Главная страница
Культура
Искусство
Языки
Языкознание
Вычислительная техника
Информатика
Финансы
Экономика
Биология
Сельское хозяйство
Психология
Ветеринария
Медицина
Юриспруденция
Право
Физика
История
Экология
Промышленность
Энергетика
Этика
Связь
Автоматика
Математика
Электротехника
Философия
Религия
Логика
Химия
Социология
Политология
Геология

Оқу-әдістемелік кешен, макро, 2013-2014. 2. Пн бойынша глоссарий жне пнні ымды аппаратымен жмыс бойынша жалпы дістемелік нсаулар



Скачать 1.42 Mb.
Название 2. Пн бойынша глоссарий жне пнні ымды аппаратымен жмыс бойынша жалпы дістемелік нсаулар
Анкор Оқу-әдістемелік кешен, макро, 2013-2014.doc
Дата 12.04.2017
Размер 1.42 Mb.
Формат файла doc
Имя файла Оқу-әдістемелік кешен, макро, 2013-2014.doc
Тип Документы
#358
страница 19 из 20
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

2-тақырып. Ұлттық есеп-шоттар жүйесі. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер


2-сағат
Мақсаты: ұлттық табыс пен ұлттық табыс көрсеткіштерін толық меңгеріп тақырыпты бекіту үшін ұсынылған әдебиеттерді оқып төмендегідей және басқа да тапсырмаларды орындау.

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Ұлттық-есеп шоттар жүйесінің даму тарихы;

  • Көлеңкелі экономика және ЖҰӨ көрсеткіші;

  • Қазақстанның ұлттық байлық динамикасы және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту жолдары;

  • Қазақстан экономикасының даму нәтижесін сипаттайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге талдау жасау және бағалау;

  • Қазақстанның ұлттық өндіріс деңгейі және ЖІӨ құрылымы;

  • Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың негізгі белгілері.

  1. 4. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):

  • Макроэкономикадағы шеңбер айналым үлгісі және оның түрлері. «Жылыстау» (утечки) және «қуат беру» (иньекции);

  • Макроэкономикалық теңдестіктер және олардың түрлері;

  • ЖҰӨ-ді есептеудің күрделілігі. Халықтың әл-ауқатын бағалау мәселелері;

  • Ұлттық байлық және таза экономикалық әл-ауқат.


4-тақырып. Экономикадағы жалпы тепе-теңдік.

Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың базалық үлгісі

2-сағат
Мақсаты: «AD-AS» үлгісінің толық мәнін толық меңгеру үшін ұсынылатын әдебиет көздерін игеру, сондай-ақ, төмендегідей және басқа да тапсырмаларды орындау.

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Қазақстанда соңғы жылдары жиынтық сұраныстың өзгеру динамика-сына және оның құрауыштарына талдау жасау;

  • «Тегеріш» әсерінің тәжірибелік маңызы.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):

  • Сұраныс және ұсыныс сілкіністері, олардың пайда болу себептері. Тұрақтандыру саясаты.


4-тақырып. Игіліктер нарығы. Кейнсшілдік макроэкономикалық теорияның негізі
Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын ұсынылатын әдебиет көздерінен оқып толықтай меңгеру және төмендегі тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты бекіту.

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Макроэкономикадағы тұтыну функциясының әртүрлі теориялары мен модельдері;

  • Макроэкономикадағы инвестиция функциясының әртүрлі теориялары мен модельдері;

  • Акселератор теориясы және үлгілері.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):

  • Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы;

  • Фишердің уақытаралық таңдау теориясы. Модильянидің «Өмірлік цикл» теориясы. Фридменнің перманенттік табыс теориясы.

Тұтынудың неоклассикалық теориясы.
5-тақырып. Бюджет-салық саясаты

2-сағат
Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау мәселелерін ұсынылатын әдебиеттерді оқу арқылы терең меңгере отырып төмендегі және басқа да тапсырмаларды орындау.

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • ҚР бюджет жүйесі;

  • ҚР салық жүйесі;

  • ҚР фискалдық саясаты және оның ерекшеліктері.

  • ҚР әлеуметтік саясаты;

  • Қазақстандағы кедейшілік мәселесі және тиімді әлеуметтік саясат;

  • Қазақстандағы бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз мәселеле-рі;

  1. Өзіндік жазба жұмыстары (конспект):

  • Салықтар, олардың түрлері. Салық салу принциптері мен қызметтері;

  • Рикардо-Барро бойынша эквиваленттілік теоремасы.


6-тақырып. Ақша нарығы

2-сағат
Мақсаты: тақырыптың негізгі мәселелі сұрақтарын ұсынылып отырған әдебиет көздеріне көздеріне қарап терең меңгеруге мүмкіндік алу және төмендегі тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты бекіту.

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Қазақстандағы ақша нарығы, айналымдағы ақша массасының құрылы- мын анықтау және негізгі ақша агрегаттарына сипаттама;

  • ҚР бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары;

  • Қор биржалары және қор индекстері. Қазақстандағы қор биржалары.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):

  • Ақшаға деген сұраныстың монетаристік тұжырымдамасы.

  • Бағалы қағаздар (облигациялар) нарығындағы тепе-теңдік.


7-тақырып. Банк жүйесі. Ақша-несие саясаты

2-сағат
Мақсаты: осы тақырыптағы негізгі сұрақтарды ұсынылып отырған әдебиет көздерінен оқу және салыстыру, сонымен қатар тақырыпты төмендегі және басқа да тапсырмаларды орындау арқылы бекіту.


  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • ҚР банк жүйесі және оның ерекшеліктері;

  • ҚР несие жүйесі және несиелік қатынастардың даму ерекшеліктері;

  • ҚР монетарлық саясаты және оның ерекшеліктері;

  • Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорлары;

  • Қазақстан экономикасын исламдық қаржыландыру жүйесінің ерекшелік-тері.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):

  • Несие, оның формалары, қызметтері, принциптері;

  • Ақша-несие саясатының беріліс (трансмиссиялық) механизмі;

  • Ақша-несие саясатының нәтижелілігі туралы кейнстік және монетарис-тік көзқарастар.


8-тақырып. Игіліктер нарығы мен ақша нарығының біріктірілген тепе-теңдігі.

IS-LM үлгісі

2-сағат
Мақсаты: осы тақырыптағы негізгі сұрақтарды ұсынылып отырған әдебиет көздерінен оқу және салыстыру, сонымен қатар тақырыпты төмендегі және басқа да тапсырмаларды орындау арқылы бекіту.

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • IS-LM үлгісінің тәжірибелік маңыздылығы және әлемдік қолданысқа ие болуы;

  • IS-LM үлгісі арқылы Қазақстанның макроэкономикалық саясатына тал­дау жасау және оны бағалау.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):

  • Инвестициялық тұзақ және өтімділік тұзағы;

  • IS-LM үлгісіндегі кейнстік, монетаристік және аралық жағдайлар.


9-тақырып. Еңбек нарығы. Жұмыссыздық мәселесі

2-сағат
Мақсаты: еңбек нарығы мен жұмыссыздық мәселесіне қатысты барлық сұрақтарды ұсынылатын әдебиеттерді игеру арқылы толық меңгеру, сонымен қатар төмендегі және басқа да тапсырмаларды орындап бекіту.

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Еңбек рыногын дамытудың және жұмыспен қамту саясатының шетелдік тәжірибелері;

  • Қазақстанда еңбек рыногы мен жұмыспен қамтудың негізгі ерекшелігі және мемлекеттік саясаттың жаңа мүмкіндіктері;

  • Қазақстанда жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы нақты шаралар.

  • Қазақстан экономикасындағы халық санының категориялары және жұмыссыздық деңгейіне статистикалық талдау жасау.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):

  • Жұмыспен қамтудың неоклассикалық және кейнстік тұжырымдамалары;

  • Фридменннің табиғи жұмыссыздық теориясы;

  • Беверидж қисықтары.


10-тақырып. Инфляция және оның теориялары

2-сағат
Мақсаты: инфляция мәселелерін ұсынылып отырған әдебиет көздерін оқып терең меңгеру, төмендегідей және басқа да тапсырмаларды орындау тақырыпты толық бекіту.

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Инфляция құбылысының пайда болуы мен даму тарихы;

  • Қазақстандағы қазіргі инфляциялық жағдайлар және оның ерекшеліктері;

  • Қазақстандағы инфляциялық үрдістердің даму кезеңдері, гиперинфляциялық құбылысқа сипаттама және оған қарсы қолданылған нақты шаралар.

  • Антиинфляциялық саясаттың қазіргі заманғы шетелдік тәжірибелері;

  • Қазақстандағы инфляциялық құбылыстар туралы ресми дерек көздері, оларды талдау және бағалау.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):

  • «70 ережесі шамасы» теориясы;

  • Инфляциялық салық. Оливер-Танзи әсері;

  • Оукен заңы және Филлипс қисығының формуласы.


11-тақырып. Экономикалық цикл және оның теориялары

2-сағат
Мақсаты: экономикалық цикл мен тұрақсыздықтың негізгі сұрақтарын ұсынылатын әдебиет көздерін игеру арқылы терең меңгеру, сонымен қатар, төмендегі және басқа да тапсырмалармен машықтана отырып тақырыпты бекіту.

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Экономикалық циклдің қазіргі заманғы теориялары мен үлгілері;

  • Әлемдегі қазіргі экономикалық дағдарыстар, олардан шығудың жолдары және Қазақстандық тәжірибе;

  • Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстардың тарихына шолу, «Ұлы депрессия».

  • Қазіргі әлемдегі дағдарыстарды реттеудегі Кейнсшілдік теорияның жаңа мүмкіндіктері.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):

  • Циклдік толқулардың таралу механизмі: мультипликатор-акселератор әсері;

  • Мемлекеттің антициклдік макроэкономикалық саясаты. Монетаристік бағыт.


12-тақырып. Экономикалық өсу және оның үлгілері

2-сағат
Мақсаты: экономикалық өсуге байланысты негізгі мәселелерді ұсынылатын әдебиет көздерінен оқып терең меңгеру, сонымен қатар, төмендегі және басқа да тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты бекіту.

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Қазақстанның экономикалық өсу моделі және оның ерекшеліктері;

  • Экономикалық өсудің шетелдік тәжірибесі және оның жетістіктері;

  • Адам капиталының дамуына инвестиция салу мәселелері;

  • «Жаңа экономика» - экономикалық өсудің жаңа бағыты ретінде.

  • Экономикалық өсудің жаңа үлгілері;

  • «Қазақстан - 2030» Стратегиясы және Қазақстанның ұзақ мерзімді даму динамикасы;

  • «Жаңа индустрияландыру» картасы жобасының экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы;

  • Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Қазақстанның аймақтық даму проблемалары.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):

- «Жаңа экономика» және экономикалық өсу мәселелері.

- Э. Фелпстің «қорланудың алтын ережесі» теориясы.

- Экономикалық өсудің қазіргі заманғы үлгілері.
13-тақырып. Ашық экономикадағы тепе-теңдік. Манделл-Флеминг үлгісі

2-сағат
Мақсаты: тақырыптың талқылау сұрақтарын ұсынылатын әдебиет көздерінен оқып білу және төмендегі тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты бекіту.

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Қазақстанда үлкен ашық экономиканы қалыптастыру және дамыту;

  • Нобель сыйлығының иегері Роберт Манделл және ашық экономика үлгісі.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):

- Макроэкономикалық тепе-теңдіктің формалары мен шарттары;

- Ішкі және сыртқы тепе-теңдік.
14-тақырып. Халықаралық сауда теориялары. Сауда саясаты

2-сағат
Мақсаты: тақырыптың талқылау сұрақтарын ұсынылатын әдебиет көздерінен оқып білу және төмендегі тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты бекіту.

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

    • ҚР сауда саясаты: экспорт пен импорт құрылымының қазіргі мәселелері;

    • ҚР сыртқы экономикалық қызметі;

    • Қазақстанның қазіргі әлемдік экономикадағы рөлі мен орны.

    • Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі және шетелдік тәжірибе;

    • Қазақстан және Еуропалық Одақ: өзара байланыстар мен мүдделер;

    • Қазақстан және Ислам әлемі елдері экономикаларының өзара байланыстары, Ислам Конференциясы Ұйымы.

    • Кедендік Одақ және бірыңғай экономикалық кеңістік.

    • Жаһандық экономика және Қазақстан: өзара мүдделер, мақсаттар, страте-гиялар, мәселелер.

  4. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):

  • Меркантилистер мен физиократтардың халықаралық сауда туралы тұжырымдамалары;

  • Джон Стюарт Милльдің халықаралық сауда теориясы;

  • М. Портердің «ұлттық бәсекеге қабілеттілік ромбы» үлгісі және кластерлер. Бәсекеге қабілеттілік индекстері.


15-тақырып. Төлем балансы. Валюта бағамы

2-сағат
Мақсаты: тақырыптың талқылау сұрақтарын ұсынылатын әдебиет көзде-рінен оқып білу және төмендегі тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты бекіту.

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

    • ҚР валюталық саясаты;

    • Төлем балансы мен валюта бағамын мемлекеттік реттеу;

    • Ұлттық валютаның қазіргі жағдайы, тұрақтылығын қамтамасыз етудегі макроэкономикалық саясат.

  4. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):

  • Төлем балансының тапшылығы мен дағдарысы. Төлем балансын мемлекеттік реттеу. Фискалдық және монетаристік саясат нәтижелері.


7. Ағымдық және аралық бақылау, қорытынды бақылау материалдары
Бақылау жүйесi. Дәрiс, практика, зертханалық сабақтар барысында ағымдық бақылау жүргiзiледi, ал студенттің өзіндiк жұмысы (СӨЖ) бойынша екі аралық бақылау (7-ші және 14-ші апта) жоспарланады. Қорытынды бақылау емтихан (тест) түрiнде өтедi.

Ағымдық бақылау (АБ): «дөңгелек үстел», ауызша сұрау, сұрақ-жауап, пiкiр-талас, жаттығулар, мысалдар, есептер және мәселелiк жағдайларды қарастыру және талдау, тестiлеу, конспектілеу, слайд арқылы презентация жасау тәрiздi әдiстердi қолдану арқылы iске асырылады.

Аралық бақылау (АРБ): коллоквиум, кешендi тестiлеу, жазбаша бақылау, глоссарий, логикалық схемалар құрастыру, іскерлік ойындар, жоба жасау, эссе, реферат дайындау және қорғау сияқты әдістер қолданылады.

Бағалау өлшемдері. Ағымдық бақылаудың өлшемдері: «дөңгелек үстелге» қатысу, ауызша сұрау, пiкiр таласына қатысу, есеп және проблемалық экономикалық жағдайларды шешу, тестiлеу, жазбаша жұмыс, сабаққа қатысу, сабақтағы белсенділік және басқадай жұмыстардың барлығына - 30 балл беріледі. Яғни 1-ші рейтингтік бақылауға (7-ші апта) 14 балл және 2-ші рейтингтік бақылауға (14-ші апта) 16 балл берілуі тиіс.

Аралық бақылаудың өлшемдері: коллоквиум, кешендi тестiлеу немесе жазбаша бақылау жұмысы, іскерлік ойын, жоба жасау, реферат, эссе, баяндама жазу және оны қорғау сияқты жұмыстардан қамтылады және барлығы 30 балл беріледі. Яғни 1-ші рейтингтік бақылауға (7-ші апта) 14 балл және 2-ші рейтингтік бақылауға (14-ші апта) 16 балл берілуі тиіс.

Уақытында берiлген тапсырмаларды орындамаған студенттерге және әр жіберілген 6 сағат үшін -5 баллға дейiн айып салынады. Ал белсенділік көрсеткен студенттерге +5 балл қосылады. Үй тапсырмасы мен аралық бақылауды тапсыру уақытының кестесі белгіленеді.

Ағымдық және аралық бақылаудың нәтижелері қосылады, бұл алынған балл қорытынды бағалауда есептеледі. Ағымдық және аралық баллды 50 пайыздан төмен жинаған студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жiберiлмейдi. Қорытынды бақылау компьютерлік кешендi тестiлеу арқылы жүргiзiледi. Ал оның нәтижесі 40 пайызға (балға) дейін бағаланады. Сонымен қатар, бұл балл қорытынды рейтингке қосылады. Мысалы, АРБ мен АБ 60 пайыз болса, оған ҚБ 40 пайыз қосылады, яғни ақтық қорытынды рейтинг 100 пайызға тең болады, әріп бойынша баға «А» болады, ал БЖББ бойынша «өте жақсы». Ал егер, АРБ мен АБ 30 пайыз, ҚБ 20 пайыз болса, онда қорытынды рейтинг 50 пайыз болады, яғни әріп бойынша «D» болып бағаланады, ал БЖББ бойынша «қанағаттанарлық» бағасы қойылады.

Студенттердің білімі кешенді матрицалық тестілеу бойынша емтихан арқылы былай анықталады: Әріп бойынша:

* «А» 4,0 балл, пайыздық арақатынас – 95-100 %;

* «А-» -3,67 балл, - 90-94 % . Байырғы жүйе бойынша баға (БЖББ) – «өте жақсы» - 90-100 %;

* «В+» - 3,33 балл, 85-89 %; - «жақсы» - 75-89 %;

* «В» - 3,0 балл, 80-84 %; - «жақсы»

* «В-» - 2,67, 75-79 %: - «жақсы»

* «С+» - 2,33 балл, 70-74 % ; - «қанағат» - 50-74 %;

* «С» - 2,33 балл, 65-69 % ; - – «қанағат»

* «С-« - 1,67 балл, 60-64%; - – «қанағат»

* «D+» - 1,33 балл, 55-59 % ; - – «қанағат»

* «D» - 1,0 балл, 50-54 % ; - «қанағат»

* «F» - 0 балл, 0-49 %; - «қанағатсыз».

/Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: ОӘК., 9-10 б./
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
написать администратору сайта