Главная страница
Навигация по странице:

599_психология. Бейсенбекова Глмира Бекінызы



Скачать 0.56 Mb.
Название Бейсенбекова Глмира Бекінызы
Анкор 599_психология.doc
Дата 12.04.2017
Размер 0.56 Mb.
Формат файла doc
Имя файла 599_психология.doc
Тип Документы
#196
страница 1 из 8
  1   2   3   4   5   6   7   8

Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы


Молдабаева Роза Аппакбайқызы

Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы

ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ




Оқу- әдістемелік құралы

Автордың түпнұсқасымен басылды

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Г.Б. Бейсенбекова., Р.А. Молдабаева., С.М. Нұрғалиева

ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ



Қарағанды

2005
Бейсенбекова Г.Б., Молдабаева. Р.А., Нұрғалиева С.М.

Жас ерекшелік психологиясы: оқу - әдістемелік құрал. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. 134 б.



Оқу- әдістемелік құралы жоғарғы оқу орнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жазылды. Жас ерекшелік психологиясының қарастыратын онтогенездегі психикалық даму процесінің негізгі заңдылықтарына сипаттама бере отырып, әр жас кезеңдегі жаңарыстар мен психикалық процестерді диагностикалауға тірек болады.

Оқытушылар мен жоғары оқу орындағы педагогикалық мамандық студенттеріне және оқырман қауымға арналған.

Пікір жазғандар: Ә.Ә.Әлімбаев философия ғылымдарының докторы,

профессор

Р.Ш. Сабырова психология ғылымдарының кандидаты, доцент

психология ғылымдарының кандидаты, доцент

К.С. Дүйсетаева, дарынды балаларға арналған «Дарын»

мектебінің директоры педагогика ғылымдарының кандидаты,

Г.Б. Бейсенбекова.,

Р.А. Молдабаева.

С.М.Нұрғалиева, 2005

Алғы сөз

Қазақстан Республикасының егемендігі,ондағы туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер,Республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескеретін қазіргі кезеңдегі мемлекеттік білім беру саясатының жүзеге асырылуынжәне жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта құруды талап етуде.Қоғамның білім беру жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуыөз кезегінде Республикада жаңа буын оқулықтарын өмірге алып келуде.

Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін дамытудағы мемлекеттік тұжырымдамасында жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптасуы,жан-жақты дамуы үшін жағдай жасалуымен оның әлеуметтік өз орнын анықтауы жайында сөз етіледі.

Білім берудің алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне жету үшін оқушылардың өздерінің қызығушылығы мен қабілеттерін ескерк отырып ,білім беруді қамтамасыз ету ұсынылған.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында:Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып ,оны дамытуға жәрдемдесуге міндетті(41-бап),Білім беру ұйымы баланың қалауын,жеке басының бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып ,таңдауға құқысы бар,-деген баптары педагог пен ата-аналарға арналып ,мектеп пен ата-ана алдында зор жауапкершілік жүктейді.(38-бап)

Білім беру ісінің жаңартылуы бұл ең алдымен барлық деңгей бойынша балаға деген көзқарастың өзгертілуі.Өйткені бала өзіндік ішкі құрылымы бар тіршілік иесі .Сондықтан білімнің көп деңгейлік жаңа моделінде оқушылар үшін де ,педагогтар мен ата-аналар үшін де даралық ерекшеліктері мен ақыл-ой қабілетін дамыту өте қажет.

Біздің міндетіміз өзінің тілін, дінін,дәстүрін,әдет-ғұрпын біліп,өз елін,туған жерін,ата мекенін сүйетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу.

Ол үшін жоғарғы оқу орнында болашақ педагог кадрларды осы міндетті жүзеге асыратындай етіп даярлау қажет.Әрине, бұл студенттердің психологиялық білімді терең игермейінше, әдебиеттерді өз беттерінше оқымайынша,психологиялық байқау мен экспериментерді өткізу ікерлігі мен дағдысын меңгермейінше жүзеге аспайды. Бірақ осы жолда көптеген кедергілерге кез болып отырмыз,оның бірі - қажетті оқу-әдістемелік құралдардың аздығы.Осының өзі бізге осы оқу-әдістемелік құралды құрастыруға түрткі болды.Бұл оқу-әдістемелік құралды құрастырғанда қазіргі психологиялық ғылымның теориялық негізін саналы меңгеруіне және студенттерде психологиялық білімге деген ,оларды практикада қолдануға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыратындай болуы қажет дегенді басшылыққа алдық.

Бұл оқу-әдістемелік құралда студенттерге бала психикасының даму процестері, онтогенездегі психикалық дамудың негізгі заңдылықтары,бала психологиясының әр жас кезеңіндегі маңызды ерекшеліктері ,түрлі оқу ситуацияларындағы мектеп оқушыларының өзіне тән ерекше іс-әрекеті ,мінез-құлқы мен психикалық күйлерінің өзгешеліктері туралы түсінік беруге тырыстық.

Балалардың психикалық ерекшеліктері мен қабілеттері әрқашан айқын көріне бермейді,сондықтан да олардың танымдық мүмкіншіліктерін, бейімділіктерін және қызығушылықтарын диагностикалау аса қажет болып табылады. Сол себепті баланың танымдық және жеке бас ерекшеліктерін анықтауға қажетті әдістемелердің біразын ұсынылып отыр.

Жоғарғы оқу орнының педагогикалық мамандықтарының студенттеріне,педагогтарға оқушылардың ішкі жан дүниесін тереңірек түсінуге біздің ұсынып отырған оқу-әдістемелік құралымыз өз септігін тигізеді деп сенеміз.

Кіріспе.

Тақырып 1. Жас ерекшелігі психологиясы пәні, міндеттері және әдістері.

Жас психологиясы - адам психикасының дамуын және оны жас тұрғысынан әртүрлі кезеңдердегі ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы.

Оның зерттейтін пәні – адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі.

Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімдіигерудің жасқа лайық мүмкіндіктердің жеке адамның дамуының жетекші факторларт.б зерттейді.

Жас ерекшелігі психологиясының негізгі ұғымдары. Жас- адам дамуының кезеңі организм мен тұлға қалыптасуының тән сипаты заңдылықтарының жиынтығымен сипатталады.

Жаңарыстар ( жетістіктері )- нақты кезеңдегі мүмкіндіктерінің алғашқы және осы жастағылардың басқалардың ерекшелінуіндегі жеке бастың және психологиялық процестердің сапалық өзгерісі.

Әлеуметтік даму жағдайлары - әр кезеңдегі психикалық дамуға әсер ететін сыртқы жағдайлар.

Дағдарыс - бір кезеңнен екінші кезеңге секірмелі түрде өтуі.

Жетекші іс- әрекет- белгілі бір кезеңдегі адамның психикалық дамуының сипатын анықтайтын іс-әрекет.

Жас ерекшелігі психологиясының міндеттері:

- балалардың дербес ерекшеліктерін қарастыру.

- психикалық дамуды жас кезеңдерге бөлу.

- психологиялық диагностикалық әдістерін жаңарту.

Жас ерекшелігі психологиясының даму тарихы. ХІХ ғасырдың ортасын дейін бала психологиясы жалпы психолгиядан бөлінбей келді. Кейін ХІХ ғасырдаң екінші жартысында психология ғылымына генетикалық ойлардың келуі мен дами бастады. Даму үстіндегі психологиялық- педагогикалық ой- пікірге көрнекті орыс педагогы К.Д Ушинскийдің енбектері алдымен оның «Адам - тәрбие тақырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына зейін аудартты. И.М Сеченовтың нерв қызметінің жұмысы рефлекторлық тұрғыдан дәлелдеуінің маңызы үлкен Мұнымен қатар, жас психологиясы туралы мағұлматтар жинала бастады. Біріншіден балаға туғандардың күнделік жазуы, екіншіден бала психикасын зерттеуде эксперимент тәсілдерін қолдана бастады.

Аса көрнекті чехтың ұлы Я.А Каменский баланың сезім ерекшеліктеріне байланысты оқыту системасын құру керектігін айтты. Мектепке дейінгі тәрбиенің жүйесін жасады. «Ұлы дидактика.» Ж.Ж. Руссо мектеп жасына дейінгі психологиялық ерекшеліктерің толық ашып берді. Ол баланың ақыл ойының, ықылас – тілегінің өзіндік ерекшелігінің болатының, оларға барлық уақытта бала деп қарауға болмайтындығын, кейде үлкендермен түрліше араласу баланың табиғи дамуына кері әсер етеді. 1746 –1824 ж.ж. Г. Песталоци баланың жеке басының қалыптасуына жанұяның әсіресе ананың ролі зор деп бағалады. Ол танымның басталар сәті сезімді қабылдау деп есептеді, әр бір баланың бойында бақылау мәдениетін қалыптастыруды талап етті.

18 ғ Россияда алдынғы қатарлы ағартушылар өз пікірлерін қосты, сонын бірге

В.Н. Татищев өзіндік ақылының даму көзі, жас адамға өзгенің іс тәжірбиесін меңгерудің нәтижесінде пайда болады деп көрсетті. Ең алғашрет балалық шақтың психикалық дамуының жас кезеңінің түп нұсқасын берген болатын сонымен бірге адамгершілік санасын қалыптастыруды ұсынды.

1744-1818 ж.ж. Новиков ақыл ой, адамгершілік және эмоциялық дамуды жан

жақты ашып көрсетті.

Бала пихикасын зерттеу шет елдерде кейінен дамыған болатын біздін елде октябрь революциясынан кейін зерттеулер жүргізілді. Мұндай зерттеулерге әсер еткен И.П. Павловтың шәкірттерінің жұмысы (Н.И.Кросногорский). В.М.Бехтеревтің басшылығымен онын шәкірттері (Н.М. Щелованов) зерттеулер жүргізді. Бұнда балалардың шартты рефлекстері туралы жүргізілді. Сонымен бірге үлес қосқандар П.Н.Блонский (1884-1941), Л.С.Выготский (1896-1934), Д.Б.Эльконин т.б.

С.А.Рубинштейн 1940ж. «сана және оның дамуы»-, атты еңбегінін мәні зор. Совет (Кеңес) психологтары мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті «ойынды» мұқият зерттеді. Диалетикалық тұрғыдан түсіну кеңес психологтарына баланың психикасының даму процесін ашуға мүмкіндік берді. Баланың жеке басын зерттеуге үлес қосқандар А.Ф. Лазурский, А.П.Нечаев т.б. Жас ерекшелік психологиясының дамуына психоневрологтардың бүкіл россиялық І –ші съезі әсер етті (1903ж). Онда психологияны Маркстік негізде қайта қарау мәселесі қайта қаралды. 1927 ж. декабрьде болған съезде идеалистік теориялар сыналды. Ең алғашқы рет жас ерекшелік психологиясының марксизм-ленинизм тұрғысынан келуге тырысқан П.Н.Блонский 1884-1941ж.ж. 50 жылдары П.Я.Гальпериннің еңбектерінде қалыптасты.

70 жылдары жан-жақты зерттеліп практикада қолдану мүмкіндігін алды. Кеңестік жас ерекшелік психологиялық концепциясының бірі ақыл ой әрекеттерінің кезен мен қалыптасу теориясы болды.

Жас ерекшелігі психологиясының басқа ғылымдармен байланысы: Анатомия -физиология. Философия, жалпы психология.

Жалпы психология – барлық психологиялық ғылымдардың теориялық негізі. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін, және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді.

Анатомия- физиология - бала дене құрлысының әр жасқа қарай нығайып, өсуін органдардың атқаратын қызметін , әр жаста түрліше өзгерістерге ұшырау себептерін көрсетеді.

Философия - барлық ғылымдардың методалогиялық негізі. Философия барлық ғылымдар ескеретін ортақ заңдылықтарды ашады ( карама-қайшылық).

Жас ерекшелік психологиясы ең тығыз байланысты ғылымы педагогика болғандықтан - зерттейтін обьектісі бір, яғни бала,жеткіншек,жас өспірім. Бірақ баланы зерттегенде зерттеуші оның психикасының әр түрлі жағын алып қарастырады А.С Выготский, А.П Нечаев : Баланың психикасын зерттеу ( дамуын көріп , дұрыс бағыт беру) тек оқу- тәрбие процесінің нақтылы өзіңде жүргізілуі тиіс. Дегенмен де даму туралы қарастырсақ: ол жас туралы түсінік береді.яғни «жас» және »жастық шақ», «жас« немесе »жастық кез» - ол даму циклі болып табылады. Жас ерекшелік кезеңі психикалық даму функциясымен еркшеленіп қоймай, ол әр жастағы қарым-қатынасын, негізгі мөлшерін анықтайды.

Жас ерекшелігі психологиясының тармақтары:

- Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы (туғаннан –6-7 жас)

- Бастауыш сынып оқушыларының психологиясы (7-10 жас)

- Жеткіншектер психологиясы (10-11-14-15 жас)

- Балғын жастық психологиясы (15-18 жас)

- Ересектер психологиясы (21-35, 35-60 жас)

- Қарттар психологиясы ( 60-75, 75-90 жас).
Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері. Кез- келген ғылымның негізгі факторларды зерттеуден тұрады. Факторларды тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды.
Бақылау жас ерекшелік психологиясында жүргізілетін зерттеулерде кеңінен қоланылады. Бақылау зерттеудің тек тиісті объектілерге қарау емес, әдейі мақсат қойып баланың тиісті мінез –құлқын (сөзін, ісін) тексеру. Бұл кейкездері «кесінді» ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде ( аз уақыттың ішінде) жүргізіледі . Байқау әдісі деп- таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әркеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп және психикалық әркеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз.

Бұл әдіс бойынша , зерттеуші адам, зерттелушінің әркеттерін сырттай бақылап жазып отырады. Оны жүргізу шарты: жоспарлап алу, мақсат қою, жүйелі түрде жүргізіліп отыруы тиіс кездейсоқ болмай, байқауды қалай жүргізу керектігін алдын ала белгілеп алу және оған қортынды беру. Байқау жаппай және ішнара болып бөлінеді.

Бала психологиясы тарапынан жасалынатын эксперименттер мектепке дейінгі және мектеп жасындағылармен түрліше жүргізіледі.

Эксперимент – деп баланың психикасының даму заңдылықтарын бірнеше рет өзгертіп, құбылтып, кейде жасанды жағдайда зерттейді. Эксперимент әдісі арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.

Эксперимент түрлері екіге бөлінеді: Табиғи эксперимент жәнеЛабораториялық .

Табиғи эксперимент күнделікті дағдылы жағдайда балалардың арасында ойын, сабақ, оқу, еңбек әрекеті кезінде жүргізіледі. Табиғи эксперименттің 1910 жылы орыс педагогі А.Ф.Лазурский (1874-1917ж) негізін қалады. Лабораториялық - арнайы лабораторияларда жүргізіледі.

Жас ерекшелік психологиясында мынандай эксперимент түрлерін де қолданамыз. Констатциялау – тексерілген мәселенің бағытын аладын ала білу

Қалыптастырушы- балаларды осы психикалық процестер мен сапалары қалыптастыруға бағытталған әдіс.

Сонымен бірге «көлденен кесу», «бойлай» зерттеу әдістері бар ерттеуші психиканың қалыптасуның нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын көлденен кесу әдісмен зерттейді. Кейде психологтар бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы,елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт зерттейді. Бұны бойлай зерттеу әдісі дейміз.

Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобын қолдануда:

Ұйымдастыру әдістері – салыстыру әрқандай топты , жасы, қызметі т.б. бойынша салыстыра зерттеу, комплекстік- зерттеуге әр түрлі ғылымдар өкілдері қатысып бір объектіні жан –жақты әр құралдармен зерттеу, лангитюд- бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайтала зерттеу.

Эмпирикалық әдістер – бақылаумен өзіңдік бақылау, эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы), психодиагностикалық әдістер : психологиялық болжау, тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу, шығармашылдық іс-әркет өнімдерін талдау әдістері, өмірбаян.

Деректерді өңдеу әдістері: сандық ( статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу ) талдау әдістері.

Интерпретациялық әдістер: генетикалық, құрылымдық.

Сондай –ақ реттеу түзету әдістеріне : аутотрениг, топ тренигі, психотерепиялық ықпал ету әдісі, оқу –үйрету әдісі.

Өзіндік бақылау сұрақтары.

1.Жас ерекшелігі психологиясының пәні, міндеттері.

2.Жас ерекшелігі психологиясының даму тарихы.(қысқаша щолу).

3. Жас ерекшелігі психологиясының тармақтарын атаңыз?

4. Жас ерекшелігі психологиясының негізгі ұғымдарына сипаттама беріңіз?

5.Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері.
Тақырып 2. Психикалық дамудың заңдылықтары.
Биологиялық және әлеуметтік факторды адам психикасының дамуындағы маңызы. Бала дүниеге келгеннен бастап дамудың кезендерінен өте бастайды. Даму процесі өте күрделі процесс болып табылады. Адамның өмірінде белгілі бір дамудың жалпы зандылықтары қалыптасқан.

Даму процесі -адамның организміндені сандық және сапалық өзгерісте болады. Сондықтан да даму процесі -өте күрделі, ұзақ, ішкі және сыртқы қайшылықтардан тұратын процесс болғандықтан біздін организміздегі өзгерістер өмір бойы болып жатады. Адамның рухани дүниетанымы мен физиологиялық тұрғыдан дамуы бала кезде және жеткіншек шағында интенсивті түрде өзгереді.

Психикалық даму, ең алдымен, ақыл-ойының дамуына, жеке басының қалыптасуымен қоғамда тіршілік ету үшін қажетті әлеуметтік жағдайларға байланысты оның мінезінде әртүрлі ерекшеліктер мен қасиеттер пайда болады.

Сонымен, психикалық дамуды әр түрлі теориялар қарастырды. Мәселен, психикалық дамудын биологизаторлық (биологиялық) теориясы 19 ғ аяғында 20 ғ басында Европа, Америка елдерінде пайда болды. Биологизаторлық бағыттың өкілдері бала өмірі туа біткен ерекшеліктерге байланысты деген пікірде болды. Биологизаторлық теория бойынша психикалық дамудың қозғаушы күштері тұқымқуалаушылық.

Осы уақытта биологизаторлық теорияға қарама-қарсы социологизаторлық (әлеуметтік) теория дамыды. Бұл теорияның мәні жеке адамның дамуы әлеуметтік ортаның тікелей әсер етуінің нәтижесінен орта қандай болса, бала сондай болады.

Психикалық дамудың қозғаушы күші туралы мәселелерді шешудегі факторлық шектеулігі. Қарастырылған теориялар психикалық дамудың негізгі факторларын бір жақты көрсетеді (биологиялық және әлеуметтік) жәнеде метофизикалық тұрғысынан – дамуды сапалылық өзгеру түрінен емес сандық көбейю деп қарастырды. Биологизаторлық (биогенетикалық) және социологизаторлық (социогенетикалық) бағыттын шектеулігі жеке бастың белсенділігін ескермеу болып табылады.

Қазіргі психологиядағы, бала дамуында әсер ететін екі фактор – биологиялық және әлеуметтік – деп есептейтін ғалымдар құрайды. Бірақ оның әрқайсысына орын табу, ең бастысы өсіп келе жатқан адамның дамуындағы тұтас процесте олардың өзара әрекетін ашуға ғалымдардың осы кезге дейін қолы жетпеді. Алдымен талаптанғанның бірі – неміс психологі В.Штерн «үйлесімді»іске асырды.Ол бұл негізгі факторлардың әрқайсысы автономиялы әрекет ететінін көз алдына елестетті, бірақ бір жерде олардың ықпалы қосылып, олардың конвергенциясы өтеді, содан кейін биологиялық және әлеуметтік себептер біріге отырып әрекет етеді. Талас та күрделі мәселені бұлай шешуді қанағаттанарлық деп мойындауға болмайды. Қайда, қашан және қандай себептер ықпалымен конвергенция өтті, бұл біртұтас процесте әр фактор қалай әрекет етті және олар бір –біріне қалай өзара әрекет етті дегендер белгісіз болып қалады. Демек, екі фактор конвергенция теориясын біржақтылықпен көрсетеді.

Психолог Л.С. Выготскийдің еңбегіндегі бала психикасының қозғаушы күштері мәселелері (1896-1934).Белгілі орыс психологі бала дүниеге келген сәттен ақ әлеуметтік, қоғамдық тіршілік иесі болып саналады деп көрсетті. Өсіп толысуы үшін баланың ересек адамдармен қарым – қатынасқа түскенінің зор маңызы бар. Олардан өмірге қажетті біліммен тәжірбие алады. Айналасындағылармен қатынаста болу процесіне балада адамдарды қажет етіп тұру тілегі қалыптасады, ал мұның өзі жан –жақты дамуының аса маңызды қайнар көзі болып табылады. Балаға қоғаммен айналасындағылар үйлесімді әсер етуі мүмкін. Бірақ бұл әрқашанда бола бермейді, бұл ықпалдын арасында кейбір жеке сәйкессіздіктерде, қарама-қайшылықтар болуы мүмкін.

Егерде, біз өз халқымыздың көрнекі ақын, ұстазы Мағжан Жұмабаевтың іліміне зер салсақ, адам баласы туралы былай дейді. «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, осал болып туады малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, ісі жоқ. денесі тым әлсіз. өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінекей адам баласы осылай, өте әлсіз боп туып, аса сараң өсетіндігінен оның денесіне, жанына азық берік, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды»-деген екен. Қазақ халқы –ертеден жалғасып келе жатқан тарихы бар. Өзіңдік -әдет-ғұрып, салт-дәстүр, діни наным –сенімі бар халық. Сондықтан да ата бабамыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгені де белгілі.

Психикалық дамудың шарты, қайнар көздері, қозғаушы күштері ұғымдарына тоқталсақ. Кеңес үкіметінің психологтары психикалық дамудын қозғаушы күштері мәселесін қарастырады. Олар негізгі үш ұғымды бөліп қарастырады. Даму шарты , психикалық дамудын қайнар көзі, психикалық дамудын қозғаушы күштері.

Биологиялық фактор дамудын шарты болып саналады. Себебі тұқым қуалаушылық арқылы бала адамдық ерекшеліктерді алады. Нерв системасының құрылымы, бас миының, сезім органдарының құрылымы, адамға тән дене белгілері, тік жүруі, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға түсетін танымдық әрекет жасайтын қол, сөйлеу аппаратының құрылымы т.б. беріледі. Бірақта баланың туғандағы ерекшеліктерінің бәрі тұқым қуалаушылық емес, ол туа пайда болған физиологиялық ерекшеліктер, тұқым қуалаушылық арқылы берілетің функциялар психикалық дамудын кейбір жақтарына ғана әсер етеді. Адам, жеке адам болып әлеуметтік ортаның әсерінен қалыптасады. Жануарлар жүріп тұрудың үлгісін тұқым қуалаушылық арқылы алса, адамдар ұрпақтарына жинақталған тәжирбие материялдық түрінде (үй, құрал сайман, рухани байлық, тіл, мәдениет түрінде) қалдырады. Әр адам мәдениетті игеру керек құрал сайманды қалай пайдалану керектігін, кітап оқуды үйренуі тиіс. Міне осындай меңгерулер барысында психикалық қасиеттерге ие болады. (Ойлау, сөйлеу). Адамдармен қарым-қатынас жасамаса психика дамымайды. Сонымен әлеуметтік орта психикалық дамудың қайнар көзі болып табылады. Психикалық дамудың қозғаушы күші – қарама –қайшылық. Қарама – қайшылықтардың күресі баланың өзінің белсенділігі нәтижесінде шешіледі.

Белсенділік дегеніміз не? Белсенді – деп тегінде субектінің іс - әрекеті үстіндегі күйін, іс - әрекетін айтады. Әрекет ұғымына белсенділікті қолдануға болмайды, өйткені әрекет қалайда жеке бастын белсенділігі. Алайда, қарама – қайшылықты адам іздеп немесе ойлап таппайды, ол өзгерістің қажеттілігінің салдарынаң туындайды, акдамның әр-бір қадамында кездесіп отырады. Қарама-қайшылықтын ішкі және сыртқы екі түрі бар. Ішкі қайшылықтар адамның ішкі дүниесінің қайшылықтары болып табылады. Адам өзінің еркіне қарсы іс-әрекет жасаған кезде ішкі қайшылықтар пайда болады. Сыртқы қайшылықтар адамнын басқа адамдармен, табиғатпен қарым-қатынасында байқалады. Адамның саналы қызыметінің негізгі манызы оның адам баласы дамуында негізгі фактормен жағдай бола алатындығында. Өзінің әр қилы іс-әрекетінде бала басқа адамдармен үнемі қарым-қатынаста болады. Қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас орнатуы баланың қарым-қатынасты меңгеруге ықпал етеді. Оның тілінің дамуына жағдай жасайды. Ересектер баланы тәрбиелеп, оқыту арқылы, оның іс-әрекетің ұйымдастыруға бағыттайды.

Затқа бағытталған және белгілі мақсат көздеген қозғалыстарды әрекет деп атайды. Организмнің маторлық функциясына ғана тәуелді қозғалысқа қарағанда әрекеттің әлеуметтік сипаты болады. Ол алдынғы ұрпақ және баланы қоршаған орта жасаған заттарға байланысты келеді. Әрекеттің ең қарапайым түрі-зат арқылы жасалатын әрекет. Мәселен бала тамақты қасықпен ішуді, қолды сабынмен жууды орамалға сүртуді үйренеді. әрекет түрі адам өз қолымен жасаған заттардын құрылымынан туындайды. Келесі қадам – рольді ойынға көшу. Балаға дербестік көрсете бастайды ол өзінше үлкен болуға, онын ролін орындауға, заттар мен оқиғаларға ересектерше билік жүргізуге тырысады. Әрекеттің пайда болуы баланы қоршаған ортадан оған қажетті заттын бөлініп алынуынан басталады. Сонымен бірге қоғамдық тәжірбиені меңгеру процесінде бала өзінің жеке тәжірбиесіне ие болады.

Жаңа іс-әрекеті игеру баланың мүмкіндігін арттырады және жетекші іс әрекеттің тың түрлерінің пайда болуы үшін алғы шарт болып табылады. Іс-әрекеттің жетекші түрінде баланың басты қажеттіліктері мен құштарлықтары көзге түседі, іс-әрекеттің осы түрінде әр жас мөлшеріне ылайық не ғұрлым маңызды қимылдын, психимкалық сапаның және жеке бастын қасиетерінің қалыптасуы жүзеге асады. Бірақ баланың іс-әрекеті жетекші түрлері мен шектелмейді. Бұлармен қатар іс-әрекеттің басқа түрлері пайда болып, олардын әр қайысы баланың психикалық дамуына өз үлесін қосады.

Іс-әрекеттің жемісті деп аталатың түрлерін – сурет салуды өрнектеп құрақ құрауды, жапсыруды, құрастыруды игереді. Жүйелі әрі мақсат көздей отырып білімді игеруді сипаттайтын оқу мектеп шағында пайда болады. Ал қоғамдық өндіріске қатысудын белгісі болып табылатың еңбек негізгі қызыметі.

Баланын психикалық процестері анықталмаған жәнеде дайын күйінде берілмейді. Бұл процестер, заттық іс-әрекеттен тыс қалыптасуы мүмкің емес. Іс-әрекеттің әр-бір түрі психикалық сапаны игеруге көмектеседі.

Баланың психикалық дамуында баланың әр даму стадиясында жетекші іс-әрекетке ерекше мән беріледі. ( Жетекші іс-әрекетің түсінігі А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эьконин).
  1   2   3   4   5   6   7   8
написать администратору сайта