Навигация по странице:
|
1тапсырма КТП ИТ. Сырымалы жолдарды йымдастыру тегтері мтіндерді здіксіз жылжып отыратын сырымалы жол
Сырғымалы жолдарды ұйымдастыру
тегтері мәтіндерді үздіксіз жылжып отыратын «сырғымалы жол» түрінде экранға шығарады. Бұл тегтің ашылу кезінде тізбектеліп жазылатын бірнеше атрибуттері (немесе параметрлері) бар, олар сырғымалы жолдың жылжу жылдамдығын, бағытын, әріптері түсін, т.б. өзгертеді. Параметрлерді өзгертпеуге, яғни жазбауға дав болады, онда олардың алдын ала келісім бойынша бұрын орнатылған мәндері іске қосылады.
Енді жиі өзгертілетін параметрлерді және олардың мүмкін мәндерін қарастырайық.
BEHAVIOR – мәтіннің бір бағытNа (SCROLL), қос бағытта да (ALTERNATE) жылжуын, немесе жылжымай тоқтап тұруын (SLIDE) қамтамасыз етеді. Оның мүмкін мәндері: SCROLL, ALTERNATE, SLIDE.
BGCOLOR – «сырғымалы жолдың» фон түсін анықтайды, он алтылық RGB форматында немесе ағылшынша белгілі бір түс аты беріледі. Мысалы,
BGCOLOR=”GREEN”
DIRECTION – жолдың сырғу бағытын анықтайды, оның мүмкін мәндері: LEFT (солға) және RIGHT (оңға), келісім бойынша LEFT мәні іске қосылады.
HEIGHT – «сырғымалы жолдың» биіктігін пиксель (нүктелер) арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады.
WIDTH – экрандағы «сырғымалы жолдың» енін пиксель арқылы көрсететін бүтін сан, оны пайыхбен де (%) көрсетуге болады. Алдын ала келісім бойынша 100% болып саналады. HTML-тізімін қолдану. Тізімдер. Тізімдер анықтамасы.
Тізімдердің (lіsts) НТМL тіліне енгізілуінің басты себебі – мәтіндік редакторлардың тізімдермен жұмыс істеу мүмкіндіктерінің мол болуы әсерінен деп айтуға болады. Тізім құрғанда оның жолдарын нөмірлеу немесе белгілеуді біртіндеп орындау қажет етілмей, бұл жұмысты программа өз міндетіне алады. Егер тізім жаңа жолмен толықтырылатын немесе оның бірі қысқартылатын болса, онда нөмірлеу реттілігі де автоматты түрде түзетіледі. Тізім нөмірленбей, тек белгіленетін кездерде әрбір жол алдына маркерлеу белгілері: сызықшалар, дөңгелекшелер, тіктөртбұрыштылар, ромбылар және де басқа да таңбалар қойылады. Осының нәтижесінде тізім оқуға ыңғайлы түрдегі «фирмалық» сипатқа ие болады.
Тізім жасау үшін қолданылатын тэгтерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады: олардың біріншісі – тізімнің жалпы көрінісін анықтайтын атрибуттық сыртқы белгілер, ал екіншісі – оның құрылымын қалыптастыратын ішкі белгілер. Соңғы ішкі белгілер үшін тек бір ғана ашылу тэгі қолданылады.
Нөмірленген тізімдер
Нөмірленген тізімдер алдына нөмір қойылады. <�ОL> және </ОL> сыртқы тэгтерінің арасында орналасқан мәтін жолдары белгіленген тізім ретінде қабылданады. Мұнда әрбір белгіленетін мәтін жолын ішкі тэгімен бастап отыру керек.
- Иван;
- Данила;
- Игорь
|
Тізім мына түрде көрсетіледі:
Иван;
Данила;
Игорь
|
3 жаттығу. Сырғымалы жолдарды ұйымдастыруда тегтер мен параметрлерді пайдалану.
Cырғымалы жолдар мысалдары
|
|
|