Главная страница
Культура
Искусство
Языки
Языкознание
Вычислительная техника
Информатика
Финансы
Экономика
Биология
Сельское хозяйство
Психология
Ветеринария
Медицина
Юриспруденция
Право
Физика
История
Экология
Промышленность
Энергетика
Этика
Связь
Автоматика
Математика
Электротехника
Философия
Религия
Логика
Химия
Социология
Политология
Геология

Мемлекет жне ы теориясыны зерттеу пні не болып табылады



Скачать 271 Kb.
Название Мемлекет жне ы теориясыны зерттеу пні не болып табылады
Анкор %D0%A2%D0%93%D0%9F%20%D0%A2%D0%94.doc
Дата 05.05.2017
Размер 271 Kb.
Формат файла doc
Имя файла %D0%A2%D0%93%D0%9F%20%D0%A2%D0%94.doc
Тип Документы
#7921
страница 1 из 4
  1   2   3   4

Мемлекет және құқық теориясының зерттеу пәні не болып табылады?

мемлекет және құқықтың пайда болу, даму заңдылықтары

мемлекет және дін

қоғамдық қатынастарды реттеу

әлеуметтік, саяси үрдістер

мемлекетті басқару
Мемлекет және құқық теориясының әдісі дегеніміз не?

осы ғылымның тақырыбын танып-білу үшін қолданылатын амалдар мен тәсілдердің жиынтығы

салыстырудың математикалық принциптерінің жиынтығы

адамның өмір сүруінің принциптері

құқыққорғау органдары қызметкерлерінің қызметіндегі моральдық нормалар

статистикалық зерттеу әдістері
Аталған ғылымдардың қайсысы салалық заң ғылымдары болып табылады?

қылмыстық құқық

криминалистика

мемлекет және құқық теориясы

криминология

сот психиатриясы
Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымдарының қай түріне жатады?

тарихи теориялық ғылым

салааралық ғылым

шет елдердің құқығын зерттейтін ғылым

салалық ғылым

қолданбалы заң ғылымы
Тарихи-теориялық заң ғылымдарын атаңыз.

саяси және құқықтық ілімдер тарихы, мемлекет және құқық теориясы

мемлекет және құқық тарихы және криминология

мемлекет және құқық теориясы және Қазақстан тарихы

қылмыстық атқару құқығы және әкімшілік құқық

мемлекет және құқық теориясы, халықаралық құқық
Мына құбылыстардың қайсысы тікелей мемлекеттік құқықтық құбылыстарға жатады ?

заңдылық, нормативтік-құқықтық актілер, құқықтық сана, құқықтық қатынас, мемлекеттік аппарат

әдет-ғұрып, мораль, дін

саяси сана, саяси мәдениет

салт-дәстүр, ізгілік, мәдениет

экономика, өңдіргіш күштер, өңдіріс тәсілі, қаржы, салықтар
Келесі ғылымдардың қайсысы қолданбалы заң ғылымы болып табылады?

криминалистика

халықаралық құқық

мемлекет және құқықтың жалпы тарихы

қылмыстық іс жүргізу құқығы

азаматтық құқық
Жалпы ғылыми әдістерді атаңыз.

материалистік, диалектикалық

статистикалық, кибернетикалық

жүйелілік, қызметтік

салыстырмалы-құқықтық, формальды-заңды

талқылау, анықтау, жүзеге асыру
Мемлекет және құқық теориясының әдістерінің түрлерін атаңыз.

жалпы ғылымдық, жеке ғылымдық

жалпы міндетті, жеке міндетті

салалық, тәжірибелік

фундаменталды, қолданбалы, салалық

жалпы мемлекеттік, жалпы құқықтық, теоретикалық
Салалық заңдық ғылымдарын атаңыз.

азаматтық құқық, қылмыстық құқық, еңбек құқығы

криминология, прокурорлық қадағалау, криминалистика

рим құқығы, шет мемлекеттердің конституциялық құқығы

мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқық тарихы

заңды психология, салық құқығы, әкімшілік құқық
Мемлекет пен құқық теориясын зерттеу үшін қолданылатын жалпы әдістерді атаңыз.

талдау және синтездеу, абстрактілеу, абстрактілеуден нақтылыққа өрлеу

құқықтық эксперимент және құқықтық болжау

салыстырмалы, нақты социологиялық

функционалдық, жүйелілік

статистикалық, математикалық
Алғашқы қауымдық қоғамдағы билік неге негізделді?

тайпа мүшелерінің қан жағынан туыстығына

азаматтардың территориялық ортақтығына

жазбаша актілер мен заңдарға

билік болған жоқ

үстем тап еркіне
Қауымдық құрылыстың қоғамдық билігі кімнің мүддесін білдірді?

бүтіндей қоғамның, рудың мүддесін, көсем мүддесін

әлеуметтік топтың,таптың мүддесін

көсем мүддесін

ешкімнің мүддесін

жеке бір тұлғалардың мүддесін
Мононорма дегеніміз не?

алғашқы қауымдық қоғамның әдет-ғұрыптары

мораль нормалары

ұнамдылық нормалары

заң мәтінінде көрініс тапқан құқық нормасы

діни канондар
Қан жағынан туыстыққа, ортақ шаруашылық жүргізу әдісіне негізделген адамдардың тұрақты қауымдастығы қалай аталады?

ру

мемлекет

қоғам

корпорация

ұжым
Мемлекет пен құқықтың пайда болуының әлеуметтік себептерін көрсетіңіз:

рулық қауымның ыдырауы мен отбасы ұясының, яғни әулеттің пайда болуы, қоғамның таптарға жіктеліп антагонизмдердің туындауы

қоғамдағы еңбектің мал шаруашылық, диханшылық, қолөнер және сауда түрлеріне жіктелінуі

еңбек өнімділігінің өсуі және басы артық өнімнің пайда болуы

жеке меншіктің пайда болуы

қалалардың пайда болуы, климаттық жағдайлардың өзгеруі
Күштеу теориясына сәйкес мемлекеттің пайда болуының себептері -

басып алу, оның үстінен үстемдік орнатуы

таптардың пайда болуы

қолөнердің пайда болуы

климаттық жағдайлардың өзгеруі

адамдардың келісімге келуі
Патриархалдық теория бойынша мемлекеттің пайда болуына не себеп негіз болды?

отбасы негіз болды

басып алу

таптар арасындағы күрес

адам баласымен қатар туындаған құбылыс

адамның психологиясы
Келісім – шарт теориясы бойынша мемлекеттің пайда болу себептері?

адамдардың ерікті келісімі

қоғамдағы қайшылықтар

құдайдың, сыртқы күштің еркі

климаттық өзгерістер негіз болды

мемлекет әр уақытта болды
Теологиялық теория бойынша мемлекеттің пайда болу себептерін атаңыз.

жоғарғы сана мен құдай еркі

патриархатты орнығуы

қоғамның объективті дамуы

ерікті келісім

адамзатпен бірге өмір сүріп келуі
Аристотель, Фильмер, Михайловский мемлекет және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың қайсысын зерделеді?

патриархалдық теорияны

теологиялық теорияны

таптық теорияны

органикалық теорияны

шарт теориясын
Мемлекеттің пайда болуының күштеу теориясының негізін қалаушылар?

Гумплович, Каутский, Дюринг

Покровский, Фильмер

Эпикур, Спиноза, Руссо

Энгельс, Маркс

Петражицкий, Гуго
Мемлекет типi дегеніміз не?

сан алуан мемлекеттердiң өздерiне тиiстi тұтастай алынған маңызды қасиеттерi мен жақтардың жиынтығы және жалпылама ерекшелiктерiнiң жүйесi

әр түрлi мемлекеттердiң дiни, азаматтық, қылмыстық және өзге заңдарының жиынтығы

мемлекет органдарын ұйымдастырумен әрекет етуiнiң тәртiбiн жүзеге асырушу мемлекеттiк билiктi ұйымдастыру

адамдар арасындағы қатынастарды реттеушi әлеуметтiк нормалардың жиынтығы

адам әрекетiнiң жалпылама нормалары мен принциптерi
Мемлекеттерді типтерге бөлудің өркениеттік тәсілінің авторы кім?

А.Тойнби

В.И.Ленин

К.Маркс

Гегель

И.Кант
Аталған мемлекет типтерiнiң қайсысы өркениеттiк көзқарасқа жатады?

ежелгi шығыстық

феодалдық

буржуазиялық

құл иеленушiлiк

капиталистiк
Өркениеттік тәсіл қандай факторларға басты назар аударады?

рухани факторлар – мәдениет, дін, ұлттық құрам, географиялық жағдайлар

қоғамның таптарға бөлінуі

мемлекеттің ішкі және сыртық функцияларының сипаты мен мазмұнына

формацияның ауысуы

өндіргіш күштердің дәрежесіне
Формациялық тәсіл қандай критерийге басты назар аударады?

мемлекет типтерінің ауысуына

климаттық шарттарға

ұлттық ерекшеліктерге

жеке тұлғаның бастандығына

мәдениет дәрежесіне

Формациялық тәсіл бойынша қайсысы мемлекеттің тарихи типіне жатады?

социалистік

қазіргі заманғы

ежелгі

шығыс және батыс

көшпелі және отырықшы
Формациялық көзқарасқа сәйкес мемлекет типiн көрсетiңiз.

капиталистiк

феодалдық

алғашқы

батыс европалық

ежелгi шығыстық
Қазiргi заман мемлекеттерiнiң мәнi неде?

Мемлекет-әлеуметтiк ымыра мен келiсiмнiң, қоғамдағы қайшылықтарды райландыру мен оларды жеңуде, сондай-ақ ортақ iстер мен ерекше таптық мiндеттердi атқаруда, саяси билiк ұйымының қолданатын құралы

Мемлекет-жалпы жұртшылықтың игiлiгi үшiн әлеуметтiк ымыра келiсiмге жету институты

Мемлекет-бiр басқа тапқа ұйымдасып жасаған зорлық Зомбылығы

Мемлекет-мәжбiрлеудiң құралы

Мемлекет-таптық үстемдiктiң құралы
Мемлекетті қоғамның кез-келген саяси ұйымынан ерекшелейтін белгісі не болып табылады?

жалпыға міндетті актілер шығаруы

меншік құқығының болуы

халықаралық ұйымдармен байланысы

космосты игеруі

конституциялық актісінің болуы
Мемлекеттік биліктің ел ішіндегі үстемдігі мен сыртқы тәуелсіздігін білдіретін мемлекеттің белгісі қалай аталады?

мемлекеттік егемендік

құқық субъектілік

құқық қабілеттілік

әрекет қабілеттілік

құқық шығармашылық
Зайырлы мемлекет дегенді қалай түсінеміз?

барлық дінге тең қарайды

бір ғана дінді

ешқандай дінді мойындамайды

діндерге тыйым салады

бір таптың мүддесін қорғайды
Мемлекет егемендігі дегеніміз не?

мемлекеттің елдің ішіндегі қандай да болмасын өзге билікке қатысты тәуелсіздігі мен жоғарылығын білдіретін, сондай-ақ мемлекет аралық қатынастар аймағында халықаралық құқықтың жалпы танылған нормаларын қатаң сақтауды айқындайтын мемлекеттік билік қасиеті

билік тармақтарының тәуелсіздігі

территориялық біртұтастық

дүниежүзілік қауымдастықтан бағыныштылықты білдіретін мемлекеттің саяси-құқықтық қасиеті

көпшілік саяси биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуін және оның құқық субъектілері ретіндегі индивидтермен өзара қатынасын көрсететін жоғарғы мемлекеттік үлгі
Жауаптардың ішінен мемлекеттің құзыретіне жатпайтын өкілеттігін көрсетіңіз:

достық, сүйіспеншілік, туыстық қатынастарды реттеу

нормативтік-құқықтық актілер шығару

қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

алым-салықтар жинау

мемлекеттің шекарасын қорғау
Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз?

мемлекеттік билікті ұйымдастыру әдісі, құру тәртібі

билікті жүзеге асыру әдістері

құрылымын ұйымдастыру

жергілікті билікті ұйымдастыру

территорияны бірліктерге бөлу
Монархия дегеніміз?

жоғарғы мемлекеттік билік мұрагерлік жолымен берілетін бір монархтың қолында болатын басқару үлгісі

жоғарғы мемлекеттік билік сайланбалы органға берілген басқару үлгісі

қоғамның саяси ұйымының құрылымы

мемлекеттік құрылыс үлгісі

саяси режимнің бір түрі
Дуалистік монархияның белгісін атаныз.

билік монарх пен парламентте тең болады

мемлекеттік биліктің тасымалдаушысы монарх

парламент қолында болады

монарх діни басшылықты жүзеге асырады

дін адамдарының билігі
Мына белгiлердiң қайсысы тоталитарлық саяси режимдi сипаттайды?

қоғам өмiрiнiң барлық салаларының толық түрде мемлекет қарауына көшуi

билiктi жоғарғы органдары шешiмдерiнiң мемлекеттiң төменгi органдарына мiндеттiлiгi

мемлекеттiк органдар қызметтерiнiң демократиялығы,жариялылығы

билiктiң құқықтық заңдарымен шектеулi болуы

билiк органдарының халық арқылы сайлануы
Мемлекет нысанының элементтері:

басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режим

саяси билік, егеменділік, басқару нысаны

мемлекеттік құрылым нысаны, билік тәуелсіздігі,саяси режим

саяси режим, басқару нысаны, сайланбалы органдар

басқару нысаны, саяси режим, құқықтық әдет
Мемлекеттің құрылым нысаны дегеніміз бұл -:

мемлекеттің аумақтық құрылымы

мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылымы

мемлекет қызметінің бағыттары

мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері

қоғамдық қатынастарды реттеудің негіздері, қағидалары, бағыт-бағдарлары мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың стратегиясы мен тактикасы
Басқару нысаны бойынша мемлекеттің қандай түрлері ажыратылады?

республикалық, монархиялық

батыстық, шығыстық

унитарлық, федеративтік, конфедеративтік

монархиялық, тоталитарлық, демократиялық

демократиялық, демократияға қарсы
Құрылым нысаны бойынша мемлекеттің қандай түрлері ажыратылады?

унитарлық, федеративтік, конфедеративтік

республикалық, монархиялық

батыстық, шығыстық

монархиялық, тоталитарлық, демократиялық

демократиялық, демократияға қарсы
«Мемлекеттік билікті жүзеге асыруда оның мазмұны мен сипатын көрсететін құқықтық құралдар мен тәсілдердің жиынтығы», - заң тілінде қалай аталады?

саяси-құқықтық режим

мемлекеттің басқару нысаны

мемлекеттің құрылым нысаны

мемлекеттік саясат

мемлекет функциясы
Федеративті мемлекет дегеніміз бұл -

күрделі одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады

қандай да бір мақсатқа жету үшін біріккен мемлекеттердің уақытша одағы

билікті өз қолына шоғырландырған, қоғамды толық бақылау мен қадағалауға алған мемлекет

күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекет

бұл ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір деңгеймен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі
Демократиялық режимге тән белгіні көрсетіңіз:

саяси плюрализм

бір саяси партияның үстемдігі

бір меншік түрінің болуы

мәжбүрлеу мен жазалау шараларының үстемдігі

халықтың экономикалық деңгейінің төмендігі
Демократиялық емес режимге тән белгіні көрсетіңіз:

ресми бір идеологияның болуы

референдум

саяси плюрализм

заң үстемдігі

адам құқықтары мен бостандықтарының танылуы, мойындалуы және кепілденіп, қорғалуы
Мемлекеттік аппарат дегеніміз бұл -

мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі

мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатқа сәйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген мекеме

қоғамның саяси өміріне араласатын барлық мемлекеттік мекемелердің , қоғамдық ұйымдардың жиынтығы

мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың жиынтығы

қоғамдық бірлестік
Мемлекеттік аппаратқа кірмейтін құрылымды көрсетіңіз.

бұқаралық ақпарата құралдары

сот органдары

заң шығару органы

құқық қорғау органдары

жергілікті атқаруша органдар
«Биліктік өкілеттігі бар мемлекетік аппараттың құрылымдық элементі» деген анықтама қандай ұғымды анықтайды?

мемлекеттік орган

мемлекеттік кәсіпорын

кәсіподақ органы

билік етуші партия
  1   2   3   4
написать администратору сайта