Навигация по странице:
|
Оқу-әдістемелік кешен, макро, 2013-2014. 2. Пн бойынша глоссарий жне пнні ымды аппаратымен жмыс бойынша жалпы дістемелік нсаулар
Инфляцияға қарсы саясат – бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. Үкімет үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізудің екі бағыты болады: оны бірте-бірте ұзақ мерзімді көздеп жүргізу немесе оны шұғыл жүргізу (естен тандыру терапиясы). Барлық жағдай елдің көлеміне, оның экономикасының болмысына, әлемдік нарыққа кірудің дәрежесіне және шарттарына, өзгерістерді халықаралық қаржы мекемелерінің қолдауына, ел ішіндегі әлеуметтік және саяси жағдайларға және т.б. байланысты болады.
Қорытынды
1. Инфляция – бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді. Инфляцияның пайда болу себептері монетарлық және монетарлық емес болып бөлінеді.
2. Сұраныс инфляциясы – өндірістің нақты көлеміне қарағанда жиынтық сұраныстың артықшылығынан туындайтын және сатып алушылар тарапынан болатын инфляцияның бір түрі. Ұсыныс инфляциясы – өндіріс шығындарының және ресурстар бағаларының күрт өсуіне байланысты орын алатын дайын өнімге деген бағаның өсуі мен өндіріс көлемінің қысқаруын білдіретін сатушылар тарапынан болатын инфляцияның түрі.
3. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары халықтың, кәсіпорындардың және мемлекеттің ақшалай табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді; байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып келеді; нарықта сұранысқа ие тауарлы-материалдық қорларға деген бағалар өседі; ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндіктерін төмендетеді; фирмалардың амортизациялық қорларын құнсызандырады, сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты жұмыс істеуі бұзылады және үдерісі қиындайды; инфляция жинақ түрлерінің (салымдардың, облигациялар мен сақтандырулардың, т.б.) нақты құнын төмендетеді; тұрғындар мен кәсіпорындардың ақша қаражаттарын салықтар арқылы жасырын тәркілеуге алып келеді. Бұл салық төлеушілердің атаулы табыстарының өсуінен салық салудың аса жоғары тобына автоматты түрде өтуінен орын алады.
4. Жұмыссыздық пен атаулы жалақының қарқыны (кейіннен, инфляция қарқыны) арасындағы өзара байланыстың графикалық кескіні Филлипс қисығы деп аталады.
5. Филлипс қисығын ұзақ мерзімде қарастырғанда инфляциялық күтімдер теориясы қолданылады. Күтімдердің екі түрі кеңінен қолданылады: бейімделушілік күтімдер – инфляцияның нақты деңгейі негізінде сол инфляцияны экономикалық агенттердің болжай алу мүмкіндіктері. Олар инфляцияның нақты деңгейімен сәйкес келмейді және кезеңділікпен қайта қаралып субъектілер өз қателерін түзетіп отырады. Оңтайлы күтімдер – экономикалық субъектілердің өздерінің инфляциялық болжамдарында қолдарындағы бар ақпаратты неғұрлым ұтымды пайдалана алу мүмкіндіктері және олар өз есептеулерінде қателеспейді деген болжамдар.
6. Инфляцияға қарсы саясат – инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. ХХ-ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.
Дәріске арналған әдістемелік кеңестер:
1. Тақырыпты оқығаннан кейін студент мыналардан хабардар болуы қажет:
инфляцияның мәні, деңгейі мен түрлері;
инфляцияның себептері мен әлеуметтік –экономикалық зардаптары;
инфляция қарқынының жұмыссыздық деңгейімен өзара байланысы.
2. Тақырыпты меңгергеннен кейін студенттің бойында мынадай қабілеттіліктер қалыптасуы тиіс:
елдегі инфляцияның деңгейін анықтау;
Филлипс қисығының көмегімен инфляция қарқынының жұмыссыздық деңгейімен өзара байланысын талдау;
елдегі инфляцияның әлеуметтік экономикалық зардаптарына баға беру.
3. Статистикалық деректерді қолдана отырып елдегі инфляцияның даму тарихына шолу жасау.
11-тақырып. Мәселелі дәріс
Экономикалық цикл және оның теориялары
Мақсаты: макроэкономика курсында бұл тақырыптың аса күрделі де шешімін таппаған тақырып екендігіне көз жеткізе отырып циклдік толқулардың әртүрлі себептерін талқылау, экономикалық циклдің қазіргі үлгілерін қарас-тыру, сонымен қатар, қазіргі жағдайға сәйкес циклді мемлекеттік реттеудің тиімді саясатын бағалау және отандық тәжірибеге артықшылық бере отырып осы тақырыпты мына сұрақтармен қорытындылау.
Дәріс жоспары:
Экономикалық цикл: мәні, көрсеткіштері, түрлері, себептері, факторлары.
Іскерлік цикл туралы экономикалық теориялар.
Негізгі түсініктер: экономикалық цикл (ауытқымалы кезең); тренд; экономикалық жағдаят (конъюнктура); проциклдік параметрлер; контрциклдік параметрлер; ациклдік параметрлер; циклдің фазалары; Китчиннің циклдері; Жуглярдың циклдері; Кузнец циклдері; Кондратъевтің «ұзын толқындары»; Самуэльсон-Хикс үлгісі (мультипликатор-акселератор теориясы); «Импульс-таралу» үлгісі; саяси бизнес-циклдер теориясы; нақты бизнес-циклдер; саяси сілкіністер; ішкі және сыртқы сілкіністер; мемлекеттік антициклдік саясаты; т.б.
Тақырыптың мазмұны.
Экономикалық (іскерлік) цикл – бұл макроэкономикалық тұрақсыз-дықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық белсенділік деңгейінің үнемі толқып және ауытқып отыруы. Немесе, экономикалық дамудың жоғарылау кезеңдерінің құлдырау кезеңдерімен ауысып отыруын, сондай-ақ, экономиканың бір фазадан екінші бір фазаға өту аралығын (құлдырау фазасынан келесі бір құлдырау фазасына дейінгі аралық) айтамыз.
Циклдің теориялары экономикалық белсенділіктің белгілі бір уақыт аралығындағы кезеңдік ауытқулары мен толқуларын, тұрақсыздықтың себептерін талдайды, ал экономикалық өсу теориялары экономиканың ұзақ мерзімдік тенденция ретіндегі тұрақты өзгерістерінің факторлары мен шарттарын зерттейді. Оны төмендегі суреттен көруге болады.
Іскерлік
белсенділік
деңгейі,
ЖІӨ
шың құлдырау тірілу
түп
көтерілу
шың
құлдырау тірілу
түп
тоқырау цикл
уақыт t
Сурет 11.1 Экономикалық (іскерлік) цикл
Суреттен көріп отыранымыздай, түзу сызық тренд ретінде сипатталады, яғни тренд дегеніміз – бұл ұлғаймалы тенденция формасында көрінетін эконо-микалық дамудың жалпы тұрақты ұзақ мерзімдік бағыттылығы. Толқын тәріздес қисық дамудың біркелкі еместігін сипаттайды, қоғамның экономика-лық даму кезеңінің құлдырау кезеңдерімен жалғасып отыруын көрсетеді. Көтерілу мен құлдыраудың өзара тізбектеліп қайталанып отыруы экономика-лық дамуға үнемі тұрақсыздықты байқататын циклдік сипат беріп отырады. Сонымен, экономикалық цикл экономикалық белсенділіктің немесе ЖІӨ қарқынының өзара екі бірдей жағдайының (бір құлдыраудан келесі бір құлды-рауға дейін) арасындағы уақыт аралығын қарастырады.
Экономикалық циклдің фазалары:
а) құлдырау (төмендеу, рецессия) фазасы экономикалық даму параметр-лерінің тез нашарлауымен сипатталады: өндіріс көлемінің тез қысқаруы, табыстардың тез қысқаруы, жұмысбастылықтың қысқаруы, инвестициялардың қысқаруы, бағалардың құлауы, өндіргіш күштердің біртіндеп бұзылуы (өндіріс-тік қуаттардың істен шығуы, жұмыссыздықтың өсуі, жаппай банкроттық, негізгі капиталдың құнсыздануы);
ә) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең төменгі нүктесі ретінде сипатталады: жаппай жұмыссыздық, жалақының ең төменгі деңгейі, пайыз мөлшерлемесінің ең төменгі деңгейі, тауарлық қорлардың қысқаруы, өндірістің тұрып қалуы, бағалар төмендеуінің тоқтатылуы;
б) жандану (тірілу), немесе қалпына келу фазасы негізгі капиталдың жаппай жаңартылуы, жұмыссыдықтың қысқаруы, жалақының өсуі, бағалардың өсуі, пайыз мөлшерлемелерінің өсуі, тұтыну заттарына деген сұраныстың артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады;
в) өрлеу (шың) фазасы экономикалық өсу қарқынының жоғарылауы, өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғаюы, инвестициялардың артуы, бағалы қағаз-дар бағамдарының өсуі, пайданың, жалақының, бағалардың, пайыз мөлшерле-мелерінің артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.
Қазіргі заманғы батыстық экономикалық теория экономикалық циклдің агрегатталған екі фазасын ғана қолданады: рецессия және көтерілу. Рецессия деп дағдарыс және құлдырау түсіндіріледі. Ал көтерілу – бұл тірілу және шың.
Экономикалық цикл үрдісінде әртүрлі орын алатын экономикалық көр-сеткіштер мәндерінің ауытқып отыруына байланысты, осы экономикалық көр-сеткіштер былай үшке бөлінеді:
1) проциклдік көрсеткіштер – бұл жандану фазаларында ұлғаятын және құлдырау фазаларында қысқаратын экономикалық параметрлер. Оларға жататындар: өндірістің жиынтық көлемі, өндірістік қуаттар, ақша агрегаттары, ақша айналымының жылдамдығы, қысқа мерзімдік пайыз мөлшерлемелері, бағаның жалпы деңгейі, корпорацияның пайдасы, т.б.;
2) контрциклдік көрсеткіштер – бұл циклге қарсы жүріп отыратын, жандану фазаларында қысқаратын және құлдырау фазаларында ұлғаятын экономикалық параметрлер. Оларға жататындар: жұмыссыздық деңгейі, банкроттықтар саны, дайын өнім қорларының мөлшері, т.б.;
3) ациклдік көрсеткіштер – бұл қарқыны экономикалық циклдің фаза-ларына байланысты болмайтын экономикалық параметрлер. Яғни, ондай пара-метрге бірқатар елдердің экспорт-импорт көлемі, ұлттық қорғаныс пен іргелі зерттеулер жүргізу сияқты мемлекеттік шығындардың бір бөлігі жатады.
Алайда, қазіргі орыс экономистері Чепурин мен Киселеваның пікірінше, экономикалық жағдаяттың осындай параметрлерінің сәйкестілігі немесе дұрыстылығы бұзылуы мүмкін. Мысалы, 1973-1975 жылдары болған энергетикалық дағдарысқа байланысты АҚШ-та және бірқатар еуропалық елдерде рецессия кезеңінде бағалар деңгейі төмендемей көтерілген болатын, бірақ біз баға деңгейі параметрінің проциклдік көрсеткішке жататындығын білеміз.
Осы аталған экономикалық параметрлер АҚШ-ң экономикалық зерттеу-лердің Ұлттық бюросының класификациясы бойынша тағы да үш типке бөліне-ді:
а) озғыш, немесе алдыңғы қатарлы параметрлер – бұлар жандану (құлдырау) фазасы орындалғанша дейін өзінің максимум (минимум) нүктесіне алдын ала жетіп қоятын параметрлер. Бұларға мыналар жатады: өнеркәсіптегі жұмыс аптасының ұзақтылығы, үстеме жұмыс сағаттарының орташа саны, қайта құрылатын іскерлік кәсіпорындардың саны, қорлардағы өзгерістер, жаңа құрылыстық келісім-шарттарының саны, қор рыноктарының индекстері, корпорацияның пайдалары, ақша массасының өзгеруі;
ә) кешігуші, немесе қалып келуші параметрлер – жандану (құлдырау) фазасы орындалғаннан кейін өзінің максимум (минимум) нүктесіне келіп жететін параметрлер. Олар: мерзімі 15 аптадан асқан жұмыссыздар саны, жаңа кәсіпорындар салуға және құрал-жабдықтарға кететін шығындар, жалақыға кететін қомақты шығындар, коммерциялық банктердің пайыз мөлшелемелері-нің орташа деңгейі;
б) сәйкес келуші, немесе дұрыс келуші параметрлер – бұлар экономи-калық белсенділіктің өзгеруімен сәйкес және бір уақытта өзгеріп отыратын параметрлер. Бұларға: ЖІӨ (ЖҰӨ), жұмыссыздар саны, өнімдер, жеке табыс-тар, өндірушілер бағасы, орталық банктің пайыз мөлшерлемелері, жарнамаға кететін шығындар.
Экономикалық циклдің типтері.
Қазіргі заманғы макроэкономика экономикалық циклдің көптеген түрлерін бөліп көрсетеді. Экономикалық циклдің түрлерін ажыратудың объек-тивті негіздері мыналар бола алады:
а) капиталдың жекелеген бөліктерінің жаңарып отыру кезеңділігі;
ә) негізгі капитал элементтерінің үнемі жаңарып отыруын сипаттайтын өзгерістер;
б) демографиялық үрдістермен және ауыл шаруашылығының дамуымен шартталатын өзгерістер.
Экономикалық циклдің негізгі типтері төмендегі кестеде берілген.
Кесте 11.1 Экономикалық циклдің типтері
№
|
Циклдің типтері
|
Ұзақтылығы
|
Басты ерекшеліктері мен себептері
|
1
|
Дж. Китчин циклдері (қорлар циклдері)
|
2-4 жыл
|
Тауардың өмір сүру циклімен, әлемдік алтын қорларының өзгеруімен байланысты орын алатын қысқа мерзімдік толқулар.
|
2
|
К. Жугляр циклдері (инвестициялық немесе бизнес циклдер)
|
7-12 жыл
|
Банктердің әрекеттерінен туындайтын ақша-несие факторларының өзгеруінен негізгі капиталдың кезеңділікпен жаңаруына байланысты орын алатын орта мерзімдік толқулар
|
3
|
К. Маркс циклдері
|
10 жыл
|
Негізгі капиталдың жаппай жаңаруымен байланысты орын алатын орта мерзімдік ауытқулар
|
4
|
С. Кузнец циклдері (құрылыс циклдері)
|
15-25 жыл
|
Тұрғын үйлер құрылысын және бірқатар өндірістік ғимараттардың түрлерін жаппай жаңартумен байланысты орын алатын ұзақ мерзімдік толқулар
|
5
|
Н. Кондратьев циклдері («Ұзын толқындар»)
|
40-60 жыл
|
Ғылыми-техникалық прогресстің дамуымен, экономикадағы құрылымдық алға жылжулар мен өзгерістерге байланысты орын алатын ұзақ мерзімдік толқындар
|
6
|
Форрестерлік циклдер
|
100 жыл
|
Жаңа энергиялар мен материалдардың пайда болуымен, шикізат көздерін жаңадан ашумен байланысты қоғамның жаңа сатыларға өтуімен сипатталатын өзгерістер
|
7
|
Тоффлерлік циклдер
|
Мыңжылдықтар
|
Өркениеттік дамулардың ұласуы
|
Қазіргі уақытта бірқатар экономистер циклдің қаржылық, аграрлық, энергетикалық, шикізаттық, экологиялық, саяси деген түрлерін бөліп көрсетеді.
Экономикалық циклдердің себептері.
Макроэкономикалық әдебиеттерде экономикалық циклдің пайда болу себептері туралы ортақ жалпы мойындалған пікірлер мен теориялар жоқ, сондықтан әртүрлі экономикалық бағыттың өкілдері экономикалық цикл туралы көзқарастарын әртүрлі түсіндіреді.
С. Джевонс пен А. Чижевский циклдің себептерін Күн бетіндегі дақтар-дың адамдарға әсер етуімен түсіндіреді. В. Парето мен А. Пигу циклдің себеп-терін адамдардың экономикалық қызметтеріндегі оптимистік және пессимистік қатынастарға байланысты деп айтады. Т. Мальтус пен Ж. Сисмонди циклдің себептерін өндірілетін табысқа қарағанда тұтынылатын табыстың жетіспеу-шілігімен байланыстырады. М. Туган-Барановский мен А. Шпитгоф оларды өндіріс құрал-жабдықтары өндірісінің тұтыну заттары өндірісінен артып кетуінен деп тұжырымдайды. Э. Хансен мен Р. Хоутри циклдерді банктік несиелерді экспансиялаудан және шектеуден, есептік мөлшерлеменің қозғалы-сынан орын алатынын алға тартады. Дж. Кейнс циклдерді жинақтардың артып кетуімен және инвестициялардың жетіспеушілігімен байланыстырады. Ал К. Маркс болса циклдің пайда болу себептерін капитализмнің негізгі қайшылық-тарынан іздейді.
Экономикалық циклдің факторлары.
Экономикалық циклдің факторларын анықтау үшін үш әдіснамалық бағыт қалыптасады. Біріншісі, сыртқы (экзогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Екіншісі, ішкі (эндогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Үшіншісі, сыртқы және ішкі факторлардың синтезі ретінде анықталады.
Сыртқы (экзогендік) факторлар – берілген экономикалық жүйенің шеңберінен тыс жатқан факторлар. Оларға жататындар: халықтың өсу қарқы-ны, халықтың миграциясы, ғылыми ашылымдар мен техникалық жетістіктер, соғыстар, әртүрлі саяси оқиғалар, мұнайға деген бағаның күрт өзгеруі, ірі кен (әсіресе, алтын) орындарының ашылуы, жаңа жерлер мен табиғи ресурстардың игерілуі, Күн бетіндегі дақтар, ауа-райы әсерлері мен табиғи апаттар, т.б.
Ішкі (эндогендік) факторлар – берілген экономикалық жүйеге қатысты факторлар. Оларға әдетте тұтыну мен инвестицияны жатқызады. Сондықтанда, бұл бағытта экономикалық циклдің мәселелері сұраныс теориясы, мультип-ликатор-акселератор механизмі арқылы зерттеледі.
Көптеген экономистердің көзқарастары бойынша сыртқы факторлар экономикалық циклдердің бастапқы импульстеріне дем беріп отырады, ал ішкі факторлар осы импульстерді фазалық толқуларға айналдырып отырады. Сол себепті ішкі факторларды сипаттайтын бағыт аса көкейкесті болып табылады. Экономикалық циклдердің пайда болуында шешуші рөлді тұтынушылық сұраныс пен инвестициялық сұраныс ойнайды. Тұтынушылық сұраныс цикл-дердің өзгерісіне салыстырмалы баяу әсер етсе, ал инвестициялық сұраныс эко-номикалық циклдердің басты қозғаушы күші болып табылады.
Экономикалық циклдің қазіргі заманғы теориялық тұжырымдама-лары.
Экономикалық циклдің қазіргі теориялары әртүрлі үлгілермен түсіндірі-леді. Олардың негізгілеріне іскерлік белсенділік циклі, «импульс-таралу» механизмі, Самуэльсон-Хикс моделі (мультипликатор-акселератор әсері), бизнес-циклдің неоклассикалық теориялары, жетілмеген (асимметриялық) ақпараттар теориясы, саяси сілкіністер теориясы, нақты бизнес-цикл тео-риялары және т.б. үлгілер жатады.
Макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайларында экономикалық циклді реттеу үшін мемлекеттің экономикаға араласуының әдістері алуан түрлі болып табылады және олар әр кезеңде шыңдалып жетілдіріле түседі. Мемлекеттің экономиканың циклдік дамуын тұрақтандыру бойынша саясатын төмендегі кестеден көруге болады (кесте 11.2). Бұл жерде мемлекеттің макроэкономика-лық саясат құралдары циклдік толқуларды жұмсарту мақсатында экономика-ның тұрақтандыру саясатына айналады.
|
|
|