Главная страница
Навигация по странице:

599_психология. Бейсенбекова Глмира Бекінызы



Скачать 0.56 Mb.
Название Бейсенбекова Глмира Бекінызы
Анкор 599_психология.doc
Дата 12.04.2017
Размер 0.56 Mb.
Формат файла doc
Имя файла 599_психология.doc
Тип Документы
#196
страница 4 из 8
1   2   3   4   5   6   7   8

Бөлім 2. Жас кезеңдеріне психологиялық сипаттама.

Тақырып 4. Нәрестелік шақтағы баланың психикалық дамуы.

Жаңа туған кезең. Баланың дүниеге келуі – күрт өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадағы тіршіліктен (ана организмдегі) ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын сан алуан тітіркендіргіштерге толы, ауалы ортадағы мүлдем жағдайға, яғни бұрынғы дәрменсіз тірі жан дәрежесінен ақыл – есті адам болып өсетің дүниеге шығады. Жаңа туған бала (туған сәттен 1-2 айға дейін).Өмірге бала шыр етіп келетіні белгілі. Бірақта, баланың дүниеге келуіндегі шыр етіп қалуын әр түрлі пікірлермен ғалымдар түсіндіргісі келеді. Мәселен З.Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептеді. Фрейд бойынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл қақтығыстың психикалық өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдыратын пессимистік тұрғыда суреттейді.

Фрейдтің бұл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздес толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеді. Бұл Ж.Пиаженің алғашқы еңбектеріне әсер етті. Фрейд пен Пиаженнің аталаған қағидалары өткір сынға алынды. Француздың прогерсшіл зерттеушісі А.Валлон шарылдап жылауы бірдемені алдын ала сезу немесе соған байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ бос қиял деп есептеді. Ал. кеңес психологтарының тарапынан Л.С.Выготский сынға алды. Ол нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын көрсетеді.

Әрине, баланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен механизмдер қамтамасыз етеді. Оларда әлі де болса жетекші іс-әрекеттер жоқ. Шартсыз рефлекстер баланың дамуындағы алғы шарты. Оның түрлері:

- қорғаныс рефлекстері – олар тітіркендіргіштен қашықтауға немесе оның әрекетін шектеуге бағытталған. (көзін жыпылдату, түшкіру, жөтелу).

- бағдарлау рефлексі – басқа тітіркендіргіштерге жанасу реакциясынан көреміз. (қатты тітіркендіргішке басын бұру).

- тамақтану рефлексі бала тітіркендіргіш жаққа басын бұрып, ауызын ашады. (ему, сору, жұту).

- қимыл – қозғалыс рефлексі – баланың алақанына бірдеңе тиіп кетсе жармасу реакциясын тудырады. (жармасу, жүзу, еңбектеу).

Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын мен ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірбиені игерудің, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады.

Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты – анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе ( тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды.

Жаңа туған баланың дамуының айырықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Әрине, туа біткен реакциялардың көпшілігі сәбидің өмір сүруі үшін керек. Шартты рефлекс баланың 10 айлық кезінде пайда болады, яғни тамақтану үстінде.

Дүниеге келу оның бойындағы органикалық қажеттікті оттекке, тағамға, жылылыққа қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған мінез-құлықтың туа біткен, инстинкті формаларын таза күйінде бақылауға болатын адам өміріндегі бірден бір кезең болып табылады. Бұл органикалық қажеттіктер, дегенмен, психикалық дамудың негізі бола алмайды- олар тек қана баланың өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Бала бойындағы шартсыз рефлекстер мінез-құлықтың адамдық формаларының пайда болуын қамтамасыз ете алмайды. Оның хайуанаттар ролінен өзгешілігі осында. Ал, хайуанаттар төліндегі шартсыз рефлекстердің күрделі жиынтығы қорғаныш, жемтік аулау, аналық, қалыпты өмір сүруге қажетті тағы басқа реакциялар қалыптасқан малдың не аңның өсіп шығуына мүмкіндік береді.

Зерттеулер көрсеткендей, баланың туа біткен аздаған реакцияларының жиынтығында сыртқы тітіркендіргіштерге көптеген рефлекстер бар, олардың негізінде ештеңе дамымайды. Бұл – баланың хайуанаттардың арғы атасынан тұқым қуалайтын атавизимдік рефлекстер. Жоғарыда аталған туа біткен рефлекстердің ішінде жармасу рефлексі мен еңбектеу рефлексі осыған жатады. Бұл рефлекстерге тән қозғалыс түрлері бара – бара жойылады. Жармасу рефлексі жұдырық түйген кезде алақанның тітіркенуінен пайда болады. Баланың психикалық дамуына сыртқы дүниемен өзара әсер теу қабілетін дамытуға қажетті қозғалыстарды жармасу қимылдары негізінде емес, саусақтардың тітіркенуінен пайда болатын қармау негізінде басталады. Жармасу рефлексі бала қарамауға үйренуден бұрын жойылады. Табанмен тіреп еңбектеу рефлексі де кеңістікте өздігінен қозғалуды дамытудың негізі болып есептелмейді. Зерттеулер нағыз еңбектеу аяқпен итеруден емес, қолдың қозғалысыныан басталатынын көрсетті: бала көңілі ауған нәрсеге ұмтылады, қолын «кезек қозғап», алға жылжиды.

Қармау мен еңбектеу туған күннен бастап емес, одан едәуір кейін, үлкендердің осы қимылдары үйретуімен, жаттықтырумен қалыптасады.

Сонымен, бала хайуанаттар төліне қарағанда, әлдеқайда туа біткен мінез-құлық формаларымен аз қаруланған. Балада адамға тән мінез-құлық формалары әлі де қалыптаспауы тиіс.

Танымдық өрісініңң дамуы. Туғаннан көру және есту анализаторлары әлі де болса аяқталмаған, ол белсенді түрде қалыптасады. 2-3 апта да қабілеті көрінсе, ал 3-4 апта да көру тұрақтылыққа ие болады.

Эмоционалдық өрісінің дамуы . Жандану комплексі. Жаңа туған нәресте өмірге алғашқы қадамын шыңғырып жылаудан бастайды, бұл ілкіде шартсыз рефлекторлы сипатта болады. Алғашқы айқай-дауыс саңылауының тарылуының нәтижесі. Тарылу алғашқы тыныс рефлекстерін шығарады. Кейбір ғалымдар бірінші айқайды ұнамсыз сезімнің (эмоция) алғашқы көрінісі деп еспептейді: тарылу тыныстың қысылуын туғызады. Осы жағдайда,шынында да бұлшық ет реакциясы мен эмоциялық көзқарасты ажырату мүмкін емес, өйткені жаңа туған нәрестенің өмірілік тәжірбиесі әлі жоқ. Алайда сәби жылу, ұйқы, тамақтану қажеттілігіне байланысты ұнамсыз түйсіктерге алғашқы күнен бастап-ақ шыңғырып жылаумен жауап береді деп сендіруге әбден болады. Баланың жылауы оның қарны ашуымен, жаялығының сулануымен т.б. негізделеді. Дұрыс тәрбие жағдайында нәрестенің құлақ тұндырарық «іңгәсі»қарсылық сезімін күштірек білдіретін жылауға ауысады. Жылау әр түрлі қиналудың, дененің ауруы ма немесе жан қайғысы ма (әрине кейінірек) табиғи белгісіне айналады.

Ұнамды көңіл күйді білдіретін жымиып күлу жылаудан кейін пайда болады. Әрине, жағымды сезімінің пайда болуы үшін тек органикалық қажеттіліктің ғана қанағаттандырылуы жеткіліксіз. Ол жағымсыз сезімді ғана жойып, бала қуанышты әсерге бөленетіндей жағдай жасайды. Бірақ мұндай қуаныш әлдебір әсер алудан, әсіресе үлкендерге байланысты әсерленуден шығады.

3-7 апта аралығында, яғни 5 апта шамасында балада «жандану комплексі» ерекше әсерленгіш қозғаушы реакция пайда болады. Жандану комплексі – баланың өзіне қарап еңкейген адамға көз тоқтатуы, оған жымиып күлімсіреуі қолдары мен аяқтарын қозғап, жай дыбыстар шығаруы. Үлкендермен қарым-қатынас жасау кезінде туған бұл көріністер – баланың алғашқы әлеуметтік қажеттілігі. Осы сапа баланың психикалық дамуының ең бірінші белгісі болып табылады.

Нәрестелік кезең (2 айдан – 1 жасқа дейін).

Баланың негізі дене дамуындағы жетістіктері.

- жармасуы және манипуляция. Жармасу – бұл затты ұстау және ұстап алу, манипуляция - бұл затпен тиімді қатынас орнатады. Жармасу мен манипуляцияның ролі – бұл қолдың жаңа іс-әрекетке бейімделуін қамтамасыз етеді. Яғни – заттық-құралдарға. Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т.б. қарапайым қимылдар дамиды. 3-4 айлық кезде жармасу қимылдары дамиды. 1 жас соңында бала заттармен түрлі қимылдар жасай алады. (жерге қою, жатқызу, өткізу т.б.)

- еңбек ету - бұл баланың бірінші өзіндік қимыл қозғалысы; онын ролі – жаңа әсерлермен қамтамасыз ету.

Әлеуметтік жағдайының дамуы. Бала үлкендерге туғанынан тәуелді. Өйткені органикалық қажетсінуін және де жаңа әсерлерге деген қажетсінуін үлкендер қанағаттандырады. Сонымен үлкендер сәбилердің табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады: тамақтандырады, шомылдырады, бір жағынан екінші жағына аударады. Үлкендер балалардың әр түрлі әсерленгіш қажеттілігін де қанағатаныдарыды: оны қолға алғанда сәби біраз көңілденіп қалады. Далаға шыққанда үлкендердің көмегімен бала көптеген заттарды байқайды, олардың қозғалнын көруге , қолын тигізуге, содан кейін ұстауға мүмкіндігі болады. Негізі есту және сезіну әсерлерін үлкендерден алады. Нәрестенің үлкендерге тәуелділігі баланың болмысқа ( өзіне) қарым-қатынасы әрқашан басқа адаммен қарым- қатынас жасау призмасы арқылы өтеді. Басқаша айтқанда, баланың болмысқа қарым-қатынасы әуелден бастап әлеуметтік , қоғамдық бойынша қарым-қатынас болады.

Нәрестенің жетістіктері – қарым – қатынасты қажетсінуі.

Жетекші іс-әрекеті – эмоционалдық қарым-қатынас. Жанама түрде эмоциямен, ым-ишара мен, вербальді емес жолмен беріледі. Әрине, эмоциялық қарым-қатынас баланың көңіл күйінің жақсы болуына мықты әсер етеді. Егер бала қырсықтанып, ойнағысы келмесе,сол кезде қасына үлкен кісі жақындаса –ақ болды, оның көңілі көтерліп, ашуы басылады да өзінен-өзі тағы да жалғыз қалып, жаңа ғана жаратпай тастаған ойыншығымен қайтадан ойнай бастайды. Туғанына төрт –бес ай болғанда үлкендерді таңдап қарайтын болады. Сәби өз үйінің адамдарын басқалардан ажырата бастайды, таныстарына қуанып, бөтен адамнан қорқатын болады.

Баланың дамуында зор маңызы бар эмоционалдық қарым –қатынас қажеттілігі әрине, жағымсыз қылықтар жасауға да әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер үлкен адам үнемі баланың қасында болуға ұмтылса, онда бала осыған үйреніп кетеді де, үнемі оған назар аударуды талап етеді, егер бір минуттай –ақ жалғыз қалса, ойыншықтарға көңіл аудармай жылайды.

Дұрыс тәрбие әдістері үсітінде, нәрестелік шаққа тән тікелей қарым-қатынас (қайткенде де қарым-қатынас жасау керек болғандықтан), кешікпей белгілі бір затпен , ойыншықпен жасалатын қатынасқа ауысады да үлкен кісі баланың бірлескен іс-әркетіне айналады. Үлкендер баланы әлдебір заттық дүниеге ендіреді, оның назарын заттарға аударып, олармен не істеуге болатынын сан алуан әдістермен көрнекі көрсетіп, балалардың қимылын бағыттай отырып, оған қимылды орындауға жиі тікелей көмектеседі. Үлкендермен қарым-қатынастағы қажеттіліктің ариуы кейде қарама-қарсылыққа д әкеліп соғады. Бұл қайшылық сәби сөзге түсініп, өзі де сөйлей білген кезде ғана шешіледі.

Танымдық өрісінің дамуы. Белсенді түрде көру және есту түсініктері қалыптасады. (3- айдан 4 айға дейін). 9-10 ай балалар көз алдынан көрінбей кеткен заттарды іздей бастайтын болады, демек ол заттардың жоғалмағанын, тек басқа бір жерде тұрғанын түсінеді. Шамамен осы мерзімде затты тани бсатайды. 11 ай шамасында көріп қабылдау туады. Есі ырықсыз. Оның түрлері: эмоциональді, қимыл-қозғалыс есі. 1 жасқа толғанда бала заттың қасиеттеріне зейін аударады. Зейіні ырықсыз 1 жастың соңына орай көрнекі- әрекеттік ойлауы көріне бастайды.

Тілі пассивті түрде. 7-8 айда сөзді түсіне бастайды. 1 жасқа жуық шамасында пассивті сөздік қоры 50 сөз. 8 айда сөйлей бастайды. 7-9 айда бөбек сөздің ырғағын байқау дәрежесіне жетеді. 9-10 айда ма-ма, па-па, нә-нә, 12 айда апа, ата, су т.б. 1 жаста сөздік қоры – 2-15 сөз.

Эмоционалдық өрісінің дамуы. 1 жастағы дағдарыс. Баланың жанама – эмоциональді қарым-қатынасынан жаңа жетекші іс-әрекетке, заттық – құралға өту болып табылады. Эмоциялық көңіл күй баланың жалпы белсенділігін арттырады. Дүниеге келген алғашқы жылдың екінші жартысында дұрыс дамып келе жатқан дену сау бала былдырлап сөйлегіш келеді. Түрлі буынды дыбыстар шығарып, оны ұзақ уақыт қайталайды,үлкендер айтқан буындарды қайтьалап айтуға тырысады.

Былдырлау арқылы сәби қарым–қатынас жасауға әзірлігін білдіреді.

Былдыр сөз – негізінен жеке буындардан тұратын айланыссыз, түсініксіз сөйлеу. Бұл бала дамуының алғашқы кезеңі болып табылады.

Әдетте бұрынғы боп кеткен дамуымен қазіргі даму жетістігі сай келмейекі арада қайшылық болад. Осындай қайшылықты даму дағдарысы дейді. Оның мазмұны өте қарапайым және тез өтеді. Мұндай дағдарыстар ауыспалы кезеңде тез игеріледі. Сонымен бірге, мұндай ерекшеліктер ерекше аталып көрсетілмейді. Кейбір балалар еңбектемей тез жүріп кетеді. Бұндай балаларды терең зерттеу жұмысын жүргізгеннен кейін баланың кешеуілдеп жүруіне әсері болатыны жасырын кезде басталып, пайда болатынын көреміз. Бала жүре бастаған кезде, мұндай кезең жойылады. Осының өзі баланың жүруінің толық кемеліне келмегендігін көрсетеді. Баланың жүре бастауының өзі жас дағдарсының ең бірінші кезеңі. Екінші кезеңі – баланың сөйлеуіне байланысты.бұл бір күнде басталып, жүзеге асатын процесс емес. Бұнда бала сөйлеуінің алғашқы кезеңі болады. Кезең 3 айға созылады. Үшінші кезең- аффект пен ерікке байланысты ( аффект – күшті, эмоциялық тебіреніс) мұны психологияда гипобуликалық реакция дейді. Баланың жас дағдарысына байланысты, бала өзге адамдардың іс-әрекетіне қаңағаттанбайды.Бала біліміне, даму, жетілуіне байланысты қайшылықтарға ұрынады. Бала өз мүмкіндігіне сеніп, өзін қызықтырыған іс-әрекетке ынтасы ауады. Үлкендермен басқаша қарым-қатынас жасауға тырысады. Бұдан қайшылықты дағдарыс болады. Балалр үлкендер талабына сай құлақ аспайды. Наразылық көрсетеді. Үлкендер осы ерекшеліктеріне қараай ауысады. Мүмкіндігіне қараай іс-әрекет үйренеді. Бұл дағдарыс баланың ерік реакциясына байланысты булығып, ашуланшақ, жер тепкілеп жылай басатйды яғни сол талабына наразылық білдіреді. Бірақ көгеріп ауызынан көбік ағып, қояншық ауру, белгісі білінбейді. Баланың даму бағыттындағы дамудың кері шегінген белгісі.

Баланың 1 жас кезіңдегі жас дағдарысының негізгі мазмұнын сипаттайтын осы 3 кезең болып саналады. Ең негізгісі баланың тілдік даму дағдарыстары. өйткені баланың тіл дамуы әр түрлі жағдайда өтеді. Ең біріншісі бала сөзді ойланып, байланыстыру теориясы негізінде меңгереді. Мысалы: атылған сөз бен оның мағынасның айналасында байланыс орналасады. Бала естіген сөзін заттың өзімен байланыстырып есіне түсіреді. Мысалы. Аф-аф (итті) мяу-яу(мысықты) т.б.

Тілдік дағдарысының дамудың ең негізгі ерекшелігі, баланың артикуляциялық дыбыс мүшелерінің қимыл- қозғалыстарының дұрыс дамуына байланысты. Сонымен бірге фонетикалық естудің дұрыс жетілуіне байланысты, баланың сөздік дыбыс формасы өзгереді. Әрине осы кездегі дағдарыстын тууы: баланың жағымсыз эмоциональды реакциясының болуына әкеледі 1 жас өмірінің соңында дағдарыстың болмауы, баланың қарым-қатынасының формасын өзгертеді. Бала психикалық процестері анықталмаған, дайын күйінде берілмейді. Бұл процестердің өзінің қалыптасуы заттық іс-әрекеттен тыс қалыптасуы мүмкін емес.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Нәрестелік шақтағы баланың психикалық дамуының ерекшеліктері.

2. Эмоционалдық қарым – қатынас нәрестелік шақтағы жетекші іс-әрекет ретінде.

3. Жандану комплексі нәрестелік шақтың негізгі жетістіктері ретінде.

4. Жаңа туған және нәрестелік кезеңдегі танымдық сферасының дамуы.

5. Нәрестелік шақтағы қимыл мен іс-әрекетті дамытудың ерекшеліктері қандай?

6. Эмоцианалдық өрісінің дамуы. 1 жастағы дағдарыстың тууы.


Тақырып 5. Ерте сәбилік шақтағы баланың психикалық дамуы.

Ерте балалық шақ (1 жастан 3 жасқа дейін). Онтогенездегі тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әртүрлі «қашықтықтан» өтеді. Баланың бойында алғашқы 3 жылда пайда болатын сапалық өзгерістердің елеулі екендігі соншалық,кейбір психологтар адамның тұған күнінен бастап кәмілеттік жасқа дейінгі аралықта дамудың орта мөлшері туралы ойлағанда, оны 3 жас деп есептеп жүр. 3 жаста бала өзін -өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен қарым –қатынас жасай алады.

Негізгі дене дамуының жетістіктері:

- заттық әрекет, бала нәрсені көрсету арқылы қабылдай алады.

- тік жүруі – баланың еркін де дербес қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызады.

Тік жүру. Нәрестелік кезеңнің аяғында бала тәй басып, алғашқы қадам жасайды. Тік қозғалу- қиын іс. Кішкене аяқтар үлкен қиыншылықпен аттайды. Жүріс қимылын басқаруға әлі үйренбеген, сондықтан бала үнемі тең басып тұра алмайды. Айналып өтуге тиіс отырғыш немесе табанының астында қалған кішкене нәрсе абалның жүрісін қиындатып, бір –екі аттағаннан кейін –ақ үлкендердің қолына немесе еденге құлап түседі. Сонымен алғашқы табысқа жеткен соң, бала өз денесін ұстай білгенге мәз боладыда, енді осы іс-әрекетін қайталап, өзін -өзі ұстау мерзімін көбейтіп, кедергілрден сүрінбей өтуге тырысады. Оның үстіне, еңбектеуді қойғаннан кейін, жүру қозғалудың, өзі қажет еткен затқа жақындаудың негізі құралына айналады.

Жүруге жаттығу арқылы үлкен орнықтылыққа қол жетеді. Баланың құлауы азайып, көздеген жеріне қарай неғұрлым сенімді түрде аяқ басатын болады, алайда қозғалыстың өзі әлі де ұзақ уақыт бір қалыпқа келмейді. Бала біртіндеп еркін қозғалатын болады. Жас жарымдағы бала қимыл үстінде жаттығады. Жәй жүгіріс және қарапайым жүріс енді оны қанағаттандырмайды. Балалар өз жүрісін өзі әдейі қиындатады: әр түрлі ұсақ нәрселерді баса- көктей жүреді, арқасын беріп жүреді, айналып дөңгеленеді, көзін жұмып алып жүреді. Әрине, аяғынан басып тік жүруге қабілеттіліктің арқаасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркін және өздігінен байланыс жасайтын кезеңге өтеді. Жүріп үйрену оның кеңістікте дұрыс бағдарлауын дамытад. Бұлшық еттерінің сезімталдығы заттың тұрған жерінің қашықтығын есептеудің өлшеміне айналады.

Демек жүру баланың тәуелсіздігін арттыра отырып, сонымен бірге заттармен , оның қасиеттерімен танысуын ұлғайтады, онымен іс-әрекет жасауға үйретеді.
1   2   3   4   5   6   7   8
написать администратору сайта