жағдайына қарай бейімдейді, жаңаларын әзірлейді, оларды статистикалық қызметтің тәжірибесіне енгізеді;
көрсеткіштердің ен шағын құрамын белгілейді әрі мемлекеттік және ведомствалық статистикалық есептің нысандарын және оларды жасау мен мемлекеттік статистика органдарына түсіру тәртібі туралы тиісті нұсқаулар мен нұсқаулықтарды бекітеді;
-
ғылыми әдістеме жөне статистикалық бақылаудың прогрессивті әдістерін, компьютер техникасын, ақпарат тарату құралдары мен полиграфиялық жабдықтарды кеңінен қолдануга негізделген қазіргі ақпараттық технологияларды енгізу негізінде статистикалық ақпараттың ақиқаттылығын дұрыстығы мен тұтастығын қамтамасыз етеді;
белігіленген тәртіппен статистикалық жинақтарды, бюллетеньдерді, экономикалық шолуларды жоне басқа да статистикалық материалдарды бастырьш шығарады жөне таратады; қалың жұртшылық үшін басылымдарға жиынтықталған статистикалық ақпаратты әрдайым жариялап отырады;
министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлерімен статистика мәселелері жөніндегі семинарлар мен кеңестер өткізеді;
мемлекеттік статистика органдарының алдында есеп беретін кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелерді қажетті статистикалық құралдармен қамтамасыз етеді;
белгіленген тәртіппен мемлекеттік құпияның сақталуын, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
қазіргі мемлекеттік келісімдер шеңберінде халықаралық экономикалық және статистикалық органдарымен және шет елдердін статистикалық қызмет орындарымен ьнтымақтастықты жүзеге асырады;
статистикалық ақпарат жүйесінің дамуы мен өркендеуінің, оның еліміздің және халықаралық ұйымдардың ақпарат жүйелерімен өзара іс-қимылының аса манызды проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастырады;
есеп және статистика қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және кәсіби мамандарын арттыруды ұйымдастырады.
Ұлттық статистика агенттігінің құқығы. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген зандарына сәйкес, алдына қойылган міндеті мен жүктелген қызметіне қарай Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігінің мынадай құқы бар:
қаржы, банк, кеден, құқық қорғау және өзге де органдар мен қызмет орындарын қосқанда, меншік түрі мен ұйымдар құқықтық нысанына қарамастан, ел аумағында жұмыс істейтін заңды тұлгалар мен жеке кәсіпкерлерден, одан тысқары жерлерден жұмыс істейтін резиденттерден статистика агенттігі белгілеген көлемі мен мерзімінде дұрыс статистикалық деректер алуга;
халық арасында статистикалық бақылау жүргізуге және азаматтардан статистика мақсаты үшін қажетті деректерді алуға;
қажет болған жағдайда бастапқы және жиынтықты статистикалық деректердің дұрыс-бұрыстығын тексеруге кұқы бар. Олардың бұрмаланғаны анықталған жағдайда заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге міндетті түрде оны жою туралы нұсқаулар беруге, жиынтықты статистикалық деректерге тиісінше дәддіктер енгізуге;
шаруашылық шарттары бойынша бейімділік тақырьштама статистикалық, талдамалық, ақпараттық-есептеу және өзге жұмыстарды жүрізуге, сондай-ақ белгіленген тәртіппен статистикалық ақпараттың заңды және жеке тұлғаларга өткізілуін жүзеге асыруға;
мемлекеттік статистикалық бақылауларды жүргізуге белгіленген тәртіпен лауазымды адамдарды тартуға;
дәлелденген бұрмалаушылықты жойғанға дейін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген зандарына қайшы келетін мемлекеттік және ведомствалық статистика мәселелері жөніндегі ведомствалық актілердің қолданылуын тоқтата тұруға;
заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға;
республика министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ меншік түрі мен ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының зандарын орындауына бақылауды жүзеге асыруға;
мемлекеттік статистиканы жетілдіру және қызметін үйлестірудің неғүрлым маңызды проблемаларын шешу үшін олар бойынша ведомствоаралық ғылыми-әдістемелік кеңестер, сондай-ақ, мүдделі министрліктер мен өзге де орталық жәие жергілікті атқарушы органдары, басқа да ұйымдар мен мекемелері (халықаралықтарын қоса) өкілдерінің қатысуымен уақытша жұмыс топтарын құруға;
өз құзыреті шегінде республиканың министрліктеріне, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарына, ел аумағындағы кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға және шет жерде қызмет ететін резиденттерге, олардың меншік түрі мен ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан. мемлекеттік статистикалық есеп берудегі бұрмалаушылықты жою туралы олардың орындауы үшін міндетті тұжырымдама беруге;
белгіленген тәртіппен статистика мөселелері жөнінде республиканың барлық министрліктерінің мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті қаулылар, нұсқаулықтар мен нұсқаулар шығаруға қуқығы бар.
|
|
|