Кіші мектеп оқушысы жасындағылардың жеке басының дамуы. «Жеке бас »
деген ұғымға »Мен» деген мәнді кіргізеді. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда бәлендей тізімде қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық болмағаны жақсы. Егер кіші оқушының өзі жөніндегі бағасы өзгелердің /құрбыларының/ бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше , оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасынан төмен келсе, осындай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы,әдетте , өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде келеді.
Кіші оқушының жеке басы деген түсінікке оның сыпайлығы, керісінше, осыған қарама-қарсы әдепсіздік сапалары да жатады. 7-11 жастағылар көбінесе ақкөңіл келетіндіктен, бұлардың көбі сыпайы келеді.
Кіші оқушының жеке басына тән қасиеттері тек «мен »деген сапа тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай , ашланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай – осы жөнінен де алып қарауға болады.
Кіші мектеп оқушыларына мінез-құлық нормалары мен ережелерінің аса кең жиынтығы үйретіледі, оларды оқушылар мұғаліммен және үлкендермен өзара қарым-қатынас жасаудың әр түрлі жағдайларында, сабақтарда, үзілісте жолдастарымен араласқанда, қоғамдық орындарда және көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс. 7-8 жастағы балалар бұл нормалар мен ережелердің мәнін айқын түсінуге және оны күнделікті оындауға психологиялық жағынан даяр. Бірақта бұны дер кезінде мұғалімде, үлкендерде пайдаланбайды. Балаларда мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтау көбінесе үлкендердің көңіл күйіне, қалыптасқан жағдайға және өз қалауларына байланысты деген сезім пайда болады. Баланың моральдық өрісінің дұрыс қалыптасуының ең қауіпті жауы – мінез- құлық нормалары мен ережелері жалған сипатта және ішкі қажеттер үшін емес, қандай да бір сыртқы жағдайлардың әсерімен, соның ішінде жазаланамын деп қорыққандықтан орындалуы керек деген ұғым пайда болады. Балада осы жаста қалыптасқан осындай моральдық қасиеттер жеке дамның ішкі және табиғи жетітігі болады.
Сонымен бірге кіші оқшылардың өзара және мұғаліммен арақатынасының негізінде оның дара ерекшеліктері айқын көрініс береді.
Кіші оқушылардың өзара қарым-қатынасына тән белгі олардың достығы, әдетте, өмірдің сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ мүдделер ортақтастығында негізделеді.( бір партада отыуы т.б.). Кіші мектеп оқушысының санасы әзірше құрдастарының пікірі өзін -өзі шын бағалаудың критерийі болатындай деңгейге жетпейді. Әрине 9-10 жастағы балалар оларға бірге оқыитын балалары ептілігі, зеректілігі, батылдығы үшін берген баға өте ынталы және егер бұл баға өзі қалағанынан басқаша болса, қатты қынжылады. Ол қаты ұзаққа бармайды. Олар үшін әіресе мұғалімнің берген бағасы қатты әсер қалдырады. Алайда, А.И.Ликина, Н.А. Жулидова,В.И.Вашуркова т.б. жүргізген нашар оқушылар тобына арнайы зерттеулер , біріншіден , балалардың өзін өзі бағалауы әдетте оларға деген мұғалімнің және сыныптың бағасымен бірдей болатынын көрсетті.Алайда бір қатар жағдайларда мұғалім кейбір балалардың жалпы дамуы мен мүмкіндіктерін олардың өздері ойлағаннан гөрі, жоғарырақ бағалайды. Нашар оқушылардың өзін өзі төмен бағалауы- олардың сабақ үлгермеушілігінің өте кең тараған себебі. Балалар тұыйққа тіреледі:олардың нашар табыстары мұғалімнің және сыныптың бұл оқушының болашақ мүмкіндіктері жайлы теріс пікірін қалыптасытрады; осылайша өз күшіне сенімсіздік, бағаларға селқостық келіп туады.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Кіші мектеп жасындағылардың анатомиялық –физиологиялық дамуы.
2. Оқу - кіші мектеп оқушысы жасындағылардың жетекші іс-әрекеті. Оқу іс-әрекетінің құрылымы. Оқушының оқу мотивациясы.
3. Кіші мектеп оқушысы жасындағылардың негізгі психологиялық жетістіктері ( психикалық процестерінің ырықтылығы, ішкі жоспары, рефлексия).
4. Кіші мектеп оқушысы жасындағылардың танымдық процестерінің дамуы.
5. Кіші мектеп оқушысы жасындағылардың жеке басының дамуы.
Тақырып 8. Жеткіншектік жастың психологиялық ерекшеліктері.
Жеткіншектік кезең. Анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері. Нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды. Дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып , жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұл процестер қыз балаларда 12-13 жаста, ер балаларда 13-15 жаста жедел дамиды. Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі – жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Жеткіншектің пішіні өзгереді: дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Қан айналыс системасы өзгерістерге ұшырайды, жүрегінің көлемі тез өсіп, салмағы артады. Бұлшық еттің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұл кезде организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады. Осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гармондары атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және нерв жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан , энергияның қауырт өсуімен, ал екінші жағанан патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл –ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт нервке күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар ( қорқыныш,ыза, реніш) эндокриндік қолайсыздықтар (етекір цикілінің уақытша тоқтауы, гипертереозды даму) және нерв жүйлерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Олар тез шамданғыштықтан, тежгіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады.
Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пада болуына бірталай маңызы бар. Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан ересекке айналдырады. Және өзінің ересектігін сезінуінің басталуына негіз болады.Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Өзімен өзі болу жеткіншектің жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы, бұлардың оның өмірінде алатын орны жеткіншек өмірінң кең әлеуметтік жағдайлары мен нақтылы дара жағдайларына, оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Демек, қыз болсын ұл болсын жеткіншектерде алғашқы романтикалық сезімдердің оянуы – қалыпты құбылыс.
Жеткіншектік жастағы “Дағдарыс”мәселесі. Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктер мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастағы туралы әр түрлі теорияларға негіз болады. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С.Холл. мен З.Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы мен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастағы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.
20-30 жылдарда әр түрлі елдерде нақты зерттеулер жинақталғандықтан биогенетикалық универсализмге қарама-қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл зерттеулерде жеткіншектің жеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік қатыстылығына тәуелділігі көрсетіледі. Осындай теориялық бағыттылық кеңестік психологиядағы бір қатар зерттеулерде де болады. Қиын жеткіншектерді тәрбиелеу практикасының елеулі маңызы болды; мәселен, А.С.Макаренкода мұндай жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзелетін еді.
Биогенетикалық универсализм теорияларына американ антропологттары (этнографтары) күшті соққы берді; олар адамда »табиғаттан» не «мәдениеттен», яғни өмір мен дамудың нақты қоғамдық – тарихи жағдайларынан болатын не екенін анықтау үшін қара дүрсін цивилизациялар деп аталатындарды зерттеді. Самоа аралындағы жеткіншектерді зерттеген М.Мид жеткіншектік шақта дағдарыстар мен дау-жанжалдардың болмай қоймайтындығы туралы түсініктің қисынсыздығын дәлелдеді, сөйтіп олардың биологиялық емес, әлеуметтік шарттастығын көрсетті. Мид Самоадағы жеткіншек қыз балалардың балалықтан ересектікке үйлесімді, дау-жанжалсыз өтетінін байқады да балалардың тіршілік жағдайларын, тәрбиеленуі мен айналадағылармен қарым-қатынастарынң ерекшеліктерің егжей-тегжейлі сипаттап жазды. Қыз балалардың жеткіншектік шағын Мид балалық және ересектік кезбен салыстырғанда тұтас алғанда неғұрлым жақсы және ерікті кезең деп бағалады. Кейініректе ол қыз баланың өмірінде оның әр түрлі маңызы болуы мүұмкін екенін де көрсетіп берді: бір жағдайда жыныстық толысудың басталуы оны бой жетті деп тауып, некелесу салтанатына қамданудың белгісі болуы мүмкін, ал басқа жағдайларда оның құықтары мен міндеттері ғана өзгереді.
Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталады. Балаларда «Эдип комплексінің» міндеттілігі туралы пайымдау да теріске шығарылып, жеткіншектің инициациядан кейін алатын ересектік статусына арнайы әзірлік жағдайында да, сондай-ақ бұл статустың талаптарын біртіндеп меңгергенде де жеткіншек ер балаларда дағдарыстың болмау мүмкіндігі анықталды.
Антрополог Р.Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті. 1).үздіксіз және 2) баланың балалық шағындағы оқып үйренгені мен ересектің ролін жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзілістер болатын типі. Өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған бірқатар маңызды нормалар мен талаптардың ұқсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектің статусының талаптарын орындауға даяр болып шығады. Өтудің екінші типі балалар мен ересектерге қойылатын мәнді талаптарда алшақтық болған кезде байқалады. (Бенедикт пен Мид оны қазіргі заманғы американ қоғамына және өнеркәсібі жоғары дамыған елдерге тән деп санады). Мұндай жағдайларда балалықтан ересектікке өту әр түрлі қиыншылықтармен қабаттасып, оның өзіне тән нәтижесі болады- ресми кемелділікке жеткен кезде ересектің ролін атқарауға дайын болмау келіп шығады. Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп атап көрсетті Бенедикт, әр түрлі қоғамдарда әркелкі болады және оның ешқайсысы да кемелділікке жеткізетін «табиғи» соқпақ деп қарастырылмайды.
Антропологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор. Бала өмірінің нақты әлеуметтік жағдайларына: 1). жеткіншектік кезеңнің ұзақтығына; 2).дағдарыстың, талас-тартыстың, қиыншылықтардың болуына; 3). Балалықтан ересектікке өтудің өзінің сипатына қарай анықталатыны дәлелденді. Бұл зерттеулерден фрейдизмге қарама –қарсы, адамдағы табиғи дүние әлеуметтік болғандықтан ондағы табиғи дүниені әлеуметтік дүниеге қарсы қоюға болмайды деген қортынды шығады.
Антропологтар жеткіншектік шақты бала өзінің қоғамдағы орнына жетер жолда болатын, оның ересектердің қоғамдық өміріне өтуі жүзеге асатын кезең деп қарады. Бұл идеяны дамытуда К.Левин (АҚШ) ерекше орын алады, ол жеткіншектің қазіргі қоғамдағы жағдайы мен балалықтан ересектікке талас-тартыспен өтуіне талдау жасауды жалғастырды. Ол қоғамда ересектер тобы мен балалар тобының бар екенін, әрқайсысының өзіне тән артықшылықтары болатындықтан олардың бір-бірінен бөлінгендігін,жеткіншектік кезеңде баланың балалар тобынан ересектер тобына қарай ілгерілейтінін атап көрсетті. Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтарымен пайдалануға деген ұмтылысы болады. Алайда ересектер оны әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып шығады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және жеткіншектер топтарының аралығындағы жағдайда болатын кезеңнің ұзақтығына байланысты етіп қояды. Левиннің жеткіншектің «өз орнын таппауы» туралы идеясын қазіргі уақытта Д.Коулмен және басқа шетел психолгтары дамытуда, олар жеткіншектердің ересектерше бір «субмәдениеті» бар дегенді, яңни ересектер қоғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады.
Л.С.Выготский сын жастарды зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы негізгі жаңак құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін қойды, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын құрайды деп пайымдады.
Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі «дағдарысты»түсіндіруде теориялық ой-пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдаймен анықталатынын көрсететін қортындылардың біртіндеп жинақталуы болды.
Жеткіншек психикасының дамуының өзіңдік сипаты. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», »бетбұрыс», »қиын», »сыналатын» Кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екінші дәуірне өтумен байланысты. Даму процестерінің күрделігі айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны болып табылады.
Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің, сана –сезімнің , олардың танымдық және оқу іс-әрекетінің , мінез-құлыққа, мүдделердің , моральдық –этикалық нормалар мазмұмының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Ересектіктің дамунда әр түрлі бағыттардың болуы жеткіншектің ересектік белгілерді қабылдауда соларға теңелсем дейтін үлгілердің ар алуан болуында байланысты. Қалыптасатын өмірлік құндылықтардың мазмұны, жеткіншектің жеке басының қалыптасуының жалпы бағыты көбіне –көп белгілі бір үлгілерге бағдарлануға байланысты болады.
Ересектіктің сырт белгілеріне еліктеу. Ересектердің сыртқы келбетінің өзіне тән белгілері мен мінез –құлық мәнерлері, кейбір артықшылықтары болғандықтан балалармен салыстырғандағы артықшылық жағдайлары неғұрлым айқын көрінетін ересектіктің сыртқы белгілері жеткіншектер үшін тартымды болып көрінеді. Жеткіншектің «мен » қасиетінің қалыптасуы. Оның психологиясында көп жаңалықтар болады деген сөз. Өзінің кім екенін біліп, күшіне сеніп, өз мүмкіншілігін дұрыс бағалауға пайдасын тигізеді.
Олар үлкен болуға асығады, қымбат нәрсені көздеп, құнды деген жағдайларға әуестене бастайды. Мәселен, мода, музыка т.б.
Т.В.Дрогунова зерттеулерінде есеюдің белгілерінің түрі мынандай мәнде берілген
-үлкендерге еліктеу – темек шегу, карта ойнау, шарап ішу, отырыс ұйымдастыру, модаға әуестену, қыздарға қырындау, үлкендердің киміне назар аудару т.б.
-ұл балалардың нағыз ер адамдарға өздерінің теңей алуы. Ол күшіне сене білуі, достыққа берік болуы, өжет болуы, спортпен айналысады.
- әлеуметтік есеюі. Үлкендермен немесе құрбыларымен бірлесіп әрекет етуі.
- инттелектуальды өсуі. Білуге құмарылығының негізделуі. Көп оқып үйренуге
ынтасын қалыптасуынан көрініс береді.
«Нағыз еркектің» қасиеттеріне теңесу. Ересектіктің дамуындағы енді бір бағыт жеткіншек ер балалардың мұратқа сай келетін ер адамның - «Нағыз еркектің» қасиеттерінің белгілі бір мазмұынына белсенді түрде бағдар алуымен байланысты.Мұның өзі, бір жағынан – күш, ерік,батылдық,ерлік, төзімділік; екінші жағынан – достыққа, жолдастарына адалдық.
Балалардың арасында күштілігімен, батылдығымен, ептілігімен,спорттық іскерліктерімен көзге түсетін құрдасы да жеткіншекке үлгі болуы мүмкін. Мұндай балалар өте-мөте белгілі болады, ал мұның үстіне олар жақсы жолдас болса, олардың беделі өте жоғары болуы мүмкін. Қорқақтықтың көріністері үзілді- кесілді айыпталады.Өзінің батылдығын көрсету үшін жеткіншек шектен асқан істергеғ ал кейде қоғамдық жағымсыз істерге де тәуекел баруы мүмкін. Дене күші жоғары бағаланады. Кейде сыныпта немесе бір топ баланың ішінде барлық балалар кімнің күші кіммен асып түсетінін біледі. Жеткіншектер өздерінің дене күшінің өсуіне өте сергек қарайды. Олар күресіп, күш сынасқанды жақсы көреді.Күрестің алуан түрлері жұрттың алдында өтеді. Кейбір балалардың төбелесқойлығы көбіне біреуден өзінің күші басым екенін дәлелдеуге тырысумен байланысты. Жолдастары сыйлайтын болуы үшін жеткіншек өзі айтатын ерлік қасиеттерінің әр түрлі көріністеріне қатысу шамасын едәуір асыра көрестуі мүмкін. Бұл тұрғыдан жоғарғы баға алу жеткіншек үшін өте маңызды. Ол былай тұрсын, жолдастары өзін «әлжуас», »қыз құрлы жоқ» деп ойламасын деп жеткіншек өзі дұрыс емес, әділетсіздік,қаталдық деп санайтын қылық жасауы немесе сондай ұжымдық істерге қатысуы мүмкін. Ол өзінің де, жолдастарында іштей айыптауы мүмкін, бірақ ашық наразылық айтуға көбіне батылы бармайды . Өздерінің қылмыстық мақсатарын жүзеге асыру үшін құқық тәртібін бұзушылар (жасы жетпегендері де, ересектері де) жеткіншек ер балалардың нақ осы «ер болып көрінсем» деген ниетін пайдаланады.
Танымдық – іс -әрекетте ересектіктің дамуы. Ересектердің дамуындағы маңызды бағыт мазмұнды мүделлердің дамуымен және болшаққа жоспарлар жасаумен байланысты. Ол жеткіншектің бір нәрсені шын мәнінде танып білуге ұмтылуынан барып өседі. Мұның өзі мазмұны мектеп бағдарламасының шеңберінен асып түсетін танымдық іс-әрекетін дамуына себепші болады. Мұндай іс-әрекетін ғылымға, техникаға,өнерге, білімнің бірнеше саласына қатысты болуы мүмкін және кәсіптік ниеттерімен әрдайым байланыс бола бермейді. Әуестенуі құштарлық сипатта болып, ондайда бір қатар уақыт ( бос уақыт қана емес, сабақ даярлауға қажетті уақыттында) солөзіне ұнамды іспен шұғылдануға кетеді. Қайсы бір іске ынталы жеткіншек өте белсенді болады: қажетті кітаптарды,материалдарды, аспаптарды іздестіріп,әр түрлі әсілдермен игереді. Жеткіншектер үнемі кіткапханаға, көрмелер мен мүзейлерге барып экпозицияның белгілі бір бөлігін егжей- теңжейлі зерттей бастайды. Мүдделердің үйлесуі негізінде жолдастарымен қарым қатынасы орнайды. Балалар әртүрлі мәселелерді талқылайды кітептармен, материалдармен алмасады. Әр түрлі қиыншылықтарда ақыл кеңеспен және іспен жәрдемдеседі. Ықыластанған білімді табу немесе сәтсіздіктің себебін анықтау үшін жеткіншек кітаптармен анықтамаларды қарайды. Мұның өзі ынта ықыласпен нәтижелі іс-әрекеттерін дамуындағы өте маңызды қадам: жаңа білімдерді қажетсінуі дербес, яғни өздігінен білім алу арқылы қанағаттандырылады. Жеткіншектің дербес іс-әрекеттеріне кейде шығармашылық элементтері болады. оны жаңа нәрсе жасау процесі және жалпы алғанда танымдық процестің өзі әуестендіреді. Бұл орайда инттелектілік даму жеделдеп білім терең сипатта әрі көлемді болады.
Танымдық мүдделердің басым бағыттылығы нақ осы жеткіншектік шақта қалыптасады Әрбір сыныпта білімнің әр түрлі салаларынан өз мамандары болады, сыныптары одан ақыл кеңес алады, дау туа қалса, соның төрелігіне жүгінеді. Мұндай жеткіншектердің едәуір көп білім алуы – дербес жұмыс істеудің нәтижесі. Олар білімге және таным процесіне өздері үшін маңызды әр қажетті деп қарайды. Бесінші сыныптағылардың кейбірбеулерінде-ақ өздігінен білім алу элементтері болады. Әдетте бұлар ұлының не қызының танымдық мүдделерін дамытуға және мазмұнды іс-әрекетіне көп көңіл бөлетін ата-аналардың балалары болады.
Кейде нақ осындай жағдайда бастауыш мектеп шағында немесе жеткіншектік жастың басында тиянақты кәсіптік ниеттер қалыптасады. ( бұлар мектеп бітіргенге дейін айтарлықтай өзгермейді), ал бесінші , алтыншы сыныптарда өзін болшаққа даярлау жөніндегі іс-әрекет басталады. Кейбір жағдайларда ойын,өздігінен білім алу және өзін -өзі тәрбиелеу элементтері өзінше ұштасады: белгілі бір мамандық туралы арман, біржағынан, әр түрлі ролдер болатын ойындардың мазмұнында және тандап алынатын ролдерде бейнеленеді, ал екінші жағынан, мүдделер тобын анықтап, белгілі бір білімге іскерлікке, қасиеттерге жетуге ынталандырады.
Әлеуметтік жағдайының дамуы .Үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынасы жаңа құрылымдарға ие болады. Жеке басы дамуының аса маңызды факторы –оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен қарым-қатынас орнатуға бағытталған. Жеткіншек көптеген мұғалімдермен қарым-қатынас оратады, олардың талаптарын және жеке басын бағалайды. Жеткіншектердің өз құрбыларымен қатынасы түрлі дәрежеде кезеседі. Достық және жолдастық қатынас болады. Жеткіншектік жаста қарым-қатынас үшін өте маңызды ерекшелік- құрдастарының талаптарын бағдарлай , оларды есепке алу. Барлық жағдайларда да қарым-қатынас тартымдылығы екі түрлі мүдделер жағынан және жеке қарым-қатынастың сипатымен қанағаттану дәрежесі жөнінде тіл табысушылық сынмен өтеді.
Жеткіншектік шақта өзіңдік сананың дамуы.Баланың жеткіншектік кезеңге аяқ басуы оның өзіңдік санасының дамуымен айрықша мәнді. Жеткіншекте ересек адамның позициясы қалыптаса бастайды оған ересектік сезімнің дамуы және жеткіншектің ересектігін басқа адамдардың тану негіз болады. Бұл позиция жеткіншектің өмірдегі обьективтік жағдайына әлі сай келмесе де, оның пайда болуы жеткіншектің өз айналасындағы ересектер дүниесімен, олардың игіліктері дүниесімен жаңа қатынастарға субъективті тұрғыда аяқ басқанын білдіреді. Жеткіншек бұ игіліктерге белсенді ие болады, бұлар оның сана-сезімінің жаңа мазмұнын құрайды, мінез-құлық пен іс-әрекеттің мақсаттары мен себептері, өзіне және басқаларға қойылатын талаптар, бағалау мен өзін -өзі бағалаудың критерийі болады. Мазмұны жөнінен өзіндік сана ішкі дүниеге көшірілген әлеуметтік сана сезім. (Л.С.Выготский).
Кіші шәкіріттерде өзі туралы түсінік пен өзін өзі бағалау негізінен үлкендердің, ең алдымен мұғалімдер мен ата-аналардың бағалаған пікірлеріне қарап құрылады. Өзінің ерекшелктерін білгісі келудің, өзіне ден қойып, өзі туралы ойлай бастаудың шығуы- жеткіншек жастағы балаларға тән ерекшелік. Өзінің ерекшеліктері мен кемшіліктерін білгісі келу басқа адамдар және өзін -өзі қоятын талаптарға жауап беруі, айналасындағылармен қарым-қатынасты реттеу қажеттігінен туады. Өзінің жеке басына талдау жасауды жеткіншек қарым-қатынастармен іс-әрекетті ұйымдасытруы үшін, қазір және болшақта өзі үшін маңызды міндеттерге жету үшін қажетті амал деп біледі. Өзін білу осының шарты болып көрінеді. Жеткінішектің өзі туралы ойлана бастауының ең маңызды стимулы – оның құрдастарының ортасында сыйлы, беделді, өзін жақын ұстайтын дос табуға ұмтылуы.
Өзін-өзі тәрбиелеу. Кіші шәкірттік жастағы жеткіншектер көбінесе өздерін сырттан көре алмайды, өз қылықтарын басқара алмайды. Есейген жеткіншектерге өздерінің аффективтік реакциялары мен бүкіл мінез-құлқын билеуге ұмтылу тән. Олардың көбінде өздерін ұстай білуі біршама дамыған, ал қажет болғанда шынайы қатынасын, пікірін, көңіл күйін жасыра алады. Мінез- құлықта қосарлық пайда болады. Есейе келе өзін ұйымдасытыруы тенденциясы артады. Әр түрлі кәсіптердің мәні туралы пайымдаулар туады. Ілгері де айтылғандай «ол қажет», «қажет емес», »маңызды», «маңызы жоқ»деп сараланады. Мұндай саралауға жекелей құндылықтардың қалыптасып келе жатқан жүйесі арқау болады. Уақыттың тез өтетін сезінуі оны бос өткізбеуге ұмтылуы, жоспарлауға әрекеттену шығады. Алайда, қабылданатын шешімдер көбіне тікелей ниеттерге қайшы келеді, бұл ниеттерді жеңеді. Жеткіншекте «ақыл« мен » жүрек» жиі ынтымақта бола бермейді. Көп балалар өздерінің ұйымдаспағанын жігерім жоқ деп ақтайды. Оны тәрбиелеу жеткіншектердің көпшілігі үшінші үшін бірінші дәрежелі міндетке айналады. Басқа қасиеттер де тәрбиеленеді.
Жеткіншектерде өзінің ілгері басуына көзқарас,оны бақылау, міндеттердің орындалмауы үшін күйініш, өзін -өзі кінәләулар, өзін-өзі сынау пайда болады.
Жетістіктері :Өзін өзі бағалау, ұжым өмірінің мөлшеріне бағыну, үлкен болуға ұмтылу.
Жеткіншектердің танымдық өрісінің дамуы. Қабылдау – күрделі психикалық процесс. Бұл кезде, бірдемеге қарау, не соны тыңдау емес, баста бар бейнелермен объектілерді салыстырып түсіну. Сондықтан қабылдау ойлануды талап етеді. ( химия, математика т.б.). сонымен қатар оқу материалының мазмұнының мәнісіне терең түсініп, берілген тапсырманы орындапотыруы тиіс. Ал, гуманитарлық пәндердің сабақтары, әрине, үнемі осылай келмейді. Дегенмен, бұл сабақтарда қамтылатын мағұлматтарды толық қабылдап есте сақтай алу қажет. Қабылдау дегеніміз мағұлматтарды тұтастығымен бейнелеу. Егер қамтылатын материал тым қызғылықты келсе, онда оқушылар осыған ғана көңіл бөліп, қиын материалдарды оқығысы келмейтіні кездеседі. Осының нәтижесінде жеткіншек материалды тұтас қабылдай алмай, үзінді етіп мәніссіз есте қалдыруды ықтимал.
Зейін. Бастауыш сынып оқушылармен салыстырсақ ырықты зейін дамиды. Себебі: бұлардың ой-өрісі қалыптасып қалғандықтан, қызық емес нәрсеге де зейін қойып, назарын сол объектіге арнайы түрде бөле алады. Бірақ жеткіншек сабаққа кейде бір нәрсені үйренейін деп келмейді, көбінесе достарымен кездесуі үшін келетіні болады. Ондай оқушылар сабаққа зейінді келмей, сабақ үстінде әңгімелесіп отырады. Жеткіншек зейіні сабаққа қалыптасса, онда ол назарын бір объектіден екінші объектіден аударып отыруға толық мүмкіншілігі бар.
Жады,ес - бұл кезде олар мазмұнына мағынасына қарап есте сақтайды. Көпке дейін есінде сақтап, қажет уақыттында қолдана алады. Бірақ жеткіншектердің көбі есте қалдырудың тәсілдерін /материалдарды мәнісіне қарай бөлшектеп, не соларды комбинация тәсілін қолданып, жадында қалдыруды/ біліп жарамайды. Осының өзі жеткіншектің жады мен есінің күшті келетінің «бүркеп» қалады.
Қиял - өте бай келеді. Психологтар бірқатары жеткіншек шындыққа сүйенуіне қарағанда қиялдануды көп ұнатады, өзі- өзімен болып мұң не фантазияның сан алуан түрлеріне беріледі дейді. Осылай деу жеткіншектің жан дүниесіне терең түсінбегендіктен айтылып отыр. Бірақ жеткіншек ересектерге қарағанда кейде қажетті жоқ істермен айналысып, осы соларға мұң болатыны кездеседі. Бұл негізінде азамат болғысы келіп, өзін болашақта қайраткерлік істерге даярлағысы келуінен. Жеткіншек мұңға берілген кеде осының барлық жағдайда пайда бермей, уақытты бос өткізуге себепші болатынын ескертіп отыру қажет.
Ойлау- негізігі роль атқарады. Ойлану арқылы жеткіншек тиісті мәселенің шындығын не қате екенін шешеді. Шындықты ажыратудың көптеген тәсілдері кездеседі. Солардың бірін формальдық операция деп атайды. Мысалы, біз мына екі сөйлемнен : «таулы жерде картошка жақсы өседі», «кавказ – таулы жер» деген сөйлемдерден мынандай қортынды шығарамыз: «Ендеше, Кавказда картошка жақсы өседі деп. Бірақ біреу бізге – «Сен Кавказда болған жоқсын, сондықтан қортындың қате»,- деуі мүмкін. Сол сияқтя екі сөйлемнен жаңа қортынды шығару дедуктикалық логиканың негізгі тәсілі. Мұны «формальдық» дейтін себебі осындай қортындығы келу үшін әуелі, сөйлемдердің шын, не жалған екеніне көңіл бөлмей, елемеу /абстракция/ ойында болып, сол сөйлемдерге нанып, қортындығы келу шарт. Егер осыған бала ие бола алса, осының өзі-үлкен жетістіктің белгісі.
Ж.Пияже ойланудың осы ең күрделі тәсілі – формальдық операция жасауға үйрену жеткіншектердің 12-18 жаста басталынады, оған дейінгілерде кездеспейді деген болатын. Осылай деу жеткіншектің ақыл-ойға орай мүмкіншілігін жоғарғы дәрежеде деп бағалау болып есептелінеді.
Жеткіншек жасында жеке заттарды ұғымға жатқызып, оларды толптастыру, нәрселердің себебін және одан шығатын нәтиже мен олардың өзара байланысын білу бұларда кеңінен өріс ала бастайды.
Барлық операциялар дамыған, бірақ абстракциялау операциясы ерекше дамиды. В.В.Давыдов. Олардың формаларын қолдана бастайды.
Абстракциялық ой- дегеніміз нақты заттарға мән бермей (ұмытып) солардың негізгі белгілерін біріктіріп жалпылап бейнелеу.
Жеткіншекте осы тәсіл кеңінен өріс алғанымен, оның бұрын болып келген нақты ойы бірден жоқ болып кетпейді.сонымен қатар жеткіншек жекеден жалпыға /индукция/, жалпыдан жекеге /дедукция/ ой үстінде көшіп отырады. Немесе бұлар нәрселердің сырын көбінесе жорамал амалына /анологияға/ сүйеніп біледі. Тиісті мәселенің сырын жорамалға сүйеніп білу ойланудың жоғарғы түрі болып саналады. Жеткіншек тиісті мәселені шешу кезінде «бәлкім», «солай болуы мүмкін»немесе :»егер бұлай болса, онда анау солай болады».т.с. тәсілдері математика, физикқа сабақтарында қолдануға үйренеді. Мұндай формальдық операцияларды ойша қолдана алу,жеткіншектің ой-өрісін кеңейтіп отырады.
Жеткіншектің оқу қызметі. Кішкентай жеткіншектердің оқуға көзқарасы алдымен мұғалімге көзқарасы мен алынған бағаларына байланысты болады. Оқу пәндерге қызықты және қызғылықсыз деп саралау көбіне оқыту сапасына , жеткіншектің жеке мүддесіне байланысты, ал сабақтарды керек және керегі жоқ деп бөлу кәсіптік ниеттердің қалыптасуынан туындайды. Әрбір жаңа пән жеткіншектің ынтасын туғызады. Осы ынтаны сақтап, дамыту мұғалім қолында. Бұл кезде оқудың жаңа мотивтері шығады. өзін -өзі көңілі толмау және ойындағысын орындауға ұмтылу жеткіншектің танымдық белсенділігінің қайнар көзі. Егер оқушы мұғалімді жек көрсе , оның сабағына селқос қарауы мүмкін. Сонымен оқу і-әрекетін дұрыс ұйымдастыруына, оқу процесі тиісті дәрежеде жүргізілмесе жеткіншектердің оқу үлгерімі төмендейді. Осы кезде бір мұғалімнің орны бес –алты мұғалімнің келуі де әсер етеді.
Оқу деген ұғымның мазмұныжеткіншектік кезеңде ұлғаяды, өйткені білім алу енді кейде оқу бағдарламасынның шеңберінен асып, өздігінен және мақсатқа сай жүзеге асады. Өсе келе мұндай бағдар күшейеді.
Өзіңдік бақылау сұрақтары:
1. Жеткіншектік жасқа өтудің анатомиялық-физиологиялық және психологиялық алғышарттары.
2. Жеткіншектік жастағы “дағдарыс”мәселесі.
3. Жеткіншектік жастағы жетекші іс-әрекет түрінің мәселелері.
4. Жеткіншектік жастағы психологиялық жетістіктері (өзін өзі бағалау,өзіңдік сана, бағалау деңгейлері, “есею сезімі”) .
5. Жеткіншектің танымдық процестерінің дамуы. Жеткіншектік жастағы жеке бастың қалыптасу ерекшелігі.
6. Жеткіншектік жастағы өзаражекебастық қатынас.
Тақырып 9 . Жасөспірімдік жастың психологиялық ерекшеліктері.
Жасөспірімдік шақ. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Жасөспірімдік шақ – адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншектік кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс –минус 13 ай), жілгіттерде 17-18-дің арасы(ауытқу плюс –минус 10 ай), Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық – ең көп жетістіктерге жетеін кезең. Жыныстың даму жөнінен жігітер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипаттындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметтік экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескеру өте маңызды. Кейбір әбден қалыпты адамдар орташа статистикалық мерзімдерден көп озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдайлардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді.
Жасөспірімдік шақтың сипаттамасы. Балаң жас өспірімдік 14,5-17 жас арылығын қамтиды. Әліде болса бұлар үлкендерге тәуелді екенін көруге болады, ересектер оның өмірілік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастайды, бәрі де мамндық таңдау туралы ойлайды. Бұл кезде қиыншылықтардан бас тартпай оны жеңіп шығуға үйренеді. Бұларда жеткіншектік кезеңдегідей ерегесу қасиеттері кездесе қоймайды.
Бұлардың аса маңызды міндеттері мамандықты таңдау, еңбек пен қоғамдық –саяси қызметке даярлану, некелесуге өз отбасын құруға әзірлену яғни бұл белгілі бір уақыты талап етеді. Қиын жағдайларда өздігінен шешімге келуінің негізгі жемісі- әлеуметтік ортасының жемісі болып табылады. Оқуға салмақты қарайды.
Жетістіктері: кәсіптік қызығушылық
Әлеуметтік жағдайының дамуы. Ересектің құрбыларымен қарым-қатынасы жеткіншектерге қарағанда өзгерістер бар: ересектің жолдас –жоралары көп болады, бірақ олар мен уақытын бос өткізбейді. Көбіне өзінің оқу мақсатын көздейді. Оқуда бір біріне көмектеседі. Құрбыларының ішкі пейілі мен мінез-құлқының әлеуметтік және табиғи ортаны танып білудегі түсініктерінің ұқсас болуын да есепке алады. Бірін бірі түсіне алуы. Өзіңдік сананың, мұраттардың, дүниетанымының қалыптасуы. Өзіңдік сана – күрделі психологиялық құрылым. В.С.Мерлин бұны былай түсіндіреді.
өзінің теңдестігін ұғынуы
белсенді, іс-әркетшіл негіз ретінде өз «менін»ұғынуы
өзінің психикалық қасиеттерімен сапаларын ұғынуы
өзін-өзі әлеуметтік –адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды.
Бұл элементтердің бәрі бір бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. «Менді» ұғыну бұл 3 жастан бастап қалыптасады. «мен » деген қасиеттері -өзін өзгелерден ажырататын өзбеттілігін дамытатын қасиет. өзінің ісін, қылығын бағалаумен байланыстырылады. Өзінің әрбір кемістігіне , сәтсіздігіне мән беріп талдау жасай біледі. Ересекті көп ойға әкеліп соғады ол көп ойланады. (өзі туралы).
Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Біріншіден, өз талаптарының деңгейін жеткен дәрежесімен өлшемдестіру ( қорқақ болмасам, қабілетті болсам).
Екінші жағынан –жарыс әлеуметтік өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру.Жас өспірімдік рефлексия бір жағынан өзінің «менін»ұғыну. Мен кіммін? Мен қандаймын, мен өзімді не үшін сыйлай аламын т.б. Дүниедегі өзінің жағдайын ұғыну. Мәселен менің өмірлік мұраттым қандай? т.б.
Рефлексия - өзінің ісіне талдау жасай алу қабілеті.
Дүниетанымы – бірінші көрсеткіші дүниенің неғұрлым жалпы прицнциптерін, табиғат пен адам болмысының әмбебап заңдарын танып білуге деген ынтаның өсуі.
Адамгершілік мұратында, адамгершілік оның өмірлік позициясы бейнеленіп отырады. Мұрат өмірді бейнелейді. Негізінен таңдану, толқу, сүйсіну сезімдерін туғызады.
Мұрат – оның өзін -өзі тәрбиелеу жоспарын анықтайтын образ.
Ақыл-ой қызметтінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл ой қабілеті 15-16 жаста қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектілік операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен қыздардың ақыл –ой қызметін орнықтырып, іс-әрекет етуге жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттері шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсуімен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипат береді. Қазіргі бар деректерге қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызы болады. Осыны, сондай-ақ жоғары сынып оқушысының мамандық таңдауға даярлану қажеттігін ескеріп, жоғары сыныпта оқытудың даярлығын күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек. (факультативтік пәндер, үйірмелік жұмыс, мамандаған мектептер). Бірақ арнайы қабілеттердің қалыптасуының өзі оқытудың сипаты мен бағытына орасан зор дәрежеде байланысты екенін есте ұстау керек.
Жас өспірімдік – жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгірістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы (енді бала болмағанымен, әлі ересек те емес), өмірілік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз міне-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы – осының бәрі қосыла келіп жас өспірімдік шақта бағалаушылық- бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады. Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жас адам оларды бағалауға өте –мөте ден қояды да, өзінің мінез-құлықын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерийлер мен нормалар негізінде құруға тырысады.
Ересектің мамандықты таңдауы және оның өмірлік жоспарлары.
Жалпы дүниетанымдық ізденістер өмірлік жоспарларда орнығып, нақтыланады. Жеткіншектердің өмірлік жоспарлары көбіне әлі бұлыңғыр болады және арман дүниесінен әлі бөлінбеген. Жеткіншек өзін алуан түрлі рольдерде қиялдап елестетеді, олардың тартымдылық дәрежелерін салыстырып өлшейді, бірақ өзі үшін бірдеңені біржолата таңдап алуға батылы бармайды және ойға алғанына жету үшін көбіне еш нәрсе істемейді. Жас өспірім неғұрлым есейген сайын таңдау қажеттігі соғұрлым күшейе түседі. Ойдағы, қиялдағы немесе абстрактілік көптеген мүмкіндіктердің ішінен неғұрлым шынайы әрі қабылдауға келетін бірнеше вариант біртіндеп тұлғаланып, осылардың арасынан біреуін таңдау керек болады.
Өмірлік жоспар – кең ұғым. Ол өзін жекелей анықтаудың бүкіл саласын – моральдық бейнені, өмір стилін, талап-тілектер деңгейін, шұғылданатын істерді т.б. қамтиды. Көп жайлардың тек жалпы түрде ғана тұлғаланатыны түсінікті. Жоғары сынптағылар үшін кәсіп таңдау ең маңызды, шұғыл әрі қиын іске айналады. Психологиялық тұрғыдан болашаққа ұмтылған және тіпті кейбір аяқталмаған кезеңдерден ойша «секіріп те кетуге» бейім жас өспірім (әсіресе он бірінші сынып оқушысы) іштей мектепті енді ауырлай бастайды; мектептегі өмір оған уақытша, нағыз өмір емес, өзін әрі тартып, әрі біраз жүрексіндіретін басқа бір бай және шынайы өмірдің босағасы секілді болып көрінеді. Ол болашақ бұл өмірдің ең алдымен кәсіпті дұрыс таңдап алуына байланысты екенін жақсы түсінеді.
Әрине, мамандықтың сан алуан түрі бар. Соның ішінен ересек өзінің қабілетіне қарай, тілегіне қарай болса да , таңдап алу оңай емес. Оларға ықпал ететін үлкендермен, құрбыларының пікірі, бірақ соған деген қабілетінің бар жоғын білмейді. Ересек негізгі міндеті – кәсіп таңдау. Жас өспірім неғұрлым есейген сайын таңдау қажеттігі соғұрлым күшейе түседі. Олардың дұрыс таңдауы үшін үш мәселені қарастыру керек.
- халық шаруашылғында осы мамандық қаншалықты көлемінде керек.
- адамдардың алдына қоятын талаптары.
сол адамның қабілетін анықтау.
Демек, қабілетілікті анықтау мамандықты таңдаудың ең шешуші түйіні. Бұл өте күрделі. Ол тәлім –тәрбие, еңбек әрекетінің түрлерінде дамиды. Қабілеттілік өздігінше байқалмайды, ылғи да іс-әрекет үстінде нақтылы қызмет бабына сәйкес байқалады. Керісінше нақтылы бір мамандыққа қабілетіліктің болмауы, адамның сол іске жеке бас қатынасындағы жағымсыз сапалық көрінісі арқылы білінеді.
Сондықтан да бір ғана мамандыққа сәйкес қабілеттілікті қарастырғанда оны жан-жақты қарастырған жөн.
Адамның мынандай көріністеріне мән беру керек.
1). әр адамның биологиялық жағынан шартталған көріністері: темперамент, нышандары.
2). жеке адамның әлеуметпен шартталған жақтары: олар, қаншалықты бағытанғандығы, нанымы, моральдық жағынан.
3). қабылдау ерекшеліктерін ,есінің типтік көріністері, ойлау өрісі, ерік сапасын, сезімін, эмоциялық сфераларының дамуын, яғни таным процестерін (когнитивті).
4). әр адамның өмір тәжірбиесі мен білім көлемін. (ісерлігін, білімін, дағдысын, әдеттін).
Кәсіптік бағыт беру жүйесінде адамның жеке мүмкіншіліктері, кәсіби бағыттылық пен мүдделікке де тығыз байлансты.
Танымдық, белсенділік, кәсіби іс-әрекеттің таңдап алған саласына деген интеллектілік қабілеттілік кәсіпке, мүдделікті дамытудың маңызды факторы.
Сонымен, бұл мәселе туралы соңғы кездері педагог-психологтар айналысып жүр. Мәселен, С.Н.Чистякова (Москва),Б.А. Федоришин (Киев), Л.А.Йавайша (Литва), Е.А.Климов (Ленинград ) т.б.
Жасөспірімдік жастағы өзара жеке бастық қатынас және оның еркшеліктері.
Ересектің құрбыларымен қарым-қатынасы жеткіншектерге қарағанда өзгерістер бар:
- ересектің жолдас –жоралары көп болады, бірақ олар мен уақытты бос өткізбейді. Көбінесе өзінің оқу мақсатын көздейді немесе келешек өмір туралы пікірлес болуын қалайды. Құрбыларының немен шұғылданатынына көңіл бөледі, оқуда бір біріне көмектеседі (оқу мотиві). Құрбы дос таңдауда ересектің бұдан басқа да мотивтері болады.
а) құрбыларының ішкі пейілі мен мінез құлқының әлеумет және табиғи ортаны танып білудегі түсініктерінің ұқсас болуын да еске алады.
б) Бірін-бірі түсіне алуы. Екінші кісіні де риза қылып оның да құрбысына жақсы қасиеттің қалыптасуына әсер етеді. Міне осындай – бірінің интелектісімен ісін бағалау да кездесетін қасиеттердің түрін когнитивтік және бағалауэмпатиясы дейміз.(анг.көңіл білдіру).
Когнитивтік эмпатияның негізінде ересек жаман-жақсыны, кімнің –кім екенің ажыратуға мүмкіндік береді.
Ал, бағалау эмпатиясына келсек, осының өзі жаңағы ересектің өзгелерге мейірімді келіп, жағдайымен санасын, дәлелін еске алуға байланысты келеді. Бұл кездегі ұлдар мен қыздардың өзара қатынасына тоқталсақ, бұлардың арасында достық қатынастар кездесе бастайды. Бұлардың достығы тұрақты. Сондай-ақ бұлар достықтың бірінші қатарына эмоциялық жылылықты, шыншылдықты қояды «сырашуы» өзіңдік сананың дамуына ықпал етеді.
Терең достық балалық жолдастықтан біртіндеп барып қалыптасады.
Достық – махаббат бастамасы. Жеткіншектік кезеңдегі қысылу, ұялу, жас өспірімдік кезде белсенді бола түседі. 5-6 сыныптарда ғашықтық сезіммен туындайтын (хат жазуы, көзқарас, түсінісу) өруге болады. Бұл кезде ересектер көптеген қиыншылықтарға түседі:
1) махаббат мәселлері көп талғандыра бастайды.
2) осы әдеттен тс жаңа сезім күшейгенде өзін өзі танытуға өзінің сүюге, сүйікті бала , білуге қабілетін сынап байқауға ұмтылыс та күшейеді.
3) жасөспірім шақтаағы махаббат қиялға толы.
4) өзін ақылдырақ, күштірек , қайырымдырақ, мәдениеттірек болуыға деген ықыласын тудырады.
Достық – дегеніміз жеке адамдардың бір-бірін жақсы көруіне және ұнатуғына, мақсаттарының бірлігіне, ұзақ уақыт тату-тәтті араласуына негізделген аса тығыз өзара қарым-қатынас. Үлкен сезімінің бастамасы болып табылады. Сезім атасы – махаббат барынша бақытты не бақытсыз ете алатын құдіретті сезім.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
Жасөспірімдік жасқа өтудің анатомиялық-физиологиялық және психологиялық алғышарттары.
Оқу- кәсіби әрекеті жасөспірімдік жастың жетекші іс-әрекеті ретінде.
Кәсіби бағдарлану жасөспірімдік кезеңнің жетекші жетістігі ретінде. Мамандықты таңдау мәселесі.
Жасөспірімдік кезеңдегі танымдық процестерінің дамуы.
Жеке бастың қалыптасуының әлеуметтік – психологиялық жағдайлары.
Жасөспірімдік жастағы өзара жеке бастық қатынас және оның ерекшеліктері.
ІІІ. Бөлім. Әр жас кезеңдегі жаңарыстар мен психикалық процестерді диагностикалау.
Мектепке дейінгі кезеңнің жаңарыстары мен психикалық процестерін диагностикалау.
1. Әдістеме: Тікелей зейінді зерттеу.
Зерттеуге дайындық: ақ, сары, көгілдір, жасыл түсті қағазддарды, секундомерлерді дайындау.
Зерттеуді өткізу: 4-7 жастағы балалармен жеке эксперименттің 2 сериясы өткізіледі. Бала сұрақты тыңдап, оған жауап бере бастағанда барлық оның жауаптарын, уақыттың интервалын хаттамаға тіркейді.
1-ші серия: іс-әрекетті сыртқы көмекші құралдарсыз орындау. Балаға айтады: «Мен саған қазір сұрақ қоямын, ал сен тез жауап бер. 2 заңдылықты қадағала: тыйым салынған түстерді атама (ақ және көгілдір) бір түсті қайта қайталамау».
Сұрақтар:
Сен ауылда болдың, ба?
Шөп қандай түсті?
Сен ауруханада болдың ба?
Дәрігерлердің халаттарының түсі қандай?
Сен раушан гүлін білесің бе?
Оның түсі қандай?
Аспан қандай түсті?
Күзгі жапырақтардың түсі қандай?
Пойыздың вагондарының түсі қандай?
Күнбағыстың жапырақтарының түсі қандай?
Осы сияқты басқа сұрақтар құрылуы мүмкін.
2-ші серия. Ырықты іс-әрекет сыртқы көмекші құралдарамен. Бұл серия басқа балалармен жүргізіледі. Әр балаға сол инструкцияны да ұсынады, 1-ші сериядағы. Бірақ оған қосымша ақ, көгілдір, сары және жасыл түсті қағаздарды беріп, зерттелушінің алдына үстелге қояды. Оған былай айтылады: «Мына ақ және көгілдір түсті қағаздарды сен атамауың керек. Қазір алдыңа қой. Ал мына сары және жасыл түсті қағазды 1рет атағаннан кейін алдыңа қой».
Әрі қарай 1-ші сериядағы сұрақтарды қояды.
Қорытындыны өңдеу. 2 серия бойынша дұрыс және дұрыс емес жауаптарды санайды. Ойланғанға кеткен уақытты да есептейді. Нәтижені кестеде көрсетеді.
Тапсырманы орындау көрсеткіштері.
Балалардың жасы
|
1 серия 2 серия
|
Дұрыс жауаптар
|
Дұрыс емес жауаптар
|
Ойланғанға кеткен орташа уақыт
|
Дұрыс жауаптар
|
Дұрыс емес жауаптар
|
Ойланғанға кеткен орташа уақыт
|
5-6жас
6-7жас
|
|
|
|
|
|
|
2. Әдістеме: Ырықты ес және ырықсыз ес арақатынасын зерттеу.
|