Главная страница
Навигация по странице:

Рим пр каз. Семинар сабатары 10 саат Аралы баылау саны 2 соЖ 15 саат СЖ 45 саат Емтихан 1 семестр


Скачать 10.06 Mb.
Название Семинар сабатары 10 саат Аралы баылау саны 2 соЖ 15 саат СЖ 45 саат Емтихан 1 семестр
Анкор Рим пр каз.doc
Дата 12.04.2017
Размер 10.06 Mb.
Формат файла doc
Имя файла Рим пр каз.doc
Тип Семинар
#103
страница 1 из 10
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«БЕКІТЕМІН»

Жоғары Ұлттық құқық

мектебінің директоры
_____________

«______»___________________2013 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)
Пән атауы «РИМ ҚҰҚЫҒЫ»
Мамандық «Құқықтану» – 5B030100; «Халықаралық құқық» - 5B030200

Оқу нысаны Күндізгі

Барлығы 2 кредит

Курс 1

Семестр 1

Дәрістер 20 сағат

Семинар сабақтары 10 сағат

Аралық бақылау саны 2

СОӨЖ 15 сағат

СӨЖ 45 сағат

Емтихан 1 семестр

Еңбек көлемі 90 сағат

Астана – 2013

2.1. Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер

Естемиров Марат Асанұлы – құқық магистрі, ҚазГЗУ азаматтық құқық кафедрасының аға оқытушысы
Оқытушының ғылыми қызығушылықтары:

Азаматтық құқық ғылымының өзекті мәселелері.
2.2. Осы курсты оқу үшін алдын-ала меңгерілуі тиіс пәндер:

- Жалпы тарихтың мектептегі курсы

- Мемлекет және құқық негіздерінің мектеп бағдарламасындағы курсы

- Мемлекет және құқық теориясы

- Мемлекет және құқықтың жалпы тариахы
Осы курсты игергеннен кейін оқытылатын пәндер:

- ҚР және шетелдердің азаматтық құқығы

- Тұрғын үй құқығы

- Отбасы құқығы

- Халықаралық жеке құқық

- Кәсіпкерліктің ұйымдық құқықтық нысандары

- Интеллектуалдық меншік құқығы
2.3. Пәннің сипаттамасы

Рим жеке құқығы – жаппай білімге ұмтылу тарихының еш қайталанбас бір бөлшегі, қазіргі заманның көптеген ұлттық құқықтық жүйелерінің негізі, теориялық және сөздік (ұғымдардың) қайнар көзі.

Екі жарым мың жыл бұрын пайда болған рим құқығына жүгіну тек қана тарихпен қызығушылыққа бейімделмейді, бүгінгі түбірлі өзгеріп тұрған өмірдің қажеттіліктеріне байланысты талап етіледі.

Рим құқығы курсын оқып студенттер құқық субъектілері, меншік құқығы, міндеттемелік құқық туралы білім негіздерін игереді.

Рим құқығын бастамас бұрын студенттерге мына пәндер оқытылуы тиіс: «Мемлекет және құқық теориясы», «Жалпы дүние жүзілік мемлекет және құқық тарихы».
Сабақтарды өткізу уақыты мен орны сабақ кестелеріне сай белгіленеді.

2.4. Дәрістердің тақырыптық жоспары


Тақырыптар №


Тақырыптар және олардың сағаттағы көлемі

Бақылау сұрақтары

Сабақтардың мақсаты мен міндеттері

Мәселелі сұрақтар


1.

Рим азаматтық құқығының пәні. 1 сағат.

1. Рим құқығының ұғымы. Рим жеке құқығының ұғымы. Жеке құқықтың жария құқықтан айырмашылығы.

2. Рим азаматтық құқығының негізгі жүйелері. Ius civile және Ius gentium. Ius gentium мазмұны. Ius civile және Ius gentium өзара әсері.

3. Рим құқығының тарихи мәні. Рим құқығының заңгер үшін мәні.


Рим құқығының оқытылу мақсатын нақты меңгеру

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтардың ерекшеліктерін білу.

2.

Рим құқығының қайнар көздері. 1 сағат.

1. Рим жеке құқығының қайнар көздерінің түсінігі және түрлері.

2. Әдеттегі құқық және заң.

3. Магистраттар эдиктілері.

4. Заңгер қызметі.

5. Юстиниан кодификациясы: кодификациялау себептері және жүру барысы. Институциялар, оның мазмұны мен жүйесі. Дигесттер. Олардың құрамы мен мазмұны. Юстиниан кодексі, новеллалар.

Рим құқығының қайнар көздерін меңгеру

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтардың ерекшеліктерін білу.


3.

Тұлғалар. 2 сағат.

1. «Тұлғалардың» түсінігі және құқыққабілеттілік.

2. Рим азаматтарының құқықтық жағдайы.

3. Құлдардың құқықтық жағдайы.

4. Еркіндікке жіберілгендердің құқықтық жағдайы.

5. Колондардың құқықтық жағдайы.

6. Заңды тұлғалар.


Римдегі әлеуметтік тұрғыдан алғанда әралуан топтарының құқықтық мәртебесін меңгеру



Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтардың ерекшеліктерін білу.

4.

Отбасылық қарым-қатынастар. 2 сағат.

1. Рим отбасы. Агнаттық және когнаттық тек.

2. Неке (justum matrimonium). Неке cum manu және sine manu.

3. Жұбайлардың арасындағы жеке және мүліктік қатынастар.

4. Әке билігі. Балалардың құқықтық жағдайы.


Римдегі отбасы ұғымын білу, ерекшеліктеріне назар аудару

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтардың ерекшеліктерін білу.


5.

Заттық құқық. Заттар ұғымы, құқықтық сипаттамасы. 1 сағат.

1. Заттар ұғымы, құқықтық сипаттамасы

2. Заттардың әралуан негіздер бойынша жіктелінуі.

3. Иеленудің түсінігі және түрлері.


Заттардың жіктелінуіне баса назар аудару


Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтардың ерекшеліктерін білу.

6.

Меншік құқығы. 2 сағат.

1. Меншік құқық ұғымы және бұл институттың Римде дамуы.

2. Меншік құқығының мазмұны.

3. Меншік құқығын алу және айырылу.

4. Ортақ меншік құқығы.

5. Меншік құқығын қорғау.


Меншік құқығының ұғымын, оны қорғау әдістерін меңгеру

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтардың ерекшеліктерін білу.

7.

Бөтен біреудің заттарына құқық. 2 сағат.

1. Бөтен біреудің заттарына құқықтың түсінігі және түрлері.

2. Сервитуттар. Ұғымы мен түрлері.

3. Жеке сервитуттар.

4. Сервитуттарды алу, олардан айырылу және қорғау.

5. Эмфитевзис және суперфиций.

6. Кепіл құқығы.

Сервитут ерекшеліктерін жан-жақты талдай білу

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтардың ерекшеліктерін білу.


8.

Міндеттеменің түсінігі және түрлері. 3 сағат.

1. Міндеттеме анықтамасы. Міндеттеме мазмұны.

2. Натуралдық міндеттемелер.

3. Міндеттеменің пайда болу негіздері.

4. Міндеттемедегі тараптар.

5. Міндеттемеде адамдардың ауысуы.

6. Бірнеше несие берушілер мен борышқорлар қатысатын міндеттеме.


Тақырып бойынша қарастырылған сұрақтарды нақты білу.


Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтардың ерекшеліктерін білу


9.

Шарттың түрлері. 3 сағат.

1. Контрактілер мен пактілер.

2. Римдік шарт құқығының дамуы және оның атқарған рөлі.

3. Біржақты және екіжақты шарттар.

4. Шарттың жарамдылық талаптары.

5. Ерік және ерік білдіру.

6. Шарт жасасу.

Рим құқығындағы шарттардың ұғымын, маңызын меңгеру

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтардың ерекшеліктерін білу


10.

Міндеттемені орындау және орындамағаны үшін жауапкершілік. 3 сағат.

1. Міндеттемені орындау.

2. Орындау мерзімін өткізіп алу.

3. Міндеттемені орындамағаны үшін борышқордың жауапкершілігі.

4. Шығындарды өтеу.

5. Міндеттемені тоқтау.


Міндеттемені орындау және орындамағаны үшін жауаптылықты білу

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтардың ерекшеліктерін білу


БАРЛЫҒЫ 20 сағат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
написать администратору сайта