Главная страница
Навигация по странице:

хал.туризм даристер. Жоспар Турист жне туризм тсінігіне анытама беру



Скачать 446.5 Kb.
Название Жоспар Турист жне туризм тсінігіне анытама беру
Анкор хал.туризм даристер.doc
Дата 25.04.2017
Размер 446.5 Kb.
Формат файла doc
Имя файла хал.туризм даристер.doc
Тип Документы
#3171
страница 1 из 8
  1   2   3   4   5   6   7   8

1 дәріс - 2 сағат.

Тақырыбы: Пәнге кіріспе. Туризмнің пайда болуы.

Мақсаты: Туристік іс-әрекет және оның адам өміріндегі әлеуметтік функциялардың дамуы жалпы ішкі , халықаралық туризм түсініктері.

Жоспар:

«Турист» және «туризм» түсінігіне анықтама беру .

1.2. «Туризм тарихы» курсы

1.3. Туризм тарихы тусінігі

1.4. Туризмнің уақыттық кезеңге бөлінуі

Туризм тарихы дегеніміз – ежелден бастап қазіргі уақытқа дейінгі саяхаттарды (эккурсиларды, жорықтарды) зерттейтін ғылым. Зерттеу пәні туристік қозғалыстардың әлеуметтік құбылыс ретіндегі пайда болу, даму, қалыптасу заңдылықтары. Ол өз зерттеулерінде : полеография, археология, этнография т.б. қосымша тарихи пәндерге сүйенеді.

Қазіргі уақытта саяхат дегеніміз – адамдардың кеңістік пен уақыт арасында араласуы. Кеңестік уақытта ТМД-ның қазіргі елдерінің дамуы қоғамдық құралдардан қаржылардын әлеуметтік туризмнен көрінеді. Сонымен қатар тоериялық жоспарында туристік іс-әрекеттегі белгілі бір мотивацияны соған сәйкес туризмнің жаһандық әлеуметтік құбылыс ретіндегі қалыптасу тарихы зерттеледі. Туризм даму тарихының кезеңденуі В.Б.Сапунова бойынша 4 кезеңге бөлініп қарастырлады:

1 кезең. Ежелден бастап 19 ғасыр басына дейінгі кезең. Оны Сапунова туризмнің бастапқы тарихы деп атайды.

2 кезең. 19 ғасыр басынан бастап 20 ғасыр басына дейінгі кезең. Оны Сапунова элитарлық кезең деп атаған, яғни туристік қызмет өндірісі бойынша арнайы кәсіпорындардың пайда бола бастауы.

3 кезең. 20 ғасыр басымен 2-ші Дүниежүзілік соғысының басталуыны дейінгі кезең. Оны әлеуметтік туризмнің қалыптасуының басталуы деп көрсетіледі.

4 кезең. 1945 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезең. Бұл көпшілік туризмнің қазіргі кезеңі яғни туризм үшін тауарлармен қызметтер өндірісі бойынша салааралық кешені ретінде туристік индустриясының қалыптасуы.

Туризм тарихы – ежелден бастап қазіргі уақытқа дейінгі саяхаттарды (жорықтар мен экскурсиялар) зерттейтін ғылым.

Зерттеу пәні – туристік қозғалыстың әлеуметтік құбылыс ретіндегі пайда болу, даму, қалыптасу заңдылықтары. Ол өз зерттеулерінде археология, палеография, этнография т.б. қосымша тарихи пәндерге сүйенеді.

Туризм термині әртүрлі халықтар тілінде тек 19 ғасырда ғана айқындала бастады. Қазіргі уақытта саяхат дегеніміз — адамдардың кеңістік пен уақыт арасында араласуы. Кеңестік уақытта ТМД-ның қазіргі елдерінің дамуы қоғамдық құралдармен қаржыландырылған әлеуметтік туризмнен көрінеді. Сонымен қатар теориялық жоспарында туристік іс-әрекеттегі белгілі-бір мотивацияны соған сәйкес туризмнің жахандық әлеуметтік құбылыс ретіндегі қалыптасу тарихы зерттелді. Туризм даму тарихының кезеңденуі В.Б. Сапрунова бойынша мынадай белгілер тән. Техникалық экономикалық алғышарттар әлеуметтік алғышарттар және туризмнің даму кезеңіндегі мақсаттық функциялар

1.Ежелден бастап 19 ғасырдың басына дейінгі алғашқы туризм тарихы

2.19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың басы бұл элитарлық туризм кезеңі туристік қызметтер бойынша арнайы кәсіпорындардың пайда болуы.

3.20 ғасыр басы 2-ші дүниежүзілік соғыстың басына дейінгі уақыт бұл әеуметтік туризмнің басталуы

4.1945 жылыдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі туризмнің қазіргі кезеңі, туристік индустрияның қалыптасуы.

Туризм термині ежелгі және ортағасырлық халықтар пайдаланыла бастады. Ожегова сөздігінде “жол” сөзі кеңістіктегі сызық деп түсіндіріледі. Онда қозғалыс бағыты жүріп отырады. “Саяхат” сөзі басында жолмен жүру деп түсіндірілсе, одан кейін белгілі бір маршрут бойынша уақыт пен кеңістік арасындағы қозғалыс деп түсіндіріледі.

Усыкин ойынша туризм термині XVI-XVIIIғ. Англияда пайда болды. Саяхат адам қызметінің күрделі көп компонентті бөлігі, сондықтан да саяхатшы деген түсінік көпестердің, дінге сенушілердің, зерттеуші-ғалымдардың қызметі деп түсіндіріледі. Қазіргі туристер саяхаттарды жоспарлауда мотивтер мен мақсаттардың күрделі түрде таңдап, жетекшілікке алады. Адамның туризммен саяхатқа байланысты қызметі ішкі және сыртқы мотивтеріне байланысты маңызды адамдық қажеттіліктерге сәйкес келеді.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1.Туризм түрлері?

2. Халықаралық туризм маңызы?

3. Туризмнің шығармашылық маңызы?

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. Алматы-2002.

2. Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З. Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России и СССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. Истрия туризма. Развитие и научное изучение.Алматы-2003

5. Накатков Ю.С.История туризма Казакстана. Алматы-2001

6. Шаповал Г.Ю.История туризма. Минск-1999.

7. Соколова М.С, История туризма.Минск-2002

2 дәріс - 2 сағат.

Тақырыбы: Адамзат тарихы және ұйымдастырылған саяхаттардың әлеуметтік-экономикалық алғы шарттары.

Мақсаты: Адамзат тарихы және алғашқы ұйымдастырылған саяхаттардың әлеуметтік-экономикалық себептерін, даму факторлары себептеріне сипаттама беру.


2.1. Адам қоғамының тарихы және ұйымдасқан саяхаттардың тарихы .

2.2. Ұйымдасқан саяхаттардығ әлеуметтік-экономикалық себептері
2.3. Адамзаттың әртүрлі даму кезеңдеріндегі ұйымдасқан саяхаттардың дамуын жеделдеткен факторлар

Адам тарихының негізгі кезеңдері.

Палеолит – ежелгі тас ғасыры біздің эрамызға дейін 2,5 м – 12 мың жыл.

Мезолит – орта тас ғасыры б.э.д. 5-3 мың жылдық.

Неолит – жаңа тас ғасыры Қола дәуірі б.э.д. 17-9 ғасырды қамтиды.

Қола дәуірі – Адам цивилизациясының даму кезеңдері. Ежелгі әлем тарихы б.э.д. 4 мың жылдық 5 ғасыр. Орта ғасырлар тарихы 5-15 ғасыр, жаңа уақыт тарихы 1918 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезең.

Адамдардың жер шары бойынша саяхаттары бұдан 5-6 мың жыл бұрын басталды.

1. Б.э.д 2 мың жылдықта ең алғашқы еңбек бөлінісі – мал шаруашылығың егін шаруашылығынан бөлініп шықты.

2. Адам еңбегінің 2-ші қоғамдық бөлінісі 1 және 2 еңбек бөлінісі малшылармен диқаншылардың өнім айырбасының туындауына себеп болды.

3. Адамның еңбек бөлінісінің физикалық еңбектен бөлініп шығуы.

4. Ұйымдасқан саяхаттардың алғашқы әлеуметтік экономикалық себептері.

Саяхаттарды ұйымдастырудың негізгі факторлары:

- мал шаруашылығының дамуымен, мініс құралы атты пайдалана бастады.

- Ер адамның қоғамдағы орны басты бола бастады да олар саяхат үшін отбасынан сыртқа шыға бастады.

Өндірістік еңбеке көшкеннен кейін адамдар қажеттілікке байланысты саяхаттарды жоспарлай бастады және саяхаттар үшін материалдық құралдар тамақтану өнімдері, еңбек құралдары, транспорт құралдарын жасап пайдалана бастады.

Әлемнің әр түрлі елдерінде ұйымдастырылған саяхаттардың даму факторлары.

1. Ежелгі әлем (Египет, Вавилон, Рим, Қытай, Индия, Греция, ).

Ежелгі Египет халықтың ежелгі категориясына көпестердің ерекшелене бастауы. Осы кезде географиялық, астрономиялық, медициналық патшалық Азияның керуен және су жолдары ұйымдастыру.

Финикия – теңіз және құрлық саудасы бос территорияларды іздеу б.э.д 1 мың жылдықтың аяғы мен 2 мың жылдықтың басында корабль жасаушылар мен оқыта бастауы және б.э.д 1 мың басында әлемдегі ең алғашқы алфавиттің қалыптасуы.

Ежелгі Қытай -- б.э.д 1 мың жылдықта. иероглифтік хаттардың, қағаздардың пайда болуы жібек өндіру компасын ойлап табу, шай дайындау.

Ежелгі Греция -- мұнда Финикиямен тұрақты сауда корабльдер құрылысы, ең алғашқы әріптері бар алфавит Жерорта теңізі мен Қара теңіз жағалуаларының колонизациясы теңізде жүзудің дамуы біздің б.э.д 776 жылы 1-ші Олимпиадалық ойындардың ұйымдастырылуы.

Ежелгі Рим – Шығыс Жерорта теңізін игеру христиандықтың қалыптасуы барлық империяға бірдей христианды ұйымдастыру шіркеуінің қалыптасты.

2. Ортағасырлар тарихында туризмнің мынадай факторлары қалыптасты.

Византия – Батыс Еуропамен Шығыспен сауданың кеңеюі бұл Ұлы Жібек Жолы Аравия арқылы Персит шығанағы мен Үнді мұхитына өтті.

Аравия 2-ші әлемдік дін ислам дінінің пайда болуы мекке мен Мадинаға қажылық жасалуы. Франция, Германия, Италия мектептерінің ашылуы, академияларының пайда болуы сауданың дамуы Жерорта теңізінде Еуропалық көпестердің бекінуі ірі моностырлар шіркеуінің манында қалалардың салыныуы тауарлық, ақшалық айналысының пайда болуы. Мемлекет ішіндегі өнеркәсіптік өндіріс тауарларының ішкі және сыртқы нарығын жасау ұлттық мемлекеттің дамуы.

  1. Жаңа уақыт (Англия, Франция, АҚШ).

Англия – капиталистік нарықтың әрі қарай дамуына жағдайлар жасау тауарларды өткізу нарығын қалыптастыру жұмыс істейтін машиналарды ойлап табу, және машина жасаудың дамуы.

АҚШ - өнеркәсіптік даму, тауарлар қозғалысы жаңа жерледің коллонизациясы, дамып келе жатқан өнеркәсіптің ішкі нарығын жасау өнеркәсіппен сауданың дамуында қиындықтарды жою, теміржол және су транспорт жүйесін қалпына келітіру Морзе телеграфының пайда болды. Белдің телефон аппаратын ойлап табуы т.б.

Франция – адам және азамат құқықтарының декларациясы. Өндіріс пен сауданың дамуында кедергі келтіретін қиындықтарды жою бір тұтас ұлттық нарықтың әрі қарай қалыптасды.

Жаңашыл тарихы АҚШ, Батыс Еуропа елдері, ҚХР.

АҚШ – сауда мен теңізде жүзу еркіндігін қамтамасыз ету. Кедейлікпен күресу. Халықты кәсіби дайындалу шаралары, білім алуға көмектесу.

Франция 1936 жылы 40 сағаттық жұмыс аптасы туралы заңының 2 апталық ақылық демалыстың заңды қабылдануы жұмыссыздарға төленетін ақшаның көбеюі туралы заңының қабылдануы және әлеуметтік заңының дамуы.

Италия – 50-60 жыл экономикалық өсу кезеңі. Экспорттық ақша бірлігінің тез қарқынмен өсуі халық өмірінің деңгейінің өсуі 2000 жыл халық санағының қалпына келтіру мақсатында тууға шектеу қою шаралары Батыс елдермен байланысты бекіту және кеңейту.

Адам тарихы және алғашқы ұйымдастырылған саяхаттардың әлеуметтік-экономикалық себептері

Адамның бастапқы тарихы адамдарының жануарлар ортасынан бөлініп шығу кезеңі. 5-2 млн. жыл бұрын басталып б.э.д. 4 мыңжылдықта аяқталды. Адам цивилизациясының алғашқы даму кезеңі – ежелгі әлем тарихы (б.э.д. 4 мыңжылдық – б.э. 5 мыңжылдық). Екінші орта ғасырлар тарихы (5-15 ғасыр). Үшінші жаңа уақыт тарихы (15 ғасыр – 1918жыл). Төртінші кезең жаңашылдық тарих (1918 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезең). Көптеген млн. жылдар бойы аңшылық пен егіншілік адамдардың басты қызметі болды. Шамамен 10 мың жыл бұрын егіншілік мол шаруашылығы дами бастады. Әр-түрлі ғылымдардың мәліметтеріне талдау жасайтын болсақ, танымдық мақсаттағы жер шары бойынша жасалған саяхаттар бұдан 5-6 мың жыл бұрын дами бастады деп көрсетеді. Ежелгі әлем тарихында алғашқы саяхаттар саудагерлер болған, яғни ең алғашқы жоспарланған саяхаттар адамның өндірістік еңбегінің басталуынан көрінеді.

Ежелгі әлем тарихында ұйымдасқан саяхаттардың дамуына ынталанған факторлар болған мемлекеттерді атап көрсетуге болады. Ең алдымен ежелгі Египет – көпестердің халықтардың ерекше категориясына бөлініп шығуы географиялық, астрономиялық, медициналық жаналықтардың жинақталуы.

Вавилон хандығы – керуен және су жолдарының алдынғы Азияда ұйымдастырылды.

Финикия - белсенді теңіз және құрлықтық сауда, бос территорияларды іздеу, корабль жасаушыларды оқыту.

Ежелгі Индия – басқа мемлекетпен сауданың дами бастауы. Ганг өзенінің аңғарында джунглияларды игере бастау. Ең алғашқы қант өндіру, мақтадан мата шығару, ең ежелгі дін буддизмнің негізі қалануы.

Ежелгі Қытай - темір өндіру және өндеудің басталуы. Иероглифтік хаттардың пайда болуы. Б.э.д 2 мың жылдықта қағаздың пайда болуы. Компастың ойлап табуы, жібек өндіру әдістері және шай дайындау.

Ежелгі Греция – кәсіптің дамуы корабль құрылысы, жазудың пайда болуы, Финикиямен Египеттен тұрақты сауда жасау. Бірінші алфавиттің пайда болуы. Б.э.д 776 жылы алғашқы олимпиялық ойындардың пайда болуы.

Ежелгі Рим – Шығыс Жерорта теңізін игеру, христиан дінің пайда болуы. Халық ағарту жүйесін жасау, шіркеудің барлық империясы үшін христиандарды ұйымдастыру яғни біртұтас христиан ұйымын құру.

Орта ғасырлар тарихында осы аталған және басқа да мемлекеттер факторларды жасады. Туризм стимулятор факторын жатады. Бұл Ежелгі Рим мемлекетін қалыптасқан Шығыс Рим империясы немесе Византия қалыптасқан – Батыс Еуропамен Шығыс Еуропамен сауда жолын кеңейту – Ұлы Жібек жолы. Мемлекеттік почта және ішкі қатынастар мекемелерін құру шіркеудің 2-ге бөлінуі Батыстың католиктік, Шығыстың православныйғ крестілік жорықтардың басталуы.

Аравия – уақыты бойынша 3-ші әлемдік дін, ислам дінінің пайда болуы. Мекке мен Мединеге қажылықтардың ұйымдастырылуы.

Франция, Гермнаия, Италия - мектептердің ашылуы, білім беру академиясының ашуы, крестілік жорықтар, сауданың дамуы, Жерорта теңізінде Еуропалық көпестердің бекінуі, ірі монастырлардың салынуы, тауар ақшы шаруашылықтың қалыптасуы, күшті флотты жасау және Ұлттық мемлекеттің дами бастауы.

Жаңа уақыттағы тарихта Англияда туризмнің дамуына ықпал еткен факторлар қалыптасты ( тауарларды өткізу нарығының қалыптасуы, әртүрлі машиналарды ойлап табу, машина жасауды дамыту).

АҚШ-та (өндірістік даму, тауарлар қозғалысы, су және теміржол көлігінің жұмыс істей бастауы, морзе телеграфының ойлап табу, Bell телефон апаратын ойлап табуы, т.б.)

Францияда ( адаммен азаматтар құқықтарының декларациясы, Біртұтас ұлттық нарықтық әрі қарай дамуы т.б.).

Қорытынды. Жаңашыл тарих кезінде туризмнің дамуына ықпал еткен факторлар.

АҚШ – та (сауда мен теңізде жүзу еркіндігін қамтамасыз ету, халыққа кәсіби білім беру).

Францияда – 1936 жылы 40 сағаттық жұмыс аптасы туралы заң қабылдау, жыл сайын 2 апталық ақылы демалыстар жұмыссыздық бойынша зейнетақының өсуі, 20 ғасыр 60 жылдары әлеуметтік заңдастыруды енгізу).

Ұлыбританияда ақысыз медициналық қызмет көрсетуді енгізу, өнеркәсіпті жаңашылдандыру , кәсіпкерлік қызметтерінің пайда болуы.

Германияда 2-ші Дүниежүзілік соғыстан кейін демократиялық институттарды бекіту өнеркәсіпте жаңа техникалық өңдеулер жүргізу, өндіріспен капитал арасындағы жоғары концентрация.

Италияда 20 ғасыр 50-60 жылдар экономикалық қсудің кезеңі, экспорттың дамуы, халық өмірінде өмір сүру деңгейінің жоғарлуы, ақшаның қалыпқа түсуі.

Жапонияда жалпы таңдау құқығы, өзін-өзі басқаруда таңдау элементтерін енгізу, сөз еркіндігі ұйымдар еркіндігі, жұмысшылардың ұжымдық келісімдер жасау құқығы, жерлерді арендаторларға беру құқығы, фермерлік шаруашылық, мемлекеттік шығынданудың төмендеуі, инфляцияны қысқарту, кәсіпкерлерден алынатын салықтың төмендеуі.

Жаңашыл тарихта ҚХР туризмнің дамуына ықпал еткен факторлардың көбісі 70 жылдың аяғы мен 80 жылдың басында МАО Дзедун өлімінен кейін қалыптасты. Мемлекеттік кәсіпорындар шаруашылық есепке ауысуы, шағын және орта бизнестің дамуы, шетелдік

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Туризм даму тарихының кезеңденуі В.Б.Сапунова бойынша?

  2. Адам қоғамындағы осы өзгерістер бағытталған 2 факторды атаңыз?

  3. Жаңа замандағы туризм даму факторлары?

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. Алматы-2002.

2. Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З. Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России и СССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. Истрия туризма. Развитие и научное изучение.Алматы-2003

5. Накатков Ю.С.История туризма Казакстана. Алматы-2001

6. Шаповал Г.Ю.История туризма. Минск-1999.

7. Соколова М.С, История туризма.Минск-2002

3 дәріс - 2 сағат.

Тақырыбы: Ежелгі дүниедегі туризмнің пайда болуы.

Мақсаты: Ежелгі және орта ғасырдағы туризмнің дамуына жалпылама сипаттама беру.

Жоспар:

3.1.Ежелдегі саяхаттар туралы алғашқы деректер

3.2. Теңізде жүзушіліктегі финикиялықтардың рөлі

3.3. Ежелгі Грециядағы кең таралған туризм түрлері

3.4. Ежелгі Римдегі туризм түрлері

Ең алғашқы оқымысты саяхатшылар: Ежелгі грек тарихшысы Геродот пен Ежелгі грек тарихшысы мен гоеграф Страбон болып табылады. (Б.э.д. 64ж. Және Б.э.д. 23ж.). Олар талантты саяхатшы және зерттеуші болған. Ежелден бастап алдыңғы Азия елдерін, әсіресе Сирия мен Месопотамия және Египеттегі жаулап алу үшін күрес басталды. Бұл мемлекеттер сол кездегі бай әрі мәдени аудандардың бірі болңан. Олар арқылы халықаралық сауда жолдары өткен. Осы мемлекеттерді билеу үшін Византия мен Иран күрескен.

Харрапан цивилизациясы- қола ғасырындағы Манхеттен Б.э.д. 5 мың жылы Африка, Азия, Еуропа халықтары жер жырту мен мал ұстауды үйрене бастады. Бұл цивилизация жолына алғашқы қадам болып табылады. Ағаштардың орнына қалалар, билеушілер пайда бола бастады. Ежелгі цивилизацияның атақта қалалары: Месопотамия (Қазіргі Ирак), Египет, Греция, Рим. Ең алғашқы қалалар шамамен б.э.д. 6-8 мың жылдары салынған. Ең ежелгі қалалардың бірі – Иордан өзеніндегі Иерихон қаласы және Турциядағы Чатал Хю Юг қалалары. Әлемдегі ең алғашқы цивилизация ежелгі Месопотамия мен Шумер мемлекетінде Тигр мен Ефрат өзендерінің бассеннінде пайда болды. Шумер тұрғындары пирамида пирамида формасында үлкен қалалар мен мұнаралар салған. Каналдар мен мұнаралар салған. Каналдар қазып, құрлық пен теңіз сауда жолдарын жасаған. Ең алғашқы жазуды да тапқан. Месопотамиядағы ең алғашқы орталықтанған мемлекетті ежелгі Ұлы жаулап алушылардың бірі – Ұлы Саргон жасаған. Ұзақ уақыт бойы Египеттегі Ніл өзенінің жағалауында ежелгі цивилизация қалыптасты. Б.э.д. 2000 жылы Таяу Шығыс пен Шығыс Жерорта теңізі территориясында цивилизация пайда болды. Вавилон халқы Месопотамияны жаулап алды.

Антик заманындағы танымдық туризм. Геродотты «тарих атасы» деп атады. Оны «география атасы» деп те атауға болады. Геродот басқалар туралы өте ежелгі цивилизацияға бейім халықтар туралы білуді армандады, сондықтан да, ол олар туралы көбінесе Персид әскері туралы олардың тарихын зерттеді. Өзінің әлемдік саяхатын Вавилоннан бастады. Вавилонның қабырғасы квадрат формасында болатын. Қабырғаның периметрі 85 км-ді құрайды. Ол Геродот Вавилонды мекендеген скифтер мен халықтарды бақылап зерттеді. Ол Қара теңіздің батыс жағалауын Балқан түбегінің үлкен жағалауларын аралап шықты. Геродоттың саяхаттары Африканың солтүстік шығысын қамтиды. Ол Киреньді зерттеп, 447-448 жылы Ніл өзені арқылы Элфантин аралына көтерілді.

Ежелгі Грециядағы спорттық және қажылық туризм.

Ең алғаш діни ағымдар қалыптаса бастаған кезде саяхатшылардың пилигримдер деп аталатын категориясы пайда болды. Бұл саяхаттар көбінесе діни мақсатта орындалды. Оның ішіндегі ең атақтылары гректік олимпияға саяхат жасағандар. Олардың көбісі Зевстің құрметіне арналған мерекемен байланысты, ал бұл мереке б.э.д. VIIғ. Бастапәрбір 4 жыл сайын өтіп отырды. Басында оған тек гректер қатысқан болса, кейіннен римдіктер де қосылды. Ежетлгі әлемнің өзінде туристердің алғашқы топтары қалыптаса бастады. Олар емделу көздеріне спорттық және ойын-сауық мақсатында т.б. саяхат жасаған. Мысалы, Ежелгі Грецияда олимпиялық ойындарға спорт пен өнер адамдарының көбісі келе бастады. Олар үшін арнайы спортсмендер мен көрермендерге арналған құрылыстар салына бастады.

Александр Македонскийдің жорықтарының маңызы.

Б.э.д. 334ж. Көктемде Александрдың грек-македондық әскері Геллеспонт арқылы Персиямен соғыса отырып, Кіші Азияға аттанды. Б.э.д. 332ж. Александр Македонский Египетті жаулап алғаннан кейін ол египеттіктерді халықаралық сауданың көмегімен қызықтыра бастады. Египеттен қозғала отырып, Гавгамелла деген жерде Тигр өзенінің жағалауында ІІІ Дарий патшамен соғысты. Мұнда Дарий өлтірілді. Орталық Азияға қозғала отырып, оны 3 жылдан соң жаулап алды да Инд өзені арқылы Индияға өтті. Одан кейін Вавилонға қайтып келді. А.Македонскийдің Шығысқа жорықтарының маңызы мыналар:1.Грек және Шығыс екі цивилизацияның бір-бірімен экономикалық, саяси формаларының, мәдениетінің байланысы күшейе түсті. 2.Бұл кезеңде саудамен дамыған өнеркәсіп ошақтары ғылым мен өнердің ірі орталықтары пайда болып, қалалар тез қарқынмен өсе бастады. 3.Жаңадан салынып жатқан қалаларда әлемдік маңызы зор құнды мәдени объектілер салына бастады.

Әлемнің 7 кереметі.

1.Қазіргі Турция жеріндегі Голикарнас мавзолейі.

2.Вавилондағы “Аспалы бақтар” (Семирамида бақтары).

3.Александриялық фарус (б.э.д. 280ж.)

4.Олимпиядағы Зевс мүсіні (б.э.д. 430ж.)

5.Эфестегі Артемида храмы.

6.Родостағы Колосс.

7.Египеттегі Гиза пирамидалары.

Саяхатшылар қарақшының қолына түседі де жан-жаққа тарап кетеді. Олардың ішінде 7 адам ғана тірі қалды. Қалғандары құлдыққа сатылып кетті. Олар қайтадан керуен құрып яғни ағайында Пололар өздерінің мақсаты Парсы шығанағы мен Ормузаға қарай жүрді. Олар бұл жерде корабль арқылы Қытайға аттануды ойлады. Ормус қаласы ол кезде Қиыр шығыспен Парсы арасындағы теңіз саудасының ең соңғы нүктесі болатын. Бұл жерден венециандықтар солт. Батысқа Памирға дейін жетті. Одан кейін солт.Ауғаныстан дағы Балхы қаласына жетті. Аңыздарға сүйенсек дәл осы қалада Александр Македонский Парсы Дарий патшасының қызы Роксанаға үйленген. Балхы қаласынан шықаннан кейін саяхаттар көп күн бойы жермен жүріп отырған. Ол жерлерде жемістер, жаңғақ, жүзім, бидай өскен жерлермен өтіп, шөлге жетті. Амудария өзені бойынша мұсылман жеріне жетті (Бадақшаңға келді). Бұл жерде керуен 1 жылға дейін болды. Оның себебі Марконың ауруына байланысты немесе ағайында Пололар Бадақшаңның әдемі табиғатында қалуға бел буды. Бадақшаңнан саяхатшылар жоғары қарай Памирге қарай өтті. Амудария өзенің ағысымен жоғары қарай өтті. Амудария өзенің ағысымен жоғары қарай Кашмир аңғары арқылы өтті. Кашмирдан шыққан соң солт. Шығысқа қарай жүріп Памирге көтерілді. Олар бұл Памирді әлемдегі ең жоғарғы орын деп есептеді. Марко ондағы ауаның суықтығын атап өтеді. Себебі онда бірде-бір құс болмаған. Памирдан шыққан соң шығыс Түркістанның үлкен аңғарына жеткен. Өзінің саяхаты барысында Марко Поло ең ежелгі қала Хотан қаласын суреттейді. Онда кқп жылдар бойы гауһар тас алынған. Бірақ бұл жерде нефрит саудасы маңызды роль атқарған, ғасырлар бойы Қытай нарығына жеткен. Жұмыскерелер өзен сағаларында құнды тас бөлшектерін қазып алып жатқан.Мұндай кқрініс онда қазір де байқалады. Хотан қаласынан нефрит шөл арқылы Шатчи Чжоу мен, Пекин қалаларына апарылған. Бұл жерде Қытайдың нефритке қызығуы байқалды. Олар оны әулиелік, киелік сипатта пайдаланған. Хотаннан шыққаннан кейін Пололар оазистерде және құдықтарда демалуға тоқтай отырып бархандармен қапталған шөлиен жүрді. 30-шы күні керуен шөл шекарасында орналасқан Шатч Чжоу (құнды округ) қаласына келді. Бұл жерде Қытай солтүстік дәстүрлерін алғашқы рет байқай бастады. Әсіресе жерлеу рәсімдері қызықтырды. Табытты жасау, табытқа салынған адамды үйде ұстау рәсімі , т.б. қызықтырды. 14-15 ғасырларда Марко Полоның «Кітап» атты, еңбегі картографиялық жұмыс істеуіне негіз болды. Ұлы ашылулар тарихында үлкен роль атқарды. Марко Поло ортағасырлардағы сирек шығармасының бірі әдеби және ғылыми еңбек авторы. ОЛ қазірге дейін оқылып келеді және әлемдік әдебиет қорына кірді, көптеген тілдерге аударылған.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1.Ортағасырлардағы туризм дамуына әсер еткен факторлар?

2. Ұлы географиялық ашулар нәтижесі?

3. Крест жорықтарының туризмге байланысы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. Алматы-2002.

2. Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З. Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России и СССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. Истрия туризма. Развитие и научное изучение.Алматы-2003

5. Накатков Ю.С.История туризма Казакстана. Алматы-2001

6. Шаповал Г.Ю.История туризма. Минск-1999.

7. Соколова М.С, История туризма.Минск-2002

4 дәріс - 2 сағат.

Тақырыбы: Орта ғасыр мен Қайта өрлеу кезеңіндегі туризмнің дамуы.

Мақсаты: Орта ғасырдағы туризм дамуына және қалыптасуына туристік ұйымдарға сипаттама беру.

4.1. Орта ғасырлар басындағы Еуропадағы әлеуметтік-экономикалық ситуация

4.2. Ортақ Еуропалық кеңістіктің құрылуындағы нормандықтардың рөлі

4.3. Сауда жолдары және «білім жолындағы саяхаттар»

Ортағасырлардағы V-XV ғасыр экономикалық себептерге байланысты саяхаттар саны қысқара түсті. Еуропа елдеріндегі соғыстар жол торларын қонақ үйлердің бұзылыуына әкеп соқты. Тек 6-8 ғасыр қажылық туризм пайда бола бастады. Ортағасырларда Еуропада адамдардың қозғалысы крестілік жорықтар кезінде жүрді. Бұл жорықтар кезінде жүрді. Бұл жорықтар Еуропалық рыцарлармен көпестердің басқалардың байлықтары мен территориясын жуалап алу мақсатындағы жорықтар. Олардың соңынан шығысқа қарай қажылар, улиелер қозғала бастады. Ортағасырдардағы саяхаттардың діни факторы христиандық пен мұсылмандықтың киелі жерлерге бас июі. Алғашқы қажалық саяхаттардың ұйымдастырылуы 4 әлемдік діннің қалыптасуымен байланысты. Жекелік және топтық саяхаттар соңғы 1300 жылда қажылық туризмнің қалыптасуына әкеліп соқтырды. Бұл әсіресе ислам дінің пайда болуымен байланысты. 7 ғасырда Аравияда әлемдік дін пайда болу уақыты енгізілді. Бұл будддизм мен христиан дінінен кейінгі 3 болып табылад. Бұл сөз «Өэін-өзі аллаға тапсыру», «Бағыну» дегенді білдіреді. Мұсылмандардың 6 міндетінің ішінен Меке мен Мадинаға қажылық жасау міндет болып кірді. Уақыт өкен сайын жер шарында мұсылмандардың саны өсе бастады. Соған сәйкес қажыға барушылардың саны өсті. Қазіргі кезде әлемдегі мұсылмандар саны 1 млрд. 126 мың адам болса қажылық туризм мүмкіндігі жоғары екендігін көруге болады. 11 ғасырда христиандар қажылығы Иерусалим қаласына бағытталды. Әр түрлі әлемдік дінге сенетін қажылардан жеке мақсаттарына байланысты Батыс Еуропалық феодалдардың Шығыс Жерорта теңізі елдеріне жасаған әскери колоннаның қозғалысымен байланысты. Бұл қозғалыстар тарихта крестілік жорықтар деген атпен қалды. (1906-1279)

Крестілік жорықтардың басты мақсаты. Батыстын феодалдарының жаңа жерлерді тартып алу және кіріс көлемін арттыру және т.б. себептер болды. 1071 Жылы түрік селжұқтары Иерусалимді жаулап алды және қажылардың қажалық жерлерге келуіне тиым салды. Сондықтан да 1095 жылы шіркеулік Соборда II Урбан папа Иерусалимдағы құдай табытын босатуға үкім шы,арады. 1096-1270 жылдарда 8 крестілік жорықтар жүрді. Оның ішінде балалар крестілік соғыстардың аяғы Еуропалықтардың Шығыс мәдениетін бейімделуі, саудалық дамуы осы аймаққа саяхат жасаушылар санының өсуіне әкеліп соқтырды.

Ренесанс және білім беру кезеңі. Діни мотивтерді әлсірете түсті де, жорықтардың жеке сипатына және білім беру бағытын күшейтті. Ортағасырларда ғылымының дами бастауы, университеттердің ұйымдастырылуы . XIII ғасырдан бастап Еуропада студенттер саяхатының пайда болуына көрсетті. Ол студенттер Италиандық университтерге т.б. елдерге оқу мақсатында саяхат жасады. Діни мәдениет және универитеттін орталықтар мен байланысты миграциялар көпшілік туристерді жалпы санының орта ғасырлардағы соңына қарай кезеңдік құрайды.

Ортағасырларда бай адамдар шиналы орындарға саяхат жасады.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Қай жылы Томас Кук Ланкастерден Лонгобургке темір жолдық құрамасымен

серуенге аттанды?

2. Сауда, мәдени байланыстардың даму қарқыны?

3. Христофор Колум ашулары?

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. Алматы-2002.

2. Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З. Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России и СССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. Истрия туризма. Развитие и научное изучение.Алматы-2003

5. Накатков Ю.С.История туризма Казакстана. Алматы-2001

6. Шаповал Г.Ю.История туризма. Минск-1999.

7. Соколова М.С, История туризма.Минск-2002

5 дәріс - 2 сағат.

Тақырыбы: Орта ғасырлық Шығыстағы туризм және саяхат.

Мақсаты: Халықаралық орта ғасырлық Шығыстағы туризмге сипаттама беру.


5.1. Саяхаттар мен туризмнің дамуындағы діни фактор

5.2. VII – ХIV ғғ ғылыми-танымдық мақсаттағы саяхаттар

5.3. Қытай сауда флотының және құрлықтағы сауданың даму кезеңі
1992 жылдың қазанында Акапулькада (Мексика) ВТО семинары болды,әлемдегі негізгі туризм тенденцияларының 2000 жылға дейін және одан әрірек дамуына қатынасты. Бұл семинардағы деректерде әртүрлі сандар мен факторлар келтіріледі; олар әлемдік туризмдегі өзгерістерді, одан әрі жақсы түсінуге мүмкіндік туғызды. Бізге келесі суретті көруге болады: 1950 жылы әлемде 25 млн. Адам саяхат жасады, одан түскен қаржы 2 млрд. АҚШ долларын құрады. 1970 жылы – 160 млн адам , олардан түскен қаржы 18 млрд. доллар, 1991ж-450 млн адам, ол 260 млрд. доллар қаржы әкелді.

Егер туризімнің дамуын 1950 жылы аймақтар бойынша қарастыратын болсақ, онда Европа туристтері 66,5 % -ды құрады, Америкадан- 29,6, Африкадан- 2,1, Таяу шығ. елдерінен- 0,2, Оңт. Азия елдерінен- 0,2, Шығыс Азия мен Мухиттың арғы жағы елдерінен- 0,7%.

1991 жылы халықаралық туризм дамуында белгілі бір өзгерістер пайда болды. Еуропадан туристтер 6,1% -ды құрады, Америка континенті елдерінен- 21,5, Шығыс Азия мен мұхиттың арғы жағындағы елдерінен-1,6, Оңт.Азия елдерінен – 0,7%.

Халықаралық туризмнің аймақтар бойынша түскен қаржысын қарастыратын болсақ, онда 1950 жылы Америка ең үлкен түсім алды-50,5%, Еуропа- 41,3, Африка -4,2, Таяау шығыс елдері -2,3, Шығ.Азия- 1,4, Оңт.Азия- 0,5%. 1991 жылы бұл қатынас келесі түрде өзгерді ; аздаған түсімді Европа алды- 52,6%. Америка-8,6, Шығ. Азия елдері мен Мүхиттың ар жағындағы елдер- 14,7, Африка континенті- 1,7, Таяу шығыс елдері- 1,7, Оңт.Азия- 0,7%.

Егер туристердің санын жылдың өсімімен қарастырсақ негізгі аумақ бойынша 1950 жылдан 1941 жыл аралығында, онда Америка Елдерінен келген туристер саны жылына 6% -ға өсті. Еуропанікі 7-ге, Африка-8, Таяу Шығыстікі -9, Оңт.Азия -11, Шығ.Азия- 19%.

Егер 1970 және 1991 жж.-ғы негізгі туристік әкелуші аймақтарды қарастырсақ, онда келесі суретті көруге болады.

Еуропалық континент 1970 жылы Солтүстік Еуропа елдерінен 6,7% турист болды . Батыс Еуропадан 34,8; Оңт. Еуропадан -52,6; Шығыс Еуропадан -5,9%.

1991 ж-ға қарай келесі өзгерістер болды: Солт.Еуропа елдерінен 9,1% турист болды, Батыс Еуропадан-40,9; Оңт. Еуропадан- 31,9; Шығыс Еуропадан- 18,1%.

1970 ж. аймақ ішіндегі саяхаттар 83%-ды құрады, ал 1991ж-95%. Америка континенті 1970 ж. Солт. Америка елдерінен 80,9% турист болды .

Орталық Америкадан -1,8, Кариб бассейіні елдерінен-10,7, Оңт.Америкадан-6,6% .

1991 жылға қарай келесі өзгерістер болды: Солт. Америка елдерімен -76% турист болды, Орт.Америкадан-2,1, Кариб бассейіні елдерінен-12,

Оңт.Америкадан-9,9%.

1970 жылы аймақ ішіндегі саяхаттар 94%, ал 1991 жылы-80%-ды құрады.

Шығыс Азия 1970 жылы

Шығ.Азия елдерінен 44% турист болды, Австралиядан-31, Мұхит аралдарынан 25% .

1991 ж. қарай келесі өзгерістер туындады;Шығ.Азия елдерінен 53% турист болды,Австралиядан -37,Мұхит аралдарынан -10%.

Оңт.Азия 1970 жылы Индиядан 31% турист болды;Пәкістаннан-18; Шри-Ланка -5, Непал -5,Иран -39,басқа аймақ мемлекеттерінен -13%.

1991 жылға қарай келесі өзгерістер туындады; Индиядан-56% турист болды,Пәкістаннан-14, Шри-Ланка -11, Непалдан-9,Ираннан-5, басқа аймақ мемлекеттерінен-5%.

Аймақ ішіндегі саяхаттар 1970 жылы 25%,ал 1991 жылы-31% құрады.

Таяу Шығыс 1970 жылы.

Египеттен 15% турист болды,Иорданиядан-3;Сауд Аравиясынан-15,Сириядан-3,Б.А.Э-11,басқа да мемлекет аймақтарынан-53%.

1991 жылға қарай келесі өзгерістер туындады.Египеттен 38% турист болды,Иорданиядан-8,СаудАравиясынан -15;

Сириядан-11,Б.А.Э-11,басқа мемлекет аймақтарынан 17%.

Аймақ ішіндегі саяхаттар 1970 жылы 50%, ал 1991 жылы-47% құрады.

Африка 1970 жыл. Шығыс Африка елдерінен 26% турист болды;Орталық Африкадан-5,Солт.Африкадан-55,Оңт.Африкадан-8,Батыс Африкадан-6%.

1991 жылға қарай келесі өзгерістер болды;Шығыс Африка елдерінен 19% турист болды;Орталық Африкадан-3,Оңт.Африкадан-15,Батыс Африкадан-8%.

Аймақ ішіндегі саяхаттар 1970 жылы 27%,ал 1991 жылы-55% құрады.

Әр турист жылдардағы (1950,1970,1991) туристер ішіндегі ең атақты мемлекеттерді қарастырсақ,онда сұраныстың өзгеру динамикасын бақылауға болады.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1.Геология ғылымы нені зерттейді?

2. Геология ғылымының салалары?

3. Паленонтология нені зерттейді??

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. Алматы-2002.

2. Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З. Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России и СССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. Истрия туризма. Развитие и научное изучение.Алматы-2003

5. Накатков Ю.С.История туризма Казакстана. Алматы-2001

6. Шаповал Г.Ю.История туризма. Минск-1999.


7 дәріс - 2 сағат.

Тақырыбы: XV — XVII ғғ. Ұлы географиялық ашылулар.

6.1. Ұлы географиялық ашылулар.
  1   2   3   4   5   6   7   8
написать администратору сайта