Культура
Искусство
Языки
Языкознание
Вычислительная техника
Информатика
Финансы
Экономика
Психология
Биология
Сельское хозяйство
Ветеринария
Юриспруденция
Медицина
Право
Физика
Экология
История
Энергетика
Этика
Логика
Религия
Философия
Промышленность
Геология
Социология
Химия
Политология
|
25 орта мектеп Р жалпы білім беретін педагогтарына арналан біліктілікті арттыру курсынан ткен малімдерді І жарты жылды есебі
Балқаш қаласы
Білім бөлім
№25 орта мектеп
ҚР жалпы білім беретін педагогтарына арналған біліктілікті арттыру
курсынан өткен мұғалімдердің І жарты жылдық
есебі
2015-2016 оқу жылы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ№25 орта мектебінде (әрі қарай ММ) Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін педагогтарына арналған біліктілікті арттыру курсынан 4 мұғалім ІІІ деңгейлік курстан өтті.
Сапалыққұрамы:
№
|
Аты-жөні
|
Туған жылы
|
Білімі
|
Педөтілі
|
Санаты
|
Деңгейі
|
Диплом бойынша мамандығы
|
1
|
Сагатбекова Гульмира
Бахытбековна
|
1969
|
Жоғары
|
23
|
бірінші
|
ІІІ
|
Биология және химия оқытушысы
|
2
|
Бакирова
Гульнар
Мейрхановна
|
1968
|
Жоғары
|
19
|
екінші
|
ІІІ
|
1.Бастауыш оқытудың педагогика мен методикасы
2.Ұлттық мектептерде орыс тілі мен әдебиет
|
3
|
Оспанова
Айгул
Кубейсеновна
|
1964
|
Жоғары
|
26
|
бірінші
|
ІІІ
|
Ұлттық мектептерде орыс тілі мен әдебиет
|
4
|
Ботаханова
Мулдир
Естаевна
|
1991
|
Жоғары
|
4
|
-
|
ІІІ
|
Бастауыш оқытудың педагогика мен методикасы
|
ММ тақырыбы:
Білім алушылардың кәсіби қоғамдастығы ретінде жұмыс істейтін мектеп құру.
Тақырыптың өзектілігі:
Мектеп қызметкерлерінің бірлескен кәсіби қарым-қатынасы, материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалану мұғалімдердің еңбекке деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді және оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырады. Білім алушы командалар мұғалімдерге олардың теориялық-тәжірибелік дайындығындағы ақтаңдақтарды жойып, өз білімдерін сыныпта толығымен және ұтымды пайдалануға көмектесу үшін кәсіби дамуды қамтамасыз етеді. Мұғалімдер командада білім алып, жұмыс істегенде ортақ мақсат пен ұжымшылдық сезімі қалыптасады. БКҚ –дағы мұғалімдер өз оқушылары үшін бәрі жауап береді, әр оқушының білім алуына назар аударады.
ММ қызметінің мақсаты:
Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерте отырып, мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
ММ міндеттері:
Мұғалімдердің білім алушы командаларын құру.
Мұғалімдердің оқытудағы АКТ дағдыларын дамыту.
Мұғалімдердің зерттеушілік қызметін жетілдіру.
Мектеп басшылары мен мұғалімдерінің өз жұмысынасыни сараптама жасай алу білік, дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Мұғалімдердің 4 білім алушы командасы құрылады.
Мұғалімдердің 80% «АctbvStudio» қашықтықтан оқыту курсынан өтеді
Тәлімгерлік, іс-әрекетті зерттеу, «Lesson studi»арқылы мұғалімдердің зерттеушілік қызметі жетіледі.
коучинг, тәлімгерлік жұмыстары арқылы мұғалімдердің мониторинг жүргізу, өз қызметіне рефлексия жасау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылының басында магниттік мектептің жоспары талқыланып, мектеп директоры Сыздықова Санура Хамзаевнамен бектілді. Осы жоспарға сәйкес І жартыжылдықта төмендегідей жұмыстар атқарылды:
Іс- шаралар
|
Жауапты
|
Мерзімі
|
Нәтижесі
|
Орындалуы
|
Жоба «Мектептегі қосымша білім беру орталығын құру»
|
Мектеп директоры Сыздықова С.Х.
«Өнер» мектебінің директоры
Бакаева Р.Ж.
|
Қыркүйек
|
Мектеп базасында домбыра, хореография, вокал, дәстүрлі ән, көркемдік, қобыз кластары ашылады
|
+
|
Алқалық басқару органдарыфн құру
|
Мектеп әкімщілігі
|
Қыркүйек
|
Ата-ана, мұғалім, оқушылардың көшбасшылығы дамиды
|
+
|
Мұғалімдердің АКТ дағдыларын жетілдіру бойынша қашықтықтан оқыту курстарына қатысу
|
Директордың ақпараттандыру жұмысы бойынша орынбасары Имашева М.
|
Кесте бойынша жыл бойы
|
Мұғалімдердің 80% «АctbvStudio» қашықтықтан оқыту курсынан өтеді
|
+
|
Білім алушылардың кәсіби қоғамдастығын құру
|
Өзгеріс енгізу тобының мүшелері:
Сагатбекова Г.Б.
Ботаханова М.Е.
Оспанова А.К.
Бакирова Г.М.
|
Қазан
|
4 білім алушы команда құрылады
|
+
|
ІІІ деңгей бойынша оқыған мұғалімдердің сабағына қатысу
|
Мектеп әкімшілігі
|
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
|
Оқытуда инновациялық тісілдерді қолдану тиімділігі айқындалады
|
+
|
Ашық сабақтар өткізуі
|
ІІІ деңгей бойынша оқып шыққан мұғалімдер
|
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
|
Бағдарламаның жеті модулі қолданылады, мұғалімдердің сыни сараптама жасау, рефлексия жасау біліктері қалыптасады. оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады
|
+
|
ІІІ деңгей бойынша оқыған мұғалімдерден білім алатын оқушылардың білім с апасын бақылау
|
Директордың ОІ орынбасары Амирбаева С.С.
|
Тоқсан сайын,
І ж.ж.
|
Салыстырмалы диограмма жасалады, мұғалім жұмысының сапасы анықталады, түзету жұмыстары жүргізіледі, білім сапасы артады
|
+
|
Оқушылардан, ата-аналардан, мұғалімдерден сауалнама алу
|
Директордың ОІ орынбасары Амирбаева С.С.
Директордың ТЖ орынбасары Болсамбекова Р.М.
Психолог Қазыбаева Д.Қ.
|
Қазан
|
Оқыту процесіне байланысты оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің үні ескеріледі, жүргізілетін жұмыстарғы түзетулер енгізіледі.
|
+
|
«Lesson studi» зерттеу сабағын өткізу
|
Ботаханова М.Е.
|
Желтоқсан
|
Мұғалімдердің зерттеушілік дағдылары жетілдіріледі
|
+
|
Коучингтерге өткізу
|
Өзгеріс енгізу тобының мүшелері
|
Қазан
Желтоқсан
|
Деңгейлік курстан өтпеген мұғалімдер сабақта жеті модульді ықпалдастыруды меңгереді, шығармашылық жұмыстармен айналысады
|
+
|
І жартыжылжықта кесте бойынша бекітілген ІІІ деңгей бойынша оқып шыққан мұғалімдер ашық сабақтар өткізді.
Мерзімі
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
сыныбы
|
пән
|
Қыркүйек
|
Оспанова А.К.
|
10
|
Орыс тілі
|
Бакирова Г.М.
|
2
|
Дүниетану
|
Қазан
|
Ботаханова М.Е.
|
4
|
Дүниетану
|
Сагатбекова Г.Б.
|
6А
|
Биология
|
Қараша
|
Оспанова А.К.
|
7
|
Орыс тілі
|
Бакирова Г.М.
|
2
|
Әдебиеттік оқу
|
Желтоқсан
|
Ботаханова М.Е.
|
4
|
Ана тілі
|
Сагатбекова Г.Б.
|
6А
|
Биология
|
Өткізілген ашық сабақтардың рефлексивті есептері.
Оспанова Айгул Кубейсеновна
В І четверти 2015-2016 учебного года в 10 классе я провела открытый урок по теме «Языковой анализ текста. Аспект лексики и фразеологии».
Цель урока:
Знать и понимать аспекты лексики и фразеологии.
Применять полученные знания при языковом анализе текста.
Анализировать роль лексики и фразеологии в развитии богатства языка.
Критерии успеха: парная работа, совместное решение проблем, творческий подход, соблюдение критериев оценивания и правил работы в группе.
Ключевые идеи: критическое мышление, диалоговое обучение, возрастные особенности, ИКТ, оценивания обучения, оценивание для обучения, новые подходы в обучении,
Ожидаемые результаты: все знают и понимают разделы лексики русского языка, большинство могут делать языковой анализ текста, некоторые способны анализировать роль лексики и фразеологии в обогащении языка.
Урок начался с психологического настроя и объединения в группы. Каждая группа использовала выработанные на предыдущих уроках критерии оценивания постеров и правила работы в группе. Актуализацией пройденного была подготовка учениками постеров по лексике и фразеологии. Ученики в группе обобщили свои знания по теме. Каждая группа оценивала работу по критериям. На этапе повторения ученики использовали стратегию кластер, таблицу по систематизации своих знаний. На этапе открытия новых знаний было задание по языковому анализу текста по вопросам. Вначале была проведена парная работа, затем ученики работали в группе. Спикеры групп выходили на защиту презентаций своих работ. На этапе закрепления знаний были использованы уровневые задания по нахождению соответствий фразеологических оборотов, то есть ученики должны были сделать вывод о том, что фразеологические обороты могут быть антонимами, по созданию синонимических рядов, работа над значением омонимов. Была проведена поэтическая минутка, что способствовала развитию речи. Тексты стихотворений содержали синонимы, антонимы, омонимы. Этап рефлексии был проведён по стратегии «Знаю. Хочу узнать. Узнал». Каждый этап урока сопровождался формативным оцениванием.
Фотоматериалы по уроку в 10 классе по теме «Языковой анализ текста. Аспект лексики и фразеологии»
Во ІІ четверти по русскому языку в 7 классе был проведён открытый урок по теме «Образование местоимений».
Цель урока:
1.Знать и понимать основные способы образования местоимений.
2.Применять полученные знания при образовании местоимений.
3.Анализировать роль и значение местоимений в речи.
Критерии успеха: парная работа, совместное решение проблем, творческий подход, соблюдение критериев оценивания и правил работы в группе.
Ключевые идеи: критическое мышление, диалоговое обучение, возрастные особенности, ИКТ, оценивания обучения, оценивание для обучения, новые подходы в обучении,
Ожидаемые результаты: все знают и понимают основные способы образования местоимений,большинство могут образовывать местоимения,
некоторые способны анализировать роль и значение местоимений в речи
В начале урока был проведен психологический настрой, который был нацелен на понимание смыслового значения фразеологических оборотов, употребляемых в разговорной речи. Ученики объединились в группы по теме «Бытовые приборы». Лидерам групп были даны оценочные листы, в которых они должны оценивать каждого ученика в группе по балам на каждом этапе урока. В конце урока эти балы суммируются и выставляется оценка каждому ученику за работу на уроке. Проведена проверка домашнего задания и лидеры групп выставили балы в оценочных листах. Для открытия новых знаний группам были предложения карточки с предложениями, в которых были выделены значимые части неопределённых местоимений. Ученики сами должны были сделать вывод о том, как они образованы. Каждая группа самостоятельно добывала знания и оформила постеры, используя стратегии кластер и диаграмма Вена. Спикеры групп успешно защитили свои презентации. На этапе закрепления полученных знаний ученики выполнили упражнения по учебнику. Была проведена физминутка. На этапе рефлексии ученики по стратегии «Знаю. Хочу узнать. Узнал» смогли подвести итоги своей работы. Оценивание было проведено по оценочным листам, где каждый ученик получал балы за свою работу в течении всего урока. На каждом этапе урока шло формативное оценивание по статегиям «Большой палец», «Кулак-ладонь», «Смайлики»
Фотоматериалы по уроку в 7 классе по теме
«Правописание местоимений»
Сагатбекова Гульмира Бахытбековна
2015-2016 оқу жылынның І тоқсанында 6А сыныбындабиология пәні бойынша «Жасушаның тірілік әрекеттері. №4 зертханалық жұмыс: Жапырақ өңінің дайын микропрепараты мен пияз өңінен микропрепарат жасап өсімдік жасушасының құрылысын зерттеп білу » тақырыбындағы сабақты мектепішілік ашақ сабақ түрінде өткіздім. Сабағымда әдіс-тәсілдердің тиімді және табысты кіріктірілуіне ерекше мән беріп, «Блум таксономиясы» бойынша жасақтадым.
Сабақтың мақсаты: Жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, жасуша жайлы білімдерін тереңдете түсу, зертханалық жұмыс арқылы өсімдік жасушасының құрылысымен танысу, өз бетімен, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптасытыр
Міндеттері:
- өсімдіктің жасушасы туралы білу
- жасуша органойдтары жайлы білу
- топтасып, жұптасып, жұмыс істеуге төселдіру
- бір-бірлерін сөзін бөлмеу
- пікірін тыңдау.
Күтілетін нәтиже: жасушаның құрылысын және тіршілік әрекеттерін біледі, жасуша органойтарын ажырата алады
Негізгі идеялар: топта, жұпта бірлесіп жұмыс жасай отырып, зертханалық жұмыс орындай отырып жасуша құрылысын меңгеру.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер; Оқыту мен оқудағы бағалау; Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту; Сыни тұрғыдан ойлау; Блум таксономиясы; Оқытуды басқару және көшбасшылық; АКТ-ны пайдалану.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Шаттық шеңбері. Топқа бөлу; формативті бағалау; «Сәйкестікті тап»; «Ой қозғау»; баяндау; «Зертханалық жұмыс» Сергіту сәті, Рефлексия.-мен білдім...-мен үйрендім ...-маған ұнады....-менің көңіл-күйім.
Сабақ ұйымдастыру кезенінен басталды. Ұйымдастыру жинақы өтті. Білім алушылар топқа бөлінді.
Білу сатысында білім алушылар үйге берілген тапсырманы сұрақ – жауап және «сәйкестікті тап» кестесі тапсырмасын орындап сұралды. Сұрақтар мен кесте интербелсенді тақтада флипчарт түрінде орындалды. Сұрақтар мен кестенің жауабы жасырын берілді. Бұл оқушылардың қызығушылығын оятты. Оқушылардың жауаптары формативті бағаланып отырды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай берілді. Сабақтың басында Жігер, Алтынай, Ануар белсенділік танытпады. Өте белсенді болған оқушылар Камила, Диана, Жансая, Аружан, Салтанат.
Түсіну сатысында жаңа сабақтың тақырыбы сөзжұмбақ арқылы ашылды. Ашылған тақырыпқа әр топ оқушылары мақсат қойды. Содан кейін мұғалім баяндады. Жаңа сабақты баяндау кезінде мұғалім оқушылармен диалогқа түсті. Баяндау презентация түрінде көрсетілді. Соңынан «Сергіту сәті» болды.
Талдау, қолдану сатысы жаңа сабақты бекіту кезеңінде қолданылды. Бұл кезеңде зертханалық жұмыс орындалды. Зертханалық жұмыс жұппен орындалды. Оқушылар пияз өңінен микропрепаратты өздері дайындады. Жұмыс барысында микроскоппен жұмыс істеу ережесі қайталанды. Сабақтың басында белсенділік танытпай отырған оқушылар Алтынай мен Ануар микроскоппен жұмыс істеу ережесін айтып берсе, Жігер микроскоппен жұмыс істегенде жасушаларды тауып бере алды.
Жинақтау сатысында оқушылар сабаққа рефлексия жасады. Рефлексияда: мен білдім..., мен үйрендім ..., маған ұнады ..., менің көңіл күйім (смайлик суреті) арқылы ойларын жинақтады.
Бағалау сатысында бағалау парағының қорытындысы бойынша, топтағы жұмыста, жұптағы жұмыста және жеке жұмыста белсенділіктері ескеріле отырып жиынтық баға журналға қойылды. Бағалау парағына әр топ жетекшісі: үй жұмысына 1 балл, «сәйкестікті тап» тапсырмасына әр дұрыс жауапқа 1 балл барлығы 7 балл, зертханалық жұмысқа 2 балдан қойып отырды. Соңында 9-10 балл жинаған оқушы «5», 7-8 балл жинаған оқушы «4», 4-6 балл жинаған білім алушы «3» деген бағамен бағаланды.
6 сыныпта өткен «Жасушаның тірілік әрекеттері. №4 зертханалық жұмыс: Жапырақ өңінің дайын микропрепараты мен пияз өңінен микропрепарат жасап өсімдік жасушасының құрылысын зерттеп білу » тақырыбы бойынша өткен сабақтың көріністері
2015 жылдың қаңтар айынан бастап мектеп басшымыз ҚР жалпы білім беретін ұйым басшыларының біліктілік арттыру курсын өтіп жатыр. Осының аясында мектебімізде шығармашылық қоғамдастық құрылды. 2015 жылдың 23 қыркүйегінде ҚР жалпы білім беретін ұйым басшыларының біліктілік арттыру курсын тренері біздің қаламызға келді. ЖББ № 24 мектепе осы ұжымның ұйымдастырылуымен «Білім берудің инновациялық стратегияся – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» атты семинар өтті. Бағдарламада «Ашық сабақтар», «Тәжірибе алаңы», «Талатты және дарынды балалармен жұмыс», «Рефлексия» болды. Семинар І,ІІ,ІІІ деңгей бағдарламаларын меңгерген мұғалімдердің қатысуымен жүргізілді. Семинарда біз тек қана тыңдаушы емес , оның қатысушысы да болдық. Ол біздің «Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру» коучингісіне қатысуымызбен дәлелдеуге болады.
Өз мектебімізде де «Топтық жұмысты қалай тиімді ұйымдастыруға болады» коучингі өтті. Осы коучинг-сессияларды өткізудегі мақсатымыз өз тәжірибемдізді жетілдіру және жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс түрлерімен таныса отырып, интербелсенді оқыту әдісін мұғалімдерге тарату.
Қорыта келгенде еліміздің білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден бір себебі - осы сындарлы оқыту теориясы деуге болады. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте зор. Бағдарлама нәтижесінде - тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен еркін тіл табысатын, сандық технологияларда құзыреттілігін көрсететін оқушылар дайындалады
Қысқа мерзімді сабақ жоспарының рефлексивтік есебі
Бакирова Гульнара Мейрхановна
Сабағымда қысқа мерзімдік жоспар жасау барысында, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін қандай жұмыс түрін пайдаланатынымды ойластырдым және 7 модульді кіріктіруге негіздедім.
Негізгі мақсатым: тақырыптың мән-мағынасын ашу. Сөздік қоры артып, күнделікті сөйлеу жүйесінде қолдандыра білуге үйрету. Оқушылардың қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту.Нәтижесінде өз ойларын жеткізе біледі, бағалайды, мәтінмен жұмыс жасайды, оқиғаға өзіндік баға береді. Топта жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады.
Сабағымның басында оқушылардың қызығушылықтарың ояту ,түрлі ой тастау, психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Жылы сөздер» тренингін өткіздім. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіре отыра осы күнге сәттілік тіледі.
Сынып 3 топқа бөлінді.
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты әріқарай диалог арқылы жүргіздім.
Сұрақтың түрткі болу, сынақтан өткізү, қайта бағыттау түрлерін пайдалана отырып, оқушылар өткен сабақты еске түсірді, ол үшін мен
«Қобдишадағы сұрақтар» жаттығуын өткіздім.
ҚР-ның мемлекеттік тілі?
ҚР Тіл туралы Заңы қашан қабылданды?
Қазақ тілін басқаша қалай атауға болады?
Адам тілітасжарады,......................................(тасжармаса бас жарады.)
Туған тілім өлеңін жатқа айт.
Жаңа сабаққа кіріспе ретінде
Ойқозғауребусшештік
, ,, ,, ,
-Олай болса,Ө.Тұрманжанов атамыздың «Туған өлкем»өлеңімен танысамыз.
Мағынаны тану.
Біле жүргейсің!
Автор туралы түсінікті оқушылар алдын ала дайындаған тақырыпты презентация арқылы жеткізді.
Ө.Тұрманжанов 1905 жылът 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді.
Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі,ақын,аудармашы болған.
"Қазақ әдебиеті", "Әдебиет майданы", "Жүлдыз" газет-журналдары бас редакторларының орынбасары, бас редакторы болады.
Тұнғыш жинағы "Таң өлендері" (1925ж.) Мәскеуден шықты. 1937 жылы - "Қошан кедей", 1929 жылы - "Таң сыры" т.б. 40-тан аса кітаптың авторы
Қызығушылықтарын ояту және жаңа сабақтың мазмұның айқындау мақсатында слайд «Туған өлкем» үзінді көрсеттім, қарап болғаннан кейін әңгімелесу арқылы фильм туралы пікірлерін тындадым. сабақтың тақырыбы мен мақсатын өз беттерінше анықтауды ұсындым. Сабақтың тақырыбын қиындықсыз айта білді де, мақсатың менің сұрақтарымның көмегімен кідірінкіреп барып айтты, бұрын соңды сабақта мақсатты өзім айтатынмын, оқушылар сыни ойлауға бейім екенін көрсетті және де мақсат қоя білу, қорытындылауға үйренді. Оқушылар туған жер туралы өз ойларын айтты, топтарға үлестірме ресурстарға жазылған сұрақтар таратылды, сол бойынша 1 және 2 топ арасында пікір-талас әңгіме жүргізілді, ал 3- топ «Кімнің мекені жақсы» әңгімеден шағын қойылым көрсетті. Осы кезде оқушылар бір-бірімен сөйлесіп,топ болып ақылдасып,ұтқыр шешімдер айту арқылы диалогқа түсті. Балаларды диалогпен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатының дәлеледейтін зерттеулерде көбейе түседі деген теорияны негізге ала отырып, тапсырмаларды орындау барысында оқушылар әңгіме дебатқа түсті. Бұл жұмыс түрі оқушылар өздері жасақтаған критерийлер бойынша бағаланды, дайын үлестірме қағазға: 1) қатысымы; 2) өз ойың айта білуі 3) тәртібі, деген критерийлер жазып, өзін-өзі бағалады. Осы тапсырмадан кейін оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастырдым (Балапан биі)
Кері байланыс қамтамасыз ету мақсатында оқушыларға кластер стратегиясы бойынша, таныстырылым дайындау берілді.Топтағы жұмыста балалар бір-біріне көмектесіп, керек кезде қателерін өзгертіп жатты, кейін таныстырылымды әр топтан бір оқушы шығып, қорғады. Бұрын сабаққа араласпайтын Толғанай сурет салуда дарындылық танытты. Топтық жұмыстар кезінде оқушылардың сыни ойлары дами түсті, бірігіп жасалынған жұмыста олар өз беттерінше талдау жасады, бірін-бірі бағалады. Өз жұмыстарың сынып алдында қорғауға алып шыққанда өздерін еркін, көңілді сезінді. Сабақ соңында мен критериалдық бағаларын жинап алып жиынтық баға қойдым.
Қорытындыда оқушыларға шығармашылық тапсырма берілді:
1-топ: Туған жер туралы өлең шығару
2-топ: Табиғат бейнесін бейнелеу
3-топ:Туған жер туралы мақал- мәтелдер жазу
Осы сабақта оқушылар белсенділік танытты, оларға берілген тапсырманы орындау түрлері ұнағандығын мен сабақты қорытындылағанда кері байланыс парақтарын талдағанда көрдім: «Маған бүгінгі сабақ өте ұнады, мен топта жұмыс барысында бірлесіп жасағанда білмейтін жерлерімді басқалардың көмегімен білдім», дейді Аян, ал Жібек: « Топта жұмыс жасауға үйрендім», деп жазыпты, бұл оқушы алдыңғы сабақтарда бірлесіп оқудан бас тартып, бірақ басқалардың бірлескен жұмыстарына қызыға қарайтың. Оқушыларға өзімнің сабақ туралы ойымды айтып, оларға алғысымды білдірдім.
Сабақта жағымды ахуал қалыптасты, өздерін еркін ұстады, өз ойларын ұялмай айтты, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болды. Сабақта мақсатыма жеттім, оқушылар анализ жасауға, мақсат қоя білуге, қорытындылауға бейімделді. Тақырып бойынша өз білімдерін толықтырды, өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыланды, бірін-бірі және өзін бақылауға үйренді. Оқушыларымның жетістіктері мені қуантты:
-оқушылардың білім денгейлері көтерілді;
-оқушылар өз беттерінше ізденді.
«Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ
4Б сынбының әдебиеттік оқу пәнінен бір сабаққа рефлексивті есебі
Сабақ жоспарларын құру барысында бағдарламадағы жеті модульді өзара ықпалдастыра отырып, "Блум таксономиясына" негіздедім.
Оқушыларымның қалай білім алғандығы жайлы,тізбектелген сабақтар топтасында жоспарланғанБ.Момышұлының "Егіншілік дәстүрі"әңгімесі бойынша өткізілген сабаққа тоқталсақ. Осы сабаққа қойған мақсатым: еңбекке деген көзқарасын қалыптастыру арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Адам өміріндегі еңбектің маңыздылығын анықтау. Өзі байқаған, көрген іс-әрекет, оқиғалар бойынша ойын түйіндеуге үйрету. Әңгіменің негізгі идеясын ашып, адам еңбегін бағалауға үйрету.
Бұл сабақтан күтілетін нәтиже: Адам өміріндегі еңбектің маңыздылығын түсінеді. Әңгіменің негізгі идеясын ашуға үйренеді. Оқиға бойынша өзіне түйгенін айта алады. Сөйлеу дағдылары қалыптастырып, өз ойларын анық жеткізе алады. Болжамдарын айтып, қорытынды жасауға дағдыланады.
Сабағымда оқушылардың оқудағы әлеуметтік, когнитивттік, эмоционалдық кедергілерін жою мақсатында сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, тұлғааралық байланысты орнату үшін сабағымды шаттық шеңберімен бастадым.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңіндебалаларға сынып ішінде еркін жүру керектігін айтып, бір-біріне деген жақсы лебіздерін айтуларын ұсындым.(1-сурет) Осыдан кейін оқушылар бір-бірімен еркін сөйлесіп, мақтап-мадақтап тілектер айта бастады. Бұл олардың бір-біріне деген сыйластықтарын жеткізіп, өзінің бойындағы еркіндігін сезініп, сынып ішінде өз орны барын түсінуіне ықпал етті.
Сынып білім алушыларына қағаздарды алуды ұсындым. Қағаздағы жазылған дақылдардың аттарына қарай топқа бөлінулерін сұрадым. Оқушылар өз орындарына отырды.
Осыдан кейін оқушылардан үй тапсырмасын қаншалықты меңгергенін, білу деңгейін анықтау мақсатымен "1 сұрақ, 1 жауап" әдісін қолдандым.(2-сурет)Бұл жерде оқушыларға үйде оқып келген тақырып бойынша 1 сұрақ жазып, оған 1 жауап жазуларын ұсындым. Оқушылардың сыныптағы тақырыпты түсінуінде қол жеткізген жетістіктері мен өздері қойған сұрақтарының сұрақ қоюдың қай дәрежесінде болатынын байқағым келді. Осы ретте топ ішінде жазылған сұрақтарын келесі топқа беріп, сұрақтарды іріктеуі мен ішіндегі өздерін қызықтырған ерекше сұрақты таңдауын ұсындым.Бұл әдіс арқылы оқушылар сұрақ қою арқылы өзара бір-бірін үйретті, сұрақ қою дағдыларын қалыптастырды. Оқушылар іріктеген сұрақты неге қызықтырғанын А. деген оқушы "Бізге Қ. деген оқушының сұрағы ұнады, оның "Дақылдардың басқа қандай түрін білесіңдер?"деген сұрағына, жауабы кітапта жоқ болғандықтан, оны өз білетіндерімізді еске түсіру арқылы жауап беруге тырыстық"деді.
Сабақта оқушылардың оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керектігін ескеріп, олардың өздігінен болжамдар жасап, сұрақтар құрастырып, бір-біріне кеңес берулерін дамыту керек деп ескердім. Оқушылардың жаңа тақырыпты өздері ашу үшін назарларын интербелсенді тақтаға аударуын ұсындым. Оқушылардың алған ақпартты сақтауының орташа пайызында көрсетілген аудио-визуалды 20% қабылдауын ескере отырып, оқушыларға зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында "Ой қозғау" әдісінде алдарына интербелсенді тақтадан "Егіс алқабында егін жинау" тақырыбында видео қойылым көрсеттім. (3-сурет)Оқушыларға бейнежазбаданқандай көріністі көргендеріңізді есте сақтаңыздар деген мақсат қойдым. Бейнежазба көргеннен кейін, олардың нені түсінгендігі жайлы білу үшін, оқушыларға түрткі сұрақтар қойдым. "Бейнежазбадан қандай көріністі көрдіңзідер?"деген сұрағыма, оқушылар: "Егін алқабы", "Егін орып жатыр", "Бидайды орып жатыр"деген алғашқы түсініктерін білдірді. Осы ретте анағұрлым толық жауап алу мақсатында қайтадан сынақтан өткізу сұрақтарын қойдым. "Неге олай ойлайсың?", "Мысал келтіре аласыңдар ма?" деген сұрақтарға оқушылар, өз берген жауаптарын дәлелдей бастады. А. деген оқушы:"Себебі, күзде егін піседі", А. деген оқушы: "Күзде жануарлар қысқы азығын жинайды.", Д. деген оқушы. "Айнала сап-сары, бұл күз мезгілінде ғана болады"деп жауап бере бастады. С деңгейіндегі оқушылар топта отырғанда топ ішінен суырылып шығып, сұраққа жауап беруге ұмтылды.
Бүгінгі сабақта не жайында әңгімелесеміз деп ойлайсыңдар?деген түрткі сұрақ қойдым. Оқушылар "Егін жинау", "Егінді өсіру ", "Бақшадағы еңбек"деген жауаптарын берді. Бірақ жауаптары бір сарынды.Қайта бағыттау сұрақтарын қойғанда оқушылардың ойы өзгеріп, А. деген оқушы: " Бейнежазбадан егінді жинап жатқанын көрдік." , Д. деген оқушы: "Күздегі еңбектің бірі егін жинау болғандықтан" деген жауаптары бейнежазбада көрген көрініспенсабақтың тақырыбын байланыстырып айтты.
Түсіну деңгейін қалыптастыру мен топтың барлық мүшелері сабаққа қатыстырылып, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, әңгіменің мағынасын талдауға үйрету мақсатында"Егін жинау", "Бақшадағы еңбек" тақырыптарында "Визуалды айғақтар" әдіс-тәсілін қолдандым. (4-сурет) Визуалды айғақтарды талдай отырып, оқушылардың ынтымақтастықта жұмыс жасағанын, визуалды айғақтарды, сұрақ қойып, өз білетін мәліметтерін ұсынып, талдағанын байқадым. Топпен қорғау барысында З. деген оқушы "Ата-аналар балаларына еңбек ету жолын үйретіп жатыр", Д. деген оқушы "Бұлар қысқы азығын дайындап жатыр", А. деген оқушы "Адамның еңбегін бағалау керек",деген жауаптар берді. Топппен жұмыс істеу барысында С деңгейіндегі оқушылардың тапсырмаларды орындауда білу, түсіну деңгейінде қалмай, логикалық қорытынды жасауға тырысқаны байқалды. Топ ішінде әлі де өзін ашуға, топ алдында ойын ашып айтуға ұяңдық танытатын оқушылар бар. Себебі, менің сабағымның бойында, топтық жұмыс барысында С деңгейіндегі оқушылар А деңгейіндегі оқушылардың іс-әрекетін бақылап отырып, өздері де, сол әрекетті істеуге талпынғанын аңғардым.
Видеодан көрген көріністі талдауүстінде
3-сурет
"1 сұрақ, 1 жауап" әдісінде оқушылар сұрақ жазу үстінде
2-сурет
Жақсы сөз,
жан жылуы
1-сурет Блум таксономиясы бойынша әңгімені талдау дәрежесін қалыптастыру үшін, оқушыларға "Жұптас-ойлан-бөліс"әдісін қолданып "Егіншілік дәстүрі" әңгімесін бір-біріне түсіндіруін ұсындым. Топ ішінде талқылауда, тілдің әңгімені талдаудағы негізгі құрал екенін ескере отырып, бір-біріне түсіндіруіне жол аштым.Осы сәтте оқушылар топ ішінде жұпқа бөлініп, берілген мәтінді жұбымен оқи отырып сұрақ қоя талқылады. Бұл жерде ұтымды болғаны, оқушылардың бір-біріне түсіндіруі жүзеге асты. Сондықтан тақырыпқа қатысты тапсырмалар жүйесін диалог түрінде оқытуға, жұптық, топтық әңгімелесуге негіздесе, оқушылар өзара іс-қимылға тартылып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.Одан кейін қайтадан өз топтарына жұптық талқылау барысындаталдаған ақпараттарымен бөлісуін сұрадым. Оқушылардың бір-біріне түсіндіру қабілеттерін арттырумен қатар, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттырып, сабақ барысындағы іскер қарым-қатынасы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыратыны анық.Осы түсінгендерін білу мақсатында топтардың бір-біріне сұрақ қоюларын ұсындым. "Егінді немен орған?", "Жел шақыру үшін балалар не істеді?", "Егінді қалай жинайды?", "Бұл еңбек неге ортақ?" деген сұрақтарды топ ара бір-біріне қойды.
Бұл сұраққа жауап беруінен әңгімені дұрыс талқылай алғандарын аңғардым. Бағдарламаның ұстанатын идеясы да сол, яғни оқушының пәнді түсініп қана қоймай, алған білімдерін шынайы өмірде қолдана алуы.
Одан әрі сабағымда оқушылардың оқудағы эмоционалдық кедергілерін жою мақсатында, сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушыларға жас ерекшелігіне сай көңілді әуенге билеп, бойларын сергітіп алуды ұсындым. Оқушылар әуенмен бірге биледі. Бастауыш сынып оқушылар болғандықтан, олардың көңіл күйлерінің көтерілгені күлімдеген көздерінен көрінді.
Келесі кезеңде оқушылардың алған ақпаратарына сүйене отырып, өздерінің ойын жинақтап, өзіне қандай ұтымды ой түйгенін білу мақсатында интербелсенді тақтадан бидайдың суретін көрсетіп, осы бидайды жинауға қатысты бүгінгі "Егіншілік дәстүрі" тақырыбынан өздеріңізге қандай ой түйгендеріңізді жазыңыздар деп,оқушыларға әңгіме арқылы алған біліміне ақпараттық талдау жасауын ұсындым.
«Визуалды айғақтарды қорғау «Кері байланыс жасауда»
үстінде» 4- сурет 5- сурет
Оқушылардың алған біліміне талдау жасау үшін ойланып мынадай жауаптар берді: А. деген оқушы "Бидайды: егеді, суарады, баптайды, жинайды, бастырады", А. деген оқушы: "Жинау, бастыру, дән тазалау, қамбаға салу", Н. деген оқушы: "Жинайды,дән тазалайды, бастырады, екшеу, әдемі дәстүр" деп топта талқылағандары бойынша жауап берсе, С. деген оқушы ешқандай оқушының жауабын қайталамай"Жеміс ортақ, бір-бірінің қолын қақпайды, бастырады, тазалайды, екшейді", Н. деген оқушы: "Күзгі еңбек, егін жинаудың дәстүрі, қолың қақпайды, көмектеседі, жеміс ортақ" деп өз ойларын жеткізді. Оқушылардың сабақтан алған әсерлері мен қорытынды пікірлерін білу мақсатында кері байланыс жасауларын ұсындым.(5-сурет)
Оқушыларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін мынандай сұрақтар төңірегінде ойланып жазуларын бағыттадым."Не ұнады?", "Не ұнамады?", "Не қиын болды?", "Тілек"."Не ұнады?" дегенге Д. деген оқушы "Маған сабақта әңгімені тобымдағы жұбыма түсіндірген ұнады", А. деген оқушы "Маған топта отырып жұмыс істеген ұнады", Т. " Маған билеген ұнады" деп осы сынды ұнатқандарын жазса, басым көпшілігі "Жұптас-ойлан-бөліс" әдісінің ұнағанын жеткізіпті. "Не ұнамады?" дегенге Е. деген оқушы "Әңгімеде жазылған, балалардың жел тұрғызу үшін ысқырғаны ұнамады",-деп мәтіннен алған әсерін жазыпты."Не қиын болды?" дегенге А. деген оқушының "Мен өз ойымды айтуға ұяламын",-деген жауабынан, осыоқушымен әлі де топта ашылу үшін, топтық, жұптық тапсырмалар барысында жұмыс жасауын қадағалау керек деп түйдім.Бұл кері байланыс арқылы мен оқушының сабақтан алған әсері мен тақырыпты түсінуде ненің қиындық келтіргенін және де, сабақтағы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерінің тиімді жақтарын аңғардым.Жекелеген оқушылардың қажеттілігін білу үшін кері байланысты жасауда бұл стратегияны қолдануым, менің келесі сабақты жоспарлауыма оң ықпалын тигізді.Сабақтың соңында, топ ішіндегі бағалаушыларға сөз берілді. Бағалау үшін табыс критерийлерінің "Сұрақты дұрыс құра білуі". "Күзгі еңбекті анықтай алуы". "Әңгіменің негізгі идеясын түсініп, жұбына түсіндіре алуы". "Оқығаны бойынша ойын түйіндеуі" өлшемдерін басшылыққа ала отырып, ұпай сандарын айтып шықты. Қойылған табыс критерийлеріне оқушылар келісіп қана қойған жоқ,келесі жолдары жоғары нәтижеге жету үшін қандай кемшіліктерін жою керектігін түсінді." Үйге мәтіннің мазмұнын әңгімелеп келуге бердім.
Бұл сабағымды қорыта келсем келешекте жұптық, топтық жұмыстарда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы мен талқылауын дамытуымды көздеймін. Оқушыларға нақты ақпарат емес, терең ойланатын тапсырмалар беру, тиімді сұрақ қою маңызды деп пайымдаймын.
Орындаған: Ботаханова М.Е
«Қоңырат кенті Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ
Тақырыбы: «Егіншілік дәстүрі»
Өткізген: Ботаханова М.Е 3 (базалық) деңгей
4Б сынып жетекшісі
2015-2016 оқу жылы
Бастауыш сынып мұғалімі Ботаханова Мөлдір Естаевнаның
2015-2016 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша рефлексивті есебі.
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі- үлкен көрегендіктің белгісі. Осы мақсатта қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық тәжірбиесін арттыру мен жетілдіру арналған жаңа бағдарлама ұсынылып, 2015жылы өз білімімді жетілдіру барысында 3 (базалық) деңгейлік курсын оқыдым. Осы бағдарлама аясында қыркүйек айынан бастап 4Б сынып білім алушыларының сабақ жоспарлары жаңа білім беру жүйесімен өткізіліп, үлкен дәрежеде алға жылжу қарқыны орын алып келеді. Сабақ жоспарларын құру барысында бағдарламадағы жеті модульді өзара ықпалдастыра отырып, "Блум таксономиясына" негіздедім. І жартыжылдық есебім бойынша ақпан айының 15-і күні Б.Момышұлының "Егіншілік дәстүрі" тақырыбында ашық сабақ бердім. Осы сабаққа қойған мақсатым: еңбекке деген көзқарасын қалыптастыру арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Адам өміріндегі еңбектің маңыздылығын анықтау. Өзі байқаған, көрген іс-әрекет, оқиғалар бойынша ойын түйіндеуге үйрету. Әңгіменің негізгі идеясын ашып, адам еңбегін бағалауға үйрету.
Қолданылған модульдер: - Оқудағы мен оқытудағы жаңа тәсілдер
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
-Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.
Стратегиялар: - «Жүректен - жүрекке»
- «1 сұрақ,1 жауап»
- «Ой қозғау», (видео көрсетілім)
- «Топтық жұмыс», «Визуалды айғақтар»,
- «ДЖИГСО»
- «1 сурет, 5 сөз»
- «Не ұнады? Не ұнамады? Не қиын болды? Тілек»
Сабағымда оқушылардың оқудағы әлеуметтік, когнитивттік, эмоционалдық кедергілерін жою мақсатында сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, тұлғааралық байланысты орнату үшін сабағымды шаттық шеңберімен бастадым.
Бұл сабақтан күтілетін нәтиже: Адам өміріндегі еңбектің маңыздылығын түсінеді. Әңгіменің негізгі идеясын ашуға үйренеді. Оқиға бойынша өзіне түйгенін айта алады. Сөйлеу дағдылары қалыптастырып, өз ойларын анық жеткізе алады. Болжамдарын айтып, қорытынды жасауға дағдыланады.
Видеодан көрген көріністі талдауүстінде
3-сурет
"1 сұрақ, 1 жауап" әдісінде оқушылар сұрақ жазу үстінде
2-сурет
Жақсы сөз,
жан жылуы
1-сурет Бағдарлама аясында алған білімімді тек сабақ үрдісінде ғана емес, тәрбие сағаттары арқылы да білім алушыларға дарыту мақсатында ақпан айының 31-і күні «Менің отбасым» тақырыбында ашық тәрбие сағатын жүргіздім. Сабақта тіл қаншалықты қолданылса, оның тереңінен дамуы да соншалық ты жүреді деген мақсатпен бұл тәрбие сағатында оқушылардың сөйлеу дағдаларын жетілдіру, арттыру көзделді.
Желтоқсан айының 25-і күнінен өз сыныбымда Lesson study жүргізу алға қойылды. Бұл білім алушылардың жаңа бағдарлама идеясы бойынша қаншалықты алға жылжып, жоғарғы деңгейге жетуіне көмектесіп, білім алушылар арасында А,В,С деңгейіндегі балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға көп септігін тигізді.
Пайдаланған әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2012 жыл
Биология және салауаттану ғылыми-әдістемелік журналдары, 2014 №,4, 6, 2015ж№, 3
Интернет желісі:http://45minut.kz.
|
|
|