Навигация по странице:
|
Оқу-әдістемелік кешен, макро, 2013-2014. 2. Пн бойынша глоссарий жне пнні ымды аппаратымен жмыс бойынша жалпы дістемелік нсаулар
2-тақырып. Ұлттық есеп-шоттар жүйесі. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
Мақсаты: ұлттық-есеп шоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді және олардың түрлерін, есептеу жолдарын қарастыру, бағалар индекстерін және дефляторды анықтау, мемлекет шеңберіндегі айналым үлгісінің мәнін түсіну және оның негізгі түрлеріне жалпы сипаттама беру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
Макроэкономикадағы шеңбер айналым үлгісі және оның түрлері.
Ұлттық есеп-шоттар жүйесіндегі макроэкономикалық көрсеткіштер. ЖҰӨ және оны есептеу әдістері.
Атаулы және нақты ЖҰӨ. Тұтыну бағаларының индекстері.
ЖҰӨ-ді есептеудің күрделілігі. Халықтың әл-ауқатын бағалау мәселелері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Ұлттық-есеп шот жүйесі қандай мақсаттар үшін қолданылады?
Жалпы ішкі өнімнің жалпы ұлттық өнімнен айырмашылығы қандай?
Жалпы аймақтық өнім дегеніміз не?
Жалпы ішкі өнімді есептеудің қандай әдістері қолданылады?
Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық қандай?
Жалпы ішкі өнім дефляторы дегеніміз не?
Бағалар индексінің қандай түрлері бар?
Ұлттық есеп-шот жүйесіндегі негізгі макрокономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыстар қандай?
Негізгі макроэкономикалық теңдестіктің түрлері қандай?
Макроэкономикадағы шеңберлі айналым үлгісінің түрлері қалай құрылады?
«Жылыстау» және «қуат беру» көрсеткіштеріне не жатады?
Таза экономикалық әл-ауқат көрсеткішін есептеудің қажеттілігі неден туындайды?
Елдің ұлттық байлық көрсеткіштеріне не жатады?
Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар:
1. Төмендегі берілген мәліметтерді пайдалана отырып есептеңіз (ақша бірлікпен): а) ТҰӨ -ді; б) ҰТ – ты; в) жеке табысты; г) қолда бар табысты.
- ЖҰӨ - 7800.
- Амортизациялық аударымдар – 500.
- Корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 300.
- Әлеуметтік сақтандыру жарналары – 350.
- Мемлекеттің жеке тұлғаларға төлетін трансферттік төлемдері – 530.
- Корпорацияның пайдасына салық салу – 140.
- Азаматтардан алынатын табыс салығы – 650.
- Бизнеске деген жанама салықтар – 490.
2. - Шикізат өндіру (мақта) – 100.
- Шикізатты өңдеуге жеткізу – 160.
- Шикізатты өңдеу (мата) – 300.
- Өңделген шикізатты дайындаушыға жеткізу (тігін фабрикасына) жеткізу – 370.
- соңғы өнімді шығару (көйлек) – 550.
- соңғы өнімді көтерме сатушыға жеткізу – 610.
- соңғы өнімді бөлшек сатушының сатуы – 710.
Осы мәліметтерді пайдалана отырып сатудың жалпы құнын және қосылған құнды анықтаңыз (ақша бірлікпен).
3. Экономикада 3 игілік өндіріледі және тұтынылады дейік. Кестеде саны және бағасы (1 бірлікке) 2 кезеңге берілген Ласпейрес, Пааше, Фишер индекстерін (1992 ж. базистік кезең) есептеңдер:
Жылдар
|
1992
|
1992
|
2002
|
2002
|
бағасы
|
саны
|
бағасы
|
саны
|
кітаптар
|
20
|
20
|
30
|
7
|
көйлектер
|
52
|
10
|
75
|
5
|
теледидарлар
|
1200
|
5
|
800
|
3
|
4. Кестені толтырыңыз:
|
Y
|
C
|
I
|
G
|
Xn
|
T
|
Sp
(жеке жинақтар)
|
Sg (мем.жинақтар)
|
Sn (ұлттық жинақтар)
|
1
|
5000
|
3000
|
700
|
1000
|
|
900
|
|
|
|
2
|
5000
|
3000
|
900
|
1000
|
|
1000
|
|
|
|
3
|
5000
|
3200
|
900
|
900
|
|
1000
|
|
|
|
5. Мына берілгендер бойынша а) ЖҰӨ-ді (шығындар бойынша және табыстар бойынша), б) ТҰӨ-ді, в) ҰТ-ты есептеңіздер.
Берілгендер (млрд. тг.):
несиеге деген пайыз – 12,
жалпы жеке инвестициялар – 55,
жалақы – 218,
корпорацияның пайдасы – 113,
жанама салықтар, салықтық емес төлемдер – 22,
ренталық төлемдер – 20,
корпорацияның пайдасына деген салықтар – 50,
таза экспорт – 9,
мемлекеттік сатып алымдар – 90,
таза жеке инвестициялар – 45,
меншіктен түсетін табыстар – 21,
мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялар беру – 2,
тұрғындарға берілетін трансферттік төлемдер – 23,
тұтыну шығындары – 260.
6. Ұлттық өндіріс мынадай 2 тауардан тұрады делік: Х (тұтыну тауарлары), У (өндіріс құрал-жабдықтары). Ағымдағы жылы Х өнімінің 500 мөлшері өндірілді, әрқайсысының бағасы 2 теңге, ал У тауарының 20 мөлшері өндірілді, олардың әрқайсысының бағасы 10 теңгеге тең. Жыл аяғына қарай пайдаланудағы 5 машина жаңартылды. Табу керек: а) ЖҰӨ - ді, б) ТҰӨ - ді, в) Тұтыну көлемін және инвестиция көлемін, г) Таза инвестициялар көлемін.
7. Келесі макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесін қолдана отырып мемлекеттік жинақтар көлемін және үй шаруашылықтарының жинақтау көлемін есептеңіз:
Нақты ұлттық табыстың тепе-теңдік көлемі – 8500.
Экспорт – 160.
Импорт – 80.
Тұрғындардың төлейтін табыс салықтары – 630.
Мемлекеттік бюджеттен трансферттер формасында төленетін төлемдер – 280.
Инвестициялар көлемі – 1480.
Экономикадағы шеңбер айналымын қамтамасыз ететін үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары – 6200.
3-тақырып. Экономикадағы жалпы тепе-теңдік.
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың базалық үлгісі
Мақсаты: жиынтық сұранысқа және оның құрауыштарына сипаттама беру, жиынтық ұсыныстың теорияларына тоқталу, сілкіністердің табиғатын зерттеу, сонымен қатар, мемлекеттің тұрақтандыру саясатының мәселелерін талқылау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
Жиынтық сұраныс және оған әсер етуші факторлар.
Жиынтық ұсыныс, оның кейнстік және классикалық үлгілері.
АD-АS үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Жиынтық сұраныс дегеніміз не және оның құрауыштары қандай?
Жиынтық сұраныстың бағалық және бағалық емес факторларына не жатады?
Баға деңгейінің тұтынуға, инвестицияға және таза экспортқа әсері қандай?
Жиынтық ұсыныстың классикалық және кейнстік үлгілерінің ерекшеліктері қандай?
Классикалық дихотомия (жұптастық) ұғымы нені білдіреді?
Әлеуетті жалпы ішкі өнім дегеніміз не?
Қысқа мерзімнен ұзақ мерзімдік макроэкономикалық тепе-теңдікке өту қалай сипатталады?
«Тегеріш» (храповик) әсерінің мәні неде?
Сұраныс және ұсыныс сілкіністері қалай орын алады?
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру саясаты қалай жүргізіледі?
Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар:
1. Кестеде жиынтық ұсынысты сипаттайтын мәліметтер берілген:
Баға деңгейі
|
250
|
225
|
200
|
175
|
150
|
125
|
125
|
125
|
Өндірілген нақты ЖҰӨ
|
2000
|
2000
|
1900
|
1700
|
1400
|
1000
|
500
|
0
|
а) Жиынтық ұсыныстың кейнстік кесіндісіне сәйкес баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі қандай деңгейде өзгереді?
б) Жиынтық ұсыныстың классикалық кесіндісіне сәйкес баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі қандай деңгейде өзгереді?
в) Жиынтық ұсыныстың аралық кесіндісіне сәйкес баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі қандай деңгейде өзгереді?
г) Жиынтық ұсыныстың графигін салыңыз.
2. Кестеде экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың параметрлері берілген:
Сұранысы бар ұлттық өнімнің нақты көлемі (млрд. тг.)
|
Баға деңгейі
(бағалар индексі)
|
Сатуға ұсынылған ұлттық өнімнің нақты көлемі (млрд. тг.)
|
100
200
300
400
400
|
300
250
200
150
150
|
400
400
300
200
100
|
Кестенің мәліметтері негізінде «АD - АS» үлгісін құрыңыз және мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:
а) бағаның қандай деңгейінде тепе-теңдік орнайды?
б) өндірудің немесе тұтынудың қандай өзгерістері бағаның 150 және 250 деңгейінде тепе-теңдікке алып келеді? Графиктік сипаттама беріңіз.
3. Берілгендер:
C = 10-5P; I = 20; G = 15; AS = 5+P.
Табу керек:
а) экономикадағы бағаның тепе-теңдік деңгейін және өндірістің тепе-теңдік деңгейін;
б) егер мемлекеттік шығындар 25-ке дейін өссе, онда мұндай жағдайда өндіріс көлемі мен баға деңгейі қалай өзгереді?
в) егер жиынтық ұсыныс AS = 10 тең болса, онда сіздің жауабыңыз а) және б) пункттеріне қалай өзгереді?
4. Кестеде жиынтық ұсынысты және жиынтық сұраныс функциясының үш нұсқасын сипаттайтын мәліметтер берілген. Жиынтық сұраныс пен ұсыныстың қисықтарын салыңыз. Әрбір үш нұсқа үшін ЖҰӨ-нің тепе-теңдік көлемін және бағаның тепе-теңдік деңгейін анықтаңыз.
Бағалар деңгейі
|
Нақты сипаттағы өндірілген ЖҰӨ
|
ЖҰӨ-нің нақты көлемі (шығындар әдісімен есептелген)
|
(1)
|
(2)
|
(3)
|
250
225
200
175
150
125
125
125
100
|
2000
2000
1900
1700
1400
1000
500
0
-
|
1400
1500
1600
1700
1800
1900
-
-
2000
|
1900
2000
2100
2200
2300
2400
-
-
2500
|
400
500
600
700
800
900
-
-
1000
|
4-тақырып. Игіліктер нарығы. Кейнсшілдік макроэкономикалық теорияның негізі
Мақсаты: классикалық және кейнстік теорияларға сәйкес макроэкономикалық тепе-теңдікке жетудің негізгі заңдылықтарын қарастыру. Кейнстің психологиялық заңының мәні тұрғысынан «Кейнс кресі» үлгісіне кеңірек тоқталу. Тұтыну, жинақтау және инвестиция функцияларының графиктерін салу, сонымен қатар мультипликатор теориясының мәнін түсіну. Осы мақсатқа жету үшін тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
Классикалық мектептің негізгі көзқарастары. Классикалық үлгідегі жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік.
Кейнстік төңкеріс. Кейнстік үлгідегі жалпы макроэкономикалық тепе-теңдіктің ерекшеліктері.
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі және ресурстардың толық қамтылуы. Тұтыну және жинақтау функциясы, инвестициялар.
Нақты және жоспарланған шығындар. Кейнс кресі. Өндірістің тепе- теңдік көлеміне жету механизмі.
Автономды шығындар мультипликаторы. Рецессиялық және инфляциялық үзілістер. Акселератор.
Үнемділік оғаштылығы. Кейнс кресі мен AD-AS үлгісінің өзара байланысы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Сэй заңы дегеніміз не?
Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдіктің мәні неде?
Кейнстік төңкеріс қалай орын алды?
Кейнстік үлгінің басты идеялары қандай?
Кейнстің психологиялық заңын қалай түсінуге болады?
«Кейнс кресі» үлгісі макроэкономикалық тепе-теңдік қалай сипатталады?
Тұтыну мен жинақтау функциялары қалай сипатталады?
Тұтыну фунциясының қандай теориялары бар?
Бейімділіктің түрлері қандай?
Инвестициялар дегеніміз не?
Автономды көрсеткіштерге не жатады?
Автономды шығындар мультипликатор қалай есептеледі?
Акселератор қалай есептеледі?
Үнемділік оғаштығы қалай орын алады?
«Кейнс кресі» мен «AD-AS» үлгілерінің арасында қандай байланыс бар?
Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар:
1. Төменде келтірілген мәліметтер бойынша табу керек: тұтыну, тұтынудың орташа бейімділігін, жинақтауға орташа бейімділігін, тұтынудың шекті бейімділігін, жинақтауға шекті бейімділігін, тұтыну және жинақтау графиктерін құрыңдар:
Өндіріс және табыс деңгейі (долл.)
|
240
|
260
|
280
|
300
|
320
|
340
|
360
|
380
|
400
|
Жинақ ақша (долл.)
|
-4
|
0
|
4
|
8
|
12
|
16
|
20
|
24
|
28
|
2. Ұлттық өндірістің тепе-теңдік деңгейі 1200 млрд. теңге. Ал автономды тұтыну – 0. Бұл жағдайда тұтынуға деген шекті бейімділік 0,05-ке өсті. Анықтау керек:
А) өндірістің тепе-теңдік көлемі қалай өзгереді;
Б) жинақтаудың тепе-теңдік деңгейі қалай өзгереді;
В) тұтыну функциясы: С=300+0,75Y. Үкімет 30 млрд. теңге мемлекеттік тапсырысты салықты көбейту арқылы орналастыруды шешті. Тепе-тең ЖҰӨ өзгеріссіз қалу үшін, бюджеттік түсім қандай сомаға көбеюі тиіс.
3. Тұтыну шығындарының тепе-тең көлемі 20000 а.б. және тұтынуға деген шекті бейімділік 0,8. Анықтау керек:
А) инвестициялар көлемін;
Б) мультипликатор көлемін;
В) тұтынуға деген шекті бейімділіктің 0,6-ға дейін төмендеуі тепе-тең ұлттық табысқа қалай әсер етеді?
4. Төмендегі мәліметтерді пайдаланып тұтынуды, тұтынуға деген орташа бейімділікті, тұтынуға деген шекті бейімділікті, жинақтауға деген орташа бейімділікті, жинақтауға деген шекті бейімділікті анықтап, тұтыну мен жинақтаудың сызбаларын құрыңыз.
Өнд. көлемі мен табыс деңгейі, долл.
|
240
|
260
|
280
|
300
|
320
|
340
|
360
|
380
|
400
|
Жинақтау
|
-4
|
0
|
4
|
8
|
12
|
16
|
20
|
24
|
28
|
|
|
|