Главная страница
Навигация по странице:

Каза гуманитарлыза университеті лтты ы жоары мектебі (діл сот, адвокатура, ксіпкерлік ы) Азаматты іс жргізу, ебек жне жер ыы кафедрасы



Скачать 1.26 Mb.
Название Каза гуманитарлыза университеті лтты ы жоары мектебі (діл сот, адвокатура, ксіпкерлік ы) Азаматты іс жргізу, ебек жне жер ыы кафедрасы
Анкор enbek.doc
Дата 12.04.2017
Размер 1.26 Mb.
Формат файла doc
Имя файла enbek.doc
Тип Семинар
#152
страница 16 из 19
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Әдістемелік нұсқаулар:

дипломдық, курстық жұмыстарды, реферат, баяндама, эссе және т.б. орындау


Эссе жазу бойынша әдістемелік нұсқау

Эссе француз тілінде «essai» – тәжірибе, ағылшынша «essay», «assay» – әрекет, сынама, очерк; латынша «exagirem» – эссе. Эссе – бұл естіген, оқыған, көрген туралы жеке пікіріңді, ойыңды еркін көрсетіп жазылған кішкентай көлемде шығарма. Автор өзінің жеке позициясын көрсетеді (жанрдың негізін қалаған – Мишель Монтень, орыс әдебиетіндегі Ф.М.Достаевский, В.В. Розанов, В.И. Иванов).

Бұл прозалық шығарма – еркін композициялы шағын көлемді талдау. Сын және публицистика жанры, қандай да болмасын проблеманың еркін трактовкасы. Жұмыстың мақсаты – кез келген аргументтер келтіріп ұсынылған тақырыпты жан-жақты көрсету. Эссе көп идеяны қамтымайды. Ол тек қана ойдың бір ғана нұсқасын бейнелейді және оны дамытады. Эссе жазу барысында қойылған сұраққа нақты жауап беруге тырысу қажет және тақырыптан ауытқымауы керек. Эссе қатаң түрде жеке жұмыс бірігіп жазуға болмайды.

Эссе нақты сылтау немесе сұрақ бойынша жеке әсерді және пікірді бейнелейді және нәрсенің анықтаушы немесе жан-жақты трактовкасына үміттенбейді. Ереже бойынша эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективтік боялған сөзді долбарлайды және философиялық, тарихи- биографиялық, публицистикалық, әдеби- сыни, ғылыми- көпшілік, беллетристикалық сипаты болады.

Студент эссесі – оқытушымен ұсынылған тақырыпқа өзіндік жазбаша жұмысы (тақырыпты студент ұсына да алады, бірақ міндетті түрде оқытушымен келісілген болуға тиіс). Эссенің мақсаты өзіндік шығармашылық ойлау және өз ойларын жазбаша мазмұндау дағдысын дамыту. Эссе жазу өте пайдалы, ол авторға ойды айқын және сауатты тұжырымдауға, ақпаратты құрылымдауға, талдаудың негізгі категорияларын пайдалануға, себеп-салдарлық байланыстарды ажыратуға, түсініктерді сәйкесті мысалдармен безендіруге, өз тұжырымын дәлелдеуге, ғылыми стильді меңгеруге көмектеседі.

Эссенің мазмұнында қойылған проблеманың мәнін айқын мазмұндау, қағиданы және аналитикалық құрал-сайманды пән шеңберінде қарастырылатын, қолдана отырып, өзі жүргізген талдауын енгізу, қойылған проблема бойынша автордың ұстанымын қорытатын тұжырымдарды кіргізу. Пәннің ерекшелігіне байланысты эссенің нысаны елеулі саралап жіктелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда бұл зерделенетін проблема бойынша статистикалық бар мәліметтерді талдау болуы, жаппай ақпарат құралдарының материалдарын талдау және зерделенетін модельдерді қолдана отырып ұсынылған тапсырманы нақты талқылау, проблеманы бейнелейтін мысалдарды іріктеу және нақты талдау.

Эссенің тақырыбында сұрақ, проблема болуы қажет, ойлаумен дәлелденуі тиіс.

Эссенің құрылысы

Эссенің құрылысы – бұл сұраққа жауап беру немесе дәлелдердің классикалық жүйесіне негізделген тақырыптарды ашу.

  1. Титул беті (бірыңғай үлгі бойынша толтырылады)

  2. Кіріспе – берілген тақырыпты талдаудың мәні мен негіздемесі, бір- бірімен логикалық және стилистикалық байланысты құрауыштардың қатарынан тұрады. Бұл сатыда өз зерттеу жұмысыңыздың барысында жауап алғыңыз келетін сұрақты дұрыс тұжырымдаудың маңызы өте зор. Жұмыста қарастырғыңыз келетін мәселесінің ең маңыздысын және сіздің ЭССЕ-ге кірмейтін мәселерді көрсету қажет, сонымен қатар негізгі терминге қысқаша анықтама беруіңіз керек. Анықтамалардың санын азайтуға тырысыңыз. Кіріспемен жұмыс кезінде келесі сұрақтарға жауап беруге тура келеді. «Эссе тақырыбында айтылатын термин сөздерге анықтама берудің қажеті бар ма?», «Мен ашатын тақырып қазіргі уақытта не себепті маңызды болып табылады?», «Тақырып бойынша менің талқылауыма қандай ұғымдар кіреді?», «Мен тақырыпты бірнеше ұсақ тақырыпшаларға бөле аламын ба?».

  3. Негізгі бөлім – таңдап алынған проблеманың теоретикалық негіздері және негізгі сұрақты баяндау.

Бұл бөлім дәлелдеу мен талдаудың дамуын долбарлайды, сонымен қатар бұл мәселе бойынша бар мәліметтерден, басқа да дәлелдер мен көзқарастардан өзге негіздемелерді қарастырады.. Бұл сұрақ бойынша көзқарастар алынған мәліметтер және басқа аргументтерге сүйеніп, бұл бөлім сіздің талдауыңызбен аргументтеуіңізді және оны негіздеуді талап етеді. Ұсынылған талдаудың өзіндік құрылымы болуы тиіс. Негізгі бөлімде мәліметтерді пайдаланып өзіңіздің талдауды қисынды негіздеу керек. Өзіңіз оқымған әдебиетке сүйенбеңіз. Мәліметтерді дұрыс пайдаланбау, соның ішінде артық  қорытырындылау сіздің бағаңызды төмендетеді. Қайталамауға тырысу қажет. Анық, қысқаша, нақты жазылуы керек. Жұмыстың тарауларын құрылымды нақтылап көрсету, материалдық қисанда жазу. Автордың қорытындысын жұмысқа қатысы жоқ. Керек емес материалдарды пайдаланбау. Алынған білім негізінде белгілі мәселелер бойынша өзіңіздің көзқарасыңызды дәлелдеу және тұрғызу қабілеттілігі. Жинақталған материалдар негізінде тақырыпты, аргументті ашып көрсету.

Эссенің негізгі маңызы осымен түсіндіріледі және осы басты қиындықты туғызады. Сондықтан дәлелдеулерді құрылымдауды жүзеге асырылатын тақырыпшалардың болуы аса маңызды; осы тұста ұсынылатын дәлелдеуді, талдауды негізге алу қажет. Қажет болған жағдайда аналитикалық құрал ретінде кескіндемелерді, диаграммаларды және кестелерді пайдалануға болады. Қойылған мәселеге байланысты талдау келесі санаттар негізінде жүргізіледі: себеп –

тергеу, жалпы – ерекше, нысан – мазмұн, бөлім – тұтас, тұрақтылық – құбылушылық.

Эссені құру үрдісінде бір параграф бір бекітуден және сәйкесті дәлелден (кескіндемелік

және безендірілген материалдармен қосымша толықтырылған) тұруы қажет. Тақырыпшаға сәйкес дәлелдеулердің бөлімдерін мазмұнмен толықтыра отырып параграф шеңберінде өзіңді ең маңызды оймен шектеу қажет.

Кез келген эссені құрудың жақсы тексерілген (көпшілік үшін аса қажетті) тәсілі –

дәйектелетін мазмұндаманың шешуші мезетін белгілеу үшін тақырыпшаларды қолдану; бұл жасалуға тиісті нәрсені көруге көмектеседі (және сұраққа жауап береді). Мұндай көзқарас көрсетілген зерттеудің айқын мақсатын анықтауға септігін тигізеді. Тақырыпшаларды тиімді қолдану – жауап беру қажетті негізгі пункттерді белгілеу ғана емес. Олардың бірізділігі тақырыпты ашуда қисынның барын немесе жоғын куәландыра алады.

  1. Қорытынды – тақырыптың қолданылу саласын көрсету арқылы ол бойынша қорыту

және дәйектелген тұжырымдар және т.б. Эссені қорытады немесе тағы да түсініктер енгізеді, негізгі бөлімде баяндалғандарды бекітеді. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, безендіру, бекітуді әсерлейтін дәйексөз. Жұмыстан шығатын қажетті қорытынды болуы қажет. Тақырыптың әрі қарай даму бағыттарын көрсету Қорытынды басқа проблемалармен өзара байланыс арқылы зерттеуде қолдануға нұсқау сынды эссені толықтыратын өте маңызды элементтен тұруы мүмкін.

Эссені қалай дайындау және жазу қажет?

Кез келген эссенің сапасы өзара байланысты үш құрамдас бөліктен тұрады:

  • Қолданылатын бастапқы материал (оқылған әдебиеттерден конспектілер, дәрістер, пікірсайыс қорытындысының жазбалары, өз пікірлері және көрсетілген проблема бойынша жинақталған тәжірибелер);

  • Қолда бар бастапқы материалды өңдеу сапасы (оны ұйымдастыру, дәлелдеулер мен дәлелдемелер);

  • Дәлелдеу (эсседе көрсетілген проблемалармен қатыстылығы);

Эссені жазу үрдісін бірнеше сатыға бөлуге болады: ойлану – жоспарлау – жазу –

тексеру – түзету.

Жоспарлау – мақсатты, негізгі идеяларды, ақпарат көздерін, жұмысты аяқтау және

ұсыну мерзімдерін анықтау. Мақсат іс- қимылды айқындауы қажет. Идеялар мақсат секілді нақты және жалпы бола алады. Ойлар, сезімдер, көзқарастар мен ұсыныстар, ұқсастықтар, қауымдастық, долбарлар, талқылаулар, дәлелдер, дәлелдемелер және т.б. түрінде бейнеленуі мүмкін.

Эссені бағалау

Жұмысты безендіру:

  • Титулдық бет

  • Шрифт 12

  • Жол аралық интервалы 1,5

  • Маңызды қанық шрифтпен көрсету

  • Математикалық формулаларды, суреттерді, кестелерді безендіру

  • Сілтемемен цытатымен рәсімдеу

  • Қолданылған әдебиеттерді рәсімдеу

Жұмыс бөліктерінің арасындағы арақатынасы: жұмыстың көлемі  3-5 бет (кіріспе – бүкіл жұмыс көлемінің 10 пайызын, негізгі идея бүкіл жұмыс көлемінің 40 пайызын, негізгі идеяны нақылдауға бүкіл жұмыс көлемінің 40 пайызын, қорытынды бүкіл жұмыс көлемінің 10 пайызын құрайды).


Бақылау жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау

Бақылау жұмысы студенттің ағымдағы үлгерімін тексеруге, топ студенттерінің дайындығын анықтау, үлгерімі нашар студенттермен жұмыс әдістемесін ұйымдастыруға бағытталған іс – шара.

Студент бақылау жұмысына дайындалу кезінде:

бақылау жұмысының тақырыбын білуі;

берілген тақырып бойынша теориялық материалды, есепті шығару әдістерін қайталауы, әдебиеттерді, практикалық сабақта шығарылған есептер мен мысалдарды қайталап, еске түсіруі қажет.

Егер студент үнемі жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отырса, бақылау жұмысына дайындық ешқандай қиындық туғызбайды.

Реферат жазу бойынша әдістемелік нұсқау
Реферат оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.

Реферат міндетті түрде бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қайнар көздерге сілтемелер, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.

Реферат тақырыбын тандау студенттермен дербес жүзеге асырылады. Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кенескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты нормативті құқықтық актілердің, құқыққолданушылық және өзге құжаттардың бары анықталады.

Реферат жоспары ашылатын тақырыптың ішкі тұтастығын көрсетуге тиісті. Реферат құрылымы қысқаша кіріспеден, негізгі бөлімнің 2-3 парақтарынан, қорытындыдан және қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.

Кіріспеде (1-1,5 бет) тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті негізделеді.

Негізгі бөлімде мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.

Қорытындыда рефераттың мақсаты мен міндетіне сай, тақырыпты зерттеудің негізгі қорытындылары, авторлық тұжырымдар мен практикалық нұсқамалары көрсетіледі. Реферат көлемі 12-15 беттен аспайды.

Пән бойынша есептерді шығару бойынша әдістемелік нұсқау
Есептерді шығару студенттің алған білімін бекітудің бір әдісі болып табылады. Ол келесі кезеңдерден тұрады:

  • есептерді шешу үшін берілген тақырып бойынша дәрістік материалды толық білу керек;

  • есеп шартын мұқият оқып шығу;

  • шешу жоспарын ойластыру;

  • есепті шығаруға қажетті заң нормаларын анықтау;

  • алдымен жалпы түрде шешу, сонан кейін заң нормаларына сілтеме жасау;

  • шешімнің дұрыстығына талдау жасау.



«Қазақстан Республикасы Еңбек құқығы» пәнінен курстық жұмыстың тақырыптары

  1. Еңбек құқығының түсінігі,пәні және мақсаттары.

  2. Еңбек құқығының қайнар көздерінің жүйесі.

  3. Еңбекті құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері және жіктелуі.

  4. Еңбекті к құқықтық қатынастардың субъектілері: түсінігі және жіктелуі.

  5. Халықаралық еңбек құқығының субъектілері.

  6. Еңбек туралы жалпы және арнайы нормалардың жіктелуі

  7. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету қағидалары және жұмыстылық саласында кемсітушілікке жол бермеу.

  8. Еңбекті қорғауға азаматтардың құқығын қамтамасыз ету қағидалары.

  9. Нарықтық экономика жағдайларында еңбек заңдылығын реформалаудың құқықтық аспектілері

  10. Еңбекті қорғау мәселелерін реттеуде халықаралық және ұлттық құқықтарының арақатынасы.

  11. Халықаралық еңбек қатынастарының саласында коллизиялық нормалардың жүйесі.

  12. Еңбекті ұйымдастыру және пайдалану қағидалары.

  13. Қазақстан Республикасының еңбек нарығының даму мәселелері және жағдайлары.

  14. Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтамасыз етуді құқықтық реттеу.

  15. Еңбектік қатынастар саласында кәсіподақтардың құқықтық мәртебесі.

  16. Еңбектік құқықтық қатынастардың түсініг, түрлері және мазмұны.

  17. Кәсиби одақтардың құқықтық мәртебесі.

  18. Әлеуметтік әріптестік институтының түсінігі,мақсаттары және қағидалары.

  19. Әлеуметтік әріптестік органдарының құқықтық мәртебесі.

  20. Ұжымдық шарттар мен келісімдер туңралы заңдылықтың жалпы сипаттамасы.

  21. Әлеуметтік-әріптестік келісімдер және олардың жіктелуі.

  22. Ұжымдық шарттың түсінігі және мәні.

  23. Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекетттік саясаттың негізгі қағидалары

  24. Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу.

  25. Еңбек қатынастарын реттеуде жергілікті актілердің ролі және мәні.

  26. Халықты жұмыспен қамтудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанары.

  27. Жұмыстылық мәселесі бойынша құзіретті органдардың жүйесі және құқықтқ мәртебесі.

  28. Жеке еңбек шартының түсінігі және мазмұны.

  29. Жеке еңбек шартын бекіту тәртібі.

  30. Жеке еңбек шарты тараптарының түрлерін анықтау мерзімі және субъектілік құрам бойынша жіктеу.

  31. Жеке еңбек шартын вахталық әдіспен жұмыс істейтіндермен бекітудің ерекшеліктері.

  32. Басқа жұмысқа ауысудың түсінігі және түрлері.

  33. Басқа жұмысқа ауысудың басқа жұмыс орнына жылжытудан айырмашылығы.

  34. Басқа жұмысқа уақытша ауысудың ерекшеліктері.

  35. Жеке еңбек шартын бұзу негіздері.

  36. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері және оларды жіктеу.

  37. Қызметкерді жұмыстан шеттетудің негіздері және тәртібі.

  38. Жұмыстан заңсыз шеттетудің құқықтық салдары.

  39. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегін құқықтық реттеу.

  40. Жеке кәсіпкерлік саласында жалдамалы қызметкерлерді пайдалануды құқықтық реттеу.

  41. Мемлекеттік қызметшілермен жеке еңбек шарты.

  42. Көші қон еңбешілердің құқықтық мәртебесі

  43. Шетел жұмыс күшін тарту тәртібі және талаптары.

  44. Ішкі еңбек нарығын қорғаудың құқықтық аспектілері

  45. Жұмыс уақытының түрлері және жіктелуі

  46. Демалыс уақытының түрлері және жіктелуі

  47. Жылдық демалыстың түрлері және жіктелуі

  48. Жалақының түсінігі, ұйымдастыру қағидалары және жүйесі

  49. Жұмыстың қалыпты жағдайынан ауытқыған ретте еңбекке ақы төлеудің ерекшеліктері

  50. Жалақыны құқықтық қорғау механизмі және әдістері

  51. Тәртіптік жауапкершіліктің пайда болуының негіздері мен шарттары.

  52. Еңбек құқығындағы көтермелеу шаралары және оларды қолдану тәртібі

  53. Еңбектік және азаматтық құқықтарда келтірген залалы үшін материалдық жауапкершіліктің арақатынасы

  54. Еңбек зақымы мен кәсіби ауырудың салдарынан келтірілген зиянды өтеудің құқықтық аспектілері

  55. Қызметкерлердің жеке санаттарының еңбегін қорғауды қамсыздандыру ерекшеліктері

  56. Еңбекті қорғау институтының кешенді институт ретіндегі сипаттамасы

  57. Еңбек дауларының түрлері және оның жіктелуі

  58. Жеке еңбек дауларын қарау тәртібі

  59. Ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі

  60. Ереуілді өткізу негіздері және тәртібі

  61. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы.

  62. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары

  63. Әлеуметтік-қамсыздандырушылық қатынастар

  64. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері

  65. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік-еңбектік сауықтыру; түсінігі және түрлері

  66. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері.

  67. Халықаралық құқық нормалары әлеуметтік қамсыздандыру құқығның қайнар көздері ретінде

  68. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында шараларды қаржыландыру

  69. Өтіл - әлеуметтік қамсыздандыру құқығының негізгі институттары ретінде

  70. ҚР азаматтарының ынтымақтастық жүйе бойынша зейнетақылық қамсыздндырылуы.

  71. ҚР зейнетақылық реформа: сипаттамасы, даму тенденциялары.

  72. Ынтымақтастық және жинақтаушы зейнетақы жүйелері: олардың жалпы сипаттамасы, даму жолдары.

  73. Жинақтаушы зейнетақы қорлары-Қазақстан Республикасының негізі ретінде.

  74. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан азаматтарды зейнетаымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.

  75. ҚР азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесінде бақылау және қадағалау жүйесі

  76. Салымшылар мен алушылардың құқықтық мәртебесі

  77. Қазақстан Республикасы азаматтарының зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесінде ақшалай қаржылардың жылжуын құқықтық реттеу

  78. Жинақтаушы зейнетақы қорларында ақшалай қаражаттарды сақтауды құқықтық қамтамасыз ету

  79. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт, оның құқықтық мәртебесі, бекіту тәртібі

  80. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін құқықтық реттеу.

  81. Зейнетақы активтерін инвестициялауды құқықтық реттеу

  82. Зейнетақылық қамсыздандыру жүйесінде кастодиандық қзмет

  83. Зейнетақ активтері: олардың құқықтық мәртебесі, құнды қағаздар нарығы жүйесінде олардың топтасуы және қозғалысы

  84. Қазақстан Республикасының міндетті және ерікті зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі

  85. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың құқықтық мәртебесі

  86. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың құқықтық мәртебесі

  87. Жинақтаушы зейнетақы қорларында зейнетақы активтерін сақтауды құқықтық реттеу

  88. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастыру жүйесінде мемлекеттік органдар орны мен ролі

  89. Ерікті зейнетақы жарналары:оларды төлеу тәртібі және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы тағайындау.

  90. Еңбек өткерген жылдары үшін зейнетақы. Тағайындау және төлеу шарттары.

  91. Жәрдемақы-еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандырудың бір түрі ретінде.

  92. ҚР еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру

  93. ҚР еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету

  94. Қазақстан Республикасында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, оны тағайындау және төлеу тәртібі

  95. Қазақстан Республикасының еңбекке қабілетсіз азаматтарға материалдық жеңілдіктер

  96. Мемлекеттік арнайы жәрдеақы, оны тағайындау және төлеу тәртібі

  97. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы, оны тағайындау және төлеу тәртібі

  98. Жұмысберуші қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік жәрдемақылар

  99. Экологиялық апат аймақтарынан зардап шеккен тұлғаларды әлеуметтік қорғау

  100. Әскери қызметшілерді және олардың отбасын әлеуметтік қорғау

  101. Әлеуметтік қамсздандыру құқығы нормаларындағы ана мен баланы әлеуметтік қорғау

  102. Қазақстан Республикасының еңбекке қабілетсіз азаматтарының кәсіби қызметін ескере отырып әлеуметтік қорғау

  103. Қазақстан Республикасында әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру

  104. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жүйесінде дәрігерлік құқық нормалары

  105. Шетел мемлекеттерінде әлеуметтік қамсыздандыруды құқықтық реттеу ерекшеліктері

  106. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың халықаралық-құқықтық аспектілері

  107. Интернат-үйлері, олардың еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетуде алатын ролі және орны

  108. Еңбекке қабілетсіз азаматтарға дәрігерлік қызмет көрсетуді құқықтық реттеу.

  109. Еңбекке қабілетсіз азаматтардың жұмыстылығын және білім беру саласында Қазақстан Республикасының заңдылығы

  110. ТМД мемлекет-қатысушыларының халықаралық қатынастар шегінде еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың құқықтық аспектілері, даму деңгейі.

  111. Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер және оларға теңестірілгендер әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектісі ретінде, олардың құқықтық мәртебесі, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік және халықаралық кепілдіктер.

  112. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы сақтандыру институты, оның қызмет ету ерекшеліктері

  113. Әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің зейнетақылық қамсыздандырылуын құқықтық реттеу

  114. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңі

  115. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруда халықаралық ұйымдардың ролі

  116. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамсыздандыруды басқару жүйесі.

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
написать администратору сайта