Главная страница

Химия. Оытуды жйелілікісрекеттік сипаты,теория мен практиканы сабатастыы,мірмен,жаа технологияларды енгізілуімен жне елді индустриалдыэкономикалы даму мселелерімен байланыстылыы


Скачать 23.07 Kb.
Название Оытуды жйелілікісрекеттік сипаты,теория мен практиканы сабатастыы,мірмен,жаа технологияларды енгізілуімен жне елді индустриалдыэкономикалы даму мселелерімен байланыстылыы
Анкор Химия.docx
Дата 24.04.2017
Размер 23.07 Kb.
Формат файла docx
Имя файла Химия.docx
Тип Документы
#2674

Химия

Химия пәні мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сай жалпы,бейорганикалық және органикалық химия салалары бойынша оқушыларда базалық білім қалыптастыруға,табиғаттағы,адам өміріндегі,қоғамдық-экономикалық дамудағы химия ғылымы мен өндірісінің рөлін түсіндіруге,қоршаған әлемге ғылыми көзқарас,экономикалық мәдениет,әлеуметтік маңызды құндылықтар қалыптастыруға міндетті.

Оқушыларға химия пәні бойынша тиянақты білім беру үшін химия білімін дамытудың қазіргі төмендегідей басымдылықтарына назар аудару керек:

-оқытудың жүйелілік-іс-әрекеттік сипаты,теория мен практиканың сабақтастығы,өмірмен,жаңа технологиялардың енгізілуімен және елдің индустриалдық-экономикалық даму мәселелерімен байланыстылығы;

-химиялық тәжірибелер жасау және өзіндік білім алу іс-әрекеттері үлесінің артуы негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту басымдылығы;

-білім мазмұнындағы Қазақстандық компоненттің және өңірлік даму элементтерінің кеңейтілуі;

-білім мазмұнының ізгілендірілуі,экологиялық сипатының артуы негізінде білімнің дүниетанымдық мәні мен тәрбиелеушілік әлеуетінің күшейтілуі;

-білім мазмұнының тұтастығы,басқа жаратылыстану пәндерімен интеграциялануы мен жүйелілігінің артуы;

-оқу барысында оқушылардың өзіндік білім алу дағдыларын дамыту,оқу үдерісінің жобалау-зерттеу,шығармашылық сипатының артуы;

Химия пәнінің мазмұны инвариантты және вариативті бөліктерден тұрады.Оқу жоспарының инварианттық бөлімі мемлекеттік міндетті білім мазмұнын игеруді,ал вариативті бөлімі оқушылардың таңдауы бойынша қызығушылықтары мен икемділігіне қарай білім білік алуын қамтамасыз етуге бағытталады.

Білім беру үдерісінде жоғары сапалы химия сабағын ұйымдастыруға қойылатын төмендегі жалпы талаптарға назар аудару керек;

-сабақта ғылымилық,көрнекілік,қолжетімділік дидактикалық ұстанымдарды оңтайлы арақатынаста жүзеге асыру;

-оқу материалының өмірмен,оқушының практикалық қызметі мен іс әрекетімен байланыстылығын,химиялық заттарды,материалдарды қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып,қолдану мәдениетін қалыптастыру;

-сабақты оқу материалдарын орнықты меңгеруге ықпал ететін және әдіс тәсілдерді қолдана отырып түрлендіру;

-оқытудың ақпараттықкоммуникациялық,мультимедиялық құралдарын ұтымды пайдалану.

Оқу үдерісі «Кабинет паспорты», «Техника қауіпсіздігі ережелері», «Техника қауіпсіздігі журналы»,қышқылдар,сілтілер,оргпникалық заттар,жылыту құралдары,шынылармен жұмыс істеуге арналған нұсқаулық карточкалар,сонымен қатар химиялық реактивтер,зертханалық және демонстрациялық құралдар,баспа құралдары,электрондық оқулықтар және басқа да оқыту құралдарымен жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады. «Прекурстар тізбесіне»енетін заттарды қолдануға тыйым салынады.

Химия бойынша жазбаша орындалатын үйрету мақсатындағы жұмыс түрлеріне тапсырмалар,тесттер,есептер,презентациялар,конспект жоспарлар,тірек сызбалар,қорытындылаушы кестелер,зертханалық тәжірибелер,практикалық және бақылау жұмыстары жатады.

Үйрету мақсатындағы жұмыстардың түрін,мазмұнын және көлемін оқу бағдарламасы,сонымен қатар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып,оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар тағы тапсырмалар негізінде мұғалім анықтайды.

Білім алушыларда 3 дәптер болуы тиіс(сынып,үй тапсырмалары және зертханалық дәптер;практикалық және бақылау жұмыстары дәптері).

Сынып журналына барлық демонстрациялық және зертханалық тәжірибелер оқып отырған тақырыппен бірге жазылады және мұғалім оқушылардың жқмыстарын таңдауы бойынша бағалайды.Барлық оқушылардың тәжірибелік жұмыстары мен бақылау жұмыстары толық бағаланып,журналға жазылады.

Үйрету мақсатындағы жұмыс дәптеріне оқушылар сабақ бойынша бақылау жұмысы аясында алынатын өздік жұмыстары нәтижелерін,ал бақылау жұмысы дәптеріне тақырыптық бақылау мен тест жұмыстары аясында алынатын өздік жұмыстарын көрсетуіне болады.

Практикалық және бақылау жұмыстарын арналған дәптерлер оқу жылы көлемінде сақталады және олар оқушылардың сол жұмыстары орындауы үшін беріліп отырады.

Бақылау жұмыстары бойынша талдау жұмыстарын оқушылар бақылау жұмысынан кейінгі сабақта орындайды,сонымен қатар практикалық жұмыстарды талдау мұғалімнің қалауы бойынша және қажеттілігіне қарай үйрену жұмыстарынан кейін сәйкес дәптерге орындалады.

Білім алушылардың зерттеушілік мәдениеті мен танымдық ойлау белсенділігін дамыту мақсатында белгілі бір тарауды аяқтаған соң кіші жобаларды қорғау, шығармашылық жұмыстар байқауы сияқты қорытындылаушы дәстүрден тыс сабақтарды жүйелі түрде өткізіп отыру қажет.

Алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту үшін тәжірибелермен мультимедиалық құралдарды қолдану тиімді.

Химия пәні бойынша оқу арнайы жабдықталған,химиялық реактивтермен,препараттармен,құралдармен және керек жарақтармен,зертханалық және көрнекілік,баспа,мультимедиалық құралдармен,электрондық оқулықтармен,диафильм,кино және бейнефильмдермен қамтамасыз етілген кабинетте жүзеге асырылады.

Оқытудың мақсаты:қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстану ғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру,талдау қабілеті бар,функционалды сауатты және шығармашыл тұрғыда ойлай алатын және өз білімін практикада қолдана алатын оқушы тұлғасын дамыту,оның туған өлкеге және қоршаған ортаға экологиялық гуманистік қарым қатынасты тәрбиелеу болып табылады.

Оқыту міндеттері:

1)әлемнің химиялық жаратылыстану ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын қолдану;

2)заттардың құрамы,құрлысы,қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп салдарлы байланыстарды анықтау;

3)химиялық терминологияны,химимялық элементтердің таңбаларын,заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;

4)заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;

5)заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер,қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып,химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;

6)адамзатты экологиялық,азық-түлік,өндірістік,энергетикалық мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;

7)өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;

8)мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану,презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту ;

9)негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.

Негізгі мектептің 8-9 сыныптарындағы химия курсы оқушылардың жаңа білімді игеруі,танымдық қабілеттері мен қызығушылығын арттыру,білімін іс жүзінде қолдану қабілеттерін,яғни функционалдық сауаттылығын ұштау мақсаттарында кең қолданылуы тиіс.Химия пәнін оқытуда мұғалім мен оқушы арасындағы әріптестік қарым қатынасты құра білуге,оқушылардың ғылыми жобаларды орындауына,практикалық сабақтар мен эксперименттік жұмыстарында өз бетімен білімі мен білігі шыңдап,алған теориялық білімін практикада,әр түрлі өмірлік жағдаяттарда қолдана білуіне улкен маңыз беріледі.Оқытуды ұйымдастырудың жүйелік іс әрекеттік тәсілі шеңберінде оқушылардың өмірлік қажетті дағдылары мен функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік ашатын ұтымды педагогикалық технологияларды қолданған тиімді.Түрлі технологияларды қолдану барысында оқушының өз бетінше әрекет етуін,креативтілігін,оның химияға ықыласын арттыратын оқытудың проблемалық іздестіру,интерактивтік,коммуникативтік,ойындық тәсілдері тиімді болып табылады.

Мектептегі химия білімі жүйесі алдында қойылған міндеттерді орындауды оқу процесін технологияландыру және жобалау арқылы жүзеге асыруға болады.8,9 сыныптардағы алғашқы сабақта арнайы журналға белгілей оытырп техникалық қауіпсіздік ережесі бойынша кіріспе нұсқау беру сабағы өткізіледі.Оқу жоспарының жылжымалы бөлігі есебінен элективтік қолданбалы курстар,факультатив сабақтары өткізу ұсынылады.

Сабақтан тыс жұмыстар:

-зерттеу жобаларын дайындау және қорғау;

-олимпиадалар,конкурстар,тақырыптық кештер;

-таңдау бойынша элективті курстар;

-онлайн режиміндегі конференциялар мен қашықтан жүргізілетін сабақтар,білім байқаулары;

-химиялық ғылым мен өндіріс нысандарына таным жорықтар түрінде өткізіледі.

«Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

8-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан

9-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан

10- сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан

1 11- сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан.
написать администратору сайта