Навигация по странице:
|
Оқу-әдістемелік кешен, макро, 2013-2014. 2. Пн бойынша глоссарий жне пнні ымды аппаратымен жмыс бойынша жалпы дістемелік нсаулар
Қорытынды
1. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
2. Экономикалық өсуді өлшеудің тәсілдерін екіге бөлуге болады: 1) Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономика мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады. 2) Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
3. Экономикалық өсудің екі түрін ажыратып көрсетеді: 1) нақты экономикалық өсу – бұл статистикалық органдардың кезеңділікпен жариялап отыратын ЖІӨ-нің немесе басқадай макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы шынайы түрде өсуі. 2) потенциалды экономикалық өсу – экономиканың белгілі бір жылдамдықпен немесе қарқынмен өсе алу мүмкіндігі мен дәрежесі. Бұл өсуді қамтамасыз ете алатын факторларға мыналар жатады: а) еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарды арттыру; ә) технологиялық прогресстің көмегімен, өндірістің ұйымдастырылуын жақсарту немесе жұмыс күшінің біліктілігін арттыру есебінен осы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру.
4. Экономикалық өсудің теориялық тұрғыдан негізгі үш типі бар: 1) интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. 2) экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. 3) аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
5. Экономикалық өсудің неокейнстік, неоклассикалық және тарихи-әлеуметтік үлгілері бар.
6. Экономиклық өсудің факторларын сұраныс факторлары, ұсыныс факторлары және бөлу факторлары деп бөледі.
Дәріске арналған әдістемелік кеңестер:
1. Тақырыпты оқу барысында студентке мына сұрақтарға міндетті түрде көңіл аударған жөн:
экономикалық өсудің мәнін, көрсеткіштерін, факторлары мен типтерін ұғыну;
экономикалық өсудің негізгі үлгілерін білу.
2. Студентке экономикалық өсудің көрсеткіштерін есептей білуі, экономикалық өсудің тиімділігін, ел экономикасының өсуінің факторлары мен әлеуметтік экономикалық салдарларын анықтай алуы қажет.
3. Статистикалық мәліметтерді сүйене отырып ел экономикасының тұрақты өсуін сипаттайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге талдау жасау қажет.
4. Ел экономикасының даму кезеңдерін және жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді анықтау.
5. Негізгі әдебиеттер тізіміндегі оқулықтарды оқып тақырыпты толық меңгеру қажет.
13-тақырып. Жалпы шолу дәрісі
Ашық экономикадағы тепе-теңдік.
Манделл-Флеминг үлгісі
Мақсаты: ашық экономиканың мәнін түсіну, ашық экономикадағы Манделл-Флеминг үлгісін құру және толығымен қарастыру. Ол үшін дәріс сабағына мынадай сұрақтар шығарылады.
Дәріс жоспары:
Ашық экономика: түсінігі, түрлері.
Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік.
Манделл-Флеминг үлгісі.
Негізгі түсініктер: ашық экономика; шағын экономика; үлкен экономика; ішкі тепе-теңдік; бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік; Манделл-Флеминг үлгісі; ішкі пайыз мөлшерлемесі; әлемдік пайыз мөлшерлемесі.
Тақырыптың мазмұны.
Ашық экономика – бұл әлем мемлекеттерінің бір-бірімен өзара тауарлар мен қызметтерді экспорттайтын және импорттайтын, әлемдік қаржы нарығында несиелік алып-сату қатынастарын жүзеге асыруға негізделген макроэкономика-ның жүйелік қатынастары.
Ашық экономика мынадай екі жағдайға негізделеді:
1) Елдер тауарлар мен қызметтерді экспорттайды және импорттайды.
2) елдер әлемдік қаржы нарығында несие алады және береді.
Ашық экономикада өндірілген өнімді төрт негізгі құрауыштарға бөлуге болады:
▼ отандық тауарлар мен қызметтерді тұтыну;
▼ отандық тауарлар мен қызметтерге инвестициялық шығындар;
▼ отандық тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы;
▼ елдің ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтер экспорты.
Осылардың жиынтығын теңдеу арқылы көрсетуге болады:
Y = C + I + G + Xn
Ашық экономиканы кіші (шағын) және үлкен (ірі) деп бөледі.
Кіші (шағын) ашық экономика – кішігірім елдің экономикасы, оның әлемдік нарығындағы үлесі аз ғана, ол әлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай әсер ете алмайды. Сондықтан пайыз мөлшерлемесі сырттан берілген, экзогендік түрде қабылданады.
Үлкен (ірі) ашық экономика – оның ауқымына байланысты пайыз мөлшерлемесі елдің ішіндегі экономикалық процестер әсерінен қалыптасады. Ірі елдің экономикасы (АҚШ, Жапония, Қытай, Германия). Бұл елдер әлемдік қор жинағы мен инвестицияның едәуір бөлігіне ие болғандықтан әлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай әсер ете алады.
Ашық экономиканың негізгі белгілері:
- ЖҰӨ-дегі сыртқы сальдо квотасы;
- өндіріс көлеміндегі экспорт үлесі;
- тұтынудағы импорт үлесі;
- ішкі инвестицияға қатысты шетелдік инвестицияның үлесі.
Ашықтық деңгейі сыртқы сауда көлемі мен үкіметтің саяси бағытына байланысты. Мысалы: Ұлыбритания салыстырмалы ашық экономика болып табылады, өйткені ол сыртқы саудаға тәуелді. АҚШ экономикасы жабық экономикаға жақын, өйткені оның дамуына сыртқы сауда көп әсер етпейді.
Макроэкономикалық тепе-теңдік – экономикалық жүйенің баланстал-ған жағдайы, экономикалық жүйенің тұтас тепе-теңдігі.
Ішкі тепе-теңдік – толық жұмысбастылық пен инфляциясыз жағдайдағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі.
Ішкі тепе-теңдік мәселесі бюджеттік-салық және ақша-несие саясаты көмегімен жиынтық сұранысты реттеу арқылы шешіледі.
Сыртқы тепе-теңдік – валюта бағамының тағайындалған (тұрақты) және құбылмалы режиміндегі төлем балансының нөлдік сальдосы немесе елдің валюта рыногындагы тепе-теңдігі. Валюта нарығындағы тепе-теңдік бұл – елге валюта түсімдері мен шетелдерге валюта төлемдерінің сәйкестігі.
Ашық экономиканың классикалық үлгісі мемлекеттік реттеуді қажет етпейді. Төлем балансының теңсіздігі ішкі бағалардың өзгеруінің автоматты механизімі мен алтын валюта резервтерінің бір елден басқа елге қозғалысы арқылы өздігінен реттеледі.
Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдіктің Кейнстік механизмі мемлекеттік реттеу шараларына сүйенеді.
Манделл-Флеминг үлгісі – тұрақты және құбылмалы айырбас бағамы жағдайларында жүргізілетін экономикалық саясат нәтижелерін бағалау мақсатында қолданылатын шағын ашық экономика үлгісі.
Манделл-Флеминг үлгісі бойынша шағын ашық экономика әлемдік экономиканың тек аз ғана бөлігін құрайды, сондықтан оның дамуы үшін барлық параметрлер әлемдік рыноктан, яғни сырттан беріледі.
Ашық экономика үшін Манделл-Флеминг үлгісі ең алғаш рет ХХ ғасырдың 60-жылдарында қалыптасты және ІS-LМ үлгісінің жетілдірілген нысаны болып табылады. Екі үлгі де қысқа мерзім кезеңін және бағаның тұрақтылығы мен өндіріс көлемінің (жиынтық табыстың) өзгеруін қарастырады. Олардың айырмашылықтары ІS-LМ жабық экономиканы, Манделл-Флеминг ашық шағын экономиканы қарастырады.
Манделл-Флеминг үлгісі үш теңдеуді қарастырады:
Ү = С(Ү-Т) + І(R) + G + Хn(е), ІS;
M/P = L(r, y), LM;
R = R*.
Бірінші теңдеу тауар нарығын сипаттайды, екіншісі – ақша рыногын, үшінші теңдеу ішкі пайыз мөлшерлемесінің (R) әлемдік пайыз мөлшерлемесіне (R*) байланысты анықталатынын көрсетеді.
Манделл-Флеминг үлгісінің графигі 13.1-суретте берілген. Көлденең сызық әлемдік пайыз мөлшерлемесін бейнелейді.
R
IS(е) LM
R = R*
0 Y
Сурет 13.1
Графиктің өзіне тән екі ерекшелігі бар:
1. ІS қисығы айырбас бағамына байланысты. Айырбас бағамының өсуі қисықты солға жылжытады және керісінше.
2. Үш қисық бір нүктеде қиылысады.
Бірақ үш қисық бір нүктеде қиылыспайды деп те болжауға болады. Ол жағдайда графиктің екі нұсқасы пайда болады:
1. Айырбас бағамы төмен болғанда ІS және LМ әлемдік пайыз мөлшерле-месі қисығынан жоғары нүктеде қиылысады. Бұл жағдай шет ел инвесторларын берілген ел экономикасына капитал салуға ынталандырады. Нәтижесінде валюта бағамы көтеріледі, ІS қисығы төмен-солға ІS* қисығына жылжиды (сурет 13.2).
2. ІS және LМ қисықтары әлемдік пайыз мөлшерлемесі деңгейінен төмен нүктеде қиылысады. Бұл жағдайда берілген ел инвесторлары капиталды сыртқа шығаруға тырысады. Нәтижесінде валюта бағамы төмендейді, ІS қисығы жоғары-оңға ІS* қисығына жылжиды (сурет 13.3).
R IS LM R
IS* IS IS* LM
R R = R*
R = R* R
Y Y
Сурет 13.2 Сурет 13.3
Сөйтіп, тепе-теңдік ІS, LМ қисықтары мен әлемдік пайыз мөлшерлемесі деңгейіндегі көлденең сызық қиылысқан нүктеде тұрақты орнап отырады.
Манделл-Флеминг үлгісі валюта бағамдарының әртүрлі болуы кезінде шағын ашық экономикада жүргізілетін макроэкономикалық саясат нәтижелерін талдау үшін қолданылады. Мұндай саясаттың салдарлары тіркелген және құбылмалы валюта бағамдары арқылы көрініс табады.
Тіркелген (тұрақты) валюта бағамы кезіндегі макроэкономикалық саясат.
Орталық банк (ОБ) тіркелген валюта бағамын орната отырып, алдын ала белгіленген бағам бойынша ұлттық валютаны сатуды немесе сатып алуды өзіне міндеттейді. Бұл жағдайда ішкі тепе-теңдікті қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық саясат шаралары әдетте, төлем балансының оң немесе теріс сальдосының туындауына алып келеді. Сыртқы тепе-теңдіктің осылай бұзылуы нәтижесінде саналы түрде жүргізілетін макроэкономикалық саясаттың көмегімен қалпына келуі тиіс. Төлем балансының теріс сальдосы кезінде ОБ ұлттық валютаның құнсыздануын болдырмау үшін, валюта нарығында шетел валютасын сатады және ұлттық валютаны сатып ала бастайды, яғни валюталық интервенциялар жүргізеді. Бұл валюта резервтерінің және ақша базасы көлемінің қысқаруына алып келеді. Алайда, ОБ валюта нарығында интервенциялар жүргізуі үшін жеткілікті түрде шетел валютасының резервтеріне ие болуы тиіс. Егер ОБ валюталық интервенциялар жүргізе отырып ақша ұсынысын өзгертсе, онда Манделл-Флеминг үлгісінде бұл LM қисығының жылжуымен көрініс табады.
Бюджет-салық саясаты. Бұл жағдайда шағын ашық экономика үшін ынталандырушы бюджет-салық саясатының салдарлары қарастырылады (мысалы, мемлекеттік шығындарды арттыру немесе салықтарды төмендету). Мемлекеттік шығындардың өсуі жиынтық сұранысты арттырады, IS қисығы IS2 жағдайына оңға жылжиды (сурет 13.4а). Нәтижесінде табыс өседі және бір уақытта пайыз мөлшерлемесі де r1-ге артады. Табыстың өсуі ақшаға деген сұранысты арттырады, ал пайыздың жоғары болуы ел ішіне шетел капиталының ағылуын ынталандырады, ол болса жалпы алғанда төлем балансының оң сальдосын қалыптастырады.
LM1 LM2
r IS2 LM1 e
IS1
r1 LM2
e1
r*
IS2
IS1
0 Y1 Y2 Y 0 Y1 Y2 Y
a) ә)
Сурет 13.4 Тіркелген валюта бағамы кезіндегі бюджет-салық саясаты
Ел ішіне шетел капиталының ағылуы ұлттық валюта бағамының көтерілуіне алып келеді (сурет 13.4ә). Ұлттық валютаның тіркелген e1 деңгейінде ұстап тұру қажеттілігі ОБ-ті валюталық интервенциялар (шетел валютасын сатып алу және ұлттық валютаның сату) жүргізуге итермелейді, ол ақша массасының артуына алып келеді. Ақша массасының артуы LM қисығын оңға жылжытады және пайыз мөлшерлемесі төмендейді. Бұл үрдіс ішкі пайыз деңгейі әлемдік пайызға тең болғанша дейін жалғаса береді.
Сонымен, кіші ашық экономикада тіркелген валюта бағамы кезінде ынталандырушы бюджет-салық саясатының жүргізілуі нәтижесінде табыс деңгейі (Y) жабық экономикаға қарағанда үлкен дәрежеде өседі, өйткені табыс деңгейіне мемлекеттік шығындардың ықпалы ақша массасының қосымша ұлғаю әсерімен толықтырылады.
Ақша-несие саясаты. Бұл жағдайда тіркелген валюта бағамы кезінде кіші ашық экономикаға деген ынталандырушы ақша-несие саясатының салдарлары қарастырылады. Ақша массасының ұлғаюы LM қисығын LM2 жағдайына оңға жылжытады (сурет 13.5). Пайыз мөлшерлемесі төмендеп инвестицияға деген сұраныс жоғарылайды және де соның салдарынан табыс артады. Дәл сол уақытта, ішкі пайыздың әлемдік пайыз деңгейіне қарағанда төмендеуі (r1 < r*, сурет 13.5a) ел ішінен капиталды кетіреді және төлем балансының тапшылығы орын алады.
Капиталдың елден шығуы және төлем балансының теріс сальдосы шетел валютасына сұранысты арттырады, ал ұлттық валюта бағамы төмендей бастайды (сурет 13.5ә). Бұл жерде ОБ валюта бағамын тіркелген e1 деңгейінде ұстап тұруы тиіс, ол үшін ОБ валюталық интервенциялар жүргізеді (шетел валютасын сатады және ұлттық валютаны сатып алады). Нәтижесінде ақша массасы қысқарып LM қисығы LM1 жағдайына қайтадан қайтып келеді. Ақша массасы қысқарғаннан кейін пайыз мөлшерлемесі артады және капиталдың шетелге ағылуы тоқтайды. Сөйтіп белгілі бір уақыттан кейін экономика бастапқы жағдайына қайтып келеді. Нәтижесінде ынталандырушы ақша-несие саясатының салдарынан ақша массасының соншалықты арттырылуы табысқа әсер ете алмай қалады.
LM1 LM2
r LM1 e
IS1
LM2
e1
r*
r1
IS1
0 Y1 Y 0 Y1 Y2 Y
a) ә)
Сурет 13.5 Тіркелген валюта бағамы кезіндегі ақша-несие саясаты
Сонымен, тіркелген валюта бағамы кезінде кіші ашық экономикаға деген ынталандырушы ақша-несие саясатының нәтижесі тиімсіз болып қалады, өйткені ақша массасының өзгеруі валюта нарығындағы қажетті интервеницялар арқылы тұрақтанып отырады.
Құбылмалы (қалқымалы) валюта бағамы кезіндегі макроэкономика-лық саясат.
Бұл жағдайда ОБ валюта нарығына араласпай-ақ, ұлттық валютаның айырбас бағамына (сәйкесінше, таза экспорт көлеміне де) төлем балансы тұрақтанғанша дейін өзгеруіне мүмкіндік бере алады. Мұндай бағам кезінде ОБ-тің валюталық резервтері мен ақша базасы шамалары өзгермейді. Яғни, елде еркін құбылмалы айырбас бағамы қолданылса, онда төлем балансының түзетілуі мемлекеттің араласуынсыз автоматты түрде қамтамасыз етіледі.
|
|
|