Навигация по странице:
|
Каза гуманитарлыза университеті лтты ы жоары мектебі (діл сот, адвокатура, ксіпкерлік ы) Азаматты іс жргізу, ебек жне жер ыы кафедрасы
Жоспар.
Әлеуметтік әріптестік ұғымы және қағидалары.
Әлеуметтік әріптестік деңгейлері.
Ұжымдық шартты әзірлеу және жасау тәртібі.
Ұжымдық шарттың қолдану мерзімі.
1.Әлеуметтік әріптестік - қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі
Әлеуметтік әріптестік принциптері:
1) тараптар өкілдерінің өкілеттілігі;
2) тараптардың тең құқықтылығы;
3) талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі;
4) міндеттемелер қабылдау еріктілігі;
5) тараптар мүдделерін құрметтеу;
6) ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттілігі;
7) келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді өз кінәсі бойынша орындамағаны үшін тараптардың, олардың өкілдерінің жауаптылығы;
8) әлеуметтік әріптестікті нығайту мен дамытуға мемлекеттің жәрдемдесуі;
9) қабылданатын шешімдердің жариялылығы.
2.Әлеуметтік әріптестік деңгейлері:
Бипартизм деңгейі – кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда екі әлеуметтік топ арасында: жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс беруші арасында (нысаны ұжымдық шарт);
Трипартизм деңгейі:
Республикалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік (бас келісім);
Салалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік (салалық келісім);
Өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестік (өңірлік келісім).
3.Ұжымдық келіссөздер жүргізудің принциптері:
тараптар мүдделерінің тең құқықтылығы және оларды құрметтеу;
ұжымдық шарттың немесе келісімнің мазмұнын құрайтын мәселелерді талқылаудағы таңдау еркіндігі;
тараптардың міндеттемелер қабылдау еріктілігі;
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау болып табылады.
Ұжымдық шарт жасасу тәртібі:
Кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын әзірлеудің бастамашысы бола алады.
Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он күндік мерзімде қарап, осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен келіссөздерге кірісуге міндетті.
Ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу үшін тараптар тепе-тең негізде комиссия құрады. Комиссия мүшелерінің саны, оның жеке құрамы, жобаны әзірлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзімдері тараптар келісімімен айқындалады.
Комиссия әзірлеген ұжымдық шарттың жобасын ұйым қызметкерлері міндетті түрде талқылауға тиіс. Жобаны талқылау нысанын қызметкерлердің өздері айқындайды. Комиссия келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны пысықтайды.
Тараптардың келісіміне қол жеткізілген кезде ұжымдық шарт кемінде екі данада жасалады және оған тараптардың өкілдері қол қояды.
-
Ұжымдық шарттың жекелеген ережелері бойынша тараптар арасында келіспеушіліктер болған кезде ұжымдық келіссөздер басталған күннен бастап бір ай ішінде тараптар бір мезгілде келіспеушіліктер хаттамасын жасай отырып, келісілген талаптармен ұжымдық шартқа қол қоюға тиіс.
3.Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі мен аясы:
Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалады.
Ұжымдық шарт, егер оның ережелерінде өзгеше көзделмесе, қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және тараптар оны орындауға міндетті.
Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың атынан ұжымдық шарт жасалған ұйым қызметкерлеріне және жазбаша өтініш негізінде оған қосылған қызметкерлерге қолданылады.
Ұйымның қайта ұйымдастырылу (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайта құрылу) кезеңінде ұжымдық шарт өз күшін сақтайды;
Ұйым мүлкінің меншік иесі ауысқан кезде ұжымдық шарт үш ай бойы өз күшін сақтайды. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе қолданыстағы шартты сақтау, өзгерту және толықтыру туралы келіссөздерді бастауға құқылы.
Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ұжымдық шарттың қолданылуы барлық қызметкерлермен еңбек шарттары тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 15 мамыр 2007ж.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы. 23.01.2001. №149 // ҚР Парламентінің жаршысы, 2001ж., №3, 18-құжат.
«Қазақстан Республикасында эейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 20.06.1997. № 136. // ҚР Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат.
Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999
Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989
Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978
Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997
Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000
Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008
№ 5 – тақырып. Еңбек шарты.
Мақсаты: жеке еңбек шартының ерекшелігін білу
Жоспар:
Еңбек шартының түсінігі және мазмұны.
Басқа жұмысқа ауыстырудың түсінігі, түрлері және тәртібі.
Еңбек шартын тоқтату және бұзу түрлері.
Еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.
Еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, оның тараптары болып қызметкер және жұмыс беруші табылады. Сонымен қатар еңбек шартының басқа шарттардан айырмашылығы бар. Еңбек шартының өзге шарттар түрлерінен ерекшелігі болып табылады келесіде:
1) қызметкердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы;
2) міндеттемелердің еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындалуы;
3) қызметкердің еңбегі үшін жалақы алуы.
Еңбек шартының мазмұнында келесілер көзделуі қажет:
1.тараптардың деректемелері:
2. белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);
3) жұмыстың атқарылатын орны;
4) еңбек шартының мерзімі;
5) жұмыстың басталу күні;
6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;
8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
12) кепілдіктер мен өтақырыпқы төлемдері, оларды төлеу тәртібі;
13) сақтандыру жөніндегі талаптар;
14) тараптардың жауапкершілігі;
15) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.
Еңбек шартың мерзімі:
1) белгіленбеген мерзімге; 2) бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін. 3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;
4) жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына;
5) маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін.
2. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру деп:
1) қызметкер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни жұмысты басқа лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау;
2) орындау кезінде еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар) өзгеретін жұмысты тапсыру;
3) жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру;
4) жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру есептеледі.
3.Еңбек шартын тоқтату негіздері
Мыналар:
1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;
2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;
8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы;
9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 15 мамыр 2007ж.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы. 23.01.2001. №149 // ҚР Парламентінің жаршысы, 2001ж., №3, 18-құжат.
«Қазақстан Республикасында эейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 20.06.1997. № 136. // ҚР Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат.
Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999
Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989
Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978
Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997
Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000
Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008
№6- тақырып. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
Мақсаты: жұмыс және демалыс уақыттарының арақатынасын білу
Жоспар:
Жұмыс уақытының түсінігі, белгілері және түрлері.
Жұмыс уақытының режимі.
Үстеме жұмыс.
Демалыс уақытының түсінігі және түрлері.
1.Жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері.
Жұмыс уақыты келесі белгілермен сипатталады:
заңда, жұмыс берушінің актілерінде, ұжымдық және еңбек шартында белгіленген ұзақтық;
ішкі еңбек тәртібіне сәйкес қызметкердің өз еңбек міндетін орындауға міндетті уақыт аралығы;
еңбек ұзақтығын және жұмыс бойынша міндеттерді реттейтін норма немесе келісімге сәйкес қызметкердің нақты жұмыс істеп шыққан уақыты.
Жұмыс уақыты келесі түрлерге бөлінеді:
Ұзақтылығы қалыпты;
Ұзақтығы қысқартылған ;
Толық емес.
2.Белгілі бір есепті кезеңдегі (апта, ай) жұмыс уақыты мен демалу уақытының ара қатынасы жұмыс уақытының режимі деп аталады. Жұмыс уақыты режимінің элементтері:
Аптадағы жұмыс күнінің саны;
Күнделікті жұмыстың басталуы және аяқталуы;
Жұмыс ауысымының ұзақтығы және алмасуы.
Жұмыс ауысымы – бұл күнделікті жұмыстың заңға, ұжымдық немесе еңбек шартына сәйкес белгіленген ұзақтығы, оны қызметкер графикке сәйкес тәулік ішінде атқарып шығуға тиіс.
3. Үстеме жұмыстарға:
1) жүкті әйелдер;
2) он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер жіберілмейді.
2. Осы Кодекстің 90-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Үстеме жұмыстар әрбір қызметкер үшін тәулік ішінде - екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.
4.Тынығу уақытының түрлері:
1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер - тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс; ауысымішілік және арнаулы үзілістер;
2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу;
3) демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз тынығу);
4) мереке күндері;
5) демалыстар болып табылады.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 15 мамыр 2007ж.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы. 23.01.2001. №149 // ҚР Парламентінің жаршысы, 2001ж., №3, 18-құжат.
«Қазақстан Республикасында эейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 20.06.1997. № 136. // ҚР Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат.
Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999
Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989
Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978
Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997
Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000
Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008
№ 7 – тақырып. Жалақы. Қызметкерлерге кепілді және өтақырыпқылық төлемдер.
Мақсаты: қызметкерлерге жалақыдан бөлек төленетін төлемдерді білу
Жоспар:
Жалақы ұғымы және төлеу әдістері.
Еңбекке ақы төлеу жүйелері.
Еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқығанда ақы төлеу.
Жалақы төлеудің тәртібі
Қызметкерлерге кепілді және өтесақылық төлемдерді төлеу.
1.Жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтақырыпқы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
Еңбек құқығында еңбекке ақы төлеудің екі әдісі қолданылады:
Орталықтандырылған (мемлекеттік нормалау);
Шарттық.
Еңбекке ақы төлеудің орталықтандырылған әдісі мемлекеттік органдарда, мекемелерде жұмыс істейтін және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын қызметкерлерге қатысты қолдынылады.
Бұл әдіс тікелей («Республикалық бюджет туралы заң», мемлекеттік қызметкерлердің ақысы) және жанама (табыс салығы) тәртіппен қолданылады.
Шарттық әдісте тараптар еңбекақының мөлшері мен тәртібін өзара келісімімен анықтайды. Бұл әдіс екі деңгейде жүзеге асырылады:
Еңбек шарты;
Ұжымдық шарт.
2.Еңбекке ақы төлеу – Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі.
Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша (мерзімдік), кесімді, тарифті, тарифсіз немесе аралас және өзге де еңбекке ақы төлеу жүйелері бойынша ақы төленеді.
3.Еңбектің қалыпты жағдайларынан ауытқығанда ақы төлеу:
Үстеме жұмысқа ақы төлеу
Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу
Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу
Әр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде еңбекке ақы төлеу
Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының кеңеюі) және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау кезінде еңбекке ақы төлеу
Жаңа өндірістерді (өнімдерді) игеру кезінде еңбекке ақы төлеу
Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу
3.Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір қызметкерге тиісті кезеңдегі тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша түрде ай сайын хабарлауға міндетті.
3. Жалақы төлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.
4. Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді. Өсімақы мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеледі және төлем жасалған күнмен аяқталады.
5. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі барлық сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 15 мамыр 2007ж.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы. 23.01.2001. №149 // ҚР Парламентінің жаршысы, 2001ж., №3, 18-құжат.
«Қазақстан Республикасында эейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 20.06.1997. № 136. // ҚР Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат.
Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999
Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989
Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978
Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997
Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000
Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008
№ 8 – тақырып. Еңбекті қорғау.
Мақсаты: еңбекті қорғаудың міндеті білу.
Жоспар:
-
|
|
|