Главная страница
Навигация по странице:

Оқу-әдістемелік кешен, макро, 2013-2014. 2. Пн бойынша глоссарий жне пнні ымды аппаратымен жмыс бойынша жалпы дістемелік нсаулар



Скачать 1.42 Mb.
Название 2. Пн бойынша глоссарий жне пнні ымды аппаратымен жмыс бойынша жалпы дістемелік нсаулар
Анкор Оқу-әдістемелік кешен, макро, 2013-2014.doc
Дата 12.04.2017
Размер 1.42 Mb.
Формат файла doc
Имя файла Оқу-әдістемелік кешен, макро, 2013-2014.doc
Тип Документы
#358
страница 14 из 20
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

Экономиканы тұрақтандыру саясаты – бұл инфляция мен жұмыссыз-дық деңгейлерінің циклдік толқуларын қысқартуға және экономикалық өсу үшін қолайлы экономикалық жағдаятты жасауға бағытталған, сонымен қатар, өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты қалыпты деңгейінде ұстап тұруға негізделген мемлекеттің экономикалық саясатының кешенді іс-шаралары.

Кесте 11.2 Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру саясаты

Экономиканы тұрақтандыру саясатының құралдары

Дағдарыс кезеңдерінде

Өрлеу кезеңдерінде

Бюджет-салық саясаты

Бюджет шығындарын арттыру, салық ставкаларын төмендету

Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын жоғарылату

Ақша-несие саясаты

Есептік ставканы төмендету, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу, міндетті резервтер нормасын төмендету

Есептік ставканы көтеру, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сату, міндетті резервтер нормасын көтеру

Табыстар саясаты

Жалақыны арттыру

Жалақыны қысқарту

Инвестициялық саясат

Инвестициялық жобалардың іске асуын тездету, мемлекеттік қолдау көрсету

Мемлекеттік қолдауды және инвестиция салуды тежеу

Мақсаты:

Экономикалық белсенділікті ынталандыру

Экономикалық белсенділікті тежеу



Қорытынды

1. Экономикалық (іскерлік) цикл – макроэкономикалық тұрақсыз-дықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық белсенділік деңгейінің үнемі толқып және ауытқып отыруы. Немесе, экономикалық дамудың жоғарылау кезеңдерінің құлдырау кезеңдерімен ауысып отыруын, сондай-ақ, экономиканың бір фазадан екінші бір фазаға өту аралығын (құлдырау фазасынан келесі бір құлдырау фазасына дейінгі аралық) айтамыз.

2. Экономикалық циклдің фазалары: а) құлдырау (төмендеу, рецессия) фазасы экономикалық даму параметрлерінің тез нашарлауымен сипатталады; ә) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең төменгі нүктесі ретінде сипатталады; б) жандану (тірілу), немесе қалпына келу фазасы негізгі капиталдың жаппай жаңартылуы, жұмыссыдықтың қысқаруы, жалақының өсуі, бағалардың өсуі, пайыз мөлшерлемелерінің өсуі, тұтыну заттарына деген сұраныстың артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады; в) өрлеу (шың) фазасы экономикалық өсу қарқынының жоғарылауы, өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғаюы, инвестициялардың артуы, бағалы қағаздар бағамдарының өсуі, пайданың, жалақының, бағалардың, пайыз мөлшерле-мелерінің артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.

3. Экономикалық цикл үрдісінде әртүрлі орын алатын экономикалық көр-сеткіштер мәндерінің ауытқып отыруына байланысты, осы экономикалық көр-сеткіштер былай үшке бөлінеді: 1) проциклдік көрсеткіштер; 2) контрциклдік көрсеткіштер; 3) ациклдік көрсеткіштер.

4. Экономикалық циклдің факторларын анықтау үшін үш әдіснамалық бағыт қалыптасады. Біріншісі, сыртқы (экзогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Екіншісі, ішкі (эндогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Үшіншісі, сыртқы және ішкі факторлардың синтезі ретінде анықталады.

5. Экономиканы тұрақтандыру саясаты – инфляция мен жұмыссыздық деңгейлерінің циклдік толқуларын қысқартуға және экономикалық өсу үшін қолайлы экономикалық жағдаятты жасауға бағытталған, сонымен қатар, өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты қалыпты деңгейінде ұстап тұруға негізделген мемлекеттің экономикалық саясатының кешенді іс-шаралары.
Дәріске арналған әдістемелік кеңестер:

1. Осы тақырыпта студент ең алдымен мына мәселелерге көңіл бөлуі қажет:

  • экономикалық циклдің мәні мен фазаларына;

  • экономикадағы циклдік ауытқулардың себептеріне;

  • экономикалық циклдің типтеріне;

  • экономикалық дағдарыстардың түрлеріне;

  • мемлекеттің антициклдік саясатының мақсаттары мен құралдарына.

2. Тақырыпты оқығаннан кейін:

  • экономикалық циклдің негізгі фазаларына диагностика жасау білу керек;

  • экономикалық циклдің әртүрлі фазаларындағы елдің макроэкономикалық жағдайына талдау жасай білу;

  • елдегі мемлекеттің антициклдік саясатының тиімділігіне баға бере білу керек.

3. Статистикалық деректерді қолдана отырып ел экономикасының циклдік даму кезеңдерін анықтау қажет.
12-тақырып. Талдамалы дәріс

Экономикалық өсу және оның үлгілері
Мақсаты: экономикалық өсуді мемлекеттің ең маңызды макроэкономикалық мақсаты ретінде қарастыра отырып, оның негізгі көрсеткіштерін, түрлерін, әсер ететін факторларын, типтерін және үлгілерін жан жақты талқылау. Әсіресе, экономикалық өсудің қазақстандық үлгісі мен тәжірибесін қалыптастыруға байланысты негізгі сұрақтарды қарастыру. Ол үшін дәріс сабағында мына мәселелі сұрақтар қарастыру керек.
Дәріс жоспары:

  1. Экономикалық өсудің алғышарттары мен оған тән белгілер.

  2. Экономикалық өсудің үлгілері.

  3. Экономикалық өсудің негізгі көзі мен бағыттары.


Негізгі түсініктер: экономикалық өсу; экономикалық даму; экономикалық өсудің мақсаты; экономикалық өсудің тиімділігі; экономикалық өсудің сапасы; экономикалық өсудің дағдарысы; теңгерімді экономикалық өсу; экономикалық өсу қарқыны; жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім; экономикалық өсудің факторлары; ұсыныс факторлары; сұраныс факторлары; бөлу факторлары; еңбек өнімділігі; технологиялық прогресс; адам капиталы; экстенсивті өсу; интенсивті өсу; Домар үлгісі; Харрод үлгісі; Солоу үлгісі; қорланудың «алтын ережесі»; өсудің «кепілдендірілген» қарқыны; өсудің «табиғи» қарқыны; динамикалық тепе-теңдік; «жаңа экономика»; т.б.
Тақырыптың мазмұны.

Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты ретінде материалдық әл-ауқаттың жоғарылауы болып табылғандықтан, оның құрамына мыналар кіреді:

  • Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі, бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.

  • Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.

  • Ұлттық табыстың халықтың әр топтарының арасында бөлінуін жақсарту.

  • Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсуді өлшеудің тәсілдерін екіге бөлуге болады:

  1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономика мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

  2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

Экономикалық өсуді өлшеудің мынадай негізгі көрсеткіштері бар:

  1. Өсу коэффициенті – бұл қарастырылып отырған ағымдық кезеңдегі өсу көрсеткішінің базистік кезеңдегі өсу көрсеткішіне қатынасы:

Yt = Yt - Yt -1 / Yt -1,

ΔYt = Yt - Yt -1 немесе,

Yt = ΔYt - Yt -1;

  1. Өсу қарқыны – 100%-ға көбейтілген өсу коэффициенті;

  2. Өсім қарқыны – өсу қарқыны минус 100%.


Экономикалық өсудің екі түрін ажыратып көрсетеді:

  1. Нақты экономикалық өсу – бұл статистикалық органдардың кезеңділікпен жариялап отыратын ЖІӨ-нің немесе басқадай макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы шынайы түрде өсуі.

  2. Потенциалды экономикалық өсу – бұл экономиканың белгілі бір жылдамдықпен немесе қарқынмен өсе алу мүмкіндігі мен дәрежесі. Бұл өсуді қамтамасыз ете алатын факторларға мыналар жатады: а) еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарды арттыру; ә) технологиялық прогресстің көмегімен, өндірістің ұйымдастырылуын жақсарту немесе жұмыс күшінің біліктілігін арттыру есебінен осы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру.

Экономикалық өсудің теориялық тұрғыдан негізгі үш типі бар:

  1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

  • қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

  • ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

  1. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:

  • жұмыс күшінің санының өсуі;

  • капиталдың көлемі өсуі.

  1. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оны сипаттайтын келесі көрсеткіштер бар:

  1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

  2. адамның бос уақытының көбеюі;

  3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

  4. адам капиталына инвестицияны өсіру;

  5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

  7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз – өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалы мен процесстер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Тікелейді бес негізге факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді.

Жанама факторларға экономикалық өсудің физикалық мүмкіндіктерін ақиқатқа айналдыратын факторлар жатады.

Жанама факторлар құрамына жататындар:

  • Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін белгілейді: мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтарды игеру нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелес қабілетінің өсуі нәтижесінде экспорттың кеңеюі.

  • Ұсыныс факторлары нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтардың азаюы және т.б.

  • Бөлу факторлары.

Экономикалық өсудің неокейнстік модельдері.

Экономикалық өсудің қарапайым неокейнстік модельдеріне Евсей Домардың моделі мен Рой Харродтың модельдері жатады.

Домар моделі белгілі бір уақыт талабына сай жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өндірістік мүмкіншіліктерінің артуындағы инвестицияның екіжақты рөлін зерттейді. Мұнда инвестиция экзогендік функция ретінде қарастырылып, оның мультипликативтік әсері ескеріледі. Домар ұзақ мерзімде толық жұмысбастылықты қамтамасыз етуді алға тартты және қысқа мерзімдік кейнстік тепе-теңдік шарттарын ұзақ мерзімді кезеңге ауыстырып қарастырды. Бұл модель өткен ғасырдың қырқыншы жылдарының аяғында пайда болып, мынадай алғышарттардан құралды:

  • модельде тек игіліктер нарығы ғана қарастырылады, ол тепе-теңдік жағдайда болады;

  • өндіріс технологиясы Леонтьевтің өндірістік функциясымен көрсетіледі;

  • өндіріс факторлары бір-бірімен алмастырыла алмайды;

  • еңбек нарығында бағалардың икемсіздігінен артық ұсыныс пайда болады;

  • капиталдың орташа өнімділігі (Y/K) мен жинақтау нормасы (SY) тұрақты;

  • шығарылым көлемі тек жалғыз ғана ресурс – капиталға тәуелді.

Домардың пікірінше, егер экономикалық жүйе толық жұмысбастылық кезінде тепе-теңдік жағдайында болса, онда сол тепе-теңдікті сақтау үшін жиынтық сұраныс өндірістік әлеуеттің (инвестицияның) қарқынына сәйкес өсуі керек. Сонымен, модельдің осы алғышарттарына сәйкес, игіліктер нарығындағы тепе-теңдікті және толық жұмысбастылықты ұстап тұру үшін инвестиция көлемін тұрақты түрде берілген қарқынмен арттырып отыру қажет.

Харрод моделі экономикадағы функционалдық байланыстарды сипаттайтын теңдеулерден құралады және кәсіпкерлердің психологиялық мінез-құлықтарын талдауға негізделеді. Мұнда акселератор ұстанымы ескеріледі. Бұл модель 1939 жылы жасалып, экономикалық өсудің жалпы теориялық негіздерін қалыптастыруға негіделген.

Модельде тек игіліктер нарығы ғана қарастырылады және ол мынадай алғышарттарға негізделеді:

  • модельде инвестиция эндогендік функция ретінде қарастырылады;

  • капитал сиымдылығы шамасы (K/Y) тұрақты;

  • кәсіпкерлердің мінез-құлқы тауарлар мен қызметтерге деген сұранысқа байланысты күтімдеріне негізделеді.

Харрод «кепілдендірілген» экономикалық өсу түсінігін енгізді.

«Кепілдендірілген» экономикалық өсу дегеніміз – бұл қолда бар өндірістік қуатты (капиталды) толық пайдалана отырып, жиынтық сұраныстың салыстырмалы өзгерісіне байланысты кәсіпкерлердің психологиялық күтімдерінің барынша ақталуы кезіндегі экономиканың тепе-теңдіктік даму беталысы.

Алайда, тәжірибеде нақты өсу қарқыны мен кепілдендірілген өсу қарқыны арасында алшақтық бар, сондықтан Харрод капиталдың «табиғи» өсу қарқыны деген түсінікті де қолданды.

«Табиғи» өсу қарқыны еңбек ұсынысының өсуі кезіндегі толық жұмысбастылықты қамтамасыз етеді және сол табиғи өсу қарқынының еңбек ресурстарының өсу қарқынына тең екенін көрсетеді.

Экономикалық конъюнктураның жағдайы экономикалық өсудің кепілдендірілген және табиғи қарқындарының арақатынастарымен анықталады.

Егер ұлттық табыстың табиғи өсу қарқыны кепілдендірілген өсу қарқынынан қалып отырса (яғни, еңбек ресурстарының өсу қарқыны капиталдың өсу қарқынынан қалып отырса), онда кәсіпкерлердің күтімдері өсу қарқынына қарағанда ақталмайды, яғни еңбек ресурстарының тапшылығы инвестицияны қысқартады және экономикалық белсенділік дағдарысқа ұшырайды.

Егер ұлттық табыстың табиғи өсу қарқыны кепілдендірілген өсу қарқынынан артып отырса, онда экономикалық дамудың мынадай екі жолы орын алуы мүмкін:

а) өсудің нақты қарқыны кепілдендірілген өсу қарқынына тең болады. Бұл жағдайда экономика циклдік жұмыссыздықтың болуы кезінде қарқынды, әрі тепе-теңдіктік сипатта дамитын болады;

ә) өсудің нақты қарқыны кепілдендірілген өсу қарқынынан жоғары болады. Бұл жағдайда еңбек ресурстарының артықшылығы инвестицияның өсімін ынталандырып, экономикалық өрлеуге жетелейді, ұлттық табыстың нақты өсу қарқыны күтілетін өсу қарқынынан асып түседі.

Экономикалық өсудің неоклассикалық модельдері.

Экономикалық өсудің неоклассикалық модельдерінің негізгісі болып Роберт Солоудың экономикалық өсу моделі табылады.

Солоудың экономикалық өсу моделі – бұл халықтың өмір сүру деңгейіне жинақтың, еңбек ресурстарының және ҒТП-тің әсер ету механизмдерін айқындайтын экономикалық өсудің неоклассикалық үлгісі.

Экономикалық өсудің тарихи-әлеуметтік теориялары.

Американ ғалымы және социологы Уолт Ростоу, өткен ғасырдың 60-шы жылдары жасаған «экономикалық өсудің стадиялары» атты концепцияның авторы, өзінің осы теориясында қоғамның экономикалық өсу тарихын бес фазаға бөледі:

1) дәстүрлі (таптық) қоғам – бұған қол еңбегін қолдану, экономиканың негізі ретіндегі ауыл шаруашылығының дамуы, төменгі еңбек өнімділігі, техникалық-экономикалық өзгерістердің баяу қарқыны сияқты белгілер тән;

2) қоғамның алға жылжуы үшін экономикалық жағдайлар жасау кезеңі – мұнда қоғамның алға жылжуы үшін басты қозғаушы күштер ретінде ғылымның, нарықтық қатынастар мен еркін бәсекелестіктің дамуы, халық шаруашылығында капиталдың жинақталуы мен капитал салымдарының өсуі деген факторлар қарастырылады;

3) қоғамның алға жылжуы немесе өнеркәсіптік төңкеріс кезеңі – мұнда ҒТП-нің жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік туады, даму үшін үкімет институттарының және әдет-ғұрыптардың жасайтын кедергілері жойылады, өнеркәсіптің жекелеген салалары тез қарқынмен дамиды, қол еңбегі машиналы еңбекке ауысады;

4) қоғамның кемелдену кезеңі – мұнда экономикалық дамудың қарқыны өседі, өндіріс көлемінің өсуі халық санының өсуінен артады, адамдардың тұрмыс жағдайы өсе түседі, нәтижесінде халық шаруашылығының барлық салаларында жылдам әрі тұрақты даму үрдістеріне қол жеткізіледі;

5) қоғамның жаппай тұтынуының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ететін кезең – мұнда өндіріс көлеміне шектелген ресурстар кедергі келтіреді мәселе жойылады, керісінше, сұраныс пен экология тарапынан шектелудің туа бастауы өсе түседі, ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтердің маңызы күшейе түседі. Бірақ Ростоу 70-ші жылдары өзінің концепциясын алтыншы кезеңмен толықтырды, яғни бұл кезеңде қоғам адамзат үшін өмір сүрудің аса қолайлы және сапалы жағдайларын жасаудың жаңа жолдарын іздеумен айналысады. Сондықтанда, ғалымның көрсеткен қосымша алтыншы кезеңін – қоғамның сапалы өмір сүруі үшін жаңа жолдарды іздестіру кезеңі деп атайды.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
написать администратору сайта