Навигация по странице:
|
Саяси режимдер. Саяси режимдер I. Кіріспе. Саяси режим. Саяси режим трлері. II. Негізгі блім
Саяси режимдер
I.Кіріспе.
1.Саяси режим. Саяси режим түрлері.
II.Негізгі бөлім.
1. Саяси режим ұғымы, типтері.
2. Антидемократиялық саяси режим ұғымы, оның түрлері.
3. Демократиялық саяси режим.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудың түрі, формасы, әдістері, оның салаларын ұйымдастыру қағидалары.
Саяси режимдердiң түрлерi
Саяси режим - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым. Отандық және шетелдік құқықтық және саяси әдебиетерде саяси режим түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Олардың қатарына саяси режимді Қазақстанда зерттеген заңгерлер С.Н. Сәбікенов, С.Зиманов, Сапарғалиев, А.С. Ибраева, С. Табанов, Г.Сапаргалиев, Баймаханов М.Т., Д.А.Булгакова. Ал шет елдік ғалым заңгерлер А.В.Малько, М.Н.Марченко, Б.А. Страшун, С.С.Алексеев, В.Н.Хропанюк және саясаткерлер американдық ғалым Д.Истонды, американдық саясаттанушы Г.Алмондты, Т.Парсонстың теориясын, К.Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясатанушылар М.Г.Анохинның, Ф.М.Бурлацкийдің, Р.А.Матреевтың және басқалардың теорияларын жатқызуға болады
Саяси режим
ұғымы, типтері
|
Саясаттанудағы негізгі, әрі күрделі мәселелердің бірі – саяси билікті жүргізу түрі мәселесі. Бұл саяси режимге тікелей байланысты. Саяси режим – елде саяси өмірді анықтайтын мінез құлық, саяси бостандықты көрсету деңгейі және билік органдарының құқықтық қызметіне деген қатынастың қоғамдағы саяси өмір сүру тәсілі. Жалпы режим терминін екі мағынада қолдануға болады. Бірінші, саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси жүйесіне таратады, ал оның екінші жағынан саяси режимді тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси режимді мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану деп көрсетуге болады.
Саяси режимнің мынадай түрлері болады: деспотиялық, аристократиялық, шектелген демократиялық, теократиялық, әскери-полицейлік, формальды-демократиялық, либералды-демократиялық, патерналистік, бонапаристік, авторитарлық, тоталитарлық, фашистік, нәсілшілдік, отарлық, социалистік, пролетарлық және басқа түрлері. Саяси режимдердің негізгі бөлінуі: демокра-тиялық және антидемократиялық режимдер.
Саяси режимның әрекеттерінің кепілдектері:
Азаматтық қоғам негізінде мемлекеттік органдар мен аппарат қызметтерін қадағалау жүйесі
билік байланыс бар жеңілдектерді жүйесін жою
азаматтарды уақылы саяси ақпаратпен қамтамасыз ету
билік өкілдерінің органдарда қызметте болу мерзімін шектеу
депутаттармен шенеуніктердің ауысым процедурасының жеңілдетілуі
азаматтардың теңдіктеріне кепілдектер берілу, әр адамның билікті сынау құқығын мойындау.
Антидемократиялық саяси режим ұғымы, оның түрлері
|
Антидемократиялық саяси режимдердің көпшілігі бір-біріне ұқсас келеді. Оған халық басқару процесіне қатыспайтын және оның еркімен санаспайтын режим түрлері жатады. Антидемократиялық саяси режимдерді тоталитарлық деп топтауға болады.
Тоталитарлық саяси режим қоғамдық өмірді ұзақ уақыт сақтап тұруға қабілетсіз. Сондықтан олардың күйреуі өз табиғатынан туындайды. Оның белгілері:
1. Партия монополиясының өмір сүруі;
2. Партияның өзінің демократиялық емес жолмен құрылуы;
3. Идеологияның үстем болуы. Оны саяси басшы анықтап отырады; 4.Тоталитаризм қоғам өміріне араласуда монополиялық бақылау негізінде құрылады;
5. Террористік полицияның бақылауы;
6. Адамдар саяси процестен толық аластатылады;
7. Билік барлық деңгейде бір орталыққа, жеке адамның немесе топтың қолына жиналады;
8. Халық арасында бір түрлі ой және бір ауыздан бақылау басым болып келеді, қарсы пікірге жол берілмейді;
9. Билік және билеуші аппарат барлық деңгейде жасырын түрде бюрократиялық номенклатурамен анықталып, сайланып отырады;
10. Демократиялық құқықтар мен бостандықтарға жол берілмейді.
Тоталитарлық саяси режимдерді төмендегідей түрлерге бөлуге болады:
1. Фашистік режим алғаш 1922 жылы Италияда құрылған. Оның басында тұрған Б.Муссолини қоғамды радикалды түрде түбірінен өзгертуге емес, керісінше Рим империясының рухын, ұлтты қайта жаңғырту үшін мықты мемлекеттік билікті орнатуға ұмтылды. Фашистік иделогия халық рухын тазартуға немесе ұлттық ділді қалыптастыру арқылы ұлттық біртектілікті қамтамасыз етуді көздеді. Фашизм мемлекеттік партияға негізделіп, мемлекет-тің бәрінен биік тұру идеясын басшылыққа алды.
2. Әскери-фашистік режим. Бұл режимге мысалға Испаниядағы генерал Б.Франко режимін жатқызуға болады (1936 ж.). Әскери-фашистік режим әдетте әскерге сүйенеді. Әскер мемлекетте шешуші, айқындаушы рөл атқа-рып, фашистік иделогияны насихаттайды, либералдық және демократиялық идеологияларға тыйым салады.
3. Ұлттық социализм. 1933 жылы Германияда орнаған режим. Бұған тоталитарлық режимнің барлық қасиеттері тән. Мысалы, бір партияның идеологиясының үстемдігі, харизмалық көсем, халық өміріне араласу, оларға бақылау қою, тыңшылық, репрессия, сыртқы жауларды іздеу т.б.
4. Әскери-бюрократиялық коммунистік режим. Оның белгілері – хориз-малық көсем арқылы басқарылатын коммунистік партия, бірыңғай коммунис-тік иделогия үстемдігі, БАҚ мемлекеттік монополия, қоғамды жаппай милитаризациялау, террор жүйесі, экономиканы орталықтан басқару болып табылады. Мысалы: Сталин тұсындағы КСРО, Қытайдағы Мао Цзедун билігі.
5. Тирания. Оның басты ерекшелігі шексіз тиран билігінің үстемдігі. Ол әдетте репрессия жасау органдарының (құпия полиция, ұлттық гвардия, әскер, арнайы террорлық ұйым) билігіне сүйенеді және үкімет басшысы немесе көсем халықтың қорғаны деген идеология қалыптастырады. Ол «халық атасы» образына ие болады. Мысалы: Уганадағы – Амин, Орталық Африка Республи-касындағы – Бокасса, Парагвайдағы – Стреснер, Гаити Республикасындағы – Дювалье режимдері.
6. Ұлтшылдық тұжырымдама – апертидтік режим ұлттык және нәсілдік басымдылық идеологиясына, басқа ұлттарды экономикалық тәуелсіздікте ұстауға, террорға сүйенеді.
7. Теократиялық режим – бұл тұжырымдама негізінен діни догмаларға негізделеді. Теократиялық режимге Ирандағы Хомейни режимі мысал бола алады. Оның белгілері біртұтас бұқаралық ислам партиясы, ресми иделогия, БАҚ мемлекеттік монополия, әскери құралдардың және әскери қимылдардың барлық түріне қожалық етуі, халықты жаншуда террорлық тәсілдер басым, экономиканы орталықтан басқару болып табылады.
8. Авторитарлық режим өзінің ерекшеліктеріне байланысты тоталитар-лық режимге де, демократиялық режимдермен салыстырғанда аралық сипатта болады. Онда тоталитарлық режимге де, демократиялық режимдерге тән белгілер болады. Авторитарлық билік қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, сыртқы күштерден қорғау және сыртқы саясат мәселелермен айналысады. Сонымен қатар ол экономикалық даму стратегия-сына ықпал жасап, әлеуметтік саясатты қызу жүргізуі мүмкін. Бірақ, мұнда нарық заңдары бұзылмайды. Саяси элита сақталады және ол тағайындалады. Қорыта айтқанда, авторитарлық режим тарихта кең орын алған биліктің түрі. Олар бірнеше түрлі болып келеді. Мысалы: монархия, деспотизм, диктатура, әскери хунталық, популистік т.б.
Демократиялық саяси режим
|
Демократия деген сөз гректің «демос» – халық және «кратос» – билік деген сөздерінен тұрады, яғни «халық билігі» деген мағынаны білдіреді. Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1) мемлекеттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі;
2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау қағидаларына негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі;
3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар. Демократияның көпшілік таныған біртұтас анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әртүрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады:
1.Халық – заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы. Ол мемлекет-те ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екенді-гіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Біршама мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А.Линкольн демократияға «халық үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызды.
2. Заң алдындағы теңдік. Әділеттілік.
3. Жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен, жоғарғы заң органы сайланбалы болуы тиіс.
Бұл халықтың құқықтарына кепілдік берген, демократиялық даму жолы өте ұзақ, сондықтан демократиялық режимдері күшті дамыған мемлекеттер бар (Англия, Бельгия, Исландия) демократия әдістері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттер (Қазақстан, Оңтүстік Корея), демократия формальдық түрінде енгізілген (КСРО, ГДР) елдер де бар.
1991 жылы Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жариялап, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет құрды. Қазақстан Республикасының Конституциясымен адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіл-ген, олар заңмен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген.
Соңында осы жұмысты жасауға болады мынадай қысқаша қорытындылар:
1. Саяси режим тәсілі болып табылады, ол қоғамның саяси жүйесінің жұмыс істеуін айқындайтын сипаты саяси өмір мемлекетте.
2. Сипаты саяси режиміне байланысты нақты жұмыс істеуін құрылымдардың саяси жүйесін (мемлекет, партиялар, қоғамдық ұйымдар) дәрежесі , жариялылық билік органдарының жұмысы, олардың ашықтығы үшін бақылау және ықпал ету жағынан қоғамдық пікірді, іріктеу рәсімдерін басқарушы топтардың, ұсыну және іріктеу басшыларының, заңдылықтың жай-күйін және шынайы күш, оны қоғамда.
3. Ажыратады тоталитарлық, авторитарные, ырықтандырылған және демократиялық режимдер.
4. Жалпы айрықша белгілері тоталитаризм болып табылады ұмтылу жан-жақты ұйымшылдық қоғамның және толық бақылау тұлға.
5. Тоталитаризм білдіреді ерекше талпыныс рұқсат обострившегося барысында қоғамдық дамудың нақты арасындағы қарама-қайшылықтар күрделенуімен әлеуметтік ұйымдар және жеке еркіндік.
6.Өктемшіл режимі өзінің сапалық белгілері бойынша көп жағдайда ұқсас сәйкес тоталитарным режимі.
Сол уақытта авторитарное мемлекет өзгешелік мұндай недемократические белгілері:
— инвестициялар билік (диктатура) бір адамның (көсем, монархтың, әскери қызметкердің, президент) немесе тұлғалар тобының (әскери хунты;
-болдырмау (немесе қатаң шектеу және бақылау) саяси оппозиция;
-қатаң бақылау саяси сала қоғамның (госбезопасность, қорғау белгіленген тәртібін, сыртқы саясат, қорғаныс);
-сүйену күші мен мәжбүрлеу повиновению билік (әскерге және басқа да «күш-қуат» құрылымдар);
— иә, азаматтардың нақты әсер ету қуатын шектеу, олардың құқықтары мен бостандықтары.
Әдебиеттер:
1. Дмитриев А.В. Конфликтология. М., 2000
2. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері.А., 2000
3.Политология: Учебник/Под ред Т.Т.Мустафина. А., 1993
4. Казахстан политическая энциклопедия. А., 1998
5. Гобозов И.А. Философия политики. М.,1998
|
|
|