Культура
Искусство
Языки
Языкознание
Вычислительная техника
Информатика
Финансы
Экономика
Биология
Сельское хозяйство
Психология
Ветеринария
Медицина
Юриспруденция
Право
Физика
История
Экология
Промышленность
Энергетика
Этика
Связь
Автоматика
Математика
Электротехника
Философия
Религия
Логика
Химия
Социология
Политология
Геология
|
Оқу-әдістемелік кешен, макро, 2013-2014. 2. Пн бойынша глоссарий жне пнні ымды аппаратымен жмыс бойынша жалпы дістемелік нсаулар
Бюджет-салық саясаты. Мемлекеттің шығындардың артуы жиынтық сұранысты ұлғайтып IS қисығын IS2 жағдайына оңға жылжытады (сурет 13.6a). Жиынтық сұраныстың ұлғаюынан ұлттық табыс артады және пайыз деңгейі де r1 шамасына артады. Бұл үрдіс ел ішіне сырттан капиталды ағылтып, төлем балансының оң сальдосын қалыптастырады. Құбылмалы айырбас бағамы кезінде ұлттық валютаның құны төлем балансының нөлдік сальдосы қамтамасыз етілгенше дейін арта береді.
Валюта бағамының артуы салдарынан таза экспорт қысқарады. IS қисығы солға жылжиды. Төлем балансының оң сальдосы қаншалықты орын алса, соншалықты валюталық бағам арта береді және таза экспорт қысқара береді, яғни ішкі пайыз деңгейі әлемдіктен жоғары болады. Тепе-теңдік бастапқы қалпына қайтып келеді. Алайда бұл тепе-теңдік жоғары валюта бағамы кезінде орын алады (сурет 13.6ә).
LM1
r IS2 LM e
IS1
e2
r1
r* e1
IS1 IS2
0 Y1 Y 0 Y1 Y
a) ә)
Сурет 13.6 Құбылмалы валюта бағамы кезіндегі бюджет-салық саясаты
Сонымен, құбылмалы валюта бағамы кезінде кіші ашық экономикаға деген ынталандырушы бюджет-салық саясатының нәтижесі тиімсіз болып қалады, өйткені мемлекеттік шығындардың артуы салдарынан таза экспорт қысқарып ұлттық табыс өзгермей қалады.
Ақша-несие саясаты. Айталық, ОБ ынталандырушы ақша-несие саясатын жүргізіп, ақша ұсынысын ұлғайтады. Ақша массасының өсуі жиынтық сұранысты арттырып, LM қисығын LM2 жағдайына оңға жылжытады. Бұл жағдайда, пайыз мөлшерлемесі төмендеп инвестицияға деген сұраныс артады және ұлттық табыс та өседі (сурет 13.7a). Пайыз деңгейінің төмендеуі салдарынан капитал сыртқа ағыла бастайды және сәйкесінше, төлем балансының тапшылығы орын алады.
LM1 LM2
r IS2 LM1 e
IS1 LM2
e1
r*
r1 e1
IS
0 Y1 Y2 Y 0 Y1 Y2 Y
a) ә)
Сурет 13.7 Құбылмалы валюта бағамы кезіндегі ақша-несие саясаты
Құбылмалы валюта бағамы кезінде төлем балансының тапшылығын жою үшін ұлттық валютаның бағамы төмендеуі тиіс (сурет 13.7ә). ОБ валюта нарығының қызметіне араласпай-ақ, айырбас бағамының еркін құбылуына мүмкіндік береді, соның салдарынан валютаның құнсыздануы таза экспорттың өсуін ынталандырады, және сәйкесінше, жиынтық сұраныс пен ұлттық табыс ұлғаяды. Табыстың өсуі ақшаға деген сұранысты арттырып пайыз мөлшерлемесін өсіреді. IS қисығы оңға жылжиды, яғни ішкі пайыз мөлшерлемесі әлемдік пайыз мөлшерлемесіне тең болғанша дейін және үш график бір нүктеде қиылысқанға дейін жылжи береді. Тек осы нүктеде ғана капиталдың сыртқа кетуі мен валюта бағамының төмендеуі тоқтатылады.
Сонымен, құбылмалы валюта бағамы кезінде кіші ашық экономикадағы ынталандырушы ақша-несие саясатының нәтижесі тиімді болып табылады, өйткені ұлттық табыстың өзгеруіне айтарлықтай әсер етеді, яғни ұлттық валюта бағамының төмендеуінен таза экспорт пен ақша массасының өсуі нәтижесінде ұлттық табыс артады. Мұндай жағдайда ақша массасының өсуі ішкі сұранысты емес, сыртқы сұранысты ынталандыратынын айтқан жөн. Ішкі пайыз деңгейі алдымен төмендейді, сосын бастапқы деңгейіне өседі және сәйкесінше, ұлттық табыстың ұлғаю факторы ретінде инвестиция емес, таза экспорт қарастырылады.
Басты қорытындысының мәні мынада, яғни ашық экономика жағдайын-дағы макроэкономикалық саясаттың нәтижелері маңызды дәрежеде валюта бағамының режиміне тәуелді болып табылады.
Бюджет-салық саясаты ұлттық табысқа тек тіркелген валюта бағамы кезінде ғана әсер ете алады. Бұл осы саясаттың салдары пайыз мөлшерлеме-сінің өзгеруіне және капиталдың сыртқа ағылуына немесе ішке құйылуына алып келуімен түсіндіріледі. Төлем балансының пайда болған оң немесе теріс сальдосы валюталық интервенциялар арқылы ақша массасының ұлғаюына алып келеді. Содан бюджет-салық саясатының тиімділігі арта түседі. Құбылмалы валюта бағамы кезінде төлем балансының нөлдік сальдосы валюта бағамының өзгерісінен бұзылады, бағамның өзгеруі экспорт пен импортқа әсер ете отырып бюджет-салық саясатын тұрақтандырады немесе оның тиімділігін жоққа шығарады.
Ақша-несие саясатының тиімділігі де сол валюта бағамына байланысты болады. Тіркелген валюта бағамы кезінде ОБ ақша массасын өзгерту бойынша дербес саясат жүргізу мүмкіндігінен айырылады. Айналымдағы ақша санын өзгертудегі кез-келген талпыныстар пайыз мөлшерлемесінің деңгейін өзгерте береді. Ол капитал қозғалыстарын өзгертеді және төлем балансы тепе-теңдігінің бұзылуына алып келеді. Сыртқы тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін ОБ ақша массасының шамасын кері бағытта өзгертуге мәжбүрлі түрде шешім қабылдайды. Егер мемлекет тіркелген валюта бағамы тәртібінен бас тартса, онда ақша-несие саясаты ашық экономикадағы макрореттеудің тиімді құралына айнала алады. Оның тиімділігі былай түсіндіріледі, яғни ақша массасының ұлғаюы пайыз деңгейін төмендетеді. Ұлттық валютаның бағамы төмендеп, қосымша ынталандырушы тиімділік пайда болады.
Сонымен, мемлекеттің ашық экономикадағы макроэкономикалық саясатының тиімділігін арттырудағы мәселелерді шешу сол саясат құралдары-ның сәйкес үйлесімділіктерін қажет етеді.
Қандай да бір мемлекет валюта бағамының тәртібін таңдай отырып, бір уақытта ішкі макроэкономикалық реттеудің құралдарын да анықтап алуы тиіс. Және керісінше, ішкі макроэкономикалық саясаттың басымды мақсаттарын (экономикалық өсу, инфляциямен күрес, әлеуметтік көмек шараларын күшейту және т.б.) анықтай отырып, қолданыстағы кез-келген сыртқы макроэкономика-лық саясаттың дәл осы мақсаттардың орындалуына кепілдік бере алмайтынын да ескерген жөн.
Қорытынды
1. Ашық экономика – әлем мемлекеттерінің бір-бірімен өзара тауарлар мен қызметтерді экспорттайтын және импорттайтын, әлемдік қаржы нарығында несиелік алып-сату қатынастарын жүзеге асыруға негізделген макроэкономиканың жүйелік қатынастары. Ашық экономика мынадай екі жағдайға негізделеді: 1) Елдер тауарлар мен қызметтерді экспорттайды және импорттайды. 2) елдер әлемдік қаржы нарығында несие алады және береді.
2. Ашық экономикада өндірілген өнімді төрт негізгі құрауыштарға бөлуге болады: отандық тауарлар мен қызметтерді тұтыну; отандық тауарлар мен қызметтерге инвестициялық шығындар; отандық тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы; елдің ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтер экспорты.
3. Ашық экономиканы кіші (шағын) және үлкен (ірі) деп бөледі. Кіші (шағын) ашық экономика – кішігірім елдің экономикасы, оның әлемдік нарығындағы үлесі аз ғана, ол әлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай әсер ете алмайды. Сондықтан пайыз мөлшерлемесі сырттан берілген, экзогендік түрде қабылданады. Үлкен (ірі) ашық экономика – оның ауқымына байланысты пайыз мөлшерлемесі елдің ішіндегі экономикалық процестер әсерінен қалыптасады. Ірі елдің экономикасы (АҚШ, Жапония, Қытай, Германия). Бұл елдер әлемдік қор жинағы мен инвестицияның едәуір бөлігіне ие болғандықтан әлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай әсер ете алады.
4. Ашық экономиканың негізгі белгілері: ЖҰӨ-дегі сыртқы сальдо квотасы; өндіріс көлеміндегі экспорт үлесі; тұтынудағы импорт үлесі; ішкі инвестицияға қатысты шетелдік инвестицияның үлесі.
5. Манделл-Флеминг үлгісі – тұрақты және құбылмалы айырбас бағамы жағдайларында жүргізілетін экономикалық саясат нәтижелерін бағалау мақсатында қолданылатын шағын ашық экономика үлгісі. Манделл-Флеминг үлгісі бойынша шағын ашық экономика әлемдік экономиканың тек аз ғана бөлігін құрайды, сондықтан оның дамуы үшін барлық параметрлер әлемдік рыноктан, яғни сырттан беріледі. Ашық экономика үшін Манделл-Флеминг үлгісі ең алғаш рет ХХ ғасырдың 60-жылдарында қалыптасты және ІS-LМ үлгісінің жетілдірілген нысаны болып табылады. Екі үлгі де қысқа мерзім кезеңін және бағаның тұрақтылығы мен өндіріс көлемінің (жиынтық табыстың) өзгеруін қарастырады. Олардың айырмашылықтары ІS-LМ жабық экономиканы, Манделл-Флеминг ашық шағын экономиканы қарастырады.
Дәріске арналған әдістемелік кеңестер:
1. Студентке тақырыпты оқу барысында ашық экономиканың мәнін, түрлерін, сонымен қатар, Манделл-Флеминг үлгісін құра білуі қажет.
2. Тақырыпта қаралатын сұрақтарды толығымен графиктер арқылы түсіндіре білуге назар аудару керек.
14-тақырып. Жалпы шолу дәрісі
Халықаралық сауда теориялары. Сауда саясаты
Мақсаты: халықаралық сауданың теорияларына сипаттама беру, мемле-кеттің сыртқы сауда саясатындағы негізгі әдістерді қарастыру, сауда саясатын-дағы негізгі тосқауылдардың түрлерін анықтау. Әсіресе, Қазақстанның әлемдік сауда жүйесіндегі алар орны мен рөлін ашып көрсету.
Дәріс жоспары:
Халықаралық сауда: мәні, факторлары, теориялары.
Мемлекеттің сауда саясаты: протекционизм және еркін сауда.
Сауда саясатындағы тарифтік және тарифтік емес шектеулер.
Халықаралық сауда жүйесіндегі Қазақстанның алатын орны.
Негізгі түсініктер: халықаралық сауда; абсолютті артықшылықтар тео-риясы; салыстырмалы артықшылықтар теориясы; Хекшер-Олин теориясы; Леонтьев оғаштығы; Рыбчинский теоремасы; «Голланд ауруы»; Портер теориясы; протекционизм; еркін сауда (фритредерстік); сауда саясаты; кеден баждары; тарифтік емес шектеулер; демпинг; эмбарго; т.б.
Тақырыптың мазмұны.
Халықаралық сауда – әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықарлық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Нәтижесінде өндіріс пен ғылыми техникалық қызметтерді тауарлармен айырбастау жағдайын туғызып, халықаралық сауда дами түседі.
Сыртқы сауда – тауарлар мен қызметтерді сырттан әкелуден және оларды сыртқа шығарудан құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құнынан артық болса, онда оны сауда балансының оң сальдосы дейді. Керісінше жағдай болғанда пассивті сауда балансын құрайды.
Халықаралық сауданың тиімділігі теориясына айтарлықтай үлес қосқан ағылшын экономистері А. Смит, Д. Рикардо, Дж.Ст. Милль болды.
Абсолютті артықшылықтар теориясының негізін қалаған А. Смит болды. Оның теориясы бойынша халықаралық сауда әртүрлі елдердегі тауар өндірісінің абсолютті шығындарының айырмашылығына негізделуі тиіс.
А. Смиттің ойынша, әрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіне аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс.
А. Смит әр елде белгілі тауарларды аз шығынмен өндіруге мүмкіндік беретін ерекше табиғи жағдайлар мен ресурстар бар екенін атап көрсетті.
А. Смиттің абсолютті артықшылықтар теориясын толықтырған және әрі қарай дамытқан Д. Рикардо болды. Ол өзінің салыстырмалы артықшылықтар теориясын ұсынды. Ол өзінің «Принципы политической экономии» еңбегінде, егер екі елдің біреуі абсолютті артықшылыққа ие болмаса, онда елдер арасында сауданың қалай мүмкін болатындығын дәлелдеген.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы – қандай да бір ел мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда баламалы (салыстырмалы) шығындары аз болатындай етіп жүзеге асыруы керек. Сонда жалпы өнім де жоғары деңгейде болады.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясында сыртқы сауданың шарты абсолюттік шығындар айырмашылығы болуы міндетті еместігін және абсолюттік артықшылық болмаса да сыртқы сауданың тиімді екенін пайымдады.
Д. Рикардоның ойынша, елдер салыстырмалы арзан тауарларды сыртқа шығарып (экспорттап), ал өз еліне қарағанда шет елдерде аз шығын кететін тауарларды әкелуі тиіс. Әр ел басқа елге қарағанда абсолюттік шығындары жоғары болса да салыстырмалы шығындары төмен өнімдер өндіруге мамандануы керек.
Ағылшын экономисі Дж.Ст. Милль тауар айырбасы қандай баға арқылы жүзеге асырылады деген сұраққа жауап бергісі келді. Оның ойынша, импортталатын тауарлар бағасы экспортталатын тауарлар бағасымен өлшенеді. Басқаша айтақанда, айырбас бағасы импорт пен экспортты теңестіретін сұраныс пен ұсыныс заңына байланысты анықталады. Милльдің халықаралық сауда теориясы: тауарына сұранысы бар және шетел тауарларын көп қажет етпейтін ел әрқашанда ұтады деген қағидаға негізделеді.
Қазіргі батыс экономистері (неоклассикалық теория өкілдері)
Д. Рикардоның халықаралық сауда теориясын одан әрі дамытып жетілдірді. Бұл бағыттағы теорияның дамуына зор үлес қосқан швед ғалымдары Эли Хекшер және оның шәкірті Бертиль Олин, американдық ғалым П.Самуэльсон (Хекшер-Олин үлгісін математикалық түрде экономикалық тәжірибеге бейімдеп берді) болды. Сондықтан аталмыш үлгіні батыста Хекшер-Олин-Самуэльсон үлгісі деп те атайды.
Хекшер-Олин үлгісін өндіріс факторлары сәйкестігінің теориясы деп атайды. Әр елде тарихи және географиялық ерекшіліктеріне байланысты өндіріс факторлары – еңбек, капитал және жер ресурстары әркелкі орналасқан. Соған байланысты неоклассиктердің тұжырымдауы бойынша: жұмыс күшінің артықшылығы бар елдерге көп еңбек жұмсалатын тауарларды өндіруге маманданған тиімді, ал капитал артықшылығы бар елдер капиталды көп қажет ететін тауарларды экспорттағаны дұрыс.
Хекшер-Олин үлгісі бірнеше рет тексерілді. Американ экономисі В. Леонтьев 1954 жылы өзінің мақаласында: «1947 жылы капитал артықшылығына ие АҚШ елі еңбекті көп қажет ететін тауарларды шетке шығарды» деп жазды. Бұл әрине Хекшер-Олин теориясына қайшы келді. Аталмыш сәйкессіздік «Леонтьев қайшылығы (парадоксы)» деген атқа ие болды.
1991-жылы американ экономисті Майкл Портер «Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» зерттеулерін жүргізді (орыс тілінде «Халықаралық бәсекелестік» деген атпен басып шығарды). өндірісі жағынан дамыған сегіз елдең 100 шақты саласын қамтып, ауқымды статистикалық мәліметтерді талдау негізінде дайындалған бұл зерттеуде мүлдем жаңа әдістерді халықаралық саудада қалай қолдану керектігі жазылған болатын. Осы әдіске сілтеменің бірі келесідей: «Халықаралық саудада елдер бәсекелеспейді, керісінше фирмалар бәсекелеседі. Фирма бәсекелестік артықшылықты тудырады және ұстанады, бұл үшін мемлекеттің осы процестегі ролін түсіну керек».
Бәсекелестік барысында фирма стратегиясына екі мүмкіндік әсер етеді:
1. Саланың құрылымы, мұнда фирма іс-әрекет жасайды, әсіресе, бәсекелестікке, соның ішінде салалық бәсекелестікке төмендегідей 5 (бес) фактор әсер етеді:
жаңа бәсекелестердің пайда болуы;
жаңа тауарлардың пайда болуы;
жеткізіп берушілердің саудаласа білуі;
сатып алушылардың саудаласа білуі;
ескі бәсекелестердің өзара бәсекелесуі.
2. Саладағы фирманың алатын орны, оның рөлі бәсекелестік артықшылықпен анықталады. Фирма бәсекелестік артықшылығы болған жағдайда ғана өз бәсекелестерінің алдына шығады:
Фирмалардың тауарларды өндіріп және бәсекелестеріне қарағанда оны салыстырмалы бағамен сата білуі олардағы шығынның төмен екендігін куәландырады.
Тауарлапдың дифференциясы немесе фирманың тауар сатып алушыларының қажеттілігін қанағаттандыра алуы, яғни жоғары сапалы тауарды немесе қолдану қасиеттеріне қарай тауарды ұсынуы.
Жоғарыда айтылған бәсекелестік және бәсекелестік стратегия сыртқы және ішкі нарықта бірдей дәрежеде қолданылады.
Мемлекеттік сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі: протекционизм және еркін сауда (фритредерство).
Протекционизм ( латынша «protectio» - қорғау) – жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты.
Протекционизм капиталдың алғашқы қорлануы кезінде (ХУІ-ХУІІІ ғ.ғ) пайда болды. Оның теориялық негізін меркантилистер құрды және бас кезінде Францияда кең таралды. Ресейге Петр І-нің билік еткен кезеңінде келді.
Протекционистік саясатты жақтаушылардың агрументтері:
Протекционизм ұлттық ресурстарды пайдалану деңгейін көтереді.
Протекционизм импорттық салықтарды қолданып экономикалық тиімділікті арттырады.
Протекционизм өзінің экономикалық дамуына келеңсіз жағдайларға ұшыраған салаларды көтеруге мүмкіндік береді.
Протекционизм тек өте үстіртін жағдайларда (төлем балансы тапшылығы, ұлттық экономиканы шетелдік субъектілердің бәсекесінен қорғау үшін) қолданылады.
Сондай-ақ, протекционизмді жақтаушылар оның әлеуметтік-экономикалық артықшылықтарын атап көрсетеді:
протекционизм елдердің қауіпсіздік қабілетін ұстауға жағдайлар жасайды. Әр ел өзінің ұлттық қауіпсіздігіне қажетті стратегиялық маңызды салалардың (ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, металлургия және т.б.) дамуын қамтамасыз етуі қажет;
протекционизм өмір сүру деңгейі мен сапасы төмен елдерді дамыған елдерден қорғау үшңн қажет;
протекционистік саясат кейбір әлеуметтік топтар мен экономикалық қызметтерді (крестьяндық, ұлттық қолөнерді ) сақтап қалуға мүмкіндік береді.
2. Фритредерлік (ағылшынша «freetrade» - еркін сауда) саясат – ішкі рынокқа шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау.
Фритредерлік ХVІІІ ғасырда Ұлыбританияда пайда болды.
Еркін сауданы жақтаушылардың аргументтері:
Фритредерлік еркін саудаға қатысушы елдердің тұрмыс деңгейі мен сапасын көтереді.
Фритредерлік бәсекенің дамуына жағдайлар жасап, отандық өндірушілердің жаңа, сапалы тауарлар өндіруге ынтасын көтереді.
Фритредерлік жаңа рыноктардың дамуына мүмкіндік тудырады.
Фритредерлік өндірістік ресурстардың елдер арасында оңтайлы бөлінуін қамтамасыз етеді.
Протекционистер және фритредерліктердің көзқарастарын салыстыра келе мынадай тұжырым жасауға болады: протекционистер қысқа мерзімді мүдделерді көздейді, фритредерліктер ұзақ мерзімді мақсаттарға негізделеді. Алайда нақты елге протекционизм тиімді, ал фритредерлік зиян деп немесе, керісінше айтуға болмайды. Итальян экономисі В. Парето айтқандай: «Қандай да бір елдің белгілі бір уақыт мерзімінде өзінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын біле отырып, ол елге сол уақытта қандай саясаттың қажет екенін анықтап алу қажет – протекционистік пе, әлде еркін сауда ма».
Сауда саясаты тарифтік немесе тарифтік емес құралдар арқылы жүзеге асады. Сыртқы сауданы шектеудің кең тараған әдісі – импорттық тарифтер: кеден (баж) салығы. Кеден салығы шетел тауарларына салынады, нәтижесінде тауарлар қымбаттайды, сұраныс азаяды. Кеден салықтары фискалдық қызмет атқарады, яғни ол мемлекет бюджетін толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Алайда импорттық тарифтер отандық тұтынушыларға біршама зиян әкеледі, өйткені тарифтерді енгізу импорттық тауарларды қымбаттатады, нәтижесінде отандық сатып алушылар қосымша салық төлейді.
Экспорттық тариф – мемлекеттің экспорттық тауарларды реттеу үшін қолданылатын құрал. Экспорттық тариф ішкі бағаны әлемдік деңгейден төмендетеді, нәтижесінде ішкі тұтыну өседі де оның экспорты қысқарады. Бұл жағдайда ұлттық өндірушілер зиян шегеді, ал сатып алушылар ұтады, өйткені баға әлемдік деңгейден төмен.
Отандық өндірушілерді қорғау үшін протекционистік саясатта кедендік тарифтермен қатар баламалы әдіс, экспорттық субсидиялар қолданылады.
Экспорттық субсидиялар – үкіметтің экспорттық тауар өндірушілерге көрсететін қаржылық көмектері. Экспорттық субсидиялар бірнеше нысанда болады:
экспортер-фирмаларға төмен пайызбен займдар беру;
шетелдерде экспорттық өнімдерді өткізу үшін үкіметпен шығындар бөлу;
экспортталатын өнім көлемін көбейту үшін салық жеңілдіктерін беру.
Экспорттық субсидиялар экономиканың экспорттық салаларының
дамуына жағдайлар жасайды және ұлттық өндірушілерге әлемдік рынокта бәсекелік артықшылық тудырады.
ХХ ғасырдың отызыншы жылдары халықаралық саудада жаңа кедергілер – тарифтік емес шектеулер пайда болды. Тарифтік емес шектеулерге мыналар жатады: а) сапа стандарты ; ә) санитарлық шектеулер; б) құрал-жабдықтардың экологиялық талаптарға сәйкестігі; в) импортқа лицензия беруге шектеулер қою; г) нақты елдерде кейбір тауарлар түрін сатуға әкімшілік тиым салу.
Ең кең тараған тарифтік емес шектеулердің бірі – импорт пен экспортқа квота енгізу.
Импорттық квота – импорттық тауарлардың көлемін сандық шектеу. Импорттық квотаның екі түрі ажыратады: а) абсолюттік квота –берілген елге әкелуге рұқсат етілген тауарлар көлемі; ә) тарифтік квота – төмен ставка бойынша белгілі уақыт аралығында нақты тауар әкелуге рұқсат беру.
Экспорттық квота – экспорттық тауарлар көлемін сан жағынан шектейтін әдіс. Экспорттық квота ел экономикасы үшін экспорттың алатын рөлін көрсету үшін қолданылады. Мысалы, соңғы ХХ ғасырдың он жылдығында ЖІӨ-гі экспорт үлесі АҚШ пен Жапонияда 10%-ды, Англия мен Францияда -24%-ды, Германияда- 34%, Бельгияда - 70%-ды құрады.
Тарифтік емес шектеулерге сондай-ақ, демпинг пен сауда эмбаргосы жатады.
Демпинг – экспортер-өндірушілердің сыртқы рынокта тауарларын ішкі бағадан төмен бағамен сатуы. Демпингтің тұрақты және уақытша түрлері болады. Тұрақты демпинг-фирмалардың сыртқы рынокта монополиялық пайда табуы үшін ұзақ бойы тауарларын әлемдік рынокта төмен бағамен сату. Уақытша демпинг – тауарларды сыртқы рынокта өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Демпингтің бұл түрі бәсекелесін рыноктан ығыстырып монополиялық билік орнату үшін уақытша қолданылады.
Сауда эмбаргосы – қандай да бір елдің басқа бір елге тауарлардың белгілі бір түрлерін экспорттауға немесе сол тауарларды импорттауға тиым салуы. Мұндай шектеулер экономикалық мүдделерді көздемейді, тек саяси себептерге байланысты жүзеге асырылады.
Қорытынды
1. Халықаралық сауда – әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықарлық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды.
2. Халықаралық еңбек бөлінісі мен тауар айырбасына әсер ететін факторлар мыналар болып табылады: әлеуметтік-жағрафиялық; табиғи экономикалық; техникалық экономикалық факторлар; ғылыми техникалық проресс.
3. Халықаралық сауда теориялары меркантилистер мен физиократтардың, классикалық саяси экономия өкілдерімен дами түсті. Әсіресе, халықаралық саудада Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясы маңызды орын алады, сонымен қатар, А.Смиттің, Милльдің, Хекшер-Олиннің, Леонтьевтің, Портердің теориялары халықаралық сауданы әріқарай дамыта түсті.
4. Сыртқы сауданы реттеуде мемлекеттік жүргізетін экономикалық саясаттарын протекционистік саясат және еркін сауда саясаты деп бөледі.
5. Сауда саясатында қолданылатын тарифтік және тарифтік емес шектеулер орын алады. Тарифтік шектеуге кедендік баж салығы жатады, ал тарифтік емес шектеулерге лицензиялар, квоталар, еркін экспорттық шектеулер, демпинг, сауда эмбаргосы жатады.
Дәріске арналған әдістемелік кеңестер:
1. Тақырыпты оқу барысында студент халықаралық сауданың мәніне, негізгі теорияларына, халықаралық экономикалық қатынастардың түрлеріне, мемлекеттің жүргізетін сауда саясатының түрлеріне, халықаралық саудадағы кедергілердің түрлеріне ерекше мән беруі қажет.
2. Халықаралық саудадағы салыстырмалы артықшылықтар шығындарын есептей білу қажет.
3. Ашық экономика жағдайындағы сыртқы сауда мультипликаторын график арқылы түсіндіріп есептеп шығара білу қажет.
4. Статистикалық мәліметтер негізінде елдің сыртқы экономикалық көрсеткіштерін анықтау қажет, әртүрлі макроэкономикалық параметрлердің көмегімен ел экономикасының әлемдегі бәсеке қабілеттілік көрсеткіштерін анықтай білу қажет.
5. Тақырыпты толық меңгеру үшін статистикалық мәліметтермен қоса негізгі әдебиеттер тізімінде көрсетілген оқулықтарды міндетті түрде игеру қажет.
15-тақырып. Кеңес беру дәрісі
Төлем балансы. Валюта бағамы
Мақсаты: төлем балансының макроэкономикалық мәнін ашу, оның не-гізгі баптарына сипаттама беру және олардың өзара байланыстылығын көрсету. Макроэкономикалық саясаттың төлем балансы жағдайына әсерін қарастыру. Төлем балансының артықшылығы мен тапшылығына тоқталу. Валюта нарығы-ның түсінігін ашу. Валюта бағамының түрлерін қарастыру.
Дәріс жоспары:
Төлем балансы: мәні, құрылымы, баптарының өзара байланысы.
Валюта нарығы. Валютаның әртүрлі бағамдары.
Негізгі түсініктер: төлем балансы; сауда балансы; төлем балансының тапшылығы; «Джей-қисық» сызығы; валюта; валютаның түрлері; валютаның айырбасталымы; валюталық нарық; валюта бағамы; валюталық келісімдер; қалқымалы валюта бағамы; тіркелген валюта бағамы; сатып алушылық қабі-летінің паритеті; т.б.
Тақырыптың мазмұны.
Төлем балансы - мемлекеттің әлемдік нарықтағы экономикалық әрекеттерінің көрінісі, айнасы. Төлем балансына елдің барлық қарым-қатынасының экономикалық сандық мәні кіреді.
Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша төлем балансы құрамына мыналар кіреді:
Ағымдық операциялар шоты - тауар мен қызметтер экспорты мен импорты, таза инвестицияданр таза табыстар және таза трансферттік аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың)
Капитал қозғалысы мен қаржы ооперацияларының шоты - ұзақ мерзімдік инвестициялар (тікелей және қоржындық); қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы шотына активтермен жасалған халықаралық мәмілелер кіреді: акция, облигация, жылжымайтын мүліктен түскен табыс және шетелден сатып алынған активтерге шығындар.
Ресми резервтер өзгерісі – мемлекеттің алтын қоры, әлемдік баға мен валюта бағамының өзгерісіне байланысты алтын валюта резервін қайт бағалау, елдегі алтынның бір бөлігін алтын қорына ауыстыру, ХВҚ-ның кейбір елдерге СДР беруі, шетел валютаның резервін пайдалану.
Төлем балансы шоттарының өзара байланысы
Ағымдық шот пен қаржы шотының байланысын былай көрсетуге болады.
Макроэкономикалық тепе-теңдік
Y=C+I+G+Xn
↓
Y-C-G=C-I-G-Xn-(C+G)
↓
Sn=Sn=I+Xn, Sn-ұлттық қор жинағы
↓
(I-S): Xn=0 (ҰБтың араласуынсыз
икемді валюта бағамы режиміндегі төлем
балансы),
мұнда: (I-S) – капитал қозғалысы мен қаржы операцияларның сальдосы, Xn – ағымдық операциялар сальдосын көрсетеді.
Макроэкономикалық тепе–теңдіктен қаржы шоты мен ағымдық шоттардың бір–біріне теңесіп отыратындығын көреміз.
X-M=Xn=-(I-S)-S-I
Сыртқы баланс ішкі баланс
Төлем балансының ағымдық операциялар бойынша тапшылығы көбінесе капиталдың таза келуімен қаржыландырылады.
Xn<0=>X-M<0=> X
I-S>0=>I>S шетелден валюта келеді.
(қарыздар)
Егер инвестиция ұлттық жинақ қорынан жоғары болса (I-S), онда инвестиция шетелдерден қаржыландырылады. Мемлекет әлемдік рынокта қарыздар болады.
Керісінше, егер ұлттық жинақ қоры инвестициядан жоғары болса (S>I) болса, онда артық жинақтаулар шетелдіктерді несиелеуге жұмсалады. X>M => Xn > 0, бұл жағдайда мемлекет әлемдік рынокта кредитор болады.
Сонымен ағымдық операциялардың активті сальдосы капиталдың кетуіне әсер етеді, өйткені ағымдық шоттағы артық қаржы шетелде қозғалмайтын мүлік алуға, қарызға беруге жұмсалады.
Xn>0=>X-M>0=> X>M
I-S<0=>I
(кредитор)
Мұндай төлем балансының реттелуі тек ұлттық банктің ешқандай араласуынсыз, ресми валюталық резервті өзгертпеген жағдайда жүзеге асырылады. Валюта бағамының икемді болуы (еркін болуы) ағымдық және қаржылық шоттарды автоматты түрде теңестіріп отырады.
Ұлттық Банктің ресми валюта резервтері.
Егер Ұлттық Банк шетел валютасын валюта қорынан сатуы және сатып алу арқылы валюта бағамына әсер етеді. Ресми валюта резервтеріне алтын ,шетел валютасы, ХВҚ –ғы мемлекеттің несие үлесі, СДР несие алудың арнайы құқы кіреді. Төлем балансының тапшылығы Ұлттық Банктің ресми қорын қаржыландырылуы арқылы жойылады. Бұл жағдайда ішкі нарықта шетел ел валютасының ұсынысы артады. Ұлттық валютаның ұсынысы қысқарылады да, айырбас бағамы салыстырмалы көтеріледі, нәтижесінде ұлттық экономикаға тежеушілік әсер етеді.
Керісінше, төлем балансының активті сальдосы Ұлттық банктің ресми резервін өсіреді. Шетел валютаның ұсынысы қысқарады, ұлттық валютаның ұсынысы ұлғаяды, ал оның айырбас бағамы – салыстырмалы төмендейді. Нәтижесінде экономикаға ынталандырушылық әсер етеді.
Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жағдайы ресми резервтермен операциялар деп аталады. Бұл валюта қоры операциялары тағайындалған валюта бағамын сатып отыру үшін қолданылады. Ақырында ағымдық шот сальдосы, қаржы шотының сальдосы, ресми резервтер өзгерісінің қосындысы 0-ге тең болуы тиіс.
CAB+CA+ ∆OR=0
Мұндағы: CAB- ағымдық шот сальдосы;
CA- қаржылық шот сальдосы;
∆OR- Ұлттық Банктің ресми резерв өзгерісі
Қысқа мерзімді кезеңінде ағымдық шот, қаржылық шот және төлем балансы сальдолары қор жинағы мен инвестиция көлемін анықтайтын бюджет-салық саясаты мен әлемдік пайыз мөлшерлемесі сияқты факторлар әсерінен өзгеруі мүмкін.
Ұлттық қор жинағының шамасы бюджеттік-салық саясатының шараларына байланысты. Ынталандырылатын фискалдық саясат ұлттық қор жинағының (Sn) қысқаруымен бірге жүреді. Бұл қаржы шотының оң сальдосын және ағымдық операциялардың теріс сальдосын қалыптастырады.
Тежеуші фискалдық саясат ұлттық қор жинауды ұлғайтады, бұл қаржы шотының тапшылығы мен ағымдық операциялар шотының активті сальдосына әкеледі.
Әлемдік пайыз мөлшерлемесінің өсуі қаржы шотының тапшылығы мен ағымдық шотттың оң сальдосына әкеледі. әлемдік пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі керісінше нәтиже береді.
Отандық әдебиеттерде валюта рыногында мынадай анықтама береді: валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютаның төлем құжаттарын сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Жалпы алғанда, валюта нарығы – валюта мәмілелері жасалатын нарық, яғни онда белгілі атаулы валюта бағамы бойынша бір елдің валютасы екінші елдің валютасына айырбасталады.
Еліміздің ішкі валюталық рыногі қалыптасу кезеніңде. Еліміздің коммерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде рынокқа валютаның айтарлықтай көлемін шығарады. Бұл ұлттық валютамызға да әсерін тигізеді.
Валюта бағамы – бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасы.
Қазіргі кезде валюта бағамын белгілеуде екі әдіс бар:
валютаның еркін айналымдағы бағамы (құбылмалы);
тағайындалатын валюта бағамы (тұрақты).
Валютаның еркін айналымдағы (құбылмалы) бағамы бойынша бағам ұсыныс пен сұраныс әсерінен қалыптасады.
Бұл әдістің тиімділігі: ол автоматты түрде түзетіліп төлем балансының артықшылығы мен тапшылығы жойылады.
Валютаның құбылмалы бағамынан әсер ететін факторлар:
Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген тұтынушының талғамы, көзқарасы сол елдің валютасына әсер етеді. Мысалы, жапондық тауарлардың сапасы жоғары болса, онда тұтынушылар ол тауарларды көбірек алады. Соған байланысты шет ел валютасына сұраныс туады.
Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдің табысына қарағанда салыстырмалы жоғары болса, ол елдің валюта бағамы төмендейді.
Бағаның салыстырмал өзгеруі. Егер бір елде баға өссе, ал басқа елде қалыпты болса, онда жергілікті тұтынугылар басқа елдің салыстырмалы арзан тауарларын тұтынады. Сөйтіп шет ел валюталарына сұранысты көбейтеді. Нәтижесінде ұлттық валюта құнсызданады.
Салыстырмалы нақты пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі. Қатаң ақша-несие саясатын жүргізу нәтижесінде инфляцияны ескергендегі нақты пайыз мөлшерлемесі басқа елдерге қарағанда жоғары болса сол ел инвестициялауға тиімді елге айналады. Нәтижесінде ұлттық валютаға сұраныс туады.
-
Алыпсатарлық. Түрлі жорамалдарға байланысты (инфляцияның өсу қаупі, пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі) тұлғалар ұлттық валютасын басқа қалыпты валюталарға айырбастауға ұмтылуы сол валютаға сұранысты тудырып, ұлттық валютаға қарағанда қымбатталады. Құбылмалы валюта бағамының кемшіліктері:
Белгісіздік және сауданың нашарлауы.
Сауда жағдайы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының бағамына төмендегідей жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тәуелді болады.
Тұрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз әсер етеді.
Тағайындалған (тұрақты) валюта бағамы. Ұлттық валюталардың қатынасы заңды түрдегі валюталық паритетке негізделіп ресми түрде негізделеді. Тұрақты валюта бағамы жүйесінде Ұлттық банк сыртқы және ішкі валюталардың салыстырмалы бағасын немесе валюта паритетін тағайындап отырады.
Құбылмалы валюта бағамы жағдайында валюта тапшылығы автоматты түрде жойылады. Ал тұрақты валюта бағамы жағдайында бұл проблеманы мемлекет шешуі керек. Валюта тапшылығын жою төмендегідей әдістермен жасалады:
Резервтерді қолдану. Бұл ең жеңіл тәсіл. өйткені мемлекет иелігіндегі валюта қоры бағам ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бәрақ бұл әдістің кемшілігі егер теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда бұл саясаттан бас тарту керек болады.
Сауда саясаты. Бұл мемлекеттің бағамды бір қалыпта ұстау мақсатында импортты шектеп, экспортты ынталандыру саясаты. Импортты квота, өосымша кедек салығын салу арқылы шектейді. Алайда мұндай жасанды шектеулер экономиканың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Валюталық бақылау. Мемлекет шетке тауар шығарушыларға шетел валютасын тапсыруға міндеттейді. Жиналған валютаны шетелден тауар әкелушілерге бөліп береді. Сөйтіп импорт пен экспортты теңестіреді. Бұл әдістің кемшіліктері: сауданың бұзылуы, алалаушылық, таңдаудың шектелуі, қара базар.
Ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын жүргізу арқылы шетел валютасына сұранысты шектейді.
Реттеу нысанына қарай валюта бағамын атаулы және нақты деп бөледі.
Атаулы валюта бағамы-екі ел валюталарының салыстырмалы бағасы. Атаулы валюта бағамын белгілеу үшін “валютаның айырбас бағамы” ұғымы қолданылады.
Нақты валюта бағамы-екі елде өндірілген тауарлардың салыстырмалы бағасы.
Сондай-ақ валюта бағамын девизиялық және айырбас бағамы деп бөледі.
Девизиялық бағам шет валютасы бірлігімен есептелген ұлттық валюта бағасы.
Айырбас бағамы- ұлттық валюта бірлігімен есептелген шетел валютасының бағасы.
Валюта бағамының режиміне байланысты айырбас бағамының қозғалысы әр түрлі аталады. Құбылмалы баға жағдайында тепе-теңдік бағамын төмендеуі валютасын құнсыздануы деп аталса, ал көтерілуі валютаның қымбаттануы дейді. Тұрақты бағам режимінде бұл процестер сәйкесінше девальвация және ревальвация деп аталады.
Қазіргі айырбас бағамының қалыптасу үлгілерінің бірі пайыздық паритет теориясы мен сатып алу қабілеті паритеті біріктіруге негізделген. Ол бойынша екі валютаның айырбас бағамының өзгерісі олардың сатып алу қабілетінің айырмашылығын көрсетеді.
Сатып алу қабілетінің паритеті (ППС) – валюталардың сатып алу қабілетін теңестіру үшін қолданылатын валютаның айырбас бағамының деңгейі. ППС тұжырымдамасына сәйкес, халықаралық бәсеке халықаралық саудаға қатысатын тауарлар мен қызметтердің ішкі және сырқы бағаларын бір деңгейге әкеледі. Оның негізгі идеясы – бірыңғай баға заңы, яғни кез келген тауар жалпы нарықта бірыңғай бағаға ие. Бұл заңның маңызы: сыртқы бағаны ішкі бағаға және керісінше ауыстыруға мүмкіндік беретін екі баға теңдігінің болуы.
Қорытынды
1. Төлем балансы - мемлекеттің әлемдік нарықтағы экономикалық әрекеттерінің көрінісі, айнасы. Төлем балансына елдің барлық қарым-қатынасының экономикалық сандық мәні кіреді. Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша төлем балансы құрамына мыналар кіреді: 1) Ағымдық операциялар шоты - тауар мен қызметтер экспорты мен импорты, таза инвестициядан таза табыстар және таза трансферттік аударымдар; 2) Капитал қозғалысы мен қаржы операцияларының шоты - ұзақ мерзімдік инвестициялар (тікелей және қоржындық); қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы шотына активтермен жасалған халықаралық мәмілелер кіреді: акция, облигация, жылжымайтын мүліктен түскен табыс және шетелден сатып алынған активтерге шығындар. 3) Ресми резервтер өзгерісі – мемлекеттің алтын қоры, әлемдік баға мен валюта бағамының өзгерісіне байланысты алтын валюта резервін қайт бағалау, елдегі алтынның бір бөлігін алтын қорына ауыстыру, ХВҚ-ның кейбір елдерге СДР беруі, шетел валютаның резервін пайдалану.
2. Валюта нарығы – валюта мәмілелері жасалатын нарық, яғни онда белгілі атаулы валюта бағамы бойынша бір елдің валютасы екінші елдің валютасына айырбасталады. Еліміздің ішкі валюталық рыногі қалыптасу кезеніңде. Еліміздің коммерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде рынокқа валютаның айтарлықтай көлемін шығарады. Бұл ұлттық валютамызға да әсерін тигізеді.
Дәріске арналған әдістемелік кеңестер:
1. Тақырыпты толық түсіну үшін студент төлем балансының мәніне және оның құрылымына, төлем балансының тапшылығы мен дағдарысына, төлем балансын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктеріне, валюта нарығына және валюта бағамының түрлеріне ерекше назар аударуы қажет.
2. Валюта бағамын есептей білу қажет.
3. Статистикалық деректерді қолдана отырып, елдің сауда және төлем балансына талдау жасай білу қажет.
4. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
Оқулықтар
1. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. 2011. – 355 б.
2. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2003. - 432 бет.
3. Макроэкономика: учебник / Под общ. ред. А.А. Абишева, К.А. Хубиева. – Алматы: «Экономика», 2007. – 666 с.
4. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Макроэкономика. 2 - е изд. - Спб.: Питер, 2008. – 544 с.: ил. – (Серия «Учебники для вузов»).
5. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика: учебник / Под общ. ред. д.э.н., проф. А.Ф. Сидоровича; МГУ им. М.В. Ломоносова. – 8 - е изд., перераб. и доп. – М.: Издательство «Дело и Сервис», 2007. - 496 с. – («Учебники МГУ им. М.В. Ломоносова»).
6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с. (Раздел 3: Макроэкономика; Раздел 4: Международные аспекты экономической теории).
7. Селищев А.С. Макроэкономика. 3 - е изд. - Спб.: Питер, 2005. – 464 с.: ил. – (Серия «Учебники для вузов»).
8. Ивашковский С.Н. Макроэкономика: Учебник. 2 – изд., испр., доп. – М.: Дело, 2002. – 472 с.
9. Мэнкью Н.Г. Принципы макроэкономики. Учебник для вузов / Пер. с англ. – 2-е изд. – Спб.: Питер, 2006. – 576 c.
10. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: Учебник / под ред. Тарасевича Л.С. 5-е изд.- М.: ЮРАИТ, 2004. – 656с.
Оқу құралы
1. Макроэкономика: оқу құралы: жалпы редакциясын басқарған Ә.Ә. Әбішев, Қ.А. Хубиев. – баспа ықшамдалып алынды. – Алматы: Экономика, 2008. – 368 б.
2. Киселева Е.А. Макроэкономика: курс лекций/Е.А. Киселева. – М.: Эксмо. 2007 – 351 б.
3. Киселева Е.А. Макроэкономика: Экспресс курс: Учебное пособие/Е.А. Киселева. – М.: Эксмо. 2008 – 384 б.
4. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Макроэкономика. Учебное пособие. 6-е изд.- Спб.: Питер, 2005. - 256с.
5. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика: Оқу құралы / - Алматы: Экономика, 2000. 88-бет.
6. Базылев Н. И. и др. Макроэкономика. Учебное пособие. – М.: ИНФРА – М, 2003. – 190 с.
7. Матвеева Т.Ю. Введение в макроэкономику. Учебное пособие, 2-е изд. М.: ГУ ВШЭ, 2004. – 512с.
8. Смагулова Ш.А., Баспанова А. Макроэкономика. Учебное пособие, Алматы: Жеті жарғы, 1999. – 144с.
9. Введение в макроэкономику: Учебное пособие. / Под ред. М.Е. Дорошенко – М.: ЮНИТИ, 2000. – 175 c.
10. Микро – и макроэкономика: Уч.пос. / М.И. Плотницкий, Л.В. Воробьева, Н.Н. Сухарева и др. – М.: Книжный дом, 2004. – 224 c.
11. Ивашковский С.Н. Экономика для менеджеров: Микро и макроуровень: Учебное пособие – Москва: Дело, 2002. – 439 c.
Оқу-әдістемелік құралдар
1. Макроэкономика. Методическое пособие для преподавателей и студентов.
2. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: ОӘК. 2006. Алматы
Есептер жинағы
1. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика. Тесты: Уч. пос., 2-е изд. – М.:ДиС, 2005. – 96с.
2. Ким И. А. Сборник заданий по макроэкономике: Учебное пособие. М.: Вита-Пресс, 2005. – 144 с.
3. Сборник задач по микро и макроэкономике. Голиков А. Н., Киселева Е. А., Киров, - 1994.
4. Микро-, макроэкономика. Практикум. Под общей ред. Ю.А. Огибина – СПб,1994г.
Әдістемелік нұсқаулар
1. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. «Макроэкономика» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау (экономикалық мамандықтар үшін) – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011. 20 б.
2. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. «Экономикалық теория» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау (экономикалық мамандықтар үшін) – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011. 30 б.
3. Тоқсанбай Сүлеймен Рақымжанұлы. Үлкен экономикалық орысша-қазақша сөздік/Большой экономический русско-казахский словарь. – Алматы, 2010. 1010 б.
Монографиялар
Сейткасимов Г.С. Макроэкономические проблемы современной экономики Казахстана: Монография. – Астана: Изд. КазУЭФМТ, 2010. – 350 c.
Курганбаева Г.А. Экономика Казахстана в ХХІ веке: монография. – Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте РК, 2009. – 144 с.
Ғылыми журналдан мақалалар
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының материалдары, Экономикалық сериясы. 2007, 2008, 2009, 2010. № 1,2,3,4, 2011. № 1,2,3,4
Н.Ә. Назарбаев. «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» мақаласы. 2012.
Internet дереккөздері
www.stat.kz
www.goverment.kz
www.mf.minfin.kz
www.mit.kz
www.min.plan.kz
www.enbek.kz
www.minagri.kz
Нормативті құжаттар
1. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты». Елбасының халыққа Жолдауы, 2012.
2. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». Елбасының халыққа Жолдауы, 2011.
3. «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». Елбасының халыққа Жолдауы, 2010.
5. Семинар, практикалық және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары
Әдістемелік кеңестер. Семинар, практикалық және/немесе зертханалық сабақтарды «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікір-талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.
1-тақырып. Макроэкономикаға кіріспе. Макроэкономиканың пәні және әдісі
Мақсаты: пәннің кіріспе бөлімімен танысу. Курстың негізгі зерттеу пәнін және мәселелерін талқылай отырып, бұл пәнді не үшін оқу керектігін түсіну және оның қазіргі экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтау. Ол тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
Макроэкономиканың зерттеу пәні, мақсаттары мен мәселелері. Макроэкономикалық саясат.
Макроэкономиканың негізгі зерттеу әдістері: агрегаттау, макроэкономикалық үлгілеу.
Макроэкономикалық зерттеулердің және макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Макроэкономиканың ғылым болып қалыптасуындағы негізгі бағыттар қандай?
Макроэкономиканың зерттеу пәні болып не табылады?
Макроэкономиканың негізгі мақсаттары қандай?
Макроэкономикалық талдау кезінде қандай әдістер қолданылады?
Қор және ағын көрсеткіштері қалай сипатталады?
Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері қандай?
Экономика макродеңгейде қандай секторлар мен нарықтарға бөлінеді?
Макроэкономикалық саясаттың негізгі жүргізілу құралдары қандай?
Мына тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс:
1) Ex ante макроэкономикалық талдау елдің макроэкономикалық жағдайын өткен кезеңдерде анықтайды.
2) Макроэкономикалық агрегаттау тек макроэкономикалық субъектілерге таралады.
3) Кәсіпкерлік сектор отандық және шетелдік фирмалардың жиынтығынан құралады.
4) Еңбек нарығы макродеңгейдегі агрегатталған нарықтардың бірі болып табылады.
5) Экономиканың жабық үлгісі сыртқы орта секторын есепке алады.
6) Экзогенді айнымалылар бастапқы ақпараттан құралады.
7) Қор айнымалылары экономикалық зерттеу объектісінің жағдайын уақыттың белгілі бір мезетінде қарастырады.
8) Инвестициялар қор болып табылады.
9) Макроэкономика ғаламдық экономикалық мәселелерді зерттеумен айналыспайды.
10) Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігіне шекті талдау әдісі жатады.
|
|
|