Навигация по странице:
|
599_психология. Бейсенбекова Глмира Бекінызы
Жетекші іс-әрекеттің белгілері :
- жетекші іс-әрекеттің ішінде жоғары психикалық функциялар – танымдық процестер қалыптасады.
- жетекші іс-әрекеттің ішінде жеке бастық білімдер қалыптасады.
- жетекші іс-әрекетке басқа әрекеттер бағынады.(А.Н.Леонтьев)
- жетекші іс-әрекет баланы мол даму кезеңінің негізігі элементтерімен байланыстырады.
- жетекші іс-әрекетте абаланың үлкендермен қарым-қатынасы толық көрсетілген. Ал бұл арқылы оның шындыққа қатынасы көрінеді.
Бала өзіне жаңа бағыттаушы іс-әрекетті игере бастағанда, ол ішкі емес, сыртқы формамен орындалады. – байқау қимылдары, затты бір бірімен салыстыру, олардың орнын ауыстыру т.б. арқылы нәтижеге қол жеткізеді. Сыртқы іс-әрекет іштей іс-әрекетпен ауысады да бала нақты заттарды қайта –қайта қозғамай –ақ жауап беруі үшін біраз уақыт өтеді.
Мәселен, сәбилік және мектепке дейінгі балалық шақта баланың жаңа ішкі, психикалық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретінін көреміз. Мұндай іс-әрекеттердің қайнар көзі сыртқы бағыттаушы іс-әрекеттің көмегімен әрбір типтін міндетті осының алдындағы кезеңдерге шешіліп отырған форманың ішке ауысу процесін психологияда интериорризация деп атайды.
Интериорризация процесі арқасында үлкендердің басшылығымен өтетін сыртқы бойға сіңіру ішкі психикалық іс-әрекеттің пайда болуына және жетілуіне психикалық, дамудағы ілгері басуына жеткізеді. Демек, ішкі іс-әрекеттің қалыптасуы баланың психикалық дамуының негізін құрайды.
Баланың психикалық даму теорияларының ішіндегі бихевиоризмдік теорияның мәні мынада: оның негізін салған американ психологі және педагог Э.Тордайктің дәлелдеуінше қарапайым дене қасиеттері сияқты адамның ақыл ой қабілеті мен тілегі де тұқым қуалаушылықпен анықаталды. (бихевиоризм мінез-құлық деген мағынада). Ол тұқым қуалаушылық мағұлматтар баланың ең әуелі қозғау, жүргізу, секіру қабілетін, ол садан соң оқуын, кәсібі, шеберлілігімен жеке басының қасиеттерін анықтайды деп есептейді. Адам миының құрылымы тұқым қуалайды, қоғамда бола отырып, ол адамдармен толып жатқан қарым қатынаста болады, бұрынғы өткен ұрпақтардың тәжірбиесін меңгеріп, оны жетілдіреді, жеке адам ретінде өсіп дамиды. Сөйтіп, адам өзінің іс-әрекеті мен жағдайын сипатын үнемі өзгертіп отырады, солармен бірге өзі де өзгереді.
Психоаналитикалық теорияның негізгі мәніне тоқталсақ. Онда, Зигмунд Фрейд теориясының мәні мынада. Психоанализ емдеу әдісі ретінде пайда болып, біршама уақыттан соң психологиялық фактіні табудың бірден бір тәсілі ретінде қабылдана бастады. Аталған тәсіл психологиялық жүйенің негізі болып қаланған. З.Фрейд емдеушілердің еркін ассоциациясының анализін байқай отырып мынандай қортындыға келген, ересектердің бойындағы кездесіп жататын аурулардың пайда болу себебі – жас балалық шағындағы уайымның салдары. Балалық уайымдау, З.Фрейдтің ойынша, сексуалдық табиғаттық сипатта болады. Бұл - махаббат сезімі және ата-анасына жеккөрушілік деген, әпкесіне немесе ағасына деген қызғаныш сезімі т.б.
Зерттеу жүргізу нәтижесінде З.Фрейд, емдеушілердің өзіндік еркін ассоциацияларын, түс көру, өткен оқиғаларының мағынасын түсінбейтіндіктеріне көз жеткізіп, таң қалған екен. Олар анық жағдайларды жасыруға тырысқан. Емдеушілер бір ғана координатылық жүйемен өмір сүрген, ойланған, дәл осы уақытта емдеушілердің екінші жағанан санасыздық деңгейі және тәртібінің детерминанты төмендеп, алшақталған. Содан соң емдеушілер көптеген психоанатикалық сеанстардан кейін ғана өздерінің іс-әрекеттеріне, сөздеріне анализ жасап, саналы түрде ұғына бастаған. Санасыз тәртіптің детерминанты З .Фрейдтің зерттеуінің пәні болып табылады. Оның ашқан жаңалығы санасыздық немесе сезінбеушілік және сексуалдық бастаманың ашылуы- психоанализдік теорияның концепциясының негізін құрайды.
З.Фрейд жұмысының алғашқы жылдарында психикалық өмірдің негізін құрайтын үш деңгейді қарастырған: санасыздық, санасыздықтан алдында, саналылық. Саналық бастамаларға жөн сілтейтін «санасыздық» құбылысына тоқталды. Оны »Либидо»деген терминмен атады. Кейінірек »Я» және »Оно» және »ләззәт алу бағытында» аты еңбектерінде адамдық жеке тұлғаның басқа бір модельін ұсынды. З.Фрейд теориясы бойынша адамның жеке басы негізігі үш құрамдас бөліктерден тұрады: «Оно»(ид), «Я», »Сверх-Я». «Оно»- инстинкттерді тасмылдаушы. Ол санасыздыққа бой ұру, рахаттану приципіне бағынады. «Я»- шындық принципін мақұлдайды және қоршаған сыртқы әлеммен және оның құрамымен санасады. « Сверх-Я»- моральдық ережелерді тасымалдаушылардың бірі болып саналады. Егерде «Я», »Сверх-Я» қарсы тұрып, идтің пайдасына, яғни рахаттануға шешім алса. Ол өзін кінәлімін деп айыптайды. Демек , қақтығыстық жағдайлар аса күшті толқыну сезімдерінен пайда болады. Аталған ауыр жағдайдан «Я» арнайы «қорғаныс механизмдердің»- тықсыру, регрессия, сублимация т.б. көмегімен құтылады. Регрессия- мінез-құлықтың немесе ойлаудың қолайсыз түрде ығысуы.
Сублимация – тыйым салынатын секстік энергияның қоғам мен адамның жеке басына жарайтын түрлеріне ауысуы. Проекция – басқа адамға өзінің махаббатағы уайымын немесе жеккөрушілік қасиетін тасымалдау.
З.Фрейд сексуалдық трактатын кең мағынада қарастырған. Оның пірі бойынша, мұның барлығы денеге рахаттану, ләззат алу уақытын сыйлайды. Кішкентай балаға – бұл аймалау, денесін сипалау, құшақтау, сүю сынды әрекеттермен сипатталады. Сексуалдық үйірсектену З.Фрейд бойынша, амбиваленттік сипатта болады. Өмір мен өлімнің инстинктері кездеседі. Эрогендік аймағы – дене аумағы, көбіне стимулға сезімтал аумақтар, либидоноздық сезімге қанағаттануға шақырады. Әр бір кезеңнің либидиноздық аумағы, либидоноздық рахатты тудырады. Аталған аумақатырдың араласуы психикалық дамудың кезеңдерін тудырады.
Психонаналитикалық стадиялар: оральдық, анальдық, латенттік, генитальдық, фаллитік.
1)Оральдық стадия (0-1 жас) оральды стадияда рахат,ләззат алу көзі- баланы омыраумен қоректендірудің белсенділік аумағына шоғырлануы. Оральдық стадия екі фазадан тұрады. Олар : ерте және кеш. Аталған стадиядағы эрогендік аумақатр – ауыз қуысы, баланың омырауды емуі және алғашқы заттарды тани бастауы. Баланың омырауды емуі – балада – сексуальдылықтың көрінуінің бір түрі болып табылады.
2)Анальдық (1-3жас), оральдық стадия сынды екі фазадан тұрады. Бұл стадияда «либидо»жыныстық мүшелернің гигиеналық тазалығына шоғыраланады. Анальды стадияда балада «мен», «оно»импульсын қадағалауға мүмкіндік береді.
3) Фаллитік стадия (3-5 жас).Баланың жоғары сексуальдық баспалдағының дамыған шағы. Эрогендік аумақтың жетекшісі – генитальды орган болып табылады. Осыған дейін баланың сексуальдығы аутоэротикалық сипатта болса, осы стадияда балалар ерсектерге деген сексуальдық үйірсектікті байқатады.
4)Латенттік стадия (5-12жас)- жыныстық қызығушылықтың төмендеуімен сипатталады. «мен» психикалық инстанциясы. «оно»-ның қажеттілігін қадағалап отырады. «либидо»энергиясы сексуальдық мақсаттан, жалпы адамдық тәжірбиеге, яғни ғылымға және мәдениетке негізделген. Сондай-ақ достарымен, құрбыластарымен қарым –қатынасқа түсуі.
5)Генитальдық стадия (12-18 жас)- балақы сексуальдықұмтылудың жоғарлауымен сипатталады. Енді өткен эрогендік аумақтар бірігеді және З. Фрейдтің көзқарасы бойынша , жеткіншектер бір ғана мақсатқа ұмытылады. Ол қалапты жыныстық қарым –қатынаста болу. Бұл стадияда «мен»инстанциясы «оно»-ның агрессивтік импульстарына қайшылық көрсетуге тырысады. Себебі осы кезеңде «оно» өз функциясын жандандыруға бар күшін сала бастайды.
Зигмунд Фрейдтің осы классикалық теориясын ары қарай Анна Фрейд жалғастырды. «Норма и патология детского развития » (1965) - атты еңбегінде балаларға деген психоаналитикалық қызығушылығын ашып көрсетті. А.Фрейд классикалық психоанализді дәстүрлі түрде көрсете отырып, жеке бастың тұрақты құрамын үш бөлімге бөлді. Ол »Я», «Оно»,» Сверх –Я». Инстинктивті бөлімі өз алдына, сексуальдықты және агрессивтілікті құрайды. Сексуальды инстинкттің дамуы, классикалық психоанализ ретінде анықтай отырып, либидоноздық фазамен байланыстырылады.( оральды, латенті т.б.).Осы аталған фазалар мінез –құлықтың мынандай түрлеріндегі агрессиялық дамудан көруге болады. Ол, яғни тістелеу,түкіру, жармасу (оральды агрессия); қатыгездік (анальды садизмнің тууынан), мақтаншақтық ( фаллиті стадияда). Сонымен , «Я» қасиетті А.Фрейд өзіңдік қорғану механизмі деп тұжырымдайды. Ал, «Сверх-Я» қасиетін ата –анасының идентификациялық және интериоризациялық авторитеті деп көрсетеді. Баланың әр бір даму фазасында, ішкі инстинктивтік әсері және сыртқы ортаның шектеулігігі қақтығыстарды жеңу болып табылады. А.Фрейдтің айтуынша, осы фазаларды ескере отырып, баланың өміріндегі даму сызығының , шексіз сферасының санын құруға болады.
Демек, бала ең алғаш даму жолында бір қадам алға, бір қадам артқа жасайды. Яғни, әрбір қадамға байланысты бала даму үстінде болады. Ол баланың «Я»деген қасиетін бала дамуының әлуеметтік процес ретінде қарастырады, осған байланысты бала әрбір даму жолында заңға бағынышты болады. Нәресте жаңа туған кезде тек бір ғана заңды біледі. Ол анасының –күтімі. Егерде, ана баласына барлық жағдайды жасап отырса онда, бала тез дамиды және анасына қатты бағынады. Ал, егер де, анасы баласына жағдай жасамаса рнда, бала дербес болып өседі.Осыған байланысты балалардың үлгілі болуын, тәртібін, мінез-құлқын ауыр жеңіл болуын айыра аламыз. А.Фрейдтің ойынша әр бір қалыпты элемент бала өміріне әсер етеді және де асушаң, қызғаншақ, өз-өзіне қол жұмсау, кесір болу. Осылар баланы әлеуметтік жағдайдан тыс нәрселерге итермелейді . Әлеуметтендіру балаларды осыдан қорғайды. Қорғану процесі «Я» деген қасиетте басты орын алады. «Сверх-Я»деген қасиеттінде бала үшін өзінше шешім қабылдау болып табылады.Бала тек қана қоршаған ортаға бағынбайды. Сонымен қатар, өзін сол ортаның мүшесі ретінде санайды. Бұл кезде балада жаңа қадамдар пайда болады. Ол жанұядан, мектепке, мектептен қоғамдық өмірге яғни ,осылардың әрбір қадамы өзіңдік шешім қабылдауға көмектеседі.
Анна Фрейд бала өміріндегі ең басты жетістігі қандай деген сұраққа былай жауап береді « ойын,оқу, ерікті әрекетті фантазиялары, жылы қатынас» яғни, осылар бала үшін маңызды болып табылады.
Ал, Эрик Эриксонның жеке бастың дамуының эпигенетикалық теориясын былай қарастырады. Жеке бастың дамуында міндетті түрде адам алғашқы туғаннан соңғы күніне дейін өткізетін даму сатыларындағы генетикалық болжамдар. Э.Эриксонның жеке бас өсуі ойтұжырымдамасындағы мәнді жағын атап өтсек: әр бір адамның басынан өтетін өмірлік психологиялық дағдарыстардың сегіз түрін атап көрсетіп, суреттеуінде:
1). Сенімділік- сенімсіздік дағдарысы ( бір жасқа дейін).
2). Күмәнданған мен ұялғанға қарсы өзін-өзі билеу. (2-3 жас аралығында).
3). Кінәлілік сезімге қарсы пайда болатын ықылас (3 жастан 5 жасқа дейін).
4). Толық жетілмеген комплекске қарсы еңбексүйгіштік (7-ден 12 жасқа дейін).
5). Жеке даралық пен конформизге қарсы жеке бастың өзін-өзі анықтауы. (12 ден 18 жасқа дейін).
6). Тұлғалық психологиялық оңашалануға қарсы сырластық пен ақ-жарқындық (20жас маңайында).
7). Тұйықтануға немесе өзі туралы ойлауға қарама- қарсы жаңа жеткіншектердің тәрбиелеудегі қамқорлық (30 бен 60 жас аралығында).
8). Түңілуге қарама –қарсы өткен өміріне риза болу (60 жастан жоғары).
Жеке бастың қалыптасуы Эриксонның тұжырымдамасында кезеңдердің алмасуы сияқты түсінідіріледі. Әр кезеңде сапалы өзгерістерге ұшыраған адамның ішкі жан дүниесі мен оны қоршаған адамдармен қарым-қатынастарының түбегейлі өзгеруі. Осының нәтижесінде ол жке бас ретінде дәл осы даму кезеңіне сипатталған жаңа өзгеріс пайда болады және ол білініп тұратын іздер қалдырып қалған барлық өмірінде сақталады. Жеке бастың өзінің жаңа өзгерістері Эриксон бойынша бос жерде пайда болмайды- олардың белгілі бір кезеңде пайда болуы жеке бастың кезекті өсуіне байланысты. Жеке баста жаңа зат (бекіп) пайда болып бекуіне өткен уақытта қалыптасқан белгілі бір психологиялық және тәрбиелілік жағдайлар әсер етеді. Жеке бас сияқтты қалыптаса және өсе, адам жақсы қасиеттерді ғана игермей, кемшіліктер де игереді. Жекеше тұлғалық өсуді, барлық жақсы және жаман өзгерістерді бөлшектеп біркелкі ойтұжырымда көрсету қиын. Осы қиындықты ескере отырып Эриксон өзінің тұжырымдамасында, дамудың екі ақырғы сызыған көрсеткен: бұл қалыпты және қалыпсыз. Жеке түрде адамның тұлғалық дамудың әр түрлі аралық нұсқауларын еңгізді.
Эриксон бойынша жеке бастық (тұлғалық) өсудің кезеңдері
Даму кезеңі
|
Қалыпты даму сызығы
|
Қалыпсыз(анамальды) даму кезеңі.
|
Нәрестелік шақ
(туғаннан 1 жасқа дейін)
|
Адамдарға сенімі. Өзара махаббаты, жақындығы, өзара түсінісуі нәрестеге қажетті және басқа өмірілік маңызы бар қажетті нәрселермен қанағанттандыру.
|
Адамдарға сенімсіздігі анасының баламен нашар қарым қатынасқа түсуі, керек қылмауы, махаббаттан айыруынан туындайды. Төстен ерте суалтып,ананың жылуынан айыру.
|
Ерте сәбилік шақ (1 жас тан 3 жасқа дейін).
|
Дербестік, өзіне сенімділік. Бала өз бетінше, жеке, бірақ әліде болса ата-анаға тәуелді адам сияқты қарайды өзіне.
|
өзіне сенбеушілік , қысылған ұялшақтық сезім, бала өзінінің қабілеттерінен күмәнданады, өзін ештемеге үйренбейтіндей болып
сезінеді. Жай қозғалыстардан да жасқанады, мысалы, жүруден, нашар сөйлегеннен, айналасындағы адамдардан кемшіліктерін жасыруға тырысады.
|
Ерте балалық шақ (3 жас пен 5 жас аралығында)
|
Білімқұмарлық, белсенділік, ширақтықпен қабылдау, қоршаған ортаны қызығушылықпен зерттеу, үлкендерге ұқсағысы келіп, әр түрлі қаиымл жасау.
|
Еңжарлық пен адамға немқұрайлықпен қарау, босаңдық, ынтасы жоқтық, басқа балалрға қызғаныш сезіммен қарау, тұйықтық, әр түрлі қимыл жасаудан бас тарту.
|
Естияр балалық шақ (5 тен 11 жасқа дейін).
|
Еңбексүйгіштік, борышын сезіну және жақсы жетістіктерге жетуге тырысу. Білу және сөйлеу қабілеттерімен дағдыларының қалыптасуы. Болатын істі алдын қойып, оны шешу. Ойын мен қиялға мақсат қойып, жақсы жеңу жағын ойластыру.Керекті заттардың қозғалысының құралдарын белсенді меңгеру, мінедттерін бағдарлаау.
|
Толық жетілмегенін сезіну. Еңбекке деген қабілетінің әлсіздігі. Қиын тапсырма, жағдай, басқалармен жарысудан қашу. өзінің жетілмегендігін, өмір бойы орташа болып жүретінін қатты сезіну. Бір өзгерісті күткенде немесе толық үлкендігін сезгенде уақытша басылып қалу. өте жуастық, құлдың тәрбиесі.әр түрлі істі шешерде өзінің әлі жетпейтінін сезіну.
|
Жынстық жетілу, жеткіншек шақ пен жастық шақ (11 жастан 20 жасқа дейін).
|
өмірде өзін анықтау. Болашшаққа уақытша жоспар туындау. Қандай болам? Кім болам? деген сұрақтарда өзін-өзі анықтау. Өзін табу үшін белсенді іздену, әр түрлі ролдерде өзін байқау.Оқу. Тұлғалық қарым-қатынас тәрбиесінің формаларнда жыныстық тәрбиені анық түсіну. Дүниетанымның қалыптасуы. Құрдастарының арасында жетекшілікті өзіне алу, керек болғанда оларға бағыну.
|
Ролдерді шатастыру. Болашақ ғана ойламай, осы шақ пен өткен шақты ойлау. Барлық жан дүниесін өзін-өзі анықтауға салуы сыртқы әлеммен және адамдармен қарым-қатынасының күшейуіне кедергі болу. Еңбекке белсенділігін жоғалту. Имандылық пен дүниетанымдық нұсқамаларды шатастыру.
|
Ерте ересектік (20 –дан 45 жасқа дейін).
|
Адамдарға жақын болу.Адамдармен қарым-қатынасқа ұмытылып. Оларға өзін арнау (көмек беру). Бала туу және оларды тәрбиелеу.Махаббат пен жұмыс. Өміріне риза болу.
|
Адамдардан оңашалану. Адамдардан қашу, әсіресе жақын, ашына қарым-қатынастардан қашу. Мінездің қиындығы. Түсінбейтін қарым-қатынастар мен күтпеген тәрбие. Ауытқу , оқшаулану, көңіл- күйінеәсер етуі.
|
Орта ерсектік (40тан-45 –60 жасқа дейін ).Орта жас.
|
Шығармашылық . Өзімен және басқа адамдармен өнімді шығармашылық жұмыс. Кемелді, жан-жақты өмір. Жанұя қарым-қатынасна қанағаттану. Балаларын мақтаныш тұту. Жаңа жеткіншектерді оқытып тәрбиелеу.
|
Тоқырау. Өзін ойлаумен өту. Жұмыстағы өнімсіздік. Ерте мүгедек болу. Құдайдан өзін ғана сұрап, өзіне ғана қамқор болу.
|
Қарт ересектік (60 жастан жоғары).
|
Толық өмір сүру. Өткенді ойлау, оны бағалау. өткен өмірі қандай, сондай қылып оны қабылдау. өткен өмірінің толық және пайдалы екенін сезіну. Болатынның бәріне көну. өлімнен қорпау керек екенін түсіну.
|
Түңілу.Өмірдің босқа өткенін, аз уақыт қалғанын, уақыт жылдам өтіп бара жатқанын сезіну. Басқа өмір үріп жүргенін сезіну. Өз-өзіне сенімді жоғалту. Қайтадан өмір сүруді армандау, өмірден лғанын азсынып, бұрынғыдан көбірек алуға ұмтылу. Алжу,тақалып келе жатқан өлімнен қорқу.
|
Бұнда, Э.Эриксон даму кезеңдерінің сегізге бөліп, жоғарыда айтылған жас қосылудағы дағдарыстарды суреттейді. Бірінші кезеңде баланың дамуы үлкендердің, оның ішінде, анасының қарым-қатынасына байланысты. Бұл кезеңде баланың адамдарды жатырқау және жатырқамауы қалыптасады.
Екінші кезеңде балада өз бетімен өсіп, сенімділік пайда болады. Бұлардың қадыптасуына үлкендердің балаға деген қарым-қатынасы көп әсер етеді.
Үш жасынан бастап баланың тұлғалық тәрбиесі мен мінезі қалыптаса бастайды- дейді Эриксон өхзінің зерттеулерінде. Баланың дамуына, дұрыс тәрбиеленуіне үлкендер әсер етеді, бірақ зерттеулерде басты роль заттық қызметке байланысты дегенмен, үш жасар бала өзін кішкене тұлға ретінде де ұстайтынына күмән жоқ. Үшінші және төтрінші даму кезеңдері, Эриксон бойынша, толығымен Д.Б.Эльконин және басқа өзіміздің психологтарымыздың ойларымен сәйкес келеді. Берілген тұжырымда оқу және еңбек қызметінің баланың (5-11 жас аралығындағы) психикалық дамуына үлкен маңызы бар.
Біздің ғалымдарымыздың Эриксонның көзқарастарынан айырмашылығы ол баланың іскерлігі мен дағдыларына көңіл бөлмей, оның қасиеттеріне қарайды: белсенділігі мен еңбексүйгіштігіне, оған қарама қарсы енжарлық пен еңбек еткісі келмейтіндігінде.
Жеке бастың келесі даму кезеңдері отандас писхологтардың назарларында көрсетілмеген. өмірдегі әлеуметтік ролдер адамды көп нәрсеге жаңадан қарауға әсер етеді. Әсіресе, жеке бас даму ерте ересектік жастық шақтан кейін келетін, кезеңіне көңіл бөлгенде ғана белігілі.
Сонымен, Э.Эриксон көрсеткен анамальды (қалыпсыз) даму сызығы бұл тек жас аралығында көп дау туғызды. Бұл даму кезеңнің басқа формалары да болуы мүмкін. Яғни, Эриксон жүйелі көзқарасына психоанализ бен клиникалық практика қатты әсер етті.
ЗФрейд адамзаттық мінез-құлықты нақыты оқып үйрену арқылы невроздық қақтығысты түсінуге болады деді. Ал, Э.Эриксон алынған жалпы құбылыс тек қана невроздың аналогиясы ғана-деп санамайды. Оның ойынша, «Я» адамзаттық негіз яғни қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының түбірі болып табылады. Э.Эриксон психонаналитикалық тұжырымдамасында «Я» және қоғамды қатынасын құрды. Сонымен бірге оның тұжырымдасында – бұл балалық шақ тұжырымдасы болды. Дәлірек келгенде адамзатқа ғана ұзақ балалық шақ тән.Сонымен бірге қоғам балалық шақтын ұзақ болуына әкеледі. «балалақ шақтын жалғасуы ол адамның техникалық және интеллектуалды ойының әбден машықтануына, сондай-ақ ол адамның өмір бойғы жетілмеген эмоциональды ізін қалдырады»- деп жазды. Э.Эриксон.
Бала дамуындағы оқытудың жетекші ролі. Баланың бүкіл өмірі үлкендерге байланысы олар ұйымдастырып бағыт беріп отырады. Баланың практикалық іс-әрекеті үйретудің (оқыту) нәтижесінде қалыптасады. Ж.Пиаже 1921-22 жылы баланы оқытсанда, оқытпасанда психикасының дамуына, ақыл ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді. Осыған орай, зерттеулерде көрсеткендей бала психикасы тек оқытудың негізінде дамиды.
Үйрену саналы жүргізіле бермейді көп ретте үлкендер балаларды стихиялық жолмен үйретеді. Баланың тәрбиесі стихиялық жолмен емес, ақылға салып мақсат көздей, оған нені үйрету керектігін әдейі қамқорлық жасай отырып және жан жақты болуын қамтамасыз етуі қажет. Бірақта, психикалық даму үйретуге тәуелді болмастан, өзінен-өзі өрби беретін сияқтанады. Әрине бұл қате пікір. Оқыту егер психикалық дамуды бала жеткен дәрежесіне лайықталып жүргізілсе ғана табысты болуы ықтимал деген қорытынды шығады. Бала қоғамдық тәжірбиені бойына сініре, адамға тән әр түрлі іс-әрекетті игере отырып дамиды. Оған бұл тәжірбиені де, бойында бұл іс-әрекетті қалыптастыратында – оқыту. Оқыту баланың дамуына ыңғайластырылып жүргізілмейді және оның артында қалмауы тиіс.
Оқыту дамудың жеткен дәрежесін есепке алады. Мұндағы мақсат – сол жерде қалу емес, одан әрі дамуды қалай жүргізу керектігіне келесі қадам жасалуы қажеттігін білу. Демек, оқыту психикалық дамудан озық жүреді, оны өзінің сонынаң ерітеді. Л.С.Выготскийдін айтуынша, оқыту баланың баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер – оқыту тәсілдері оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Осы оқу мен даму мәселесін қарастырған ғалымдарды үш топқа біріктіруге болады.
- Баланың даму процестері оқу процестерінең тәуелсіз екенің анықтайды. Баланың дамуында оқу белсенді қатыспайды. Даму циклі әр қашан оқу циклынаң бұрын жүреді. Оқу дамудың артында жүреді. Даму әр қашанда оқу алдында жүреді.
- Бұл екі процесті бірлікте көрсетеді және де келесі түрде бейнелейді: Оқу - бұл даму.
- Бұл екі теорияны біріктіргісі келеді, бір жағынан даму процесі оқытуға тәуелсіз, екінші жағынан – оқудың өзі дамуға тәуелді. Яғни зерттеушілердің позитивтілігін көреміз.
а) екі қарама-қарсы көз қарастарды біріктіру. ә) екі негізгі процестердің өз ара тәуелдігі. б) бала дамуында оқу ролін кеңейту.
Баланың үлкендермен бірлесе орындайтыны мен оның өзінің жеке атқаратың қызыметінің арасындағы айырмашылық баланың таяудағы даму аймағы деп аталады. Мәселең үлкендер сәбиге көрсеткенде, нұсқау бергенде, түзету еңгізгенде т.б. Таяудағы даму аймағының көлемі – баланың үйренгіштігінің, оның бойында осы кәзір бар даму қорының маңызды көрсеткіші.
Оқытудағы (үйретудегі) әр – бір жана адам баланың таяудағы даму аймағын пайдаланады.
|
|
|